БАЙҚАҒЫШТЫҚ – адамның жақ-
сы қасиеттерінің бірі. Байқағыштық-
кез келген уақытта көзге ілінбейтін,
ілінсе де оған көбінесе мән беріл-
мейтін нәрселерге ерекше зейін қою-
шылық. Мәселен, бүркіт пен тазы-
ның арасындағы шайқастың ұсақ-
түйектерін тек жақсы аңшы ғана бай-
қай алады. Осы суретті А.Құнанбаев
«Қан сонарда бүркітші аңға» деген
өлеңінде жақсы көрсеткен: «Біреуі
көк, біреуі – жер тағысы, Адам үшін
батысып қызыл қанға, Қар аппақ,
бүркіт қара, түлкі қызыл, Ұқсайды
қаса сұлу шомылғанға» – «қар аппақ»,
«бүркіт қара», «түлкі қызыл» деген
тіркестерде кез келген адамға байқала
бермейтін көріністер сөз болып отыр.
Мұндай сөздерді осы нәрсені өте же-
тік білетін адам ғана айта алады. Бай-
қағыштық жаңа фактілерді білуге
құмарлықты, олардың егжей-тегже-
йін білуді, адамның әрдайым қабыл-
дауға даярлығын тілейді.
Сонымен қатар жіті көру мен қалт-
қысыз естуді, бір зат пен екінші зат-
тың байланысын аңғара білуді қа-
жет етеді. Байқағыштық қасиет –
адамның өмір сүрген ортасына, ал-
ған тәлім-тәрбиесіне, мамандығына,
айналысқан кәсібіне байланысты.
Осы айтылғанды да көптеген фактілер
дәлелдейді. Мәселен, Австралияның
абориген тайпасының балалары шөл
даладағы мың сан «белгілерді» қате-
сіз оқи алады, құмға түскен ізге қа-
рап, көптеген «құпия сырларды» аша-
ды. Олар қандай құстың ізі суатқа
келетінін, кенгурудың тырнағы тиіп,
аударылып түскен жалпақ тастың
жерге қарап жатқан бетінің аз-маз өз-
гергенін, ізге қарап адамның оң иы-
ғында ауыр заттың барлығын, бойы-
ның ұзындығын, денесінің салмағын
табады. Байқағыштық – өмірдің әр
саласы үшін өте қажетті қасиет. Бай-
қағыштық әсіресе ғылыми жұмыста,
мұғалімдік қызметте, ақын-жазушы-
ның өмірінде ерекше орын алады.
Қабылдаудың кейбір түрлері (көру,
есту, қозғалыс, сипай сезу) түйсік-
тердің түрлеріне қарағанда күрделі
болады. Демек, қабылдауда бірнеше
анализаторлар бірлесіп жұмыс істей-
ді. Мәселен, қозғалыс анализаторы-
ның қабылдаудың барлық түрінде де
кездесетіндігі біздің осы айтқаны-
мызға дәлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |