Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет855/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   851   852   853   854   855   856   857   858   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЭКСП

ЭКСП


590

бұл  әдістің  әр  түрлі  варианттары-

мен  ойдағыдай  жұмыс  жүргізуде. 

Мысалы,  осы  әдіс  арқылы  проф. 

Н.И.Красногорский  балалардың 

жоғары  дәрежелі  жүйке  қызметінің 

даму  жолдарын,  проф.  А.Г.Иванов-

Смоленский адамдардың бірінші жә- 

не екінші сигнал жүйелерінің қызме- 

тін зерттеген.

Эксперимент  жүргізу  үшін  арнаулы 

лабораториялық  мекемелер  қажет 

болатынын айттық. Енді  оқушылар- 

ды  кейбір  қарапайым  аспаптардың 

атымен таныстырайық. Мысалы, пси- 

хикалық  процестердің  пайда  болу 

шапшаңдығын өлшеу үшін – хронос-

коп,  тері  түйсігінің  сезгіштігін  бай- 

қау үшін – эстезиометр, зейіннің кө- 

лемін  анықтау  үшін  -тахистоскоп, 

есітуді өлшеу үшін – аудиометр, де- 

недегі  бұлшық  еттердің  жұмысын 

тіркеп отыру үшін – эргографты пай-

даланады. Бұлардан басқа құрылысы 

әлдеқайда  күрделі  құрал-жабдықтар 

да толып жатыр.

Лабораторияда  жүргізілетін  экспе- 

рименттің нәтижелілігі мына төмен- 

дегі жағдайларға байланысты болады:

1. Байқалатын объекті жөнінде экспе- 

риментатордың күн ілгері болжамы- 

ның (гипотезасының) болуы тиіс;

2.  Тәжірибе  түріне  лайықты  жұмыс 

жағдайын жасау (жазып отыру, инс-

трукциялар  т.б.  жазу-сызу  құралда-

рымен қамтамасыз ету);

3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген 

жоспар  бойынша  арнаулы  методи- 

каға сай жүргізу;

4.  Бір  құбылысты  бірнеше  рет  тек-

серуден өткізіп, оларға сандық және 

сапалық жағынан дербес талдау жа-

сау;


5. Алынған мәліметтерге байланысты 

негізгі  және  ішінара  қорытындылар 

шығара  отырып,  эксперимент  жүр- 

гізуде ашылған кейбір ғылыми дере-

ктерді (егер зерттеу жұмысы мектеп 

жағдайында жүргізілген болса) оқу-

тәрбие процесінің сапасын жақсарту 

үшін пайдаланса, бұл эксперименттің 

негізгі мақсатының орындалғаны бо-

лып табылады.

Табиғи эксперимент. Эксперименттің 

екінші бір түрі – табиғи эксперимент 

деп аталынады. Табиғи эксперимент- 

ті психологияға тұңғыш енгізген жә- 

не  оны  өзінің  зерттеулерінде  көп 

пайдаланған көрнекті орыс психоло- 

гі А.Ф.Лазурский (1874-1917) болды. 

Бұл  әдістің  байқау  әдісінен  айыр- 

машылығы, мұнда эксперимент жүр- 

гізуші өзіне керек құбылысты табиғи 

жағдайда  тудырып  отырады.  Егер 

оқушылардың  ойлауын,  сезімін,  ер- 

кін зерттеу керек болса, бұл үшін пси- 

холог  қандай  болмасын  бір  әрекет 

ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән 

ережелері бар ойын ұйымдастырыл- 

са, сол ойын үстіндегі оқушылардың 

психологиялық ерекшеліктері жазы-

лып,  кейін  оған  мұқият  талдау  жа- 

салынады.  Табиғи  эксперименттің 

кейбір  түрлері  арқылы  (оқыту,  кон-

статациялау  эксперименттері  т.б.) 

мұғалімдер оқушылардың кейбір қа- 

сиеттерін  тәрбиелеуге,  жетілдіруге, 

сабақ үлгерімі мен тәртіптілігін арт- 

тыруға мүмкіндік алады.

Бір  экспериментте  III-IV  класс  оқу- 

шыларының  ақыл-ой  әрекетіндегі 

сөз  бен  көрнекіліктің  арақатынасын 

анықтау  үшін  зерттеуші  балаларға 

оқыған  текстеріне  ат  қоюды,  осы 

текстегі  суреттер  бойынша  әңгіме 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   851   852   853   854   855   856   857   858   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет