Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет136/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БАЙТ

БАЙТ


99

туының себебінің бірі – осы халық- 

тың, әсіресе тәлімгер қауымның (мұ- 

ғалім, ата-ана, құрбы-құрдас, т.б.) өз 

ана  тілін  жоғарыда  Ахаң  айтқандай 

түлетіп, оның тәрбиелік ықпалын өз 

дәрежесiнде  пайдалана  алмай  жүр- 

генінде.  Расында  да,  егер  тәлiмгер 

қауымның сөз саптауы шорқақ, ойы 

саяз, тыңдауға әсерсіз болса, шәкірт 

тәрбиесінде берекесіздік туады, сөз- 

дiң  тәрбиелік  қадір-қасиеті,  құны 

төмендейді. Олай болса, баланың сөз 

өнеріне жетілуінің, сөйлеу мәдение- 

тінің  арта  түсуі  үшін  ерекше  көңіл 

бөлу қажеттігі ылғи да естен шықпа- 

уы тиіс.

А.  Байтұрсыновтың  психология  ғы- 

лымының  төңірегiнде  ой  қозғаған 

терең мәнді, салиқалы пікірлері «Әліп- 

пе  –  таңбалар  жұмбағы»  дейтін  ең- 

бегінен  елеулі  орын  алған.  Мұнда 

ол  араб  әрпінің  латын  таңбасынан 

әлдеқайда  ұғынуға  тез  жазып,  миға 

тоқуы жеңіл екендігін психологиялық 

тұрғыдан дәлелдеп береді. Мұнда екі 

таңбаның  қайсысымен  басылған,  иә 

жазылған  сөз  оңай  оқылады,  бұлар- 

дың  қайсысымен  жазылғанын  тану 

жеңіл,  қайсысы  баспаға  сыйымды, 

қайсысы  көркемдік  (эстетикалық), 

сондай-ақ  көруге  көзге  жайлылығы 

жағынан  қайсысы  артық  дегендей 

психологиялық жәйттарға тоқталады. 

Ғалым  латын,  араб  әріптерін  оқуға 

қайсысының жеңіл, қолайлы екендігі 

жөнінде былай дейді: «Сауаты ашыл- 

ған адам, жазылған иә басылған сөз- 

ді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұр- 

ған суретін танып оқиды. Таныс адам- 

ды көргенде мынау пәленше, анау тү- 

генше деген сияқты әр сөзді тұрпаты- 

на  қарап,  танып  айтады.  Неғұрлым 

сөз суреті көзге елеулірек болса, со- 

ғұрлым жылдамырақ танылып, шап- 

шаң оқылмақшы... Немістің Мейман 

деген  профессоры...  мынаны  байқа- 

ған: басылған сөздің ішінде не төмен, 

не  жоғары  сойдыйып  қатардан  шы- 

ғып  тұрған  әріп  бір  сөзден  немесе 

үстіне  қойған  қосымша  белгісі  бар 

әріп  кіріскен  сөздер  тез  танылып, 

шапшаң оқылады екен». Байтұрсынов 

араб әріптері бірі биік, бірі аласа, бірі 

ұзын, бірі қысқа келіп, екінші жағы- 

нан  қосымша  таңбалары  (белгілері) 

көп  болып,  сөз  суретін  көзге  елеулі 

етіп кісінің тез оқуына, харып тануы- 

на қолайлы болады дейді.

А.Байтұрсынов  адамда  жазу  дағды- 

сының  қалыптасу  жолын  да  психо- 

логиялық  тұрғыдан  түсіндіреді. 

«Сауаты  ада  адам,  –  дейді  автор,  – 

жазғанда  қол  дағдысымен  жазады. 

Жазып отырғанда әр әріпті ойлап ба- 

рып жазбаймыз, қолымыз дағдылан- 

ған  күйімен  өзі  келеді...  Неғұрлым 

сауаты көбірек ашылған адам болса, 

неғұрлым жазуды көп жазатын адам 

болса,  оның  көз  бақылауынан  гөрі 

қол дағдысы басым болмак,.. Оқыған 

уақытта адамның көзіне күші түсіп, 

етiне күш түспейді. Жазған уақытта 

көзіне күш түспей, етіне күш түседі». 

А.Байтұрсыновтың  осы  түйіндері 

психологияда оқу мен жазуды қалып- 

тастырудың  психологиялық  заңды- 

лықтарына  сүйенген  түйін.  Мұны 

психологиядан аздап хабары бар адам, 

арнайы  түсініктемесіз-ақ  ұға  алаты- 

ны хақ.

Латынша жазуда қолға күш түсетінді- 

гін  А.Байтұрсынов  орыс  психологы 

П.П.Блонский  зерттеулері  арқылы 

түсіндіреді. Блонский жазғанда қол- 

дың  талу-талмауына  ерекше  көңіл 

аударған.  Жазған  кезде  қолдың  тал- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет