Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет133/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БАЙҚ

БАЙҚ


97

БАЙҚАУ – белгілі бір мақсат қойып, 

объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту, 

зейін қою байқаудағы негізгі әрекет- 

тер. Психологияда Б. кең тараған әдіс, 

оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның 

іс-әрекетін, оның мінез-қылығын, пси- 

хикасын,  сыртқы  көріністерін  (қи- 

мыл-қозғалыстарын,  сөйлеген  сөзге 

реакцияларын,  мимикасын,  жалпы 

әрекетін),  сондай-ақ  адамның  ерік- 

күшін, сезім ерекшеліктерін, темпе- 

раментін, жүріс-тұрыстарын жүйелі, 

жоспарлы түрде бақылайды, осыған 

орай ол адамның психикалық үрдіс- 

тері,  жай-күйі  және  психикалық  қа- 

сиеттері жөнінде қорытынды жасай- 

ды. Белгілі жоспар бойынша жүйелі 

біраз уақыт бойына зерттелуші адам- 

ның психикалық ерекшеліктерін қа- 

дағалауды  байқау  әдісі  деп  атайды. 

Б.ә. әдетте, табиғи жағдайда, зертте- 

лінуші адамның әрекетіне әдейі ара- 

ласпай-ақ жүргізіледі.

Байқау әрі жүйелі, әрі мақсатты үр- 

діс,  арнайы  жүргізілген  әрекет.  Ғы- 

лыми байқау кездейсоқ, дұрыс ұйым- 

дастырылмаған және жоспарлы түр- 

де жүргізілмейтін қарапайым байқау- 

дан  өзгеше  болып  келеді.  Ғ.б.  үрді- 

сінде аса сақ, дәлме-дәл болып, бай- 

қалатын  объектіге  ешқандай  бұрма- 

лау жасамау керек. Мыс., мектептегі 

оқушының ойлау және сөйлеу ерек- 

шеліктерін  зерттеу  керек  болса,  ол 

үшін зерттеуші оқушының сабақ үстін- 

дегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стено- 

графиялап, күнделікке түсіреді, кейін 

оны тиянақты түрде талдайды да, тиіс- 

ті  қорытынды  шығарады.  Ғылыми 

зерттеу жұмыстарының түрлі ерекше- 

ліктеріне қарай байқау әдісінде кей- 

де  аспаптар  да  қолданылады.  Мыс., 

зерттелінетін объектіні суретке түсі- 

ру үшін фотоаппараттар, сыналушы- 

ның сөз тіркестерін жазып алып, ке- 

йін оны қайтадан жаңғырту үшін дик- 

тофон, магнитофон т.б. пайдаланылады.

Б.ә. нәтижелі болып шығуына қажетті 

кейбір шарттар:

1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүр- 

гізілінуін  және  бір  фактінің  өзі  бір- 

неше рет қайталанып зерттелінуін қам- 

тамасыз ету;

2) Зерттелетін объектіні айқын белгі- 

леу және байқаудың мақсатын түсіне 

білу қажет. Мыс., байқау объектісі ре- 

тінде сабаққа үлгерімі нашар оқушы- 

ны алатын болсақ, мақсатымыз оның 

сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысы- 

ның кейбір ерекшеліктерін білу;

3) Байқалған фактілерді сол сәтте жа- 

зып отыру, кейін оған мұқият талдау 

жасау,  басты  фактілерді  сұрыптап 

алу  –  осы  әдіске  қойылатын  негізгі 

талаптардың бірі.

Сан  рет  жүргізілген  байқаудың  нә- 

тижесіне байланысты сол сыналушы- 

ға қатысы барлармен бірлесе отырып, 

оқушының оқу әрекетін дамыту үшін 

нақты жұмыстар белгіленеді. Б. кезін- 

де адамның мінез-құлқын дұрыс тү- 

сіне білудің де маңызы үлкен. Қазір- 

гі  кезде  күнделікті  іс-тәжірибеміз- 

де де, белгілі ғылым салаларында да 

объективтік байқау әдісі қолданыла- 

ды. Бұл әдістің үш түрі бар: бір тү- 

рі – мәнді және қызық деп тапқан пси- 

хологиялық  фактілерді  анда-санда 

баяндап отыру.

Әдістің  мұндай  жолын  кездейсоқ 



байқау  деп  атайды.  Екінші  түрі  – 

нысанаға алынған объекттің қимыл-

қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз 

байқау.  Бұл  –  ұдайы  байқау  әдісі. 

Үшінші  түрі  –  байқауға  алынған 

объектіге белгілі бір мерзімде назар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет