Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет645/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   641   642   643   644   645   646   647   648   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  УАҚЫТ  – 

адамның  психикасында  оның  өмір- 

лік жолының оқиғалары арасындағы 

уақыттық қатынастар жүйесінің бей- 

нелеуі. П.у.-қа өмірдегі әр алуан оқи- 

ғалардың бірмезгілдігін, кезектесуін, 

ұзақтығын, өту жылдамдығын, олар- 

дың қазіргіге қатыстылығын, өткен- 

ге  және  болашаққа  карай  қашықта- 

уын,  уақыттың  тығыздығы  мен  со- 

зылыңқылығын, үзіктілігі мен үздік- 

сіздігін, шектеулігі мен шектеусізді- 

гін  сезінушілікті,  жасты,  жасқа  қа- 

тысты кезеңдерді (балалық, жастық, 

кемел жас, қарттық) ұғынушылықты, 

өмірдің  ықтимал  ұзақтығы  туралы, 

өлім мен мәңгі жасаушылық туралы, 

өз өмірінің, отбасының, қоғамның жә- 

не тұтастай адамзаттың өткен ұрпақ- 

тары  мен  келешек  ұрпақтарының 

өмірімен  тарихи  байланысы  туралы 

түсініктерді  қамтиды.  Психология- 

лық уақыттың зерттеуі үшін көркем 

әдебиет пен философиялық әдебиет- 

те мол материал бар.

Психологияда психологиялық уақыт- 

ты  түсіндіруге  және  эксперименттік 

зерттеуге қатысты бірнеше көзқарас 

тұрғысын саралауға болады. «Квант- 

тық» тұжырымдамаға сәйкес әр мас-

штабты субъективтік «уақыт квантта-

ры» (милисекундтан онжылдықтарға 

дейін)  бар;  олар  уақыттың  әртүрлі 

ұғынылуына (мысалы, бірмезгілділік-

ті бағалау, психологиялық тұрғыдағы 

қазіргіні  саралау)  себеп  болады. 

Оқиғалық тұжырымдама тұрғысынан 

психологиялық уақыттың ерекшелік-

тері болып жатқан оқиғалардың ішкі 

және сыртқы ортадағы, адамның іс-

әрекетіндегі  өзгерістердің  саны  мен 

қарқындылығына тәуелді. «Кванттық» 

және оқиғалық көзқарас тұрғылары- 

ның  бірқатар  іргелі  проблемалары 

шешілмеген,  олар:  психологиялық 

уақыттың,  қайтымдылығы  мен  көп 

өлшемділігі психологиялық тұрғыдан 

өткеннің,  қазіргі  мен  болашақтың 

реттік емес, жастық сауат санаттаудың 

өлшем бірлігі.

Бұл қиыншылықтарды себептік-мақ- 

саттық  тұжырымдама  арқылы  еңсе- 

руге  болады;  бұл  тұжырымдама  бо- 

йынша  психологиялық  уақыт  әнше- 

йін  хронологияяық  аралықтар  мен 

уақиғаларды өздігінен алып бейнеле-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   641   642   643   644   645   646   647   648   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет