Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет19/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   90

БОЙКҮЙЕзДІК  (лат.  negativus  – 

жоққа  шығарамын)  –  айтқан  ақыл-

кеңеске құлақ аспай, өз бетінше жүріп-

тұрудан көрінетін мінездің жағымсыз 

жағы. Б. белсенді және енжар болып 

екіге  бөлінеді.  Бірінші  жағдайдағы 

Б. орынды талап-тілекті орындаудан 

бас тартудан, тыңдамай жүре беруден 

көрінеді.  Мұндай  адамның  іс-әре- 

кетінде дәйекті пікір, қисынды мотив 

болмайды, ол тек «өзімдікі ғана жөн» 

деп  ешкімнің  ырқына  көнбей  жүре 

береді.  Белсенді  бойкүйездікке  са- 

лынған бала үлкендердің айтқанына 

қасарысып қарсы шығады. Мінездің 

жағымсыз қасиетіне айналған тұрақ- 

ты  бойкүйездіктен  ауру-сырқау  ке- 

зінде  пайда  болатын  кейбір  өткінші 

бойкүйездікті,  сондай-ақ  жүйке  жү- 

йесінің зақымдануынан туындайтын 

патологиялық  бойкүйездікті  (шизо- 

френия) ажырата білу керек. Қолайлы 

психологиялық жағдай орнату – бала 

бойкүйездігінің өріс алмауының бас- 

ты шарты.

БОЛДЫРУ – ми қабығының біркел- 

кі  жүйелі  жұмыс  істеу  қабілетінен 

айырыла  бастауы.  Ол  адамның  пси- 

хикасына қолайсыз әсер етеді (ұйқы 

бұзылады, әлсіздік, асқа тәбет шаппау, 

ашушаңдық, ой жұмысына енжарлық 

т.б.). Болдырудың себептеріне режим- 

сіз жұмыс істеу, дем алу тәртібін сақ- 

тамау, жүйесіз жұмыс істеу жатады.

БОРЫШ  СЕзІМІ  –  адамның  мо- 

ральдық  сезімдері  деп  аталатын  се- 

зімдердің ішіндегі өте маңызды және 

орталық орын алатыны. Ол әр алуан 

адамның  қоғам  алдындағы  немесе 

жеке  адамның  әке-шеше  алдындағы 

адамгершілік  парызын  өтеуіне  қо- 

йылатын  талап.  Жеке  адамға  қоғам 

тарапынан  қойылатын  талаптың  қо- 

ғам  мүшелерінің  бәріне  ортақ  мін- 

детті  болуы  заңды.  Мыс.,  әр  азамат 

кәмелетке  толған  соң  әскери  боры- 

шын өтеуі, армия қатарына шақыры- 

луы  міндетті.  Немесе  «Табиғатты 

(өзен, су, орман-тоғайды) қорғау – әр 

азаматтың парызы», – деген консти- 

тутцияда жазылған мемлекеттік талап 

бар.  Ол  талапты  орындау  –  қоғам 

мүшелерінің  бәріне  ортақ,  міндетті 

заң болып саналады. Сондай-ақ, жеке 

адамдардың ар алдындағы азаматтық 

борышы  болып  саналатын  мораль- 

дық талап: әке-шешенің баланы асы- 

рап  сақтауға  міндеттілігі  немесе 

керісінше  қарт  ата-аналарын  бала- 

ларының бағып-күтуге міндеттілігі – 

заң жүзінде де, моральдық жағынан 

мойын ұсынып, мүлтіксіз орындауы 

азаматтық ар алдындағы да қалыптас- 

қан  міндеттілік  борышы.  Б.  –  жеке 

адамның  өзгелер  алдындағы  жауап- 

кершілігінің көрінісі. Борыштың өл- 

шемі, мағынасы парызға жуық. Б. – 

БОЙК

БОРЫ


126

кәсіби  әдептанудың  негізгі  катего- 

риясы:  жауынгерлік  Б.,  дәрігерлік 

Б.,ұстаздық Б., ата-аналық Б., т.б.



БОСҚЫНДАР  –  экономикалық  тұ- 

рақсыздық,  ұлттық-этникалық  жан- 

жалдар,  кикілжіңдер  мемлекеттілік- 

тің күйреу үрдісінің тереңдеу салда- 

рынан  пайда  болатын  мәжбүрлі  қо- 

ныс  аударушы  топтар  (мигранттар). 

Б-дың  психологиялық  ерекшелікте- 

рін  әлеуметтік  психология  мен  эт- 

нопсихология зерттей алады.

БөБЕК – бір жасқа жақын өз бетін-

ше отырып, тұрады, кей бала 9-10 ай- 

лығында қаз тұрып, жүре де бастай- 

ды. Түрегеліп тұру, жүру оның таны-

мын кеңейте түседі, ол бұрын көрме- 

ген  заттарымен  әуестене  бастайды. 

Үлкендермен қарым-қатынасында да 

заттарды  танып,  білуге  бағытталған 

сәттер  байқалады.  Сәби  ойыншық- 

тың «не нәрсе екенін», оны не істеу 

керек екенін» білгісі келеді. Бала ды-

быс  шығарып  уілдейді,  үлкендерге 

жылы  шырай  береді,  ұмтылып,  бір 

нәрсе айтқысы, сұрағысы келеді. Мұ- 

ның аяғы кейде айқай, қыңқыл, жы- 

лауға  барып  ұштасады.  Осылардың 

барлығы  да  өз  айналасын  қоршаған 

дүниемен  шама-шарқына қарай  бай- 

ланыс  жасауға  талпынудың  қажеті- 

нен  туған  жайлар.  Осы  кезде  бала-

ны  сөйлеуге  үйрете  бастаған  дұрыс. 

Балаға  сөзді  бұрмаламай  жеткізген- 

де  ғана  жеке  сөздерге,  сөз  тіркесте- 

ріне  түсіне  алатын  болады.  Сөздік 

сигналдар баланың есту, көру қабыл- 

дауына қатарынан әсер ететіндіктен, 

сөздің  мәніне  түсіну  балаға  онша 

қиынға  түспейді.  Бір  жасар  балада  

10-15 сөз болады. Бұл – баланың ак-

тив  сөздігін  құрайды,  өйткені  енді 

сөздердің мәніне түсінеді, оларды өзі 

де  айта  алады.  Бөбек  алдымен  зат- 

тың атын білдіретін, кейін оның қи- 

мылын  білдіретін  сөздерді  меңгере- 

ді. Үшке аяқ басқанда өз айналасына 

байланысты  айтылатын  барлық  сөз- 

дердің мәнін түсіне алады да, өзі де 

сөйлем  құрастырып,  «әңгімелесуге» 

жарап қалады.

Баланың  тілі  шығып,  жүре  бастауы 

оның түрлі қажеттерін өзі орындауға 

(тамақ ішу, киіну т.б.), әр түрлі заттар- 

дың атқаратын қызметін ұғынуға мүм- 

кіндік  береді.  Бала  біртіндеп  нәрсе- 

лердің  негізгі,  өзіне  тән  белгілерін, 

ортақ  қасиеттерін  аңғарады,  кейбір 

сөздің мәнісіне түсініп, оларды жал- 

пылай білетіндігін көрсетеді. Мәселен, 

балаға «мияуың қайда?» десе, оның 

бейнесін қимылмен білдіреді, немесе 

өз сөзімен жауап қайтарады. Мәселен, 

«мияу» деген сөз – бөбектің мысық- 

ты көргенін немесе оның даусын ес- 

тігенін, одан қорыққанын немесе ұс- 

тағысы  келетінін  білдіретін  сигнал. 

Кейде ол жүннен істелген нәрселерді 

де осылай атайды. Бұл оның ойлауын- 

да  жалпылау  тәсілінің  біртіндеп  қа- 

лыптасып келе жатқандығын байқа- 

тады.  Біртіндеп  баланың  ойлауында 

анализ,  синтез  тәсілдері  пайда  бола 

бастайды.  Мәселен,  ол  ең  алды мен 

үлкен қызыл шарды бір тұтас нәрсе 

деп  ұғынса,  кейін  оның  түсі,  мүсіні 

жөнінде ойлауды үйренеді.

Бұл жөнінде И.М.Сеченов былай дей- 

ді: «Сыртқы әлемнің заттарын ба- 

ла тек бөлек күйінде емес, сол тұтас 

заттардың бірімен-бірінің, сондай-ақ 

олардың әрбір бөлшектерінің тұтас 

затқа  қатысы  қандай  екенін  біле 

бастайды... Баланың орашолақ ойынан 

БОСҚ

БөБЕ


127

барып  біртіндеп  ой  тізбегі  пайда 

болады. Үш жастағы бала үлкендер- 

дің сөзін (тақпақ, өлең, ертек) тыңдау- 

ға  өте  әуес  келеді.  Осыдан  барып 

баланың ой-өрісін өсірудің, оған тәр- 

бие  берудің  алғашқы  сатысы  баста- 

лады.  Сөздік  сигналдар  бөбектердің 

мінез-құлқын тәрбиелеудегі шешуші 

рөлге ие бола отырып, тәрбиешілерге 

де зор міндет жүктейтіні сөзсіз. Осы 

кезден бастап балалардың сөйлеу бел- 

сенділігін арттыру үшін, ересек адам- 

дар баламен үнемі сөйлесіп, пікірле- 

сіп  отырулары  керек.  Екі  жасқа  қа- 

рай балада бір сөзден құралатын жай 

сөйлемдер, одан былай қарай екі-үш 

сөзден  құралатын  жай  сөйлемдер 

туады. Екі жастың аяғында тіл даму- 

дың  жаңа  кезеңі  басталады.  Бұл  ке- 

зеңде бала ана тілінің көлемінде бі- 

раз  сөздерді,  атауларды  меңгереді. 

Жанұяда  жақсы  тәрбие  алған  бала- 

ның осы уақыттағы сөздік қоры 800-

1000-ға дейін жетеді. Бала кішкентай 

өлеңдер  мен  ертектерді  тез  жаттап 

алатын болады. Бұл айтылғандар оның 

барлық  психикалық  процестерінің 

дамуына (қабылдау, ес, ойлау, ерік т.б.) 

қолайлы жағдайлар болып табылады.



БөКЕЙХАНОВ  ӘЛИХАН  (1866-

1937)  –  қазіргі  Қарағанды  облысы- 

ның Қарқаралы ауданында туған. 1888 

жылы  Омбы  техникалық  училище- 

сін, 1894 жылы Санкт-Петербургтегі 

Орман-техникалық  институтының 

экономикалық  факультетін  бітірген. 

Кейіннен  Омбыдағы  орман  шаруа- 

шылығы училищесінде сабақ береді, 

ғылыми жұмыспен айналыса бастай- 

ды. Ол «Россия. Общее географичес- 

кое  описание  нашей  Родины»  атты 

18  томдық  іргелі  ғылыми  еңбектің 

авторларының бірі. Семей облысынан 

бірінші Мемлекеттік думаға депутат 

болып  сайланады.  Революциялық 

жұмыстары үшін бірнеше рет түрмеге 

қамалады. 1905-1907 жылдары Омбы 

Кадет  партиясының  губерниялық 

комитетіне мүше болады. «Иртыш», 

«Голос  степи»  газеттерінің  редак- 

циясында істейді. 1913 жылы А.Бай- 

тұрсынов, М.Дулатовтармен бірге «Қа- 

зақ» газетін ұйымдастыруға ат салы- 

сады, бүкіл ресейлік земство одағы- 

ның жұмысына қызу араласады. (1916) 

Ақпан  төңкерісінен  кейін  Уақытша 

үкіметтің Түркістан комитетiнің жұ- 

мысына  қатысып,  Торғай  облысы- 

ның  комиссары  болады,  1917  жылы 

кадет  партиясы  қатарынан  шығып, 

басқа қазақ зиялыларымен бірге Алаш 

партиясын  құрады,  жаңадан  құрыл- 

ған  Алашорда  үкіметінің  төрағасы 

болып сайланады. 1919 жылдан бас- 

тап  баспагерлік  жұмыспен  айна- 

лысады. 1920 жылы ҚазАССР Бірін- 

ші Кеңесінің съезіне құрметті қонақ 

ретінде қатысады. 1937 жылы халық 

жауы ретінде тұтқындалып, өлім жа- 

засына  кесіледі.  1989  жылы  КСРО 

Бас  прокурорының  шешімімен  то- 

лық ақталады.

Оның  әр  жылдары  түрлі  тақырып- 

тың  төңірегінде  жазған  шығарма- 

ларынан ұлт психологиясына қатыс- 

ты,  сондай-ақ  психология  ғылымы- 

ның  кейбір  теориялық  қағидалары- 

мен тоқайласатын түйіндерді көптеп 

кездестіруге болады.

Ғалым бұл арада әр халықтың өзін- 

дік  әдет-ғұрпы,  дәстүрі,  салты,  ұлт- 

тық мінез бітістері, әлеуметтік сезім- 

дері  мен  көңіл  күйлері,  алуан  ойла- 

БөКЕ

БөКЕ


128

ры мен талап-тілектері, яғни рухани 

өмірдің сан қилы жақтары мен қым-

қиғаш  қайшылықтары  болатынды- 

ғын үнемі ескертіп отырады. Бұл жө- 

нінде  оның  ой-түйіндері  төмендегі 

жолдардан жақсы байқалады. «...Түрік 

затты халықта біздің қазақтай бір жер- 

де тізе қосып отырған іргелі ел жоқ... 

Анық түрік затты халық біздің қазақ- 

та... Қазақ халқы түптен келе жатқан 

зорлық,  тепкіде  өскен...»  Ғалымның 

ұлттық психология мәселелерінен ке- 

йін  сөз  еткен  психологиялық  түйін- 

дерінің негізгі желісі  жалпы психо- 

логияның  теориялық  қисындары- 

ның  төңірегінен  табылады.  Бұл  жө- 

нінде ол: «Ақыл да, ұсталық та оқу- 

мен, істеумен жүре ұлғаяды... Халық 

ісін  орнына  салуға  көп  ақыл,  көп 

қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс 

керек...  адамның  хайуаннан  айыр- 

машылығы  ойлай, сөйлей алатын- 

дығы,  имандылықпен  имансыздық- 

ты, ұят пен ар-намысты түсіне де сақ- 

тай да білетіндігінде». Ә.Бөкейханов 

еңбектерінде адамның тіршілігі үшін 

іс-әрекетпен  айналысу  жәйі,  бұл 

жолда оқу-білім, шеберлік, айла-тәсіл, 

дағдының қажеттігі ерекше сөз бола- 

ды. Адам баласы,- дейді ол, – үнемі 

ізденіс  үстінде,  жалықпай,  талмай, 

әрекет еткенде ғана мақсатына жете 

алады, өмір үнемі күрес, бірлесіп тір- 

шілік ету, бұл үшін шеберлікке, айла-

тәсілге жетілу қажет... Кім шебер бол- 

са, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп, 

тізе  бүгіп  іс  қылса,  ғұмыр  бәйгесі 

соныкі...  Әр  нәрсенің  амалын  біліп, 

өз  орнына  жұмсаса,  іс  көркейеді... 

Адам шеберлігі араласып іс қылмаса, 

таудай алтын – бір өлі қазына... Тір- 

шілік,  ғұмыр  белгісі  –  алыс-тартыс, 

арбау,  әдіс...  «Қай  заманда  болма- 

сын  енжар,  бұйығы  адамға  өмір  сү- 

ру  қиын,  өйткені...  жылап  мұратқа 

жетемін  деу  аш  түйенің  күйсеуі  бо- 

лады...  Заманың  түлкі  болса,  тазы 

болып шал» дегендей, кейбір мансап 

иелері  адамгершілiк-имандылықты 

белінен  басып,  өздерінің  мақсатына 

жетіп  отырады,  бұларды  адам  деп 

айтуға болмайды. Олардың әрекетінің 

хайуаннан  еш  айырмасы  болмайды. 

Өйткені,  бірін-бірі  жеген,  бірін-бірі 

алдаған, бірін-бірі аңдыған, бірінен-

бірі кек алған хайуан тұрмысы, салты» 

дейді.


Туған халқы үшін қызмет ету  аза- 

маттық қасиет, абыройлы іс. Ол үшін 

адам оңы мен солын аңғаруы, білім-

ғылымды терең меңгеруі тиіс. Сонда 

ғана  адамшылығы  да,  ақыл-ой  өрісі 

де өз дәрежесінде болады, сөзі мен ісі 

бір жерден шығатын болады. Ақылды 

болу сондай қиын. Ол үшін көп оқып, 

зейінді болса кісі білімді болады. «Адам 

баласы  қылып  жүрген  іс,  ой-ақыл 

болып басталады, адамды бала тапқан 

қатындай қинап, сөз болып сөйлене- 

ді, иә жазылады, ақыл сөз сонан соң 

барып іске айналады. Не жұмыс қыл- 

сақ: осы үшеуі: ақыл, сөз, сана талқы- 

сынан  өтпей  жұмысқа  айналмайды. 

Ақылды сөз қылу сондай қиын... Сөз- 

ді іс қылмақ мұнан неше есе қиын.



БУГЕР-ВЕБЕР зАҢЫ (кейде – Ве- 

бер  заңы)  –  белгілі  бір  сенсорлық 

жүйе соған бейімделген тітіркендір- 

гіштің  шамасына  І  айырым  табал- 

дырығының  ÄІ  тура  пропорционал- 

ды  тәуелділігі:  ÄІ/І=К(соnst).  Пси- 

хофизикалық заң түйсіктің күшін бо- 

лар-болмас өзгертетін тітіркендіргіш- 

тер  шамасының  алғашқы  негізгі 

шамасына  жетілдіретін  тұрақты  қа- 



БөКЕ

БУГЕ

129

тынасын білдіреді: I – тітіркендіргіш- 

тің  алғашқы  негізгі  шамасы,  ÄІ  – 

оның өсімшесі, К-тұрақты (констан- 

та). Бір өлшемдес сенсорлық тітіркен- 

діргіштерді  саралау  жағдайы  үшін 

белгіленеді. Вебер қатынасы деп атал- 

ған К коэффициенті әр алуан сенсор- 

лық тітіркендіргіштер үшін әртүрлі: 

дыбыс  жоғарылығы  үшін  –  0,003; 

көрінетін  жарық  үшін  –  0,02;  ды- 

быстардың  қаттылығы  үшін  –  0,09 

және  т.б.  Ол  түйсінудің  болар-бол- 

мас  өзгерісін  алатындай  болу  үшін 

тітіркендіргіш ұлғаюы не кемуі тиіс 

болатын  шаманы  тіркейді.  Бұл  тә- 

уелділікті  XVIII  ғасырда  француз 

ғалымы П.Бугер анықтап, кейін оны 

неміс  физиологі  Э.Г.Вебер  егжей-

тегжейлі зерттеді. Бугер-Вебер заңы- 

ның одан әрі дамытылуы және түсін- 

дірілуі  Фехнер  заңы  болып  табыла- 

ды (қараңыз: Вебер-Фехнер заңы).

БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ 

(1685-1777)  –  XVIII  ғасырдың  орта 

шенінде  өмір  сүрген  Бұқар  жырау 

өмірінің біразы хан сарайы маңында 

өткен.  Ақын  хан  мен  қараның  іс-

әрекетін  таразыға  салып,  сан  алуан 

өмір  құбылыстарын  ой  елегінен  өт- 

кізіп отырды.

Бұқар шығармашылығын зерттеуші- 

лер (М.Көпеев, С.Сейфуллин, Қ.Жұ- 

малиев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұ- 

қанов, М.Мағауин, т.б.) оның ислам 

дініне  аса  қанықтығын,  осы  діннің 

насихатшысы  болғандығын,  мұны 

ел басқарудың, халықты бір-бірімен 

жақындастырып,  татуластырудың 

басты  құралы  деп  түсінгенін  ескер- 

теді.

Әрине,  сөз  болып  отырған  кезеңде 



қазақ  қоғамы  экономикалық  даму, 

ғылым-білім жағынан төмен дәреже- 

де еді. Тек хан, сұлтан, қожа, молда- 

лар ғана хат танитын. Оқудың өзі де 

ислам  идеясына  белшесінен  батқан 

діни  кертартпа  схоластикалық  ұғым 

мен  шариғат  шырмауында  болды. 

Бұқар  секілді  үстем  таптан  шыққан 

бірен-саран  адамдар  ғана  сол  кезде 

Орта  және  Таяу  Шығыс  елдеріне 

барып,  арабтың  тілі  мен  поэзиясы- 

нан,  философиясы  мен  дін  ілімінен 

сусындайтын, орта ғасырлық шығыс 

авторлары  жазған  ғылыми  трактат- 

тарды  оқып,  ой-санасын  көтеретін. 

Діни – философиялық толғаулардың 

біршама  биігінен  көрінген  Бұқар- 

дың да сол кездегі білімділердің бірі 

болғандығына күмән жоқ.

Бұқар  өлеңдері  арқылы  қазақ  дала- 

сындағы әлеуметтік, қоғамдық-саяси 

мәселелердің бет пердесі ашыла түсе- 

ді, ол қоғамдағы барша халыққа бір- 

дей былайша ақыл айтады: дүние ке- 

зек, мұнда мәңгілік байлық та, жар- 

лылық та, көптік те, жалғыздық та жоқ, 

сондықтан кезекті дүниенің сипаты- 

на орай өмір сүр. Адам халықпен бір- 

ге жасайды, оларша жұртпен қосыла 

қоғамға қажетті игіліктерді өндіреді, 

адам  табиғатында  белсенді  тұлға, 

әлеуметтік  қайраткер.  Адамды  адам 

ететін  оның  ортасы,  тәлім-тәрбие. 

Бірақ  «бір  биеден  ала  да,  құла  да 

туады». Адамзаттың баласы, Атадан 

алтау тумас па, Атадан алтау туған- 

мен,  Ішінде  оның  біреуі,  Арыстаны 

болмас  па?  Арыстанның  барында, 

Жорғасы болса мінісіп, Торқасы бол- 

са  киісіп,  Торламалы  қамшы  алып, 

Толғап  дәурен  сүрмес  пе?!,  деп  ол 

бес  саусақтың  бес  түрлілігі  сияқты 

адамдар  бір-бірінен  жеке  сипат  қа- 

сиеттерімен ажыратылып отыратын- 



БҰҚА

БҰҚА

130

дығын,  бұлардың  ішінде  көреген, 

білгір, озық ойлы ақылдысы да, ойсыз 

ақымағы да, ел билеуге, халыққа кө- 

семдік  етуге  жарайтын-жарамай- 

тындары  да  болатындығын  айтады. 

Таланты зор ерен қабілетті әлеумет- 

тік  өмірде  елеулі  рөл  атқарып,  қо- 

ғамдық  прогресті  шама-шарқынша 

тездетуге себепші болатын пенделер 

де  кездесіп  отырады,  дейді  жырау. 

Осындай барша жұрттан өзгеше жа- 

ратылған адамның біріне ол Абылай 

ханды жатқызады: Жұлдызың туды- 

ау оңыңнан, Жан біткен еріп соңың- 

нан,  Он  сан  алаш  баласын,  Аузыңа 

құдай  қаратып,  Жусатып  тағы  өргі- 

зіп,  Жұмсап  бір  тұрсың  қолыңнан. 

Әрине, бұл жерде жырау Абылай се- 

кілді хандардың қоғамдағы рөлін асы- 

ра бағалап, барша халықтың игілікті 

ісін бір кісінің басына үйіп-төгіп, қа- 

зақ  қоғамының  прогресін  тек  Абы- 

лайдың іс-әрекетімен түсіндіргісі ке- 

леді, оның жеке басын асыра мадақ- 

тап, оған құдайдай табынады. (Жеті 

күн кіріп ұрысқа өлімге басың байла- 

дың, жетім мен жесірге ешбір жаман- 

дық қылмадың).

