Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет316/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   877
ЖОҒА

ЖОҒА


221

оның  өмірімен,  іс-әрекетімен  пайда 

болады.

Н.Г.Чернышевскийдің  анықтамасы 

бойынша, «Сұлулық дегеніміз – өмір». 

Бізді қоршаған дүние және өмір онда 

әр  түрлі  байқалады.  Сондықтан  да 

адамның эстетикалық сезімдері ерек- 

ше алуан түрлілігімен ерекшеленеді. 

Эстетикалық сезімдер – пассивті ба- 

қылап  ғана  қоймайды,  сонымен  қа- 

тар  олар  адамның  барлық  іс-әреке- 

тінің  түрлерінде  байқалады,  олар 

іс-әрекетті  ынталандырып,  белсен- 

ділігін  арттырады.  Міне,  эстетика- 

лық сезімдердің тиімділігі, мәні осын- 

да.  Эстетикалық  сезімдердің  тама- 

ша  қайнар  көздеріне  –  сазды,  бей- 

нелеу  өнерін,  поэзияны  және  т.б. 

жатқызуға  болады.  Өнер  шығарма- 

ларын  жасаудағы  адамның  шығар- 

машылық  қызметі  негізінен  эсте- 

тикалық  қажеттіліктер  арқылы  ын- 

таландырылады. Өнер шығармалары 

адамдардың санасына негізінен эсте- 

тикалық сезімдер арқылы әсер етеді.

Өнер  мен  әдебиет  шығармаларында 

шындықты  неғұрлым  терең,  толық 

және әділетті бейнелесе, солғұрлым 

адамдарда  эстетикалық  талғамды 

көп  қалыптастырады  және  бұл  шы- 

ғармалар  эстетикалық  көңіл  күйдің 

қайнар  көзі  және  эстетикалық  тәр- 

биенің  құралы  ретінде  бағаланады. 

Эстетикалық  сезімдерді  қалыптас- 

тыруда  Абай  мен  Махамбеттің  поэ- 

зиясының,  Құрманғазы  мен  Дәулет- 

керейдің  құдіретті  күй  өнерінің, 

Ә.Қастеев пен О.Таңсықбаевтың бей- 

нелеу  өнері  саласында  қалдырған 

тамаша туындыларынан эстетикалық 

нәр аламыз, жас ұрпақтың эстетика- 

лық  қажеттілігін  қанағаттандыруға 

және олардың эстетикалық талғамын 

дамытуға көмектеседі. Қазақ поэзия- 

сының  алыбы,  гуманист-ақын  Абай 

адамгершілікті, сұлулықты, шынайы 

махаббатты жырлады.

Ақын  өзінің  көңіл  күйін,  адамға, 

өмірге деген қарым-қатынасын музы- 

ка  тілінде  шебер  бейнелейді.  Ныса- 

насына дөп тиетін өлең-сөздің небір 

патшасын тудырған ақын-ән өнерін- 

де  де  өнердің  құдіретті  күшін  паш 

етеді:  «Құлақтан  кіріп  бойды  алар, 

Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі 

ой  салар,  Әнді  сүйсең  менше  сүй». 

Интеллектуалдық сезімдер – адамның 

ақыл-ой  іс-әрекетімен  байланысты. 

Интелектуалдық сезімдерге таң қалу, 

әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану 

сезімдерін жатқызуға болады. Интел- 

лектуалдық  сезімдер  танымдық  іс-

әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер 

әртүрлі  теориялық  және  практика- 

лық мәселелерді қойғанда, міндеттер- 

ді  шешкенде,  ғылыми  жаңалық  аш- 

қанда,  ойлап  тапқанда,  қандай  да 

болсын жаңаны меңгергенде және та- 

нығанда  пайда  болады  және  көңіл 

күйді білдіреді.

Теориялық  және  практикалық  мін- 

деттерді шешкенде адам ерекше жа- 

ғымды  сезімде  болады.  Бұл  сезімді 

бастан кешіргенде адам ерекше қуа- 

ныш  жағдайында,  көңіл  күйі,  күш-

жігері көтеріңкі болады. Қанағаттану 

және қанағаттанбау сезімі адамда өзі- 

нің жеке интеллектуалдық үрдісінде 

пайда болады. Белгілі міндетті ойда- 

ғыдай  шешуде  қанағаттану  сезімін 

тудырады. Интеллектуалдық сезімдер 

тек адамның таным іс-әрекетіне бай- 

ланысты пайда болып қоймайды, ақыл-

ой үрдістерін дамыта отырып, соны- 

мен  қатар  оларды  ынталандырады, 

ақыл-ой  қызметін  күшейте  түседі, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет