ЖАН БЕРУ – жантәсілім берді, өлді
деген мағынада, жаны жай тапты,
рақаттану мәнінде, не өлді деген күй-
де, жан тапсырды – қайтыс болды, өл-
ді дейтін мәнде, жан берді, қарғалды,
ант ішті деген әртүрлі жағдайларды
білдіретін сөз тіркесі. Психология-
лық тұрғыдан қарастырғанда, жан
беру – адамның тіршілік бейнесі мен
даму процесінің тоқтап, өмірінің аяқ-
талуы. Биологиялық және діни на-
ным тұрғысынан да ол осындай ма-
ғынаны білдіреді. Ал ант ішіп, қарға-
ну – адамның халыққа, көпшілік ал-
дында мойнына алған міндеті мен
болған іске қатысы жоқ екендігін
білдіретін сенім сөзі. Берген уәдесі
мен антын орындамайтын болса, ол
адам екі дүниеде бірдей тыным тап-
пайды. Құдай оның жазасын ертелі-
кеш береді деген сенімде болады.
Ж.б. – жантәсілім ету ізсіз, түссіз ке-
тетін қарапайым процесс емес. Ол
құбылыс өзгелердің сезімі мен сана-
сезіміне күшті әсер етіп, жан дүние-
сін тебірентерлік күйге түсіреді.
ЖАН ЖАРАҚАТЫ – адамның ба-
сынан өткен ауыр істер мен азап ше-
гіп тіршілігіндегі қайғы-қасіретке
ұшырау салдарынан көңілі мен есін-
де қалған іздер. Сондай-ақ ұмытыл-
мастай есте қалған, қиын-қыстау
жайттар, азап шектірген оқиғалар
мен ауыр тіршілік бейнесі адам-
ның санасында өшпестей із қалды-
рады. Ондай оқиғалардан адам қан-
ша құтыламын десе де санаға сің-
ген ауыр күндер өшпейтіндей із
қалдырғандықтан, үнемі еске түсіп
жаңғырып тұрады. Бастан өткен
қайғы-қасірет адамның жан дүние-
сін жарақаттағаны соншалық бүкіл
өмірде ұмытылмайды. Мидың белгі-
лі бір алабынан орын тауып, мәңгілік
орналасып қалғандай болады да тұ-
рады. Ж.ж. күйігі ауыр оқиға жайын-
да ақын Қ.Жармағамбетов: «Жаны-
на жара салып күйігі ауыр, «Анама
естіртемін», – деді, неғып» дейді
(Баллада)». Адам жанының жарақа-
ты оны әртүрлі қайғылы, түңілу,
мұңаю сияқты жағдайларға еріксіз
түрде ұшыратып отырады. Өйткені
Ж.ж. санада өшпес із қалдырып,
белгілі жағдайға ұшыраған сайын
еске еріксіз түсіп отырады. Саналы
әрекетімен іс қылған адам ондай ке-
леңсіз оқиғаны шапшаң ұмытып ке-
те алмай жарақаттанған жанын көз
алдына жиі елестете беретін күн ке-
шеді. Тіршілікте азап шектірген оқи-
ғаның жан дүниесіне өшпестей із
қалдырып кетуі кейде кісі жанынан
түңілетін күйге ұшыратуы тіршіліктен
түңілтеді. Ж.ж-н жазу адам қандай
қиын-қыстау жайттарды басынан
кешіргенімен, дүниеге сеніммен қа-
ЖАНБ
ЖАНЖ
202
рап, өзінің іс-әрекетін, қимыл-қозға-
лысын, алға қойған мақсат-мүддесін
орындап шығуға ұмтылуы керек.
Сезімді ақылға билетіп, бойындағы
ерік-жігер қасиетін шыңдай түсі-
руін өз қолына алуы қажет.
ЖАН ЖЫЛУЫ – психологиялық
тұрғыдан қарағанда адамдардың өз-
ара қарым-қатынасында біріне-бірі-
нің қамқорлық көрсетіп, мейірімді-
лігі мен ықылас-ынтасынан айқын
байқалатын жайттар. Ой ішінде, от-
басындағы адамдардың біріне-бі-
рінің жанашырлықпен қарап, өзара
сыйласымдық пен құрметтеу сезімі-
не байланысты болып отырады. Үй
ішіндегі ересектердің кішілеріне
қамқорлық жасап, оларға тағылым
берерлік ықпал етуі, үйдегі балалар
мен жасы кішілердің ата-аналарына,
үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап,
оларға шама-шарқы жеткенше кө-
мектесіп отыру жалпы отбасы мен
ағайын-туыс адамдар арасындағы
сүйіспеншілікті Ж.ж. жандандыра
түседі. Ата-аналарының перзенттерін
болашақ ұрпағым мен өмірімнің жал-
ғасы деп санап, олар жайында қам-
қорлық көрсету де Ж.ж. маздата түсе-
ді. «Балым, балым, Баланың бала-
сы – жаным» дейтін мақал Ж.ж. көр-
сетудің шарықтау шегін білдіретін
туған әке-шеше мен ата-әжелер, ба-
лалар мен немерелер арасындағы
сүйіспеншілікті нығайтып, адамдар-
дың жан дүниесін шаттық пен ма-
хаббатқа бөлейді. Ж.ж-ның көрінісі
ұжым ішіндегі адамдар арасында да,
қызметтес жора-жолдастар арасында
да ерекше адамдардың рухани өмі-
рін байытатын психологиялық қуат-
ты фактор.
ЖАН ҚУАТЫ – адамның психо-
логиялық сипаттары мен психика-
лық процестерінің алуан түрлі бо-
лып, неше алуан қызмет атқаруы
мен олардың көрінісін ұлы бабамыз,
әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу
Насыр әл-Фараби жан қуаттары деп
атаған және оларға сол замандағы
ғылым жетістіктеріне сүйене оты-
рып, адамның бойындағы жеке мү-
шелердің атқаратын қызметін де дә-
йектеп түсіндірген. Психикалық про-
цестер болып саналатын сезім мен
түйсік, сөйлеу мен ойлау, жігер мен
ерікті әрекеттердің бәрі жан қуатта-
ры деп есептеледі. Ж.қ. материалис-
тік және идеалистік – діни бағыты
бар екені философия ғылымындағы
ертеден келе жатқан біріне-бірі қа-
рама-қарсы дүниетанымдық көз-
қарас. Жан жайындағы түсінік пси-
хологияда – ішкі ойсана сарайы. Ал
ауыспалы мағынадағы жан түсінігі
діни тұрғыдан қарағанда адамға,
жан-жануарларға тіршілік беретін
рух. Мұндай көзқарас бойынша,
адамның тәні бар және жаны болады
деген сенім болған. Адамның жан
дүниесінің сыры объективті дүние-
нің субъективті бейнесі деп түсіну
бірыңғай материалистік тұрғыдағы
дұрыс түсінік болып табылады. Жан-
тәнмен бірге тіршілік етеді. Бұл ор-
ганизмнің табиғи өмір сүруі – шын-
дық фактор.
ЖАН ҚҰМАРЛЫҚ – жанға әуестік,
жан аярлық дейтін тіркестерден
құралған түсініктің күнделікгі сөз
қолдануымызда екіжақты мағынада
айтыла береді: 1. Жанға әуестік –
адамның бас пайдасын ойлап, өмір-
ЖАНЖ
ЖАНҚ
203
ден, тіршіліктен рақаттанып ләззат
алуды көздейді. Жан аярлық – жа-
нын қинамай, азапты бейнет көрмей
қызықты өмір сүруді мақсат тұту.
Жан аярлықтың ұнамсыз ерекшелі-
гі – аярлық. Аярлықтың бірнеше
мағынасы бар: қулық-сұмдық, за-
лымдық, айлакерлік. Ж.қ. мінездегі
өзіндік ерекшелік. Осы ерекшеліктің
бір сипаты – аяршылық. Ж.қ. адам
мінезіндегі көбінесе ұнамсыз сипат
ретінде менмендік пен эгоистікті
білдіретін болғандықтан ондай пен-
делерді былайғы адамдар сый-құр-
мет тұтпайды. Оған сын көзімен қа-
райды. Ж.қ. ұғымымен іргелес жаны
құмар (құштар) дейтін түсінік бар.
Бұл түсініктің мәні ынтызар, ынтық
болу, жаны құштар дегенді білдіреді.
Ж.қ-тың тағы бір ерекшелігі – сү-
йікті, қадірлі, қымбатты деген адам
мінезінің бағалы жақтарын білдіретін
атау-түсініктері де бар. Адамның
даралық психологиялық сипат-ерек-
шеліктерін білдіретін мінездің қа-
сиеттері мен сан қырлы сапалары
жан жүйесінің құпиясы мол, әрі әр
тарапты болатындығына айқын көз
жеткіземіз.
ЖАН САҚТАУ – тіршілік етіп өмір
сүру, күнелту. Адам сан қилы әреке-
ті арқылы тіршілік етуге бейімделіп,
өзін сақтайды. Қажетті заттар өн-
діреді, пайдасына жаратады. Ж.с.
түсінігінің синонимі ретінде қолда-
нылатын сөз тіркестері «жан сауға-
лады», «жан сауғалаушылық», «жан
саялады» дейтін ұғымдар. Жан сау-
ғалау – қауіп-қатерден аулақ болып
қашқалақтау, жеке басын қорғау. Жан
сауғалаушылық, жан сақтаушылық,
амалдап күнелтушілік. Жан саялау-
дың мәні де жан сауғалап қорғану
әрекетін білдіреді. Психологиялық
тұрғыдан Ж. с. ұғымы адамның әр
алуан әрекеттері арқылы белгілі
іс-қимылдарын білдіреді. Мұндай
әрекеттердің физиологиялық негізі
жоғары жүйке қызметіндегі қорға-
ныс рефлексіне байланысты.
ЖАН СЫРЫ. Бұл сөздің психоло-
гия тұрғысынан алғанда бірнеше
мағынасы бар: 1. Ж.с. – психология-
лық процестердің мән-жайын, адам-
ның даралық психологиялық сипат-
тарының ерекшеліктерін ғылыми
тұрғыдан баяндай отырып түсіндіру-
ді білдіреді. 2. Адамның психикалық
күй-жайы болып саналатын зейіннің,
сезім мен эмоцияның, ерік-жігер қа-
сиеттерінің сипат-ерекшеліктерін
бейнелеуді де жан сыры деп атай-
мыз. 3. Жан сырының тағы бір ма-
ғынасы, адамның басынан кешкен
оқиғалардын санада қалған бейнесі
мен ізінің мазмұнын пайымдап білу
ерекшеліктері. Ж.с. біздің сана-се-
зіміміздегі болмыстың бейнесі. Он-
дай бейнелердің негізі – шындық
пен ақиқат. Жан сырының сипат қа-
сиеттерін қазақ халқының ақын-
жазушылары өз туындыларында жан-
жақты көркем сөзбен, поэтикалық
тілмен де бейнелейді. Ж.с. тек пси-
хикалық процестер емес, тіршілік ету
бейнесінің өзге түрлері арқылы да
нәзік сезім күйлерімен қарым-қаты-
нас жасаудың алуан тәсілдері арқы-
лы да көрініс беріп отырады.
ЖАН ТАЛДАУ – психология ғы-
лымында бұл ұғым психоанализ деп
те аталады. Психоанализ гректің псю-
хэ – жан. анализ – талдау деген екі
ЖАНС
ЖАНТ
204
сөзінен құрылған. Қазақша мағынасы
жан талдау дегенді білдіреді. Ж.т. –
адамның саналы түрде мән-мағынасын
нақты сөздермен жеткізуге келмей-
тін ниеттілігі мен қажеттілігі. Ондай
тілектерді қанағаттандыруда адам
өзінің іс-әрекетінде туа біткен екі
түрлі инстинкттен тұқым қалдыру
(жыныстық ләззат) және өмірді
жалғастырудан (өлімнен қорқу) құ-
ралады деген ой түйеді. Ж.т. бағы-
тының негізін салушы австриялық
психиатр З.Фрейд (1856-1939). Фрейд
адамның санасыз әрекеті (жыныстық
еліктеу) XX ғасырдың жиырмасын-
шы жылдарынан бастап кеңінен та-
рады. Бұл бағыт бойынша мінез-құ-
лықтың түпкі себебін санасыздық
әрекетке – психиканы талдауға әкеп
тіреді.
Осы негізге сүйене отырып, адам-
ның дамуын әлеуметтік жағдайлар-
дан толық бөліп алып қарастырады
да, санасыздықты, биологиялық не-
гізді алға тартады. Фрейд негіздеген
психоанализ теориясының мәні –
адамның әлеуметтік өміріндегі рөлі
мен тіршілік еткен ортаның негізгі
факторларының бірі екендігін жоққа
шығарады. Фрейдшілдер жыныстық
қатынас пен өлім үрейін алға тартып,
адамдардың қоғамдық өмірдегі іс-
әрекеттерін тұншықтырып тастайды.
Сөйтіп, санасыз қылықтарға аса мән
береді.
Олар адамдардың жасампаздық іс-
терінің бәрі де жыныстық қанағатқа
талпынудың көрінісі деп санайды.
Фрейдшілдердің зерттеулерінде био-
логиялық факторлардың бірсыпыра
әдіс-тәсілдерін адамның жан дү-
ниесінің сырын түсіндіруде елеулі
мәні болды. Ал сондай әдістердің
теориялық құрылымы ғылыми тұр-
ғыдан сындарлы сынға төтеп бере
алмайды. Өйткені жан дүниесінің
сан қырлы сипат-ерекшеліктері жан-
жақты ғылыми-зерттеулер арқылы
ғана айқындала түсетін күрделі мәсе-
ле болып саналады.
ЖАНКЕШТІЛІК – бір іске кірісіп,
оны орындап шығуға жанын аямай-
тын батылдық күш-қуатын, біліктілі-
гін көрсетіп, өзінің де өзгелердің
де қолға алған ісін аянбай атқаруға
жұмылдыру қабілеті. Ж. адам мой-
нына алған ісін орындап шығу жо-
лында алаңдамайды, бөгде нәрсе-
лерге көңіл аудармайды. Істеген жұ-
мысында әрқилы қиыншылықтар
кездессе де, оған мойымай табанды-
лық пен батылдық көрсетеді. Қолға
алған ісін ерік-жігерімен тынды-
рымды етіп орындап шығуға жұмыл-
дырады. Ж. адам мінезіндегі ерік-
жігермен, қайрат-қажырлықпен бай-
ланысты ұнамды әрі іскерлік қасиет
болады. Әлемдегі бұрын-соңды қа-
наушылық пен отаршылдықты ба-
сынан кешірген халықтардың ер-
кіндігі мен азаттығы жолындағы
күресі. Жанкештілік демократиялық
қозғалыс деп аталады. Ж. жеке бас
пен тұтас бір халықтың азаттығы мен
бостандығы үшін жан-тәнімен, шын
ықылас-ынтасымен, адал ниетімен
жүргізетін күресі.
ЖАНСЕБІЛДІК – адам мінезінің,
ерік-жігерінің итжандылық, көн-
бестілік, төзімділік қасиеттері. Қа-
зақ халқы бірнеше ғасыр бойы үс-
темдік еткен өктемшіл жүйе мен
өзге халықтың ықпалында болып,
отаршылдық саясатқа көнбістілікпен
ЖАНК
ЖАНС
205
шыдап келді. Әр алуан қысым жа-
сауға, кемсітушілікке шыдап бақты.
Әлеуметтік өмірдің заңы мен қағида-
сы сондай екен деген сенімде болды.
Ж. қаншалықты ұнамды әрі жағым-
ды мінез қасиеті болғанымен, сырт
тараптан әділетсіздік пен қысым
көрсетілген жағдайға қарсы серпіліс
туғызатыны табиғи және әлеуметтік
факторлар болып табылады. «Өтірік
қанша жансебіл болса да, өсіп- өр-
кендейтін тек шындық қана» деп сол
шындық күресінің ұранын көтерді.
Ж. мінездің ерекше қасиеті ретінде
ерік-жігер деп аталатын психикалық
үрдістермен тығыз байланысты түр-
де дамиды. Осы орайда «Ерік – мінез
жотасы» деген мәтел қалыптасқан.
Ж. мінез бен ерікті әрекеттің қасиеті
ретінде адамда туа пайда болатын
жоғары жүйке қызметінің типтерін
білдіретін темпераменттің флегматик
түрімен төркіндес екенін атап көрсе-
ту орынды болмақ.
ЖАНУАР ДАҒДЫЛАРЫ – Жа-
нуарлардың өмірін бақылау көр-
сеткендей, тек туа біткен қылық-
тарының түрлері – инстинктеріне
негізделе отырып, олар өзгерген
ортаға бейімделе алмайды. Жануар-
лар қылықтарының туа біткен түр-
лері өмірге жаңа келгеннен кейін
қалыптасқан дағдылармен толық-
тырылады. Дағдылар деп көптеген
қайталаудың және бекітудің нәти-
жесінде жануарлардың жеке тәжі-
рибесінде қалыптасатын іс-әрекетін
айтады. Жануарларда дағдыны қа-
лыптастыру күнделікті өмірдің та-
биғи жағдайында, сонымен қатар
арнаулы, үйрету арқылы іске асады.
Бақылаулар көрсеткендей, дағдыны
қалыптастыруға қабілеттілігі жоға-
ры сатыдағы жануарларда ғана емес,
төменгі сатыдағы жануарларда да
болады. Бірақ неғұрлым ағза күрде-
лі болып келсе, соғұрлым жануар-
лардың жүйке жүйесі дағдыны қа-
лыптастыруға жоғары деңгейде қа-
білетті дамығандығын аңғаруға бо-
лады. Мәселен, үйретілген ит адам-
ға аяғын береді, есікті табанымен
немесе тұмсығымен ашады, билей-
ді, артқы аяғымен жүреді т.б.
Жануарлардың осындай іс-әрекеті
дағдылар деп аталады. Дағдының
жүйке – физиологиялық қызметі
шартты рефлекс болып табылады.
Дағдыны қалыптастыру жануарлар-
да шартты рефлексті немесе шартты
рефлекстердің жүйесін қалыптасты-
ру болып табылады. Жануарларда
дағдылар соқыр сезімнің негізінде,
жаңа іс-әрекетті бірнеше рет қайта-
лау (инстинктерден айырмашылығы)
арқылы қалыптасады, оның көмегі-
мен жануарлар белгілі бір қажеттілі-
гін қанағаттандырады. Жаңа іс-әре-
кетті қалыптастыру және бекіту ең
алдымен жануарлар өмір сүрген бар-
лық жағдайларға байланысты. Мә-
селен, итке ас беретін ыдысы (итая-
ғы) ішіндегі тамағымен есігі жабық
бөлмеге орналасқан. Оны көрген ит,
итаяқтағы тамақты ішу үшін аяғымен,
тұмсығымен есікті ашудың әрекеті-
не кіріседі, ол бұл орайда бірнеше
кездейсоқ қозғалыстар жасайды.
Осы кездейсоқ қозғалыстардың нә-
тижесінде ит есікті ашады. Осы іс-
әрекет бірнеше рет қайталанады. Со-
дан кейін ит қателеспей ылғи аяғы-
мен, тұмсығымен есікті ашатын бо-
лады. Жануарларда дағдылардың
қалыптасуы ата-енелерінің «үйретуі»
ЖАНУ
ЖАНУ
206
арқылы іске асады. Мәселен, қасқыр-
лар өз балаларына аң аулауды былай
үйретеді: кәрі жануар қалай аулау-
дың тәсілін іс-әрекет үстінде көрсе-
теді, ал балалары сол әрекеттерді қай-
талайды. Бұл жерде «үйрету» елік-
теу инстинкті негізінде іске асады.
Адамдар үй жануарларын қолға үй-
ретіп, көптеген дағдыларды қалып-
тастырады. Адамдардың жануарлар-
ға дағдыны қалыптастыруы дрес-
сировка немесе қолға үйрету деп ата-
лады. Қалыптасқан дағдылар жеке-
леген инстинктердің байқалуын жо-
йып жіберуі мүмкін. Мәселен, тыш-
қанды қолға үйреткенде мысық тыш-
қаннан қашады, ал тышқан мысық-
тың артынан қуады. Ал әуелден
тышқан мысықты