Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет648/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   644   645   646   647   648   649   650   651   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХОЛОГИЯНЫҢ  зЕРТТЕУ 

ӘДІСТЕРІ. Егер де ғылым әр уақыт- 

та да жаңа деректермен толықтыры- 

лып отырмаса дами алмайды.

Егер  де  деректерді  жинақтау  үшін 

ғылыми негізделген әдістерді тек дұ- 

рыс  пайдалана  білген  уақытта  ғана 



ПСИХ

ПСИХ


457

ғылымның  дұрыс  және  жемісті  да- 

муы  мүмкін.  Әдістерді  негіздеу  де-

геніміз – сол ғылымның әдіснамасы 

мен  әдістерінің  арасындағы  байла-

нысты қалыптастыру. Бұл жағдайды 

психологияға  қолданғанда  психика-

ны  философиялық  тұрғыдан  түсіну. 

Зерттеу  әдістеріне,  оны  құруға, 

ұйымдастыруға  және  нәтижелерін 

талдауға  негізгі  талаптарды  анық- 

тайды,  зерттеу  әдісі  әр  уақытта  да 

белгілі  бір  әдіснаманы  бейнелей-

ді.  Психологиялық  зерттеулердің 

объективтілігіне  қойылатын  жалпы 

талаптарға мыналар жатады:

1.  Объективтік  психологиялық  зерт- 

теулер  қағидасы  зерттеу  пәні  ерек- 

шеліктеріне  тәуелді  көптеген  әдіс- 

намалық  құралдармен  іске  асады. 

Оны  былай  түсіну  керек:  психика, 

сана, ішкі және сыртқы көріністердің 

бірлігінде  зерттеледі.  Осыған  бай-

ланысты  бұл  қағиданың  талаптары 

бойынша  кез  келген  психкалық  құ- 

былыстар  сыртқы  себептер  мен  іш- 

кі  жағдайлардың  бірлігінде  қарас- 

тырылады.  Психологияның  негіз- 

гі  қағидаларының  бірі  –  детерми-

низм  қағидасын  (психикалық  құбы- 

лыстардың себептік тәуелділігі) іске 

асыру  психологиялық  зерттеулерді 

объективтік  принципке  сәйкес  құру 

болып табылады. Объективтік қағида 

адамды іс-әрекет үрдісінде зерттеуді 

талап  етеді,  сондықтан  да  адамның 

психикалық  ерекшеліктерін  оның 

қылықтары  бойынша  бағалауға  бо-

лады.

Объективтік қағида зерттеулерде қол- 



данылатын  әдістер  және  зерттеуші- 

нің  көзқарасы  алынған  нәтижелерге 

әсер етуін талап етеді.

2.  Психикалық  құбылыстарды  даму 

үстінде зерттеу. Психологиялық зерт-

теулерді  құрудың  негізгі  қағидасы 

психикалық құбылыстарды даму үс- 

тінде зерттеу болып тыбылады. Объек- 

тивтік  дүние  әр  уақытта  қозғалыста 

және өзгерісте болады, сондықтан да 

оны бейнелеу өзгеріссіз, қозғалыссыз 

болуы мүмкін.

Егер де психикалық құбылыстар үз- 

діксіз  өзгеріп,  дамып  отырса,  ондай 

жағдайда  жан-жақты  байқауға  ба- 

ғытталған кез келген зерттеулерді құ- 

ру міндетті түрде қарастырылуы қа- 

жет. Психикалық құбылыстарды да- 

му барысында зерттеуде адамдардың 

тек  психикалық  сапаларын  анық- 

тау  жеткіліксіз,  сонымен  қатар  пси- 

хикасының  қалыптасқан  және  қа- 

лыптасып  келе  жатқан  жаңа  ерек-

шелігін талап етеді.

3.  Жеке  тұлғаны  талдау-жинақтау 

түрінде  зерттеу  әрбір  адамның  пси- 

хологиялық келбетінде барлық адам- 

дарға тән жалпылық, даралық қасиет- 

термен сипатталады.

Әрбір адамның бойында жеке тұлға 

ретінде  жалпылық,  ерекшелік  және 

даралық қасиеттердің болуы зерттеу 

жұмысын  ұйымдастыруды  талдау-

жинақтау  қағидасын  басшылыққа 

алуды қажет етеді. Күнделікті өмірдің 

әртүрлілігіне қарамастан, әрбір адам 

өзіне тән даралық психикалық қасие- 

тін сол күйінде сақтайды. Осы жағдай 

жеке  тұлғаны  талдау-жинақтау  тұр- 

ғысынан зерттеуді қажетсінеді. Адам-

ды талдау тұрғысынан зерттеу жеке 

тұлғаны  әр  түрлі  өмір  жағдайлары 

мен іс-әрекетте психиканың элемент-

терін тануға көмектеседі, ал жинақ- 

тау – барлық жекелеген құбылыстар- 

дың  өзара  байланысын  анықтауға 

мүмкіндік береді.

Жеке  тұлғаның  психологиялық  үр- 

дістерін,  дара  психологиялық  ерек- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   644   645   646   647   648   649   650   651   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет