Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет709/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   705   706   707   708   709   710   711   712   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

СЕНД

СЕНІ


495

данып отырады. Адам алдына мақсат 

қойып, оның нәтижелі орындалуына 

сенім  білдіріп,  іс-әрекетке  кіріскен 

кезде  ғана  ол  жоғары  нәтижелерге 

же-те алады. С. – адамның ақыл-ойын, 

күшін,  еркін,  қабілетін  жоғарылата- 

тын жағымды, адамның, жігерін арт- 

тырып,  болашаққа  құлшындыратын 

құбылыс  (болашаққа  еңбегінің  нә- 

тижесіне,  жақын  адамдарына  сену, 

т.б.). С. үміттен басталады. Адамның 

алдына  қойған  мақсатының  айқын 

болуы  дүниетанымының  өмірмен 

байланыстылығы берік сенімнен туа- 

ды.  Адамның  дүниетанымына  берік 

сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибе- 

сіне байланысты, сеніммен бекімеген 

дүниетаным берік болмайды.

Сенім  мен  дүниетаным  қатарласып 

жүрсе ғана адам санасы нұрлана тү- 

седі.  Өйткені  бұл  екеуі,  құстың  қос 

қанатындай адамның ең асыл қасиет- 

тері болып табылады. Берік сенім жоқ 

жерде  тыңғылықты  дүниетаным  да, 

тұрақты  мінез-құлық  та  болмайды. 

Сенімі қалыптаспаған адамның шын- 

дықтың  жай-жапсарын  дұрыстап 

айыруға,  өмірден  өз  орнын  дұрыс 

таңдай алуына да шамасы жете бер- 

мейді. Оны өмір толқыны біресе ан- 

да,  біресе  мұнда  соқтырады  да,  мі- 

нез-құлықты көлденеңнен кез келген 

кездейсоқ  жағдайлар  билеп  кетіп 

отырады. Қай адамның болса да өзін- 

ше бір түсінігі болады. Бірақ осының 

бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек 

ғылымға  негізделген  түсінік  қана, 

адамның  сенімімен,  іс-әрекетімен 

тығыз  ұштасқан  дүниетаным  ғана 

бірден-бір  дұрыс  дүниетаным  бола- 

ды.  Мұндай  дүниетанымды  қалып- 

тастыру үшін адамға бәрінен бұрын 

білім  негіздерін  меңгеру  қажет.  Бі- 

лімсіз  дүниетаным  қорланбайды. 

Өйткені сапалы білім – дүниетаным 

мен сенімнің негізі еңбек.

СЕНСИБИЛИзАЦИЯ (лат. sensibi-

lis – сезімтал, сезгіш) тітіркендіргіш 

әрекетінің  ықпалымен  жүйке  орта- 

лықтары  сезгіштігі  артуын  көрсете- 

тін  психикалық  құбылыс.  Адамның 

барлық  стимулдарға  сезгіштігі  бір- 

дей емес, тек белгілі бір оқиға неме- 

се  жағдаятқа  сезімтал  келеді.  Сезім 

мүшелерінің  біреуінің  әсерінен  бас- 

қаларының  сезгіштігі  артып  отыра- 

ды.  Мұны  былайша  түсінуге  бола- 

ды:  әлсіз  тітіркендіргіштер  өзімен 

бірге  әсер  етіп  тұрған  басқа  тітір- 

кендіргіштерді, сезгіштікті арттыра- 

ды.  Мысалы,  көзге  жеткілікті  мөл- 

шерде  түскен  жарық  оның  көру  қа- 

білетін  арттырумен  қатар,  есту  түй- 

сігінің  сезімталдылығының  артуын- 

да себепші болады.

Қызыл түс адамның ақ, қара түстер- 

ді  дұрыс  ажыратуына  көмектеседі. 

Мысалы, ұшқыштар түнгі ұшуға да- 

йындық  кезінде  20-30  минут  қызыл 

көзілдірік киеді. Егер адаптация құ- 

былысы  талдағыштар  сезгіштігінің 

түрлі  жағдайларға  орай  бәсеңдеуі- 

нің көрсеткіші болса, ал С.- сезгіштік- 

тің  тек  артуын  ғана  көрсететін  құ- 

былыс.  Сезім  мүшелерінің  біреуі- 

нің  әсерінен  басқаларының  сезгіш- 

тігі  артып  отырады,  Әлсіз  тітіркен- 

діргіштер өзімен бірге әсер етіп тұр- 

ған  басқа  тітіркендіргіштердің  сез- 

гіштігін  арттырады.  Психологиялық 

зерттеулерде  адамның  таза  ауада 

жиі  демалуы,  жеңіл-желпі  дене  қи- 

мылдарын  жасауы,  беті-қолын  сал- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   705   706   707   708   709   710   711   712   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет