Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет857/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   853   854   855   856   857   858   859   860   ...   877
ЭКСП

ЭКСП


592

зер салып отырады, зерттеуді белгілі 

сұрақтың айналасында, арнаулы жос-

пар бойынша жүргізеді. Интервьюер 

сыналушының ниетін қас-қабағынан 

біле алатын әдісқой да тәсілқой, қы- 

рағы әрі білікті кісі болуы қажет.

Мұнда  анкета  арқылы  анықталуы 

қиын ұсақ-түйек детальдарды, мәсе- 

ленің  түрлі  қалтарыстары  мен  түп-

төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. 

Осы  жерде  зерттеушінің  әңгімесіне 

ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі 

ұшты  мәліметтер  беруі  де  ықтимал 

екендігін ескерген мақұл. Зерттеудің 

нақтылы  талап-тілегіне  орай  интер-

вью бірнеше салаға бөлінеді. Ол жеке 

адамдармен  де,  сондай-ақ  әр  түрлі 

топтармен де (семья әулеті, комсомол 

активі, дос-жарандар т.б.) жүргізіледі. 

Мұның стандарттық, сондай-ақ алдын 

ала  жасалған  программа  бойынша 

ауқымды  тақырыптың  төңірегіне 

құрылған түрлері де бар.

Түрлі  психикалық  құбылыстардың 

құрылымын  функциялар  мен  пара-

метрлерді  шамамен  жорамалдау-

да,  эксперименттік  материалдарды 

талдауда,  модельдерді  құрастыруда 

факторлық  талдау  деп  аталатын 

математикалық-статистикалық  әдіс 

қолданылады.  Математика  қазіргі 

кезде көптеген ғылымдардың зерттеу 

әдістеріне  кеңінен  еніп  отыр.  Пси-

хологияда  мұны  алғаш  қолданған 

ағылшын  психологы  Ч.Спирмен 

(1904).  Осы  әдіспен  адам  интеллек-

тісін  (ақыл-ой),  оның  музыкалық, 

математикалық  қимыл-қозғалыс  т.б. 

қабілеттерінің белгілі шамасын бел-

гілеуге болады. Мәселен, осы әдісті 

психологтар адамның жоғары жүйке 

қызметі  қасиеттерінің  құрылымын 

(Б.М.Теплов,  В.Д.Небылицын)  зерт-

теуде пайдаланды. Күрделі корреля-

цияларды  факторлық  талдауға  салу 

электрондық  өлшеуіш  машиналары- 

ның  (ЭВМ)  көмегіне  де  сүйенеді. 

Адамның  жан  дүниесінің  сырын 

жақсырақ түсіну үшін бұл әдістерді 

аталған  әдістермен  қосарластыра 

пайдаланған  дұрыс.  «Біз  әдетте, 

адамды  жұмыста  іс-әрекетіне  қарай 

бағалаймыз,  дегенмен  адамдыжан-

жақты  бағалаудың  өлшеміне  оның 

жанұядағы,  тұрмыстағы,  ұжымдағы 

және одан тыс жерлердегі мінез-құл- 

қы де енуге тиіс (Д.Қонаев).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   853   854   855   856   857   858   859   860   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет