527
егіздердің темпераментін салыстыр-
сақ, сондай заңдылық дәлелденеді.
Бұл егіздердің әртүрлі өмір жағдайы
мен тәрбиесіне қарамастан, темпе-
раментінің қасиеттері бойынша олар-
дың арасында көптеген жылдар бо-
йы өзгешеліктер өте аз болғандығын
көреміз.
ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ТҮЙСІКТЕР
(термиялық) – бізге жылулық пен
суықтықтың түйсігін беретін тері
түйсігінің бір түрі. Бұл сезгіштік
дене температурасын рефлекторлық
реттеу үшін үлкен маңызға ие. Се-
зім мүшелерінің классикалық фи-
зиологиясында жылулық пен суық-
тыққа сезігіштікті екі, бір-бірінен
тәуелсіз сезгіштік түрлері ретінде қа-
растырады. Себебі, олардың әрқай-
сысында өз шеткі рецепторлық аппа-
раты болады. Суықты түйсінудің ана-
томиялық аппараты болып Краузе,
шақшалары, ал жылуды түйсінудің
аппараты – руфиндік денешіктер
табылады. Бірақ бұл әлі тек ғылыми
болжам ғана. Суықтықтық нүктелерді
адекватты емес тітіркендіргішпен,
мысалы, ыстық ұшпен тітіркендірген-
де, олар суықтық түйсінуін береді.
Бұл – суықтықты парадоксалды түй-
сіну. Термиялық түйсіктерде тері-
нің әртүрлі температураларға тез бе-
йімделгіштігі маңызды рөл атқара-
ды. Субъективті түрде нөлге тең тем-
пература орташа, тері температура-
сына тең температуралар болып та-
былады. Едәуір жоғары температура
жылулықты сезінуді, ал төменгі тем-
пература суықтықты сезінуді береді.
Достарыңызбен бөлісу: