51
салма ақын өзінің өлең-толғауларын-
да, сюжетті өлең-дастандарында ту-
ған халқының талап-тілегін, мұң-мұқ-
тажын жоқтап, қарапайым адамдар-
дың ой-мақсатын білдіреді, елдің ға-
сырлар бойғы арман-мүддесі мен мұ-
ратын көркем бейнелер арқылы зор
шабытпен жырлады. Оның бүкіл са-
налы өмірі, сарқылмас дарыны еңбек
адамының мүдделеріне қызмет етті.
Сүйінбай Аронұлының поэзиясы, ең
алдымен терең психологиялық тұжы-
рымдармен, көркемдік, әсемдік әле-
мімен, тілінің мәнерлі әуезділігімен
сипатталады. Ол адамның мінез-құл-
қының әр алуан қалтарыс-қатпарла-
рын, ішкі психологиялық тебіреніс-
терін, тұлғаның жеке басын, оның
моральдық, рухани қадір-қасиетін ше-
бер көрсетеді. Ол жақсыны жаман-
нан, жексұрынды бекзаттықтан айы-
ра білмейтін, жеке басының арамды-
ғын, тек баюын ғана мейлінше күйт-
тейтін адамдарды шенеп сынайды.
Ақынның психологиялық идеялары
оның «Жақсы мен жаманның айыр-
масы», «Нақылдар», «Әділеттік арна-
сы», «Бөрілі менің байрағым», т.б. осы
сияқты лирикалық өлеңдері мен ақын-
дық толғауларында терең де бейнелі
кестеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: