98
аударып отыру. Әдістің бұл түрін таң-
дамалы байқау деп атайды. Осы атал-
ған байқаулардың қандай түріне бол-
са да қойылатын талап – байқаушы
бақылаған фактілерді баяндап қоюмен
қанағат етпей, сол құбылыстардың
сырт көрінісіне сүйене отырып, ішкі
сыры мен психологиялық мазмұнын
ашуға міндеттілігі.
Б. кезінде – байқауға алынған объект-
тің байқау бағдарламасын, жоспарын
жасап алу қажет. Әйтпесе байқаушы-
ның зейіні зерттеліп отырылған объект-
тің екінші бір кездейсоқ сипаттары-
на ауып кетуі мүмкін, ал мұндай фак-
тілердің жиынтығы арқылы жасалған
психологиялық байқау жалған болып
шығуы ғажап емес. Психикалық үр-
дістерді зерттеудегі өзін-өзі байқау
(интроспекция) әдісінің бүгінде ма-
ңызды орны бар, сондықтан оны
объективтік байқау әдісіне жәрдемші
әдіс ретінде пайдалану дұрыс.
Байқау әдісімен психикалық құбы-
лыстарды көлденең әсерлермен өз-
гертпестен, объектіні өзінің үйреншік-
ті ортасында байқауға болады, соны-
мен қатар байқау әдісі арнайы лабо-
раторияларды, қымбат құралдарды
керек етпейді. Б.ә. кейбір кемшілікте-
рі де бар. Біріншіден, зерттеуші мұн-
да өзіне керек құбылыстарды әп-сәт-
те зерттей алмайды да, көп уақытын
жіберіп алады, екіншіден, байқауды
әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай
ұйымдастыруға жағдай болмай да
қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объек-
тивтік (байқауға алынған оқушының
сабаққа келмей қалуы), субъективтік
(бақылаудың қиынға соғуы, зерттеуші-
де бақылағыштық қасиеттің жоқты-
ғы т.б.) себептердің кездесетіндігіне
байланысты. Б. – өмірдегі әртүрлі
жағдайлардағы адам іс-әрекеті мен
қылықтарының фактілерін жинауға
көмектесетін әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: