Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет97/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘБУН

ӘБУН


71

ерік-жігердің  жақсы  сапалары  бол- 

са,  мейрімсіздік,  қорқақтық,  дүние- 

қоңыздық, нәпсіқұмарлық т.б. адамның 

ұнамсыз қасиеттері болып табылады.

Фараби таным мәселесінің түп қазы- 

ғына  келгенде  дуалистік  көзқараста 

болды. Мәселен, ол танымның бірін- 

ші  басқышы  –  түйсіктерді  материа- 

листерше  түсіндіргенімен,  ойлауға 

келгенде жаңсақ түсінікке жол бере- 

ді. Ол ойлау материядан тыс тұрған 

ерекше рухани күштің әсерінен туып 

отырады деп тұжырымдады. Ал, Фа- 

рабидің  түйсік,  қабылдау,  қиял  про- 

цестерін сыртқы дүние заттары мен 

құбылыстарының денедегі (жүйкеде- 

гі), мидағы түрлі бейнелер деуі ғылы- 

ми тұрғыдан өте байсалды түсінік еді. 

Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол 

сыртқы  дүниенің  сәулесі  түсіп  оты- 

ратын алғашқы саңлау. Көру түйсігі 

көзге зат әсер еткенде ғана пайда бо- 

лады. Егер көзден зат кетсе, онда түй- 

сік  тумайды,  құлақ  ауадағы  тербе- 

лістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім 

мүшелерінің қай-қайсысы да адамды 

сыртқы дүниемен байланысқа түсіре- 

тін аспап. Көру түйсігі көзден шық- 

қан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер 

етпей-ақ түйсік пайда болады дейтін 

Платон пікірімен Фараби келіспейді. 

Қараңғыда зат та, оның бояуы да анық 

көрінбейді, көзге сырттан күшті әсер 

келіп түскенде ғана адамда түйсік пай- 

да болады, дейді Фараби. Ұлы ғұла- 

ма жан қуатының басты-басты түрле- 

ріне  сипаттама  бере  келіп,  психоло- 

гияның бұдан басқа да проблемалары 

жөнінде сөз қозғайды.

Мәселен, ол психиканың қалайша да- 

мып жетілгендігі жайлы мәселеге де 

ерекше мән берген. Психика айрық- 

ша сапада тұрған қасиет. Жануарлар 

мен  адамдардың  тән  құрылысының 

өзгешелігіне  қарай  олардың  жан 

қуаттары да өзгеше болады. Материал- 

дық элементтердің қосылысынан (ыс- 

тық, суық, дымқыл, құрғақ) жануар- 

лар психикасы түзілген. Осы элемент- 

тердің ең жоғарғы қосындысынан ба- 

рып  адам  психикасы  пайда  болған. 

Адам жаны дүниенің теңдесі жоқ туын- 

дысы.  Оның  жануарлардан  негізгі 

айырмашылығы  ақыл-парасатпен 

сөйлей  алу  қабілеті,  өнермен  айна- 

лысуы, еңбек ете алуы. Бұл айтылған- 

дарсыз адамның тәні де, жаны да ой- 

дағыдай дамымайды.

Оның  бала  психикасының  қалайша 

дамып, жетілгендігі жөнінде де қыз- 

ғылықты пікірлері көп. Баланың жасы 

өскен  сайын  оның  ақылы  да,  яғни 

тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. 

Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен 

туындайды. Мәселен, балада ең алды- 

мен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл 

оның  дене  бітімінің  қалыптасуында 

үлкен  рөл  атқарады.  Алдымен,  тән 

түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айы- 

ратын түйсіктері, заттың түрін, түсін, 

пішінін  түйсіне  алу  қабілеті  пайда 

болды. Адам психикасы негізінен өмір 

барысында, оқу – тәрбие үстінде қа- 

лыптасады. Бұл жерде оның өз бетін- 

ше  әрекеттенуі,  өзіндік  белсенділік 

қасиеттері  де  оның  өмірден  алатын 

тәжірибесінен туындайды. Адам дү- 

ниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не 

ақ  ниетті  болып  келмейді.  Бала  ой- 

лау, сөйлеу қабілетіне туыстан бола- 

тын икемділікпен ғана дүниеге келе- 

ді. Оның осы пікірлері де қазіргі ғы- 

лыми  психология  түйіндеген  тұжы- 

рымдармен ғажап үндеседі.

Фарабидің адамның әртүрлі дара өз- 

гешеліктері туралы айтқан пікірлері  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет