Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ӘБУ  НАСЫР  ӘЛ-ФАРАБИ  (870-



Pdf көрінісі
бет94/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘБУ  НАСЫР  ӘЛ-ФАРАБИ  (870- 

950) – қазақ жерінен шыққан, зама- 

нында Шығыс Аристотелі, Екінші ұс- 

таз атанған әмбебап ғалым. Ол өмір 

сүрген заман Шығыс әлемінде ғылым 

мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. 

Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақ- 

тары өткен қазақ даласы да сол кез- 

де  мәдени  орталықтардың  бірі  бол- 

ды.  Тарих  шежіресі  бізге  ІХ-Х  ға- 

сырлар арасында Отырар қаласы (бұ- 



ӘБЕС

ӘБУН


68

рынғы Фараб) Таяу және Орта Шы- 

ғысқа баратын үлкен сауда жолы бол- 

ғандықтан, ол, сондай-ақ, өнер-білім- 

нің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп 

өскен, көптеген ғұлама ғалымдар шы- 

ғарған белгілі ел болғандығы жайлы 

сыр шертеді. Әрине, осындай құнар- 

лы  ортаның  Фарабидің  аты  әлемге 

жайылған ғалым болуына себі тиген- 

дігіне күмәндануға болмайды.

Әл-Фарабидің әлеуметтік көзқарасы- 

ның,  қоғамдық  ой-санасының,  фи- 

лософиялық  пікірлерінің  қалыпта- 

суына  ерекше  әсер  еткендердің  іші- 

нен Аристотель мен Платоннан басқа 

Араб философиясының негізін салушы 

әл-Киндиді айырықша атап өтуге тиіс- 

піз.  Фараби  еңбектерінің  көпшілігі 

Аристотель мен Платонның филосо- 

фиялық  мұраларын  оқып,  үйренуге, 

оларға  түсініктеме  жазуға,  олардың 

қайшылықтарын табуға, сондай-ақ, әл- 

Киндидің  философиялық  көзқарас- 

тарын  одан  әрмен  қарай  жалғасты- 

рып, дамытуға бағытталған. Фараби, 

әсіресе, гректің ұлы ойшылы Аристо- 

тельдің  философиялық  мұраларына 

ерекше көңіл бөледі. Фарабидің біраз 

еңбегі ұлы ұстазының философиялық 

мұраларын оқып үйренуге, оны зерт- 

теп түсіндіруге арналғаны да осыдан 

болса  керек.  Алайда,  әл-Фараби  тек 

өзінен  бұрын  өмір  сүрген  философ- 

тардың мұраларын зерттеп, оларға жай 

түсініктеме берумен ғана қанағатта- 

нып шектелмей, психология саласын- 

да  Аристотельден  әлдеқайда  ілгері 

кетеді. Мәселен, Аристотель «Жан ту- 

ралы» бір ғана трактат жазса, Фараби 

бұл ғылым жайлы жеті еңбек жазған.

Фараби  Аристотельдің  пантеистік 

пікірлерін қайта қарастырып, мұның 

негізінде натуралистік пантеизм деп 

аталатын ілім жүйесін ұсынады. Зерт- 

теушілердің  (А.Закуев,  С.Григорян, 

А.Машанов, А.Көбесов, М.Хайруллаев 

т.б.) айтуынша ұлы ғұлама өзінің фи- 

лософиялық  пайымдауларын  негізі- 

нен идеалистік сарында өрбіткен Фа- 

раби материяның өзі форианы сақтау- 

шы,  сол  арқылы  заттар  алуан  түрлі 

сипаттама алады дейді. Бүкіл әлемді 

қозғалысқа келтіруші «алғашқы қоз- 

ғаушы» құдай жөніндегі Аристотельге 

тән  концепция  әл-Фараби  көзқара- 

сында да белгілі орын алды.

Философия, психология ғылымдары 

үшін танымдық мәні зор, іргелі мәсе- 

ленің бірі – жан мен тән проблемасы. 

Осы мәселенің шешіліміне қарай ға- 

лымдар сонау ескі заманнан бермен 

қарай қарама-қарсы екі топқа бөлініп 

келеді. Мәселен, идеалистер жанды, 

рухты алғаш пайда болған, ол тәннен 

бөлек мәңгі бақи өмір сүре береді десе, 

материалистер  дүниенің  алғашқы- 

лығын, жанның тәнмен байланысты- 

лығын, тән өмір сүруін тоқтатса, жан 

да  бітетіндігін  дәйекті  деректермен 

дәлелдеп түсіндіреді.

Әл-Фараби осы мәселеде дәйекті пі- 

кір айта алмай, материализм мен идеа- 

лизмнің арасында ауытқып жүрді, дін 

мен  мистика  түгелдей  тұмшаланған 

сол кездегі шығыс әлемінде жан ту- 

ралы салиқалы тұжырымға келу оңай 

да емес еді. Фараби өзінің «Мәселе- 

лердің түпкі төркіні» дейтін тракта- 

тында  Платонның  «Жан  тәннен  бұ- 

рын  пайда  болған,  бұл  екеуі  бір-бі- 

рімен байланысты емес» дейтін қате 

тұжырымын  сынға  алды.  Сөз  боп 

отырған  мәселеге  орай  Фараби  бы- 

лай дейді: жан мен тән бірлікте өмір 

сүреді, Платонның жан тәннен бұрын 

пайда болған деуі қате түсінік, жан- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет