Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет646/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХ

ПСИХ


456

мей, «себеп-салдар», «мақсат-құрал» 

типіндегі  бір-бірінен  туындайтын 

оқиғалар  аралық  байланыстардың 

күрделі  жүйесін  бейнелейтін  болып 

шығады.


П С И ХОЛ О Г И Я Л Ы Қ   Ү Й Л Е - 

СІМДІЛІК  –  әртүрлі  топтар  мен 

ұжымдағы  адамдар  арасындағы  тіл 

табысушылық,  мұндағылардын  өз 

ісінен  рақат,  ләззат  алу,  бейжай  бо- 

луына себепші болатын психология- 

лық көңіл күйі. Топ мүшелерінің бір- 

бірімен  үйлесімділігі  жарасса,  яғни 

бірінің  іс-қылығы  екіншісіне  ұнай- 

тын болса, бір-бірінің мінез-құлқын, 

қарым-қатынасын  жатырқамай  дұ- 

рыс  қабылдаса  –  онда  психология- 

лық  үйлесімділіктің  болғаны.  Ал 

мұндай ахуал жоқ жерде, яғни біреу- 

дің  қарекетін  екіншісі  ұнатпаған 

жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәр- 

сенің өзі де кейде қолдау таппайды, 

бірі  екіншісін  түсінбейді.  Адамдар 

арасындағы  көзқарас  пен  сенім  бір-

лігі,  не  оның  әртүрлілігі,  мүдделері 

мен  мінез  бітістерінің,  темперамент 

ерекшелігінің қарама-қайшылығы да 

үйлесімділікпен қатар үйлесімсіздік- 

ке де себеп болады.

Егер  адам  шамадан  тыс  қазымыр, 

тұйық не беймаза, не тәкаппар, өркө- 

кірек  болса  да  топтағы  адамдармен 

дұрыс  сыйыса  алмайды.  «Қырық 

кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деп 

халық тегін айтпаған. Әйтпесе топтың 

бірер мүшесінің міндеті осындай бо-

лып келсе тіпті қиын. Кейде топтың 

жұрттан оқшау қалуы да осы жағдайға 

бірден-бір себепші болады. Кісі топ 

ішінде  өз  орнын  біреуге  жалбақтап, 

жарамсақтану, не жағымпаздану жо-

лымен емес, өзінің табиғи болмысы-

мен сүйкімді. Қадір-қасиетімен, ашық, 

жайдары  мінезімен  табады.  Топқа 

үйлесу үшін адамның білімділігі, іс-

керлігі, өз білгенін басқалардан аямай, 

олармен  зиянсьп  бөлісуге,  көмекте- 

суге әзір тұрушылығы да қажет. Сон-

дай-ақ кісінің сырт бейнесі мен кел- 

бет-кескінін,  яғни  дене  күші  факто- 

рын да ескермесе болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет