460
1. Байқалатын объект жөнінде экс-
периментатордың күн ілгері болжа-
мы (гипотеза) болуы тиіс.
2. Тәжірибені күн ілгері белгіленген
жоспар бойынша арнаулы методика-
ға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибе-
ні өткізу үшін жағдайын (тиісті құ-
жаттар) дайындау.
3. Зерттеуші зерттейтін құбылысты
өзі табады және оған белсенді әрекет
жасайды.
4. Эксперимент жүргізуші кейде зерт-
теліп жатқан құбылыстарды коррек-
циялау;
5. Эксперименттің нәтижесін қайта-
дан қарастыруға мүмкіндік туғызу.
6. Эксперимент нәтижелері сандық
және сапалық өңдеуге, математика-
лық есептеулерге ерекше мән беру
т.б. Табиғи эксперименттің зертхана-
лық эксперименттен өзгешелігі адам-
ның күнделікті іс-әрекетінің мазмұ-
ны сақталады, зерттелетін құбылыс-
ты міндетті түрде іске асыруға жағ-
дайлар жасалады. Сонымен қатар
табиғи экспериментте байқау әдісі-
нің және эксперименттің жағымды
сапалары араласып келеді: бірінші-
нің табиғилығы, екіншісінің белсен-
ділігі. Байқау мен эксперименттің
аралық түрі болып есептелетін экспе-
римент табиғи эксперимент әдісі бо-
лып табылады. Табиғи эксперимент-
тің негізін салған орыс ғалымы –
А.Ф. Лазурский (1910). Оның негізгі
мақсаты – зерттеудің эксперименттік
сипатын болмыстық жағдайлармен
ұштастыру.
Психологиялық-педагогикалық зерт-
теу міндеттерін шешетін экспери-
ментті психологиялық-педагогика-
лық эксперимент деп атайды.
Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттер-
дің танымдық мүмкіншіліктерін зерт-
теуде, жеке тұлғаны қалыптастыру-
дың нақты жолдарын анықтауда рө-
лі ерекше.
Адам психологиясына әсер ету, өз-
герту құралы ретінде эксперимент
пайдаланылады. Оның осындай түрі
қалыптастырушы эксперимент деп
аталады. Өзіндік ерекшелігі сынада:
ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, соны-
мен қатар зерттеу құбылыстарын
қалыптастыру әдісі қызметін атқара-
ды. Қалыптастырушы эксперимент
үшін зерттелетін психикалық үрдіс-
терге зерттеуші белсенді араласады.
Қалыптастырушы эксперименттің не-
гізін салушылардың бірі В.В. Давы-
дов, эксперименттің бұл түрін гене-
тикалық-моделдеуші эксперимент деп
атады. Ол балалардың психикалық да-
муын зерттеуді, тәрбие және оқытудың
бірлікте болуын қамтамасыз етеді.
Демек, қалыптастырушы эксперимент
шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды
дамытушы әдіс болып табылады.
ПСИХОМЕТРИЯ (грек. меtrоп –
өлшем) – психикалық процестердің
уақыттық сипаттамаларын өлшеу;
қазіргі уақытта психометрия дегенде
көбіне психологиядағы өлшеулермен
байланысты мәселелердің бүкіл то-
бы ұғынылады. Бұл тұрғыдағы ұғым-
да психометрияға психофизика да
қамтылады. Психометриялық проце-
дуралардың аса маңызды белгісі
олардың стандартталғандығы бо-
лып табылады, яғни зерттеулердің
мүмкіндігінше неғұрлым тұрақты
сыртқы жағдайларда жүргізілуі көз-
деледі. Алынған мәліметтер негізін-
Достарыңызбен бөлісу: