БИХЕВИОРИзМ (ағылш. beha-
vio(u)rism – қаз. қылық, жүріс-тұрыс)
– XX ғасырдың бас кезінде қалыптас-
қан психологиялық бағыттардың бі-
рі. Б. теориясының негізгі зерттеу
нысаны сана емес, адам мінез-құлқы
болып табылады. Мінез-құлық пси-
хологиясы АҚШ-та ерекше дамы-
ды. Б. бағытының көрнекті өкілі аме-
рика ғалымы, әрі психологі Джон
Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәс-
түрлі психологияның пәнін, жан құ-
былыстарын жаңа мінез-құлық психо-
логиясымен өзгерту қажеттігін ұсын-
ды.1913 жылы Д.Уотсон психология-
ны мінез-құлық туралы ғылым ретін-
де қарастырды. Жаңа бағыттың пай-
да болуы «Психология, оны бихевио-
рист қалай көреді» атты мақаланың
шығуымен ерекшеленеді. Оның ав-
торы Уотсон психология басқа жара-
тылыстану ғылымдарының арасында
өзінің лайықты орнын алуға тиісті деп
жазды. Оның айтуынша, қазіргі кезге
дейін психологияның пәні және зерт-
теу әдісі теріс түсіндіріліп келді және
психологияның зерттеу нышаны са-
на емес, мінез-құлық, ал интроспек-
тивтік әдістің орнына – субъективтік
әдіс деп тұжырымдады.
Бұл мақаланы батыс психологтары
«бихевиористік төңкерістің» баста-
луы деп бағалады. Мақаладан кейін-
гі 10 жылдықта Б. толқыны барлық
америка психологиясын қамтыды. Б.
психологиядағы прагматистік бағыт,
оның пайда болуы тез қарқынмен
дамып отырған капиталистік эконо-
миканың сұраныстарына байланыс-
Достарыңызбен бөлісу: |