Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


АРИСТОТЕЛЬ  СТАГЕРИТ  (384-



Pdf көрінісі
бет70/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АРИСТОТЕЛЬ  СТАГЕРИТ  (384- 

322) – жан құбылысының «функцио- 

налдық»  анықтамасын  алғаш  жаса- 

ған ежелгі грек философы (жан тәннен 

бөлінбейтін  мән:  жан  тәннің  мәні, 

оның  мақсаты,  формасы  мен  функ- 

АРАз

АРИС



50

циясы), жан туралы алғашқы арнайы 

психологиялық  трактаттың  авторы. 

Ол психикалық процестер туралы көз- 

қарастарды  жүйеге  келтіріп,  өзінің 

жан туралы идеясын негіздеді, оның 

үш түрі (өсімдіктер, жануарлар және 

адамдар) болатындығын айтты. А-дің 

танымдық  және  аффективті-еріктік 

процестерінің заңдылықтары туралы 

ілімі XVII ғасырға дейін жан туралы 

зерттеулердің  негізгі  арқауы  болып, 

әрі  қарай  психиканы  зерттеуші  бас- 

қа  ғұламалардың  еңбектерінде  жал- 

ғастырылды.

АРЛАНУ – адамның имандылық се- 

зімдерінің бірі. А. – адамның өзінің 

оғаш қылығына намыстанып, оны ұят- 

сынуы. Арлы болу («жарлы болсаң да, 

арлы бол») – өте жарасымды сипат. Бұл 

көбінесе, қайсар, табанды, ержүрек, 

көздеген мақсатына жетпей тынбай- 

тын адамдарға тән қасиет. А. – адам- 

ның өз мініне күйінуі, жаңсақ басқан 

қадамы үшін өзін-өзі жазғырып өкі- 

нуі, ренжуі секілді көңіл күйінің өзге- 

руінен  жақсы  байқалады.  Ар-ұятты 

қастерлеу, намысқойлық – жұртшылық 

алдында өзінің жауапкершілігін арт- 

тыруға жәрдемдесетін сындарлы қа- 

сиет. А. адамды іштей тебіренте тол- 

ғандырып, қоғам алдында ар-ожданын 

таза ұстауға, оған дақ түсірмеуге, кі- 

сінің азаматтық борышын адал, мінсіз 

атқаруға итермелейді.



АРМАН  –  қиялдың  келешекке  ба- 

ғытталған  ерекше  бір  түрі.  Оның 

негізінде дербес жаңа бейнелер құры- 

лады, бірақ арман әрдайым болашақ- 

ты  көздейді  және  адамның  аңсаған 

тілегін білдіреді А-ның екі түрі бар: 



пайдалысы және зияндысы. А. адам қия- 

лының ерекше бір түрі. А. актив әре- 

кетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүд- 

демізге орай бейнелер жасау, игі мақ- 

сат-мүддемізді  іс  жүзіне  асыруды 

қиялдау. А. – келешектегі әрекеттерге 

арналған қиял. А. – шығармашылық 

қиялға дайындықтың ерекше сатысы. 

А-ды  бағалауда  ескеретін  жайттар: 

а) арманның әрекетке қатысы; ә) шын- 

дықпен жанасуы; б) оның келешек үшін 

мәні. А. – өз қалауымызша ойда жаңа 

бейнелер туғызады. Шығармашылық 

қиялдың ерекшелігі – іс-әрекетпен ті- 

келей байланыспай келешекке бағыт- 

талғаны. Оны шығармашылық қиял- 

дың  дайындық  сатысы  дейді.  Адам 

болашағы  үшін  күресудің  орнына 

бос лағып, құрғақ қиялға сүңгісе мақ- 

сатына жете алмайды. Енжар, селсоқ 

адамның қиялы сүреңсіз келеді, оны 

көбінде мұң басады. Ол жарқын бо- 

лашақ үшін күреспейді, тек мойнына 

су  кеткен  кісідей  мүлгіп  отырады 

да  қояды. Қиыны да, қызығы да мол 

өмір ондайларды  қызықтырмайды, 

бос қиялға салынған кісі өмір ауырт- 

палықтарын,  мұндағы  қуаныш,  қай- 

ғы-қасірет дегендерді жөндеп түсін- 

бейді,  тек  құрғақ  қиялға  салынып 

жүре береді. А. – жастарға қажетті қа- 

сиет. Олар жарқын болашағына иман- 

дай сеніп, дұрыс армандай білуі қа- 

жет. Өйткені, алға қойған мақсатқа же- 

ту  үшін  шындыққа  орайлас  арман- 

дағанда ғана, ол адамға зор қуат бе- 

ріп, келешектегі іс-әрекетке талпын- 

дырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет