Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет98/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘБУН

ӘБУН


72

де  көңіл  қоярлықтай.  Жеке  ерекше- 

ліктер адамның дербес өмір сүру тә- 

жірибесінен,  оның  дене  бітімінен, 

өзіндік  белсенділігінен  туындайды, 

яғни  адам  бір-бірінен  тәні  жөнінен 

өзгеше болса, жаны жөнінен де сондай 

өзгеше болады, жан қуаты біреуде мол, 

біреуде кем келеді, бұл жағдай оның 

темпераментіне де байланысты, тәнді 

жетілдіруге болатыны сияқты жанды 

да жетілдіре беруге болады. Фараби 

еңбектерінде  психология  ғылымы- 

ның бұдан басқа мәселелері де жан-

жақты сөз болады.

Ә).  Әл-Фарабидің  қоғамдық  психо- 

логия  жайлы  түйіндері.  Оның  ұғы- 

мынша әлеуметтік топтардың ең үлке- 

ні  адамзат  қоғамы,  халықтар  бір-бі- 

рінен үш ерекшелігімен ажыратыла- 

ды дейді. Бұл айтқандарға әрбір ха- 

лықтың табиғи әдет-ғұрпы мен салт- 

санасы, мінез бітістері мен тіл ерекше- 

ліктері жатады. Фараби түрлі тайпа- 

лар мен халықтардың психологиялық 

ерекшеліктерін көп жағдайда геогра- 

фиялық ортаға қарай түсіндіреді. Әри- 

не, мұның қазіргі ғылым тұрғысынан 

дәйексіз  түсінік  екені  белгілі.  Осы 

жерде біз Фарабидің түрлі қоғамдық 

топтар  туралы  айтқан  пікірлерімен 

беттесіп отырмыз. Фараби айтып отыр- 

ған  адамзат  қоғамы,  халықтар  мен 

тайпалар  бәрі  де  әлеуметтік  психо- 

логияда  үлкен  топтар  немесе  макро 

орта делінеді.

«Ізгі  қала  тұрғындарының  көзқара- 

сы  туралы  трактат»  деген  еңбегінде 

Фараби  осындай  топтардың  әрқай- 

сысына  жеке-жеке  сипаттама  беріп, 

бұларды  әлеуметтік  психологияның 

негізгі  категориялары  ретінде  ұсы- 

нып, ғылыми талдау бере отыра, Фа- 

раби  сол  қоғамдағы  жекелеген  топ- 

тардың  әлеуметтік  жағдайын,  атап 

айтқанда,  олардың  нендей  кәсіппен 

айналысатындығын, тұрмыс-салтын, 

кейде оларға тиісті қоғамдық байлық- 

тардың адамдарға тиетін үлесін көр- 

сетпекші болады. Сөйтіп, Фараби әр 

алуан топтың өкілдері туралы сөз қоз- 

ғап, әлеуметтік психологияның ірге- 

лі мәселелерін күн тәртібіне бірінші 

қойған ғалым болды. Біздің ойымыз- 

ша  Фарабидің  «қала»  ұғымын  түрлі 

әлеуметтік топтарды даралап сипат- 

тауға  қолдануы  тектен  тек  болмаса 

керек.


Тарихи деректерге жүгінсек, орта ға- 

сырда қала тұрғындары тікелей айна- 

лысқан кәсібіне, көбінесе, қоғамнан 

алатын әлеуметтік орнына қарай бір 

жерге  шоғырланып,  бір  топ  екінші 

топтан бөлек тұрған. Мұндағы топтар- 

дың  өздеріне  тән  ортақ  моральдық-

психологиялық  қасиет  –  ерекшелік- 

тері де болған. Қала тұрғындарын түр- 

лі топқа бөлген кезде мұның себебін 

ғұлама  материалдық  жағдайлардан 

іздегісі келеді. Фараби материалдық 

қажеттерді  өтеу  үшін  адамдарға  ең 

алдымен материалдық игіліктерді өн- 

діру қажет екенін, осы жерде адамдар 

арасында  пайда  болатын  қоғамдық, 

әлеуметтік қатынастардың қандай прин-

ципке негізделуі керектігін айқын тү- 

сіне  алмады.  Фарабидің  ұғымында 

ізгі қала басшылары, топ жетекшіле- 

рі туралы мәселені де қоғамдық пси- 

хология  қарастырады.  Қаланың  әр- 

түрлі топтағы өкілдері рет-ретімен са- 

тылап орналасып және өзіне қызмет 

ететіндерге  әмірін  жүргізіп  тұратын 

болады. Төменгі басқышқа орналасқан 

жоқ-жітік адамдар, қоғамдағы ең тө- 

менгі  адамдар  болып  есептелінеді. 

Әртүрлі әлеуметтік топтарға бөлінген 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет