Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет868/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   864   865   866   867   868   869   870   871   ...   877
ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕзІМДЕР – жо- 

ғары сезімдердің түріне жатады, яғ- 

ни  адамның  шындықтағы  қандай 

болмасын бір сұлулықты түсінуінен 

пайда  болады.  Мұндай  сезімдер  сұ- 

лу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әде- 

мі көріністерді тамашалау немесе та- 

биғаттағы,  көркемөнердегі  әсіресе, 



ЭМОЦ

ЭСТЕ


599

өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден 

ләззат алу кездерінде байқалады.

Э.с. сондай-ақ сурет полотноларынан, 

скульптуралық  (мүсіндік),  архитек- 

туралық,  музыкалық  немесе  сахна- 

лық шығармалардың шебер орында- 

луынан  ләззат  алуға  байланысты  да 

туып отырады. «Адамзатқа тән ерек- 

ше  бір  қасиет,  –  дейді  әл-Фараби,  - 

өзін қоршаған дүниенің әсемдік сыр- 

ларына үңілу, содан рухани нәр алу, 

өзінің  нәзік  сезімін  образдар  арқы- 

лы  паш  ету».  Мәселен,  «жақсы  ән 

мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалы 

әуеннің адамның эстетикалық сезім- 

дерінің  қалыптасуында  ерекше  ма- 

ңыз алатындығын С. Торайғыров бы- 

лайша сипаттайды: «Халықтың арғы-

бергісін  қозғап,  естеріне  түсіріп, 

мұң-мұқтаждарын  зарлап,  кем-ке- 

тігін көрсетіп, әдемі даусымен құй- 

қылжытып тұрғанда, қандай тас кө- 

ңіл  болса  да  жібімеген  еркіне  қой- 

майды.  Халықтың  қайдағы-жайда- 

ғысы ойына қозғалып, түсіп, қандары 

қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. 

Әркімнің  көңіл  көздерінен  жастар 

моншақтап,  бойлары  балқығандай, 

шартта-шұрт қол шапалақтасып... 

тарқайды»

1

.

Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәт- 

ті күйдің қандай тас көңілді болса да 

жібітіп жіберетіні, қанды қайнататы- 

ны,  көзден  жас  ағызатыны,  бойды 

балқытатыны  т.б.  адам  психология- 

сын нұрландырып, байытатындығын, 

адамды ләззатқа бөлейтінін айтады.

Э.с.-дің мазмұнын да әлеуметтік жағ- 

дайлар билейді. Н.Г. Чернышевский 

мұны төмендегідей әсерлі сөздермен 

жақсы түсіндірген: орыс шаруасы өзі- 

нің жұмыстан пайда болған күсті қо- 

лын,  жуан  білегін,  мығым  денесін, 

кең жауырынын мақтан етсе, дворян 

бикештері өздерінің сыңқылдап наз- 

дануын,  ақ  саусағы  мен  бұраң  бе- 

лін, қиылған қасы мен оймақтай ау- 

зын,  ерекше  нәзіктігін,  еңбекті  сүй- 

мейтіндігін  мақтан  етеді.  Н.Г.  Чер- 

нышевскийдің  айтып  отырған  сұлу- 

лық жөніндегі пікірлері қарама-қар- 

сы екі тап өмірге көзқарасы. Сөйтіп, 

өмірдегі  сұлулықты,  көркем  –  бар- 

лық  адам  бірқалыпты  сезінбей,  әр- 

кім өзінің таптық, тарихи дәуірге, нақ- 

тылы тарихи жағдайға сәйкес сезіне- 

ді. Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Сұ- 

лулық сезімдер адамның дұрыс, сұлу, 

ләззат  іздеуіне,  сұлу  нәрсені  сүйіне 

қорғау  немесе  жаман  нәрседен  жи- 

рену,  қатты  жақсылыққа  ұмтылды- 

рады. Жауыздықтың тыйылуына көп 

көмек көрсетеді».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   864   865   866   867   868   869   870   871   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет