Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет637/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   633   634   635   636   637   638   639   640   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХОЛОГИЯНЫҢ  МЕТОДО-

ЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Пси-

хология  ғылымы  басқа  ғылымдар- 



ПСИХ

ПСИХ


450

дан  гөрі  ғылыми  дағдарысқа  (кри-

зиске)  жиі  ұшырайды.  Неміс  пси-

хологі  Г.  Эббингауздың  айтуынша: 

«Психологияның  өткен  жолы  ұзақ, 

тарихы  қысқа».  Эббингауз  айтқан- 

дай,  соңғы  бір  жарым  ғасырдың 

ішінде  психология  бірнеше  ғылыми 

теориялық  дағдарысқа  ұшырады. 

Мұның  үлкен  бір  дағдарысы  ХХ 

ғасырдың  10-20  ж.ж.  арасында  бол- 

ды.  Бұл  дағдарыстың  басты  себебі 

оның тәжірибелік фактілерді көп жи-

нап, теориялық тұрғыдан әлсіз, әлжуаз 

болғандығынан туындады. Мәселен, 

ХХ  ғасырдағы  әлемге  жайылған 

психологиялық  бағыттар:  немістің 

гештальтпсихологиясы,  американың 

мінез-қылық (бихевиоризм), т.б. тео- 

риялық  жағынан  белгілі  ұстанымға 

келе алмай кетсе де, тарихта аты мәң- 

гі  өшпейтін  бағыт  ретінде  қалды. 

Жантану  ғылымының  басқа  да  ба- 

ғыттарында  осындай  жайттар  жиі, 

дүркін-дүркін кездесіп қалатын.

ҚСРО  психологтарының  соңғы VII 

съезінде  кеңес  психологиясының 

көрнекті,  атышулы  өкілдері  кеңес 

психологиясында  теориялық  жағы- 

нан да қолданбалық жағынан да дағ- 

дарыс туындап отыр деді. Біздер, Қа- 

зақстан  психологтарының  бір  топ 

өкілдері, осы сөздің куәсі болдық, 2 

жылдан  кейін  ҚСРО  құлады.  Марк-

сизм методологиясы біртіндеп ыды- 

рай бастады. Енді психологияның экс- 

перименттік салаларында да дағдарыс 

орын ала бастады. Психологтар тео- 

риялық мәселелерге көңіл бөлмей, тек 

психотерапевтикалық  мәселелерге 

ден қойды. Бұл жағдай ТМД елдерін-

де, әсіресе, Ресейде, сондай-ақ оның 

айнымас  досы  Қазақстанда  да  өріс- 

тей түсті.

Осы  күйзеліс  салдарының  бірі  бей- 

нелеу  теориясын  мойындамауға  ке- 

ліп тірелді. Соның бір жақсы айғағы –- 

қазіргі кезде материализм мен марк-

сизмді  «сынауды»  желеу  еткен  кей-

біреулер  бейнелеу  теориясын  жоққа 

шығарып жүр. Мәселен, Н.Д. Линде 

(Мәскеу) бұл принципті: «Это безбож- 

ная,  бездушная  концепция...  Теперь 

же  теория  отражения...  может  быть 

спокойно забыта», – дейді. («Психоло-

гия в ВУЗе», 2005, №166 с7119-129).

Мұндай пікірлермен келісу (айнала- 

дағы дүниелер мен заттар, құбылыс- 

тардың  адам  миында,  жүйкесінде 

сәулеленетіні  туралы)  бұдан  25  ға- 

сыр  бұрын  Аристотель  де  12  ғасыр 

бұрын  әл-Фараби  да  айтқан.  Кейбір 

психологсымақтардың бейнелеу тео- 

риясынан  бәлені  көргендей  қашу 

себебі осы ілімнің Кеңес заманында 

Маркс,  Энгельс,  Лениннің  есімдері-

мен  байланысты  түсіндіретіндігі. 

Әсіресе, дүние жүзі пролетариатының 

ұлы көсемі В.И. Ленин осы мәселемен 

ерекше айналысқандықтан, бұл тео-

рия лениндік бейнелеу теориясы деп 

аталатындықтан. Теория дүниетаным 

туралы  ұстанымның  алтын  діңгегі 

еді. Қазіргі кезде бұдан басқа да небір 

теориялық сорақылықтар толып жа-

тыр. Бұған себеп болған – нарықтық 

экономика. Өйткені нарықтық қоғамда 

өз мәнінде идеология да методология 

да  болмайды.  Мұндағы  идеология 

«байлық  пен  ақша  табу».  Қазіргі 

біздің  Қазақстанда  да  ұлттық  идео-

логия,  методология,  ұлттық  идея 

жоқ деушілермен келісуге де болады. 

Соның бір жақсы айғағы соңғы кез-

дері жарық көрген 10 томдық Ұлттық 

энциклопедияда идеология және ұлт- 

тық идея ұғымдары берілмеген. Ғы- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   633   634   635   636   637   638   639   640   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет