220
дік сезімдердің мазмұнына күшті әсер
етеді. Егер саналы кісі ұжымдық жә-
не қоғамдық ережелерді бұзса, бұған
қатты қиналады, ал бұларды ылғи
орындап жүрсе, жаны рахаттанып,
көңіл күйі көтеріңкі, шат-шадыман
күйде жүреді. Ата-аналар мен мұға-
лімдердің басты міндеті оқушы са-
насында осындай сезімдерді қалып-
тастыру болып табылады. Адам ба-
ласы қоғамда өзінің адамгершілік
қасиеттерімен, қайырымдылығымен,
адалдығымен, әділеттілігімен ардақ-
талады. Моралдік сезімдер адамдар-
дың іс-әрекетінен, қарым-қатына-
сынан байқалады. Жақсылық пен жа-
мандық, зұлымдық пен махаббат,
әділеттілік пен әділетсіздік, борыш
пен намыс, ар мен ождан адамның
іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осы
адамгершілік сезімдерді ұстанған
қазақ халқы жастарды отбасында кі-
шіпейілділікке, имандылыққа, ізет-
тілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді
бірінші орынға қояды. Халқымыз:
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап
қыз өсер» деп, адамгершілікке тәр-
биелеуде ата-ананың үлгі-өнегесіне
ерекше мән берген. Адам өз ортасына
қарап өседі. «Ағаштан ағаш рең ала-
ды, адамнан адам тәлім алады», «Он
рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге
көрсет» дейді халық. Мәселен, өткен
замандардың бір ақылгөйі Сенека
«Уағыз айтып жақсылыққа жетелеу
қиын, ал өнеге арқылы оңай» деген
екен. Халық психологиясы жастарды
сабырлы, адал, арлы азамат болуға
үндеп отырады. «Өлімнен ұят күшті»,
«Ақылды болсаң арыңды сақта, ар-
ұят керек әр уақытта».
Баланың бойында жақсы адамгерші-
лік сезімдердің қалыптасуы, өнер-
білімді игеруі тәрбиеге, өскен орта-
ға, үлгі-өнеге берер ұстазына байла-
нысты. Сондықтан да халқымыз: «ұс-
тазы жақсының – ұстамы жақсы»
деп бекерден-бекер айтпаса керек.
Қоғамның даму үрдісінде адам мо-
ралдік талаптармен ғана емес, соны-
мен қатар сұлулық ұғымдарын бас-
шылыққа ала отырып, қоршаған дү-
ниенің құбылыстарын қабылдау
қабілеттілігіне ие болады. Бұл жағ-
дай эстетикалық сезімдердің пайда
болуы үшін негіз болып табылады.
Эстетикалық көңіл күйлер өте көп
қырлы және күрделі. Эстетикалық
сезімдер – болмыстағы шындықтың
сұлулығын, әдемілігін, әсемдігін
қабылдаудан туатын көңіл күйі.
Эстетикалық сезім табиғат көріністе-
рінен, әуезді әуендерден, әсерлі оқи-
ғалардан, өнер туындыларынан пай-
да болады. Адамның эстетикалық се-
зімі өз ортасына, тарихи-әлеуметтік
жағдайларға байланысты өзгеріп
отырады. Эстетикалық сезімі жетіл-
ген адам табиғат сұлулығын қабыл-
дап сүйсінеді. Адамның қоғамға,
дүниеге көзқарасы эстетикалық сезі-
мімен астарласып жатады.
Эстетикалық сезімдер деп әдемі зат-
тар мен құбылыстарды қабылдаумен
байланысты, ол туралы елестетулер-
мен және ойлармен байланысты
адамның көңіл күйінің жағымды се-
зімдерін айтамыз. Н.Г.Чернышевский
эстетикалық сезімдердің адамның
көңіл күйінде алатын орнын бағалай
келіп былай деді: «Біз сұлулықты
шексіз сүйеміз, біз сүйсінеміз, оған
шаттанамыз...». Эстетикалық сезімдер
бізде алдымен қоршаған дүниенің
құбылыстарымен, табиғатпен және
оның өмірімен, адамдармен және
Достарыңызбен бөлісу: