453
лық тұрғыдан дұрыс түсіне алмай,
кейіннен ғылым сахнасынан шығып
қалды. Осы кезеңде жан қуаттарының
құрылымын тұтастай зерттеудің қа-
жеттілігіне ерекше мән берген ге-
штальтпсихология («гештальт» неміс
сөзі, қазақша «бейне», «түр», құрылым
деген ұғымдар бағыты пайда болды.
Оның негізін салған Макс Вертгей-
мер (1880-1943), Вольфганг Келлер
(1887-1967), Курт Коффка (1886-1940),
Курт Леви (3890-1947) т.б. еді. Олар
сананың ұсақ элементтерге бөлінуіне
қарсы шығып, жан құбылыстарының
тұтастығын, олардың өзіндік сапа-
ларының (тұтастық, тұрақтылық,
құрылымдық, фигура мен фонның
арақатынасы т.б.) ерекшеліктерін
көрсетті. Мәселен, бір күйді жоғары
не төмен дыбыстармен тартқанмен,
тыңдаушы дыбыстардың неше түрлі
болуына қарамастан, бұлардың қай-
қайсысын да бір мазмұнда қабыл-
дайды.
Гештальт психология жан қуаттары-
ның тұтастығын адамға әсер етуші
заттармен байланыссыз, кісіге бас-
тапқы кезден танылған жан құбылы-
сы деп, осы бейнелердің сыртқы ор-
таның әсерінен туындап отыратынын
еске алмады. Аталмыш кезеңде батыс
психологиясында пайда болған негіз-
гі бағыттардың бірі – фрейдизм еді.
Осы ілімнің негізін қалаған Австрия
психиатры Зигмунд Фрейд (1856-1939)
жан дүниесіндегі санасыз әрекеттер-
дің табиғатын зерттеді Ол адам сана-
сын қалыптасу жолын түс көру, гип-
ноз, түрлі ырықсыз құбылыстарды
зерттеу арқылы түсіндіруге болады
деп адам психикасының дамуында
биологиялық негізге – инстинктер-
ге ерекше мән беріп, әлеуметтік фак-
тордың рөлін жоққа шығарды. Фрейд
құштарлық пен нәпсіқұмарлықты
тіршіліктің арқауы деп ұқты. Жы-
ныстық ләззат (либидо) алу шығар-
машылық іс-әрекет дамуының қоз-
ғаушы күші деп, сананың рөліне же-
те мән бермеді.
Кейінірек шетел психологиясында
необихевиоризм, неофрейдизм, лого-
терапия, психогенетика, гуманистік
психология дейтін бағыттар пайда
бола бастады. Бұлар адамның жаны
қуаттарының заңдылықтарын түрлі-
ше зерттеу әдістері арқылы түсінді-
ре бастады. Кеңес психологиясын-
да адамның іс-әрекеті, сондай-ақ
(С.Л. Рубинштейн
;
А.Н.Леонтьев
т.б.) бір-бірімен қарым-қатынас жа-
сады (Б.Ф.Ломов т,б.), оның бағыт-
бағдары (Д.Н.Узнадзе т.б.) туралы
теориялар қалыптасты. Қазіргі кезде
әлемде психологияның 40-тан астам
саласы бар. Олардың бастылары:
психофизиология, зоопсихология, са-
лыстырмалы психология, әлеуметтік
психология, балалар психологиясы,
педагогикалық, психология, жас ерек-
шелігі психологиясы, еңбек психоло-
гиясы, шығармашылық психологиясы,
медициналық психология, патопсихо-
логия, нейропсихология, инженерлік
психология, психолингвистика, этно-
психология, практикалық психология,
дифференциалды психология, әскери
психология, спорт психологиясы,
эксперименттік психология, үкімет
немесе билік психологиясы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: