465
П. санасындағы зерттеулер зиятты
қабілеттің, темпераменттің және т.б.
психодиагностикасының дамуына
себепші болады. П.-ның жетістіктері
клиникалық практикада, психикалық
процестердің кибернетикалық үлгі-
лерін құруда, соңдай-ақ психология-
ның қолданбалы салаларында (пси-
хогигиенада, эргономикада, спорт
психологиясында және т.б.) қолда-
нылады.
ПЫСЫҚТАУ (мектепте) – оқыту
процесінде оқушылардың алған бі-
лімі мен дағдысын бекіту, тиянақтау,
жүйеге келтіру мақсатымен бұрынғы
өткен материалға қайта оралу. П. –
оқу-таным жұмысының кезеңі, оқы-
ту процесінің қажетті құрауышы.
Сабақ құрамында пысықтау ерекше
орын алады. Оқып өткен материалды
пысықтау оқушылардың алған білі-
мін есінде сақтап қалуына жәрдем
етеді. Материалды жиірек пысықтап,
дұрыс жабдықтамайынша тиянақты
білім алу қиынға соғады. П.-дың
түрлері көп. Осыған байланысты әр-
кездегі пысықтау – қайталаудың көз-
деген мақсаты, қолданылу әдіс-тә-
сілдері де түрліше. П.-дың қай түрі
болса да оқушылардың білімін тұ-
рақтандырып, оларды өздігінен шы-
ғармашылық еңбек етуге, ізденуге
үйретеді.
ПЫСЫҚТЫҚ – жұмыстық қабілет-
тің жоғары нәтижелі түрі, кісілік
қасиеттің жасампаз белгісі. Пысық-
тау – істің ыңғайын білетін іскерлік-
тің, тындырымдылықтың, тыңғы-
лықтың қайнар көзі. Пысықтау өз
ісіне деген ширақтық пен белсенді-
лік, мақсатына деген сауаттылық
пен талғампаздық, күш-қуаттың жі-
герлілігі мен жүйелілігі.
Пысық адам ойланбай іске аралас-
пайды, орынсыз шиеленіске бармай-
ды, істің бас-аяғын сараптап, уақы-
тын текке есепсіз босқа өткізбейді,
жұмысын айқын мақсатына орай
жоспармен жүргізеді. Ақылдасқан
іске өзінше байыппен, сеніммен кі-
ріседі, оның пайдалы жағын лезде
ескеріп, аз шығындану жолын
таңдайды. Табыс үшін, өзінің бола-
шағы үшін іскер, өнерлі, беделді
кісілермен тіл табысуға бейім тұра-
ды, олармен ілтипатты қарым-қаты-
нас құрады. Пысық адам табысы мен
өмірлік қарымын арттырады, өмір-
ге деген оптимистік көзқарасымен
өзгені еліктіреді.
ПІКІР – бір нәрсенің беймәлім жа-
ғын ақиқат не жалған деу тұрғысы-
нан мақұлдайтын немесе теріске
шығаратын талас ой. П.-ді алғаш
«болжалмен» салыстырған Ксенофан
болса, Парменид оның білімнен
айырмашылығын анықтады. П. зат-
тар мен құбылыстардың ерекшелік-
тері арасындағы байланыстардың
бір қыры мен көрінісін бейнелеумен,
сипаттаумен шектеледі.
П. білім мен жалған мәліметтердің
қосындысынан құралады немесе
көзқарастың субъектісі (S) мен пер-
дикаты (Р) сияқты екі терминнің қа-
тынасынан туындайды. Пікір S пен
Р арасындағы белгілі бір қатынасты
растап мақұлдайды не терістеп жоқ-
қа шығарады. П. атрибутивтік қасиет-
ті білдіретін қарапайым түрден жә-
не бірнеше қарапайым пікірді қам-
Достарыңызбен бөлісу: