Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет650/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   646   647   648   649   650   651   652   653   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХ

ПСИХ


459

зерттеуде  қолданылады,  мәселен, 

тілі мен ойлауын дамыту ерекшелік-

тері,  эмоциялық  ерекшеліктері  мен 

ерік-жігер  іс-әрекеттері,  қызығуы 

мен бейімділігі, мінез бітісі мен қа- 

білеттілігі.

Бақылау әдісі дегеніміз – әр түрлі та- 

биғи  жағдайда  жеке  тұлғаның  іс-

әрекеті  мен  қылықтарын  қабылдау- 

дың негізінде мақсатты зерттеу.

Бақылау табиғи жағдайда жүргізіле- 

ді.  Ескеретін  мәселе,  бақылау  жүр- 

гізілген кезде сол қадағалау нысаны 

болып отырған адам бақылау жүргізі- 

ліп жатқанын білмеуі керек, егер сез-

ген жағдайда шынайылық жоғалады.

Психологиялық  зерттеудердің  таби- 

ғилығын  сақтау-бақылауға  қойыла- 

тын  бірінші  талап.  Бақылау  әдісіне 

қойылатын  екінші  талап  –  бақылау 

үнемі  мақсатты  болуы  қажет,  яғни 

зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері 

айқын қойылуы керек.

Бақылау  әдісіне  қойылатын  үшінші 

талап  –  оның  нәтижесін  тіркеу.  Не-

гізінен әртүрлі техникалық құралдар 

(бейнекамера, фотокамера, т.б.) жаз- 

балардың  түрлері  (стенограммалар, 

хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). 

Психологияның  негізгі  әдістерінің 

бірі – эксперимент.

Эксперимент  әдісі.  Егер  бақылауда 

зерттеуші  өзін  қызықтыратын  пси- 

хикалық үрдістердің байқалуын бей-

жай күтетін болса, ал экспериментте 

зерттеуші  өзіне  қажетті  жағдайда 

жасайды.  Сөйте  отырып,  экспери-

ментатор оларды тұрақты қамти ала- 

ды.  Басқа  зерттеушілермен  бірдей 

жағдайда  зерттеуді  қайталай  оты-

рып,  экспериментатор  зерттеушінің 

әрқайсысының үрдістерінің дара ерек- 

шеліктерін анықтай алады.

Экспериментатор  өзінің  жағдайына 

қарай  тәжірибені  жүргізу  шартын 

өзгерте  алады.  Бұл  эксперименттің 

негізгі артықшылығы, сонымен қатар 

ол  оқу-тәрбие  үрдісінде  тәсілдерді 

табуға мүкіндік береді.

Эксперименттің  барысында  арна-

улы  құралдар  мен  аппараттардың 

көмегімен  психикалық  үрдістер 

өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге 

болады,  мәселен,  жауап  беру  (реак- 

ция), оқу, еңбек, дағдылардың қалып- 

тасу жылдымдығы.

Психологиялық  зерттеулерде  негізі- 

нен екі түрлі эксперимент қолданы- 

лады.  Олар  зертханалық  (лаборато- 

риялық) және табиғи деп аталады.

Зертханалық  эксперимент  арнайы 

ұйымдастырылып, құралдар мен ас-

паптарды қолдану арқылы жүргізіле- 

ді.  Зертханалық  эксперимент  адам- 

ның  психкалық  ерекшеліктерінің 

физиологиялық тетігін зерттеуде ерек- 

ше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдіс- 

тері мен психикалық қалыпты тиім- 

ді зерттеу үшін қолданылады, ең ал- 

дымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін 

зерттеледі.  Мәселен,  қабылдаудың 

жылдамдығы,  зейіннің  көлемі,  ес 

ассоциациясының  ерекшелігі  қара- 

пайым немесе электрондық тахистас 

көп сияқты құралдар көмегі пайдала-

нылады.

Ғылыми білімнің саралануы мен да- 

муында тәжірибелік әдіс жетекші рөл 

алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасыр- 

дың екінші жартысында психология 

өз алдына жеке ғылым ретінде фило- 

софиядан  бөлініп  шығуы  оның  экс- 

перименттік ғылым болуынан туын- 

даған үрдіс еді. Лабораториялық экс- 

перименттің  нәтижелілігі  мына  тө- 

мендегі жағдайлардан пайда болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   646   647   648   649   650   651   652   653   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет