Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет757/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   753   754   755   756   757   758   759   760   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ТЕМП

ТЕМП


526

бөліп  көрсетуге  мүмкіншілік  берді. 

1) Лептосоматик – нәзік дене құры- 

лысымен,  биік  бойымен,  тегіс  кел- 

ген  омырауымен  сипатталады  (тар 

иықты,  қол-аяқтары  ұзын  және  жү- 

деу  келеді);  2)  Пикник  –  өте  толық 

келген,  орта  және  шағын  бойымен, 

үлкен  ішімен  және  қысқа  мойынды 

дөңгелек басымен сипатталады; 3)Ат- 

летик – күшті дамыған бұлшық еті- 

мен,  мықты  дене  бітімімен,  ұзын 

немесе  орта  бойлы,  кең  иықты,  тар 

жамбасымен ерекшеленетін адамдар; 

4) Диспластик – дене бітімі ешқандай 

түрсіз, дұрыс емес дене құрылымы- 

мен ерекшеленетін адамдар. Бұл тип- 

тегі  адамдар  дене  бітімінің  әртүрлі 

түрін  өзгерту  арқылы  сипатталады 

(Мысалы,  шамадан  тыс  бойы,  про- 

порционал  емес  дене  бітімі).  Жоға- 

рыда  аталған  дене  құрылымының 

типтерімен  қатар  Кречмер  3  темпе- 

раменттің түрін ерекше атады, оларды 

ол шизотимик, иксотимик және цик- 

лотимик.  Шизотимик  астеникалық 

дене  бітімі  бар,  ол  тұйық,  сезімнің 

өзгеруіне  бейім  келетін  қасарыспа, 

ұстанымы мен көзқарасын өзгертуге 

бейім емес, қоршаған ортаға өте қиын 

бейімделетін тип.

Бұдан  иксотимиктің  айырмашылы- 

ғы атлетикалық дене бітімімен ерек- 

шеленеді. Бұл салмақты, көңіл күйі аз 

өзгеретін, бет пішіні, дене қозғалысы 

ұстамды,  ойлаудың  икемділігімен 

ерекшеленетін  адам.  Циклотимик 

пикникалық  дене  бітімі  бар,  оның 

эмоциясы  қуаныш  пен  қайғының 

арасында, ол адамдармен жақсы қа- 

рым-қатынас  жасайды  және  мұндай 

түсінікте реалистік бағыт басым.

Шетел  психологиясында  (Кречмер, 

Шелдон) темперамент жүйке жүйесі- 

нің  жалпы  типінің  физиологиялық 

негіздеріне,  сонымен  қатар  ағзаның 

жалпы  бітіміне,  оның  сыртқы  кө- 

рінісі  болып  табылатын  денесінің 

құрылымына,  олардың  бөліктерінің 

арақатынасына  байланысты  деген 

теория кең өріс алды. Осы тұрғыдан 

алып  қарағаңда,  дененің  кұрылысы, 

темпераменттің  қасиеттері  бір  ғана 

жалпы себепке – ішкі секреция без- 

дерінің  қызметіндегі  тұқым  қуалау 

ерекшелігіне тәуелді болып табыла- 

ды. Сондықтан да осындай теориялар 

темпераменттің гармоналдік теория- 

лары  деп  аталады.  Бұл  теориялар 

темперамент  мәселелерін  біржақты 

түсіндіреді.  Гармоналдік  теориялар 

біржақты  ішкі  секреция  бездерінің 

рөлін асыра бағалайды.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің жалпы 

типін генотип деп атады, демек, тұ- 

қым қуалайтын тип жүйке жүйесінің 

типі  –  бұл  жүйке  жүйесінің  табиғи, 

туа  біткен  қасиеті,  бірақ,  өмір  және 

іс-әрекет  жағдайымен  өзгеруі  мүм- 

кін.  Жүйке  жүйесінің  типі  адамның 

мінез-құлқына  ерекшелік  береді. 

Адамның барлық келбетіне өзінше із 

қалдырады.

Темперамент  негізіне  жүйке  жүйе- 

сінің  тұқым  арқылы  берілген  типі 

жатады.  Темперамент  типінің  қа- 

лыптасуында  тұқым  қуалау  негізгі 

рөл  атқарады.  Осы  қағида  бірдей 

тұқым  қуалау  физиологиялық  қа- 

сиеттері,  темпераменттің  қасиеттері 

ұқсастықтары бір жұмыртқалы егіз- 

дерде әртүрлі жұмыртқалы егіздерге 

қарағанда  біршама  артық,  оларда 

бұл физиологиялық қасиеттер бірдей 

еместігі айқын дәлелденді. Сол сияқ- 

ты, егер әртүрлі отбасы тәрбиеге ал- 

ған бір жұмыртқалы (гомозиготтық) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   753   754   755   756   757   758   759   760   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет