Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет799/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   795   796   797   798   799   800   801   802   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

УӘЛИ

УӘЛИ


554

не  Орта  Азия  көшпелі  халықтары- 

ның  ерекше  қасиеті.  Қазақ  тілінде 

араб тіліндегідей жасама бояу сөздер 

жоқ, ол нағыз таза тіл».

Ғұлама  ғалымның  осы  пікірлерін 

кең-байтақ  өлкемізде  болған  орыс, 

украин, поляк зиялылары да қостай- 

ды. Олар халқымыздың салт-санасы 

мен әдет-ғұрыптарындағы өнегелі де 

айшықты  жақтарын,  атап  айтқанда, 

сөз  өнеріне  жетіктік,  шешендік  пен 

парасаттылық, суырыпсалмалық, на- 

қыштап  сөйлеуге  жаны  құмарлық, 

тағы басқа қасиеттеріне аузының суы 

кұрып  таңданған.  Мәселен,  «Өлең-

жыр,  –  деп  жазды  П.И.Пашино,  – 

қазақтардың  жан  серігі,  қарапайым 

адамдардың өзі суырып салып айту- 

ға бейім тұрады». Ал А.Брем: «Қазақ- 

тар  сөз  өнеріне  жетік  келеді  –  бұл 

жұрттың  бәріне,  оқыған  адамдарға 

да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, 

байға да, жарлыға да тән қасиет», – 

дейді.  Белгілі  ғалым  В.Радлов  «Қ- 

зақтар  нақышты  сөйлеуді  бар  өнер- 

дің  алды  деп  біледі,  сондықтан  да 

олардың  поэзиясы  дамудың  жоғары 

сатысына жеткен», – деп түйіндеген.

Алғыр ойлы, сезімтал Уәлиханов көп 

заманнан  бері  қазақтармен  аралас-

құралас  Орта  Азия,  Шығыс  Түр- 

кістан  халықтарының  тіршілік-тұр- 

мысындағы  өзіндік  өзгешеліктерін 

де шұқшия зерттеп, бұларды ғылыми 

әлемге паш етіп анықтап берді. Мұ- 

ны  ол  сырттан  жорымай,  солармен 

мидай араласып, ел арасында жүріп 

ерінбей зерттеді. Сондықтан да Шо- 

қанның бұл саладағы пікірлері тайға 

таңба  басқандай  анық,  ғылыми  мә- 

ні  әрі  тұжырымды  да  оралымды. 

Мәселен,  ол  қашқарлықтардың  (ұй- 

ғырлардың)  психологиясын,  әдет-

ғұрпын,  тіл  өзгешеліктерін  алғаш 

рет  зерттеушілердің  бірі  болды.  Ол 

осы  халықтың  ата  мекені  Шығыс 

Түркістанға ғылыми сапармен екі рет 

барып  қайтқаннан  кейін  ұйғырлар- 

дың  өзіндік  ерекшеліктері,  көне 

тарихы мен мәдениеті туралы құнды 

еңбектер  жазды.  Ғалым  ұйғырлар- 

дың  бостандық  пен  тәуелсіздік  жо- 

лындағы ерлік істерін, өз Отанын жан-

тәнімен сүю сезімінің жоғары екенді- 

гін  көрсете  келіп,  «патриотизм  – 

олардың ең тамаша қасиеті» екенді- 

гін  ерекше  атап  өтті.  «Қашқарлық- 

тардың  мінезі  жайдары,  елгезек, 

адамға  жұғысқыш,  еңбеккер  және 

өте кішіпейіл», – деп жазды ол бірде.

Ғалым  Шығыс  Түркістанды  мекен- 

деуші  көптеген  халықтардың  (қыр- 

ғыздар,  түрікпендер,  өзбектер,  қы- 

тайлар,  т.  б.)  психологиялық  ерек- 

шеліктерін,  олардың  әрқайсысына 

тән  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәс- 

түрлерін де өте білгірлікпен көрсете 

келіп,  бұларды  ерекше  дәріптемей, 

психологиялық  жағынан  бір-бі- 

рімен  тең  түсіп  отыратындығын  ай- 

та  келе,  ұлттық  томаға-тұйықтық 

көзқарасқа да соққы беріп отырады. 

Шоқан  аталған  халықтардың  эко- 

номикасы  мен  мәдениетіндегі  арт- 

та қалушылықты, әсіресе туған хал- 

қы  –  қазақтардың  бұл  арадағы  ке- 

шеуілдеген  жағдайын  баса  айтып, 

одан  шығудың  жолдарын  көрсеткісі 

де  келді.  Бірақ  Шоқан  көрсеткен 

жолдың түп-төркіні – тек ағартушы- 

лық жол еді. Шоқанның психология- 

лық  пікірлерінде  материалистік  са- 

рын  ерекше  байқалады.  Оның  ең- 

бектерінде адам психологиясы сырт- 

қы  ортаға,  әсіресе  географиялық, 

табиғат жағдайларының әсеріне бай- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   795   796   797   798   799   800   801   802   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет