Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет797/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   793   794   795   796   797   798   799   800   ...   877
УӘЛИХАНОВ  ШОҚАН  ШЫҢ- 

ҒЫСҰЛЫ  (1835-1865)  –  Қазақ  то- 

пырағында қоғамдық прогресс үшін 

ғылым-білімнің маңызын ерекше кө- 

ре білген Шоқан Шыңғысұлы Уәли- 

ханов бүкіл әлемдік өркениет қоры- 

нан мейлінше мол сусындаған, жан-

жақты  білімді,  озат  ойлы,  ерекше 

дарынды адам еді. Ол өзін терең та- 

рихшы, ерінбес этнограф, батыл сая- 

ТІТІ

УӘЛИ



552

хатшы,  талмас  географ,  білгір  әде- 

биетші,  шебер  суретші,  жалынды 

публицист,  жан  сырын  ұққыш  нәзік 

психолог  ретінде  көрсете  білді.  Не 

бары  отыз-ақ  жыл  өмір  сүрген  Шо- 

қан  аз  ғұмырының  ішінде  білім-ғы- 

лымның  көптеген  салаларына  баға- 

сын мәңгі жоймайтын үлес қосты.

Шоқан еңбектерінде психологиялық 

мәселелерге байланысты әр түрлі си- 

паттағы  деректер  баршылық.  Осы- 

лардың  ішінде  басқа  мәселелерден 

көбірек сөз болғаны – халқымыздың 

ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік 

психологиялық ерекшеліктері туралы 

мәселе еді.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан 

тарихы  мен  этнографиясын  зерт- 

теген  шовинистік  рухтағы  орыс  ға- 

лымдарының  еңбектерінде  халқы- 

мыздың  ондаған  ғасырлық  тарихы 

бар  мәдениетіне  қиянат  жасалып, 

тіпті  ұлттық  психологиямызға  күйе 

жағылып, екінші сорттағы халық деп 

келгені белгілі.

Осындай  келеңсіз  көзқарасқа  қыр 

жағдайында  алғаш  қирата  соққы 

беріп,  туған  халқының  ұлттық  ар-

намысын  қызғыштай  қорғап,  қазақ 

халқын «тағы халық» деп қарау мүл- 

де  қате,  бұл  білместіктен  айтылған 

сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік 

өнері  бар,  ылғи  да  көшіп-қонудың 

салдарынан  оқу-білімінен  кенжелеу 

қалса  да,  рухани  дүниесі  бай,  прог- 

ресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа 

ерекше  бейім  халық  деп  тебіренді. 

Осымен  қатар  Шоқанның  алдына 

қойған  тағы  бір  мақсаты  өз  халқы- 

ның өмірін жете зерттеп, кең даласы 

мен дархан халқын берісі орыс, ары- 

сы Еуропа жұртшылығына танысты- 

ру еді. Сондықтан ол өз еңбектерін- 

де дала халқының қоғамдық өміріне 

ерекше  үңіліп,  жан-жақты  зерттеді. 

Бұл  жерде  ол  танымдық  жағынан 

зор  ғылыми  маңызы  бар  деректер 

келтіріп  қана  қоймай,  кейбір  қи- 

сынды ой топшылауларын да ортаға 

салды. Шоқан өз халқының тарихын 

мәдениеті  ерте  танылған  елдермен 

сабақтастыра  сипаттайды:  «Біздің 

бай  және  поэзиялық  құны  жоғары, 

реалистік  әдебиетіміз  бар.  Ол  Шы- 

ғыстың эпосына емес, индо-герман- 

дық эпосқа ұқсайды», – деп ой түйін- 

дей  келе,  ол  қазақтардың  рухани 

байлығын  өркениеті  аса  бай  ірі  ел- 

дермен  төркіндестіре қарайды. Енді 

бір еңбегінде ол былай деп жазады: 

«Түркі  тектес  халықтардың  ішінде 

поэтикалық  қабілеті  жағынан  қа- 

зақ  бірінші  орын  алады  деуге  бо- 

лады. Біздің Шығысты зерттеуші ға- 

лымдарымыздың  арабтар  туралы 

айтқан  сөзі  қазақтарға  дәл  келеді. 

Қазақтар да бәдәуилер сияқты жара- 

тылысынан өлеңші және ақын».

Ұлттық  психика  өнер  саласында 

ерекше көрінеді, өйткені өнер адам- 

дарының  өз  айналасын  көркем  түр- 

де қабылдап алу ерекшеліктерін, бір- 

тіндеп  қалыптасқан  халықтың  эс- 

тетикалық  талғамдарын  көрсететін 

қоғамдық сананың бір формасы.

Шоқан  қазақ  ақындарының  төгілді- 

ре жырлау қабілетін олардың негізгі 

ерекшеліктерінің  бірі  деп  бағалады. 

Күні  бүгінге  дейін  халқымыздың 

ұлттық психологиясынан елеулі орын 

алып келе жатқан айтыс өнері, адам- 

ның төгілдіре жырлау, суырыпсалма 

сияқты  ой  қабілетінің  үлкен  тап- 

қырлығын,  қиыннан  қиыстырар  қас 

шеберлігін ерекше қажет етеді. Мұн- 

дағы  түйдек-түйдегімен  айтылатын 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   793   794   795   796   797   798   799   800   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет