АРСЫзДЫҚ – (грек. kynismos) –
қоғамдық адамгершілік моральға сый-
майтын қылық. Бұл ұғым ежелгі Гре-
киядағы киниктердің (циниктердің)
философиялық атауынан шыққан.
Бұл мектеп өкілдері жалпыға бірдей
адамгершілік тыйымдар мен әдепті-
лік ережелерін елемейтін көзқарас-
тарды уағыздады. Кейін қоғамдық
пікір мен ұяттың маңызын терістей-
тін жеке тұлғалық ұстаным деп атал-
ды. Бұл тұрғыдан А. нигилизмге жа-
қын. Мінез-құлықтағы және сенім-
дегі А. өз мақсатына кез келген тә-
сілмен, соның ішінде моральға жат
жолмен жетуді көздеген адамдарға
тән. А. субъект өзін жазаға тартыл-
майтынын түсінгенде және парасатты
адам болып көрінгісі келмейтін жағ-
даяттарда байқалады. Мұндай кезде
ол дөрекілік, әдепсіздік, ұятсыздық
және кемістіктерге тығыз байланыс-
ты болады. А. өткір мысқыл және ке-
леке, мазақ түрінде де көрінуі мүмкін.
А. көбінесе менмендік, өркөкіректік,
дандайсу жас мінез-құлқы жеткіншек
шағында байқала бастайды. Үлкен-
дердің жеткіншектерге дөрекі тәсіл-
дерді (көпірме сөзділік, әдепсіздік,
қорлау, жәбірлеу, кемсіту) қолдануы
жағдайды одан сайын өршітуі мүм-
кін. Балалардағы А. көріністеріне от-
басындағы кикілжің, әсіресе ата-ана-
сының айырылысуы және т.б. себеп
болады. Жасөспірімдердің өзіне бас-
қалардан артықтығын сезінуі де (егер
үлкендер қолдаса) А. көріністеріне
апарып соғуы мүмкін.
АРХЕТИП (грек. arche – қаз. бастау
және tipos – пішін, үлгі, алғашқы бейне).
Термин швейцария психологі Юнг
еңбектерінің ықпалымен қазіргі ба-
тыс әдебиетінде қанат жайды. «Ұжым-
дық санасыздық» дегеннің бастапқы
құрылымын, адамның қайталанып
тұратын тұрмыс жағдайларының,
міндеттерінің және күйзелістерінің
ескірген психологиялық «шемені» де-
генді білдіреді. Жеке немесе әлеумет-
тік өмірдің проблемалық, дағдарыс-
ты жағдайының ықпалымен, Юнгтің
пікірі бойынша санасыз қозғалыс
болады және тиісті А. жүзеге асыры-
Достарыңызбен бөлісу: |