XVIII  ғасырдағы  жоңғар  шабуылы- 

нан үлкен зардап шеккен қазақ елі енді 

тек  бейбіт  өмірді  аңсады.  Бұл  жағ- 

дайды дұрыс түсінген Бұқар Абылай- 

дай  тынымсыз  жорық  жасап,  ел  бе- 

рекесін кетіріп жатқан ханға халық- 

тың өзара бірлігін сақта, жаугершілік- 

ті  қой,  деп  ақыл-кеңес  береді:  Со- 

ғыссаң  кетер  сәніңіз...Жаулық  жо- 

лын сүймеңіз, – деп жырау мал мен 

жер үшін босқа қан төгуге қарсы шы- 

ғып, Абылай ханның соғыс саясатын 

бүкіл елдің жақтамайтынын ескерте 

келіп, жұрт тілегіне қарсы іс қылу, ел 

ойынан  шықпау  жақсылыққа  апар- 

майтынын, көрші елдермен алыс-бе- 

ріс жасап, жауласпай бейбіт өмір сү- 

рудің қажеттігін, әсіресе, орыс елімен 

дос болып, оған арқа сүйеу керекті- 

гін  ескертеді.  Мәселен:  Ашуланба, 

Абылай,  Өтіңменен  жарылма,  Өк- 

пеңменен қабынба, Орыспенен соғы- 

сып, Басына мұнша көтерген, Жұрты- 

ңа жаулық сағынба! – деген жолдар 

Бұқардың  жоғарыда  айтқандарын 

онан сайын бекіте түседі. Хан халқын 

сыйлап,  жұрттың  айтқанымен  сана- 

сып отыруға тиіс, жақсы ханды хал- 

қы да қадірлейді, хан халық тілегінен 

шықса, қой үстіне бозторғай жұмырт- 

қалайтындай заман орнайды, деп жы- 

рау жаппай үйлесімділік (гармония) 

теориясына  ұқсас  жаңсақ  қорытын- 

ды  жасайды.  Ханның  жақсы  болма- 

ғы, Қарашаңның елдігі...Ел иесі құт 

болса, Ауыл ала болмайды.

Халқымыз ежелден туысқандық ынты- 

мақтастыққа, ағайынгершілікке ерек- 

ше мән беріп келген. «У ішсең руың- 

мен» деген заманда өмір сүрген қарт 

таптық белгілерді айыра алмай, аға- 

йындардың ынтымақтасқан ауыз бір- 

лігін, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас 

шығаратындай»  мықты  топ  болуын 

ғана аңсаған. Ағайынның аразы, Ер- 

дің  сәнін  кетірер...Бұл  жалғанда  бір 

жаман,  Ағайынның  аласы...Айыра 

алмай жат өлсін. Жат бойынан түңіл- 

сін,  Бәріңіз  бір  енеден  туғандай  бо- 

лыңыз.

Жырау  ағайын  татулығы,  елді  бе- 



рекелі  ететін,  ең  басты  нәрсе  екен- 

дігін айтып «ағайын тату болса, жат 

жанынан түңілер» деген халық мәте- 

лін құптай, халықтың тату-тәтті өмір 

сүруін армандайды. Дегенмен психо- 

логия  ғылымына  қатысты  қызық- 

ты  тұжырымдар  жырау  шығарма- 

БҰҚА

БҰҚА


131

шылығында көптеп кездеседі. Солар- 

дың  бірі  –  Бұқардың  адамның  жас 

ерекшеліктеріне  берген  сипаттама- 

сы.  Жырау  әр  жастағы  адамдардың 

көңіл күйі, сезім эмоциялары, мінез-

ерекшеліктері,  түсінік-талғамдары, 

сенім,  қызығулары,  әдет-дағдылары 

бірдей болып келмейтіндігі жөнінде 

де  қызықты  пікірлер  айтқан.  Мәсе- 

лен, жас кезеңдерінің ішінде жігіттік 

пен  кәрілік  шаққа  ол  ерекше  көңіл 

бөлген. Соңғы жайт жұрттың назарын 

күні бүгінге дейін аударып келе жат- 

қан  мәселе.  Монографиялық  еңбек- 

терде егде – кәрі адамдардың психо- 

логиялық  ерекшеліктерін  ғылыми 

талдау  беріліп,  буржуазия  ғалымда- 

ры уағыздайтын кәрілік адам өмірін 

солу,  сөну  шағы  дейтін  пікірлердің 

шындыққа жанаспайтындығы, адам- 

ға  қолайлы  психогигиеналық  жағ- 

дайлар  жасалатын  болса,  оның  100- 

120 жыл жасауға да мүмкіндігі бола- 

тындығы сөз болады. Мәселен, қазір- 

гі  геронтология  (кәрілік  туралы  ғы- 

лым) қарт адамдар сәл нәрсеге реак- 

ция жасағыш, көңілшек келеді дейді. 

Оларда жұрттың сын-ескертпелеріне 

төзе  бермейтін,  өткендегіні  көп  аң- 

сайтын,  өзі  сөйлеп,  мұны  жұрттың 

тыңдай бергенін жақсы көретін сипат 

қасиеттердің жиі кездесетіндігін ай- 

тады.


Қазақ  ақын-жырауларының  ішінен 

кәрілік  құпиясын  ерекше  үңіле  қа- 

раған,  адамның  бірі  –  осы  Бұқар. 

Оның  бұл  арадағы  тұжырымдары 

мен  топшылаулары  жоғарыда  біз 

айтқан  геронтология  ғылымы  белгі- 

ленген  қағидалардан  онша  алшақ 

жатпайтынын  аңғаруға  болады.  Мә- 

селен: ...Сексен бес жасқа келгенде, 

Екі қара көзді алар, Ауыздағы сөзді 

алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіңдегі 

нұрды алар, Бойыңдағы шырды алар, 

Аузыңдағы тісті алар, Өлмегенде нең 

қалар?!  Тоқсан  бес  деген  тор  екен, 

Дәйім  жанның  қоры  екен,  Қарғиын 

десең екі жағы ор екен, Найза бойы 

жар  екен,  Түсіп  кетсең  түбіне,  Түбі 

жоқ терең көл екен, Ел қонбайтын шөл 

екен, – деп жырау адам қартайғанда 

іс-әрекеттен қалып, қуаты кемитінін, 

дене  қуатының  әлсіреуімен  қатар 

жүйке жүйесі қызметінің, сана-сезімін 

төмендететінің,  әсіресе,  жарлы-жа- 

қыбай адамдардың қартайып қалжы- 

раған  кездерде  жайлы  жатып  тұру- 

ға, өзін-өзі күтуге шамасы келе бер- 

мейтіндігін ескертеді.

Жырау  дана  қариялардың  қылықта- 

рын  жастарға  үлгі  етеді.  Ол  қарт 

адамдар өмірдің үлкен өткелінен өт- 

кен,  көпті  көрген,  тәжірибелі  келе- 

тіндіктен  олардың  ақыл-кеңестері, 

жастардың  сана-сезімінің,  ой-өрісі-

нің қалыптасуына зор ықпал ететінін 

де айтады. «Елу бес жасқа келгенде, 

Жақсы болсаң толарсың, Жаман бол- 

саң  маужырап  барып  соларсың»,  – 

дегенде  Бұқар  жырау  жас  мөлшері 

шамалас  адамдардың  психологиясы 

да түрліше болып келетіндігін, мәсе- 

лен,  кейбір  ерік-жігері  күшті  адам- 

дардың 50-60 жасқа келсе де қартая 

қоймайтындығын,  ал  жастайынан 

бос белбеу, өз тізгінін жіберіп алған 

кейбір  жандардың  күнінен  бұрын 

қаудырап, қаусаған шал болып қала- 

тындығын ескертеді.

Жырау адам психологиясындағы жа- 

ғымсыз жақтарды, мінездегі міндер- 

ді  көрсетуге  шебер  («Қайырымсыз 

итке  мал  бітсе,  саумал  бермес  ішу- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет