БАЙТҰРСЫНОВ АХМЕТ (1873-
1937) – қазақ ғылымы мен мәдение-
тінің аса көрнекті өкілі, әмбебап ға-
лым, қоғам қайраткері. А.Байтұрсы-
нов оқу-ағарту, тәлім-тәрбие саласын-
да артына аса бай мұра қалдырды.
Ол психология ғылымы саласында да
өзіндік қолтаңбасымен дараланады.
Мәселен, тек «Әдебиет танытқыш-
тың» (1926) бір өзінде психологияға
ғана қатысты толып жатқан ой-пі-
кірлер мен салмақты түйіндер бар-
шылық. Мұндағы «Көркем өнер»,
«Сөз толғау», «Лұғат әуезділігі», «Жан
жақтау», «Жан қоштау», «Көріктеу»,
«Ес ұғымы», «Іс ұғымы», «Зейіндеме»,
т.б. атаулар мен ұғым түсініктерде,
сондай-ақ оның жұмбақ, жаңылтпаш,
айтыс, толғау, терме, тақпақ, жоқтау,
жарапазан, бата, мақал, т.б. әдебиетта-
ну ғылымына қатысты пікірлерінде
халықтық психологияның теориялық
қисындары үшін іздесе таптырмай-
тын әдістемелік қазық боларлықтай
түйiндер мол. Ғалымның тіл мен сөй-
леу психологиясы жайлы айтқандары
да аса мәнді. «Тілдің міндеті, – деп жа-
зады ол, – ақылдың аңдауын аңдыған-
ша, қиялдың мезеуін меңзегенше, кө-
ңілдiң түйінін түйгенінше айтуға жа-
рау... Сөз көңілге сипат жағының
көркемдігімен, сөз мағына жағының
күштілігімен жағады... Тіл дәлдігі деп
ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәй-
кес келуі айтылады...». Бұл психоло-
гиялық жағынан өте пәрменді тұжы-
рым, өйткені қазақтың қазіргі кездегі
ұлттық тәрбиесiнiң мықтап ақсап,
тіпті батпаққа белшесінен батып жа-
Достарыңызбен бөлісу: |