Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет658/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   654   655   656   657   658   659   660   661   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХОФИзИОЛОГИЯ  –  пси- 

хиканы  оның  нейрофизиологиялық 

субстратымен  бірлікте  зерттеуге  ба- 

ғытталған,  психология  мен  нейро- 

физиологияның  тоғысуындағы  пә- 

наралық зерттеулер саласы. 1830 ж. 

француз философы Н. Массиас ұсын- 

ған бұл бағыт нейрофизиология мен 

жалпы психологая аралығынан орын 

алады.  Бастапқы  кезде  физиология- 

лық дәл объективті әдістерге сүйене- 

тін психиканың ауқымды зерттеуле- 

рін  белгілеу  үшін  «физиологиялық 

психология»  ұғымымен  қатар  қол- 

данылады.  Психофизиологияның 

басты  мақсаты  –  нейрофизиология- 

лық механизмдерді түсіндіру арқылы 

психикалық құбылыстарды түсіндру 

немесе адам организмі қызметін тұтас 

синтездік  тұрғыдан,  құрылымдық-

мағыналық  сыңайдан  қарастыру  ар- 

қылы әрбір психикалық құбылыстың 

физиологиялық  тетігін  және  әрбір 

физиологиялық  процестің  психика- 

лық маңызын айқындау.

Қазіргі  кезде  психофизиологияда 

дәстүрлі әдістермен (сенсорлық, мо- 

торлық, вегетациялық реакцияларды 

тіркеу,  миды  жасанды  ширықтыру 

(стимуляция  және  миға  зақым  келу 

салдарын  талдау)  қатар  электрфи- 

зиологиялық  әдістер  (электрэнце- 

фаллография  және  т.б.),

 

сондай-


ақ  сараптау  мәліметтеріне  өңдеу- 

дің  математикалық  тәсілдері  қол- 

данылады.  П.-ның  мынандай  же- 

ке  бағыттары  бар:  сезім  мүшеле- 

рінің  психофизиологиясы,  мотива- 

ция  психофизиологиясы,  эмоция 

психофизиологиясы  және  т.б.  Әсі- 

ресе  жеке  тұлғалық-психологиялық 

айырмашылықтардың  физиология- 

лық негіздерін зерттейтін дифферен- 

циалдық  психофизиологияның  ма- 

ңызы зор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   654   655   656   657   658   659   660   661   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет