Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет800/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   796   797   798   799   800   801   802   803   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

УӘЛИ

УӘЛИ


555

ланысты қалыптасып отырады дейтін 

сындарлы пікірлер баршылық. Бірақ 

Шоқан  адам  психологиясының  қа- 

лыптасуындағы  тарихи-қоғамдық 

факторлардың  шешуші  ролінен  гө- 

рі  ұлттық  мінез-құлық  пен  әдет-ғұ- 

рыптардың  қалыптасуына  геогра- 

фиялық орта мен табиғат ерекше әсер 

етеді деп, соңғылардың рөлін асыра 

бағалап жіберген кездері болды.

Оның  этнопсихологиялық  пікірлері- 

нің  бұдан  басқа  да  кейбір  келісе 

бермейтін жақтары бар. Мәселен, ол 

халқымыздың  басты-басты  психо- 

логиялық  ерекшеліктерін  (қонақ- 

жайлылық, үлкенді сыйлау, т. б.) дұ- 

рыс көрсете келіп, осы ұлттық мінез- 

де  кейбір  өзгермейтін,  тіпті  тұқым 

қуалайтын жақтары да бар деген пі- 

кір айтты. Мәселен, ол 1862 жылдың 

6 желтоқсанында А.Н.Майковқа жаз- 

ған  хатында  ол  өз  туысқандарында 

байқалатын  мінездерінің  қолайсыз 

жақтарын  «менмендік  қазақ  халқы- 

ның  ұлттық  ерекшелігінің  бір  көрі- 

нісі еді» десе, 1862 жылы 2 қаңтарда 

профессор  Бекетовқа  жазған  бір  ха- 

тында өзінде байқалатын кейбір сал- 

дыр-салақтықты мойындай келе, мұ- 

ны да «қазақ халқының өзіндік пси- 

хологиялық  ерекшелігі  еді»,  –  деп 

біржақты тұжырым жасайды.

Шоқанның  психологиялық  пікірле- 

рінің  екінші  бір  арнасы  оның  дін 

жөніндегі  толғаныстарымен  астар- 

ласып жатады. Ғұлама ғалым алғаш- 

қы  адамның  қиялы  мен  діни  сенім- 

дері  оның  таби-ғатқа  тікелей  қа- 

тынастарының  бейнесі  ретінде  пай- 

да  болғанын  айтады.  Ол  қазақ  да- 

ласында  кейінірек  тараған  шаман 

дінінің  пайда  болуының  да  белгілі 

себептері бар дейді. Білім-ғылымнан 

кенже, тәжірибесі  аз адамның таби- 

ғатпен  күрестегі  енжарлығы,  оған 

тәуелді  болуы  –  діни  елестер  мен 

сенімдердің,  пайда  болуының  көзі. 

Оның ойынша діни сенімдердің пай- 

да  болуының  екінші  бір  кезі  адам- 

ның  жан  дүниесінің,  оның  сана-

сезімінің  кейбір  ерекшеліктерінен 

туындайды.  Дүниедегі  ерекше  бір 

керемет – адамның өзі. Оның жаны, 

қабілеті,  ойлайтын  және  бәрін  біл- 

гісі  келетін  рухани  өмірінін,  зерт- 

телуі  аса  қиын  нәрсе.  Адамның  та- 

биғат күштерінен қорқуы – діни тү- 

сініктерінің  пайда  болуының  басты 

себептерінің  бірі.  Жас  сәбиге  ұқса- 

ған  алғашқы  адам  үшін  табиғаттың 

апаттары қанша қаһарлы болса да ол 

одан жасырына жан сауғалай алушы 

еді. Ендігі бір үлкен қырсық адамның 

өзінде  болды.  Өзі  сезінетін,  бірақ 

түсіне  алмайтын  сиқырлы  күштен 

қорқу,  үрейленуден  теріс  түсініктер 

туындады.

Шоқан казақ халқындағы шамандық 

ұғымдарды (ем, ұшық, сиқыр, арбау, 

кесір, кие, тіл тию, көз тию, ырым, т. 

б.) шығу тегін түсіндіргенде де онық 

психологиялық  жақтарын  ашқанда 

да  материалистік  позицияны  берік 

ұстады.  Ол  осы  ұғымдардың  адам 

баласының  ерте  кезде  табиғаттың 

алдында дәрменсіздігінен, оның сан 

қилы құбылыстарын түсінуге шама- 

сы  келмеген  кезде  пайда  болғанды- 

ғын,  мұның  дала  жұртының  ғылым 

мен мәдениеттен кенже қалғандығы- 

нан күнделікті тұрмыста әлде де сақ- 

талып  келе  жатқандығын  нақтылы 

мысалдар  келтіре  отырып,  тәптіш- 

теп  түсіндіреді.  Ғалым  діннің  гно- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   796   797   798   799   800   801   802   803   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет