ДИСТИНКЦИЯ (лат. distinctio –
айыру) – заттар арасындағы немесе
сананың өз элементтері (түйсіктер,
ұғымдар, т.б.) арасындағы объектив-
ті айырмашылықтарды бейнелейтін
сана актісі. Ұғымның анықтамасын
алмастыратын тәсіл ретінде де Д.
қолданылады (мыс., сутегінің отте-
гінен айырмашылығы мынада: оның
өзі жанады, бірақ жануды қолда-
майды). Д. термині орта ғасырларда
пайда болды. Схоластар бұнымен
объективті айырмашылықты да, нақ-
ты мәнді, себепті (Д.т.б.) ой айырма-
шылығын да (Ақыл Д-сы, субъективті,
формалды, т.б.) көрсетті. Д. терми-
ні қазіргі уақытта да қолданылады.
ДОБРЫНИН НИКОЛАЙ ФЕДО-
РОВИЧ (1890-1981) – тұлғаның
дамуындағы танымдық үрдістерді,
әсіресе зейінге байланысты мәсе-
ДЖЕМ
ДОБР
160
лелерді зерттеген отандас психолог.
Гимназияны бітірген соң Мәскеу
университетінің жаратылыстану фа-
культетіне түсіп, кейінірек тарих-фи-
лология факультетіне ауысады (ең
алғашқы зейіннің толқуына қатысты
зерттеулерді жүргізеді) да, 1915 жылы
сол аталған факультеттегі «психоло-
гия» мамандығын бітіреді. 1925 жылы
«Зейіннің толқуы» деп аталатын та-
қырып бойынша кандидаттық дис-
сертация қорғайды. Мәскеудің уни-
верситеттерінде доцент, содан кейін
профессорлық атағын алады. 1925-
1935 жж. Психология институтында
аға ғылыми қызметкерлігінде болып,
1937 жылы «Зейін психологиясы»
тақырыбы бойынша докторлық дис-
сертация қорғайды. Шығармалары:
«Колебания внимания» М.,1928,
«Введение в психологию» М.:Л., 1929,
«О теории и воспитания внимания»
//Советская педагогика. 1938. №8,
«Психология» М.,1950, «К 70-летию
со дня рождения Н.Ф.Добрынина»
//Вопросы психологии. 1960, № 3.
ДОМИНАНТА – (лат. dominans –
қаз. үстемдік ету) – деген мағына-
ны білдіреді. Өзекті қажеттілікпен
немесе зейіннің үстемділігімен адам-
ның миында өктемдік ететін қозу оша-
ғы. Мидың көршілес аумағындағы
әлсіз қозуларды тартып күшеюге қа-
білеттілігі. Д. – жүйке орталығының
негізгі заңдылығының бірі. Қозған
орталықтың басқа алаптағылардан
да күшейіп кетуін үстемділік (до-
минанта) заңы деп атайды. Доми-
нанта түсінігін және оның қасиетін
А.А.Ухтомский (1875-1942) жылы
ашып, ғылымға (1923) енгізген. Доми-
нанта теориясы адам мінез-құлығының
басқа да қажеттіліктерінің пайда бо-
луының физиологиялық негізін ғы-
лыми тұрғыдан түсінуге мүмкіндік
береді. Сыртқы дүниенің көптеген
тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі
миға көбірек әсер етеді де, мидың бір
алабын қаттырақ, күштірек қоздыра-
ды, осындай алапты д о м и н а н т а
деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш
алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу
үрдістерін өзіне тартады. Осыдан
мидың күшті қозған алабы онан бе-
тер күшейеді. Мәселен, қызық кітап-
қа беріле оқығанда адамға кейбір бөг-
де тітіркендіргіштердің бөгет жаса-
майтыны, қайта олардың біздің ойы-
мыздың күшеюіне жәрдемдесетіні бай-
қалады. Сондықтан адам санасын (зе-
йінін) бағыттап, шоғырландырып кі-
тап оқыған кезде қасындағы бөгде ті-
тіркендіргіштерден (мысалы, сағат-
тың тықылы, соғуы секілді) қашпауы
керек. Бұл біздің басқа нәрсеге кө-
ңіл аудармай үңіліп отырған әреке-
тімізге мейлінше беріле түсуімізге
жәрдемдеседі. Өйткені жоғарыда ай-
тылғандай мидағы басыңқы қозу әл-
сіз тітіркендіргіштерден болған қо-
зуларды өзіне тартып, солардың есе-
бінен күшейетіні зерттеулер негізінде
дәлелденген. А.А.Ухтомскийдің до-
минанта теориясының мәнін И.П.Пав-
ловтың «Қозудың оптималдық алабы»
деп аталатын тұжырымы онан сайын
толықтыра түседі.
ДОНДЕРС МОДЕЛІ – Ф.К.Дон-
дерс (1818-1889) голланд офтальмо-
логымен шығарылған тыныстану-
дың заңдылығын көрсететін тәжіри-
бе. Бұл тәжірибені жасау үшін түс-
сіз, аузы тар шиша алып, оған жұқа
резеңке керіп түп жасайды, аузына
ДОМИ
ДОНД
161
тығын арқылы түтік өткізеді. Түтіктің
ыдыс ішіндегі ұшына резеңке қал-
ташаны немесе құрбақа, т.б. өкпесін
жалғайды. Түтікті шишаның ішіне
салып тығындап, жоғарғы, сырттағы
ұшын ашық қалдырады. Осыдан
кейін шишаның резеңкеден жасаған
түбін төмен не жоғары созса, түтік
ұшындағы өкпе немесе резеңке қал-
тадағы ауаның толғаны немесе шыға-
рылғаны байқалады. Бұл өкпе жұмы-
сының қызметін көрсетеді.
ДОСМҰХАМЕДОВ ХАЛЕЛ (1883-
1939) – Ол қазіргі Атырау (бұрынғы
Гурьев) облысы, Қызылқоға ауда-
нында дүниеге келген. Алдымен ауыл
молдасынан хат таниды, кейіннен
жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқи-
ды. Одан соң Орал қаласындағы
училищеге оқуға түседі. Оны үздік
бітірген соң Петербургтегі Әскери-
медициналық академияда оқиды, оны
алтын медальмен бітіріп шығады.
Академияда Х.Досмұхамедов дүние
жүзі физиологтарының ақсақалы, шарт-
ты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің
авторы, академик И.П.Павловтың
лекцияларын тыңдайды. Кейінірек
ұлы ғалымның дәрісін тыңдаған
екінші қазақ зиялысы – профессор
С.Асфендияров еді.
Сол жылдары Ресейде болған бур-
жуазиялық-демократиялық төңкеріс-
ті өз көзімен көріп, оның мәнісін тү-
сіне бастауы Халелдің идеялық жа-
ғынан шыңдала түсуіне зор ықпал
етеді. Патшалық империяның қа-
зақ халқын аяусыз қанап, тонап отыр-
ғанына оның көзі жете бастайды. 1909
жылы Академияны бітірген соң әуе-
лі Пермь губерниясына, кейіннен 22 –
Орал қазақ-орыс атқыштар батальон-
да әскери кіші дәрігер болып қыз-
мет істейді.
1917 жылдан бастап Алашорда өкі-
метінің басшылық жұмысына белсе-
не араласады. Оның Қазан төңкері-
сіне дейiнгі осы іс-әрекетін бетіне
шіркеу қылып, есімін атамай келге-
німіз белгілі. Алайда, оның ісі Рес-
публика Жоғарғы сотының 1958 жыл-
ғы ақпанындағы шешімімен қайта қа-
ралып, толық ақталды. Кеңес өкіметі
жылдарында ол халық ағарту инсти-
тутында оқытушы, Орта Азия универ-
ситетінде ординатор қызметін атқа-
рады, ал 1924 жылы Ресей акаде-
миясының Орталық өлкетану бюро-
сының корреспондент-мүшесі болып
сайланады.
1926 жылы Қазақ педагогика инсти-
тутының проректоры, кейіннен пе-
дология кафедрасының меңгерушісі,
профессор қызметін (1929) атқара
жүріп, бұған қоса Қазақ АССР Ден-
саулық сақтау халық комиссариа-
тында жоспарлау-ұйымдастыру бас-
қармасының меңгерушісі болып іс-
тейді. Сол жылдары ұлттық мектеп-
тердің жаңа жүйесін құруға, қазақ
тіліндегі ғылыми терминология жа-
сау ісіне, ұлт тілінде журнал шыға-
руға белсене кіріседі. Тарих, әдебиет,
тіл ғылымдарына қатысты іргелі про-
блемалармен («Қазақ халық әдебие-
ті», «Қазақ-қырғыз тіліндегі син-
гармонизм заңы», «Кенесары – Нау-
рызбай», «Тайманұлы Исатайдың
қозғалысы туралы қысқаша мағлұ-
мат», т.б.) айналысады. Осы жылда-
ры оның қаламынан «Адамның тән
тірлігі» (1927), «Сүйектілер туралы»
(1928), «Жануарлар» (1928) атты
еңбектер туындайды. Х.Досмұхамедов
еңбектерінде психологияның жеке-
ДОСМ
ДОСМ
162
леген салалары (әлеуметтік, этнос-
тық, т.б.) төңірегінде айтқан сындар-
лы пікірлер жиі кездеседі. Мәселен,
оның 1925 жылы жазған «Аламан»
атты мақаласынан этнопсихология-
ға қатысты бірсыдырғы ғылыми тү-
йіндерді аңғару қиын емес.
Ол бұрынғы қазақ елінде «аламандық»
деп аталатын ешкімге бағына қой-
майтын, бәсекешіл топтың жиі кез-
десетіндігін сөз етеді. Қазіргі ғылым
тілімен айтсақ – бұл бір-бірімен ке-
лісімге келе бермейтін биресми топ.
Автор түсінігінде аламандық ру мен-
мендiгінің бір сипаты. Аламандық
қазақ мінезінің анадайдан бадыра-
йып, бесенеден байқалып тұратын
көрінісі. Бұл жеке адамға да, сондай-ақ
жекелеген топтарға да тән құбылыс.
Х.Досмұхамедовтың аламандықты
ру психологиясының ерекшелігінен
туындайды деуі өте орынды. Ғылым-
да ру (род), тайпа (племя), халық
(народ), ұлт (нация) ұғымдарының
психологиялық ерекшеліктері бар еке-
ні көптен айтылып жүр. Бұл жөнін-
де психологтар мен философтардың,
этнографтар мен антропологтардың
да көзқарастары бір-біріне тоқайла-
сып жатады. Ру – гендік ерекшелік-
теріне, туыстық қарым-қатынаста-
рына орай бірлескен аталас, ауылдас
адамдардың тобы. Бұрынғы кезде бір
рулы ел жекелеген территорияны, бір
ауылды мекендеген. Оның басында
сол ауылға, елге беделді, сөзін жұртқа
тыңдата алатын ақсақалдар болған.
Кей жағдайларда ру басшылығына
беделді аналар да енген. Ру – бұл
тарихи-этнографиялық ұғым. Қазақ
тарихындағы рулық болмысты ғы-
лым жоққа шығармайды. Қазақ хал-
қы өзінің саяси-экономикалық, тари-
хи-географиялық жағдайына қарай
XV ғасырдан бермен қарай үш жүзге
бөлiнiп келеді. Бұлардың әрқайсы-
сында ірі-ірі елуден астам ру-тайпа-
лар тап бар. Олардың әрқайсысының
көсемдері (ру басы), өзiндiк рәмізде-
рі (таңбалары) болғандығы да тарих-
тан мәлім. Ал «рушылдық» деген
тағылымның психологиялық астары
басқаша. Егер ру белгілі жүздің, ай-
мақтың, территория жағынан отан-
дасқан, қауымдастық бірлігі болса,
рушылдық – бұл объективтік жағдай-
ларды ескермей, субъективтік фак-
торларды, яғни жеке бір рудың ғана
мүддесін көздейтін, соның тыныс-
тіршілігін есепке алып отыратын құ-
былыс. Еуропа елдеріне қарағанда
Азия халықтарында рушылдық құ-
былыстық жиі кездесетіні байқала-
ды. Өйткені рулық психологияның
өріс алуына, кейбір қоғамдық мәнді
факторлардың кенжелеп дамуы, бы-
тыраңқылықтың зардаптары, бір ор-
талыққа бағынған біртұтас мемлекет-
тің болмауы, т.б. осындай факторлар
әсер етеді.
Автордың халықтың тіршілік салты,
жаугершілік мінезі, орталықтанған
мемлекеттік құрылыстың болмауы,
қазақ даласына аламандықты алып
келді деген қағидасы ғылымилығы
жағынан дәлелді. Сондай-ақ, оның
«сананы салт туғызады», «ақсақал-
шылдық – рудың ақылгөйі, басшысы»
деген пікірлері де көкейге қонымды
түйіндер. Оның қазақ қоғамының
саяси әлеуметтік жағдайының өзге-
руімен әлеуметтік мінезі де, аламан-
дығының мән-мағынасы да өзгеріп
отырады дейтін қисыны, бұлармен
қатар «әлеуметшілік» (социализация)
дейтін ұғымға берген анықтамасы
ДОСМ
ДОСМ
163
да, «аламандық бар жерде әлеуметші-
лік бола алмайды, әлеуметшіліксіз
қазақта ұлт тiршiлiгi, ұлт мемлекеті
болуы мүмкін емес» деуі де ғылы-
милығы жағынан терең тұжырым.
Халелдің психологияның әр жақты
мәселелері мен байланысты айтқан
басқа пікірлері де мазмұны жағынан
терең. «Адамның табиғаттағы бір мі-
незі, – дейді ол, – ойын-сауық қуып,
қызықтап кетуі. Ойнамайтын адам
жоқ. Күлмеген адам – адам емес.
Салтымызға, тұрмысымызға қарай тү-
зелуге елімізде көп ойындар бар.
«Халықтың құлқы, мінезі, ойы, – дей-
ді автор, өз пікірін әрмен қарай жал-
ғастырып, – заманындағы әдебиеті-
нен білінеді. Әдебиет – халықтың
түрлі қимылдарының айнасы... Осы
әдебиетті тексеріп отырсақ, қазақтың
өткендегі құлқы, мінезі, заманында-
ғы күйiнiшi, сүйініші, арасында бол-
ған түрлі әлеуметтік қимылдары анық
сезіледі... Бұрынғы әдебиетпен та-
нысқанда қазақтың бойына біткен
мінездің бірнеше түрі орасан ады-
райып тұр».
Ғұлама ғалымның психологиялық
тұрғыдан ерекше назар аудартар ен-
дігі бір түйіні – ұлттық психология-
ның қалыптасуына қоғамдық орта-
ның, әсіресе ондағы әлеуметтік тәр-
биенің ықпалы жайлы мәселе. «Ұлт
мемлекетін жасап, – деп жазды ол, –
қазақ арасынан әлеуметшілікті туғы-
замыз деген дәуірде тұрмыз. Жаңа
әлеуметшілікті тура жолмен жасау
үшін елдің бұрынғы, соңғы әлеумет
мінездерін тексеру керек... Әлеу-
метшіліксіз қазақта ұлт тіршiлігі, ұлт
мемлекеті болуы мүмкін емес. Қазақ
әлеуметшілігінің өткенін жөндеп тү-
сініп, әзіргі қалпын анық көріп, кемі-
сін болжай білу... – оқыған зиялыла-
рымызды мінеді... Оңды әлеуметші-
лік құру үшін елдің өткен-кеткен тұр-
мысын, бұрынғы болған әлеумет қи-
мылдарын тану керек».
Бұл түйіндерден оның ұлт (этнос)
психологиясының іргелі мәселелері-
нің ерекше көңіл аударғанын бай-
қаймыз. Оның физиология мен пси-
хологияның көптеген терминдік
атауларын төл тілімізде сонау жиыр-
масыншы жылдардың өзінде-ақ ірік-
теп, құрастырғаны белгілі болып
отыр. Мәселен, оның «жүйке жүйесі»
(нервная система), «жүйке талы» (не-
рвная волокна), «жүйке орталығы»
(нервный центр), «жүйке түйіні»
(нервный узел), «ерік» (воля), «сана»
(сознание), «бырқыл» (лабиринт),
«мишық» (мозжечок), «қозу» (воз-
буждение), т.б. осы іспеттес көптеген
ғылыми атаулары күні бүгінге дейін
өзгеріске түспей қолданып келеді.
Х.Досмұхамедұлы тіл, сөйлеу – адам
психологиясының басты белгілерінің
бірі екендігін ерекше атап өтеді. «Тіл –
жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген
ел болмайды. Тілінен айрылған жұрт –
жойылған жұрт. Мектеп пен бала-
ның тілі дұрыс болса, елдің тілін көр-
кейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп
пен баспада қолданудан қалған тіл –
шатасқан тіл. Ол ел – сорлы ел, мұн-
дай елдің тілі бұзылмай қалмайды...
Ана тілін білмей тұрып, бөтенше
сөйлесең – ол күйініш. Ана тілін жақ-
сы біліп тұрып, жақсы сөйлесу бұл
сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат
тілге еліктей беруі зор қате», – дейді.
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (1490-1523) –
ежелгі қазақ әдебиетінің көрнекті өкі-
лі, жорық жыршысы. Қазақ халқы-
ДОСП
ДОСП
164
ның қалыптасу кезеңінде өмір сүр-
ді. Өз заманындағы жорықтарға, Қы-
рым, Ноғайлы, Қазан хандықтары ара-
сындағы ұрыстарға қатысқан, бүкіл
Дешті-Қыпшақты жақсы білген, Стам-
бул мен Бақшасарайда да болған.
Д.ж. мұрасының дені жоғалған, ел
аузында, жекелеген қолжазбаларда
сақталған туындылары 19 ғ. бас ке-
зінде әртүрлі жинақтарға енді. Сов.
тұсында «Алдаспан» антологиясын-
да (1971) оның табылған шығарма-
лары толық жарияланды. Д.ж. жыр-
ларынан оның ой-өрісі, мұрат-мақса-
ты, рухани өмірі, ғибраттық қағида-
лары, дүниеге философиялық көз-
қарасы айқын аңғарылады. Жауынгер
жырау туындыларының рухы ескілі-
гіне, көркемдеу әдістерінің көнелі-
гіне қарамастан, көңілге әсер етерлік
терең, тілге орамды. Бұхар, Махамбет
жырларынан Д.ж. түркітайпалары-
ның арасындағы көп қақтығыстар-
дың бірінде, 1523 ж. Астрахань ма-
ңында қаза тапты.
ДОСТЫҚ – адамға, табиғатқа, жан-
жануарларға көрсетілетін ізгі іс-әре-
кет. Д. ынтымақпен, татулықпен не-
гізделеді. Д. – адамға, табиғатқа, жан-
жануарларға көрсетілетін міндеттерді
өтеудің белгісі деп те түсінуге бола-
ды. Д. психология ғылымында сезім
түсінігімен ұштасып, сол сезімнің жо-
ғары түрі ретінде қарастырылады.
Адамның әртүрлі жас ерекшеліктері-
не байланысты достық психологиясы
И.С.Конның еңбектерінде талданған.
ДУЛАТИ МҰХАММЕД ХАЙДАР
(1499-1551) – орта ғасырдағы қазақ
ғалымы. Ұлы жүздің Дулат тайпа-
сынан шыққан Мұхаммед Хайдар
Дулатидің «Тарихи Рашиди» («Ра-
шидтің тарихы») атты шежіресінде
сол кездегі көшпелі қазақтардың өз
көршілерімен қарым-қатынасы, олар-
дың тыныс-тіршілігі суреттеледі. Осы
шығарманың қазақ тарихына қатыс-
ты тұстарын В.В.Веньяминов-Зернов
(1830-1904), сондай-ақ жекелеген
үзінділерін қазақтың белгілі тарих-
шысы С.Асфендияров (1889-1938) та
тәржімалаған. Шежіренің нұсқалары
Ленинград пен Душанбе кітапхана-
ларында сақтаулы. «Тарихи Рашиди-
де» көтерілген басты мәселенің бі-
рі – Сейіт хан мен Мұхаммед Хайдар-
дың, Қасым ханның ордасында қонақ
болған кезінде сұхбаттасқан түрлі та-
қырып төңірегіндегі әңгімелері. Мұн-
да көшпелі дала тұрғындарының әдет-
ғұрып, әлеуметтік-психологиялық,
этнографиялық ерекшеліктері сөз
болады. Мына төмендегі шағын
үзіндіде сол кездегі қазақ халқының
этностық ерекшелігі, өзіндік психо-
логиясы жақсы көрсетілген: «...Біз –
даланың халқымыз, бізде сирек ұшы-
расатын, қымбат заттарымыз жоқ,
дүние жиһаздарымыз да көп болмай-
ды. Ең басты байлығымыз – жылқы,
оның еті мен терісі біздің ең тәуір
тамағымыз бен киіміміз... жерімізде
бау-бақша да, ғимараттар да жоқ,
біздің көңіл көтеретін жеріміз – мал-
дың жайылымы мен жылқы үйірі,
сондықтан біз жылқыға көзіміз той-
май қызыға қарап тамашалаймыз...
Дала адамдарына жылқысыз өмір –
қараң қалған өмір... Біздегі ең кәусар
ішімдік жылқының сүті және одан жа-
салатын сусын – қымыз... егер де ме-
нің өтінішімді орындаудың ең жақ-
ДОСТ
ДУЛА
165
сы жоралғысы не деп сұраса, онда
Сізді меймандостықпен құрметке
бөлеуді айтқан болар едім».
Мұхаммед Хайдар Дулати сол кезде-
рі құрыла бастаған Қазақ хандығы-
ның күш-қуатын ерен тұлғалардың,
аса қабілетті басшылардың қадір-
қасиеттеріне қарай таразылайды.
Оның ойынша, білікті ел басшысы –
мемлекет күштілігінің тұтқасы. Ав-
тор осындай ерен тұлға қатарына
Қасым ханды жатқызып, «Қасым
салған қасқа жол» деген ұлағатты
сөздің мән-мағынасын түсіндіреді.
Қасым хан билік құрған кезде Қазақ
хандығы өзінің саяси-әлеуметтік қуа-
тымен бүкіл Еуропа жұртына мәлім
болғаны белгілі. Хандықтың тер-
риториясы батыста Сырдарияның
оңтүстік жағалауынан басталып, оң-
түстік-батысы Түркістанға дейін же-
тіп, оңтүстік-шығыста Жетісудың
солтүстік бөлігіндегі таулы алқаптар-
ды қамтыған. Хандық халқының са-
ны бір миллионнан асып, орыс князі
Василий III бірінші болып онымен
дипломатиялык байланыс орнатқан.
Қасым хандық құрған кезде ел басқа-
ру ісінде қолданылатын әдет-ғұрып
заңдарының ережелері жасалды. Бұл
заңда көтерілген мәселелер: 1) жер,
мал-мүлікті иемдену мәселесі; 2) ұр-
лық, кісі өлтіру, талау, шабу, ойран
салған кісілерді жазалау тәртібі; 3) әс-
кери заң (қосын жасау, аламандық
міндет, ер-азамат құны); 4) елшілік
мәселесі (халықаралық қатынастағы
әдептілік, сыпайылық, шешендік
өнер); 5) жұртшылық заңы (түлен
тарту, ас, той, мереке үстінде қол-
данысқа түсетін ережелер, жасауыл,
тұтқауылдардың міндеті). Қасым
салған қасқа жолдың заңдары ешбір
өзгеріссіз XVII ғасырға жетіп, Есім
ханның (1595-1693) кезінде ол «Есім
салған ескі жолға» жалғасты.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ел ба-
сының психологиясы жайлы айт-
қандарына қысқаша талдау жасайық.
Орта ғасырда Шығыс Аристотелі
атанған Әбу Насыр әл-Фараби ел-
басының бойында 18 қасиет болу ке-
ректігін айтқан. Осы іспеттес тұжы-
рымға 5 ғасырдан кейін Мұхаммед
Хайдар Дулати да оралыпты. Оның
пікірінше, ел басқару – қыры мен сы-
ры мол, ерекше өнер. Басшы – қа-
жырлы, салиқалы, терең ақыл-пара-
сатты, зерек те зерделі, әрдайым ел
тыныштығын, халық қамын ойлай-
тын ерен тұлға. Басшының сарқыл-
мас ерік-жігері, нәтижелі іс-әрекеті
оның ақыл-ой парасатымен ерекше
ұштасады. Оның бес аспаптылығы,
адам жанын жазбай танитын абзал
қасиеті ылғи да көзге түсіп, жұрт кө-
ңілінен шығып тұрады. Басшы адам
өзге көрмегенді көре алады. Онда
өзін елге беделді ететін небір тамаша
қадір-қасиет мол. Ол өзінің жайсаң
мінезділігімен, батылдығымен ерек-
шеленеді, бүкіл өмірін халық тағды-
рына бағыштап, осы мақсатына же-
ту жолында бұлтартпайтын шешім
қабылдап отырады. Осындай қасиет-
тері бар адамның іс-әрекеті қылыш
пен садақтың оғынан әлдеқайда асып
түседі.
Тіршіліктің сан қилы талабынан туын-
дайтын өзекті мәселелерге ерекше
мән беріп, ол жөнінде жұртпен кеңе-
сіп, олардың көзқарасын ой таразы-
сына салып, керектісін алып, келең-
сізінің ауаға жайылып кетпеуін, қы-
ңыр, қырсық адамдардың пікірінен
ел ішінде алауыздық пен араздық
ДУЛА
ДУЛА
166
туатындығын алдын ала топшылап,
бұларға жол бермеуді қарастырады.
Мұхаммед Хайдар Дулати ел бас-
шысына тән осындай қадір-қасиет-
терді дәріптеп, бұларды келер ұрпақ-
қа аманат етуді ойластырған сияқ-
ты. Ғалымның пікірінше, ел басшы-
сы өзінің бар күш-қуатын өз халқы-
ның мүддесі үшін жұмсауы тиіс.
Оның жаны ізгілікке толы болуы
шарт. Көздейтіні – байлық емес,
жарқын болашақтың асқаралы шы-
ңына ұмтылу.
Мұхаммед Хайдар Дулати пікірінше,
жарқын болашақтан үмітін үзбеген
ел басшысын көпшілік әр кез қол-
дайды, соңынан ереді. Жұрттың кө-
ңілінен шыққан басшы ғана елді дұ-
рыс басқара алады.
Елді басқарудың ең негізгі мәні – ха-
лық сеніміне шүбәсіз ие болу, өзіне
әділдік пен ізгілікті, қайырымдылық-
ты серік ету. Ол болашақты, жақсы
заманды қиялдаушы ғана емес, сол
үшін бар өмірін сарп етіп, соған же-
ту үшін маңдай терін төгетін адам.
Тегінде, мейірімді жүзінен нұр шаш-
қан елбасы елге – құт, ал жаман бас-
шы – жұт. Ерен басшы текті келеді,
ол – көпті көрген, ез бен ерді бір-
ден ажырататын, жұрттың бос қол-
паштауын қажет етпейтін адам. Мұн-
дай тұлғалар туралыққа, әділдікке,
адалдыққа, шындыққа ерекше мән
береді. Бұлардың басты кредосы –
дін мен сенім. «Дін мен сенімді ме-
дет тұтқан адам ғана ұлағаттық атты
иеленеді». Дін мен сенім – биліктің
қос бабы. Ол – тұлғаның ары мен
намысы, ел алдындағы парызы мен
қарызы.
Дін мен сенім жүрген жерде тірліктің
түбірі мықты болады. Дулатидің дін
туралы, әсіресе дін психологиясы
жайлы көзқарастары арнайы зерт-
теуді қажет етеді. Ғұламаның бұл
бағыттағы ізденістеріне зер салсақ,
одан біраз мағлұматтарды аңғаруға
болады. Бұл туралы белгілі ғалым
М.Мырзахметұлы: «Сол кездегі ис-
лам дінінің Орта Азиядағы жағда-
йы, қоғамдағы саяси-әлеуметтік кү-
рестегі орны, түрік халықтары ара-
сында кеңінен таралған Нақышбан-
диа, Насауия, Уванш ордендері мен
теріс жолға түскен «Нурбахши», «Ша-
масин» секталары туралы, яғни жал-
пы суфизм жайлы терең ойлар қоз-
ғап, көп нәрселерден хабардар ете-
ді», – дейді. Мұхаммед Хайдар діни
қызметкер болмаса да, сол кезеңдегі
қоғамның рухани болмысын терең
сезініп, ислам діні мен сопылық ағым-
ның табиғатынан, дін жолындағы
ғалымдардың жазғандарынан хабар-
дар болғаны байқалады. Сол себепті
ғұлама шығармасындағы ислам діні
мен сопылық жайлы ой-танымын, ірі
шейхтер мен маулана атанған діни
ғалымдар жайлы пікірлерін ғылы-
ми тұрғыдан танып білудің айрықша
мәні бар деп білеміз.
Дулати негізінен сопылық жолдағы
шейхтер мен ғалымдарға біраз тоқ-
талып, олар жайлы деректерді жиі
келтіреді. Ғұлама шығармасы арқы-
лы шейх, имам, мауланалар (молда-
лар) өмірі, олардың ұстанған діни
ағымдары жайлы біраз мағлұмат алу-
ға болады. Дулатидің еңбегінде кө-
бінесе сөз болатын ғұламалар: Аб-
драхман Жами, Әлішер Науаи, Сайфи,
Хафиз Али, т.б. Шығармада Абай
көп айтатын ғұлама – Диуани тура-
лы біраз мағлұмат беріледі. Мұхаммед
Қазидің «Сисилет ал-арифин» (Ге-
Достарыңызбен бөлісу: |