Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет864/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   860   861   862   863   864   865   866   867   ...   877
Эмоциялар

Сезімдер

1. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне 

байланысты  туып  отыратын  шағын,  ситуациялы 

көңіл-күйлері,  адам  қуанғаннан,  қамыққаннан 

көзіне жас алса не болмаса бір нәрсеге мәз болып 

шек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа 

созылмайтындығы белгілі.

1.  Сезімдер  –  адамдардың  бір-бірімен  қарым-

қатынас  жасау  қажетінен  туатын  және  біртіндеп 

дамып  отыратын  процесс.  Достық,  адалдық 

сезімдері  адамда  бірден  қалыптаса  қоймайтын-

дығы белгілі.

2.  Эмоцияда  мәнерлі  қозғалыстар  (адамның 

сырт  пішінінен  байқалатын  ым-ишалар)  көбірек 

байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысы-

нан көрсете алады.

2.  Сезімдерде  мәнерлі  қозғалыстар  жөнді 

байқалмайды.  Тұрақты,  терең  әсерлі  сезім  жеке 

адам психологиясының басты белгілерінің бірі.

3.  Эмоциялардың  қызметін  лимби  жүйесі 

мен  (ми  бағанасының  үлкен  ми  сыңарларына 

жақын  жері)  гипоталамус  бөлігі  (дененің  зат 

алмасуын,  температурасын  реттестіретін  жүйке 

орталығы)  басқарып  отырады.  Мәселен,  осы 

жүйкетін орталықтарға зақым келе, адам тойғанын 

білмейтін немесе өмірде шөлі қанбайтын жағдайға 

ұшырайды.

3. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда, 

динамикалық  стереотиптердің  жасалып,  өзгеріп 

отыруынан  жақсы  көрінеді.  Мұнда  екінші  сиг-

нал жүйесінің басқарушылық рөлі күшті болады. 

Мәселен,  сөз  адамның  интеллект,  эстетикалық, 

моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер 

етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды 

тәрбиелеуге кең жол ашылады.

4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар 

эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың 

жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер 

жануарлар психикасында кездеспейді.

4. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық-

тарихи сипатта болып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   860   861   862   863   864   865   866   867   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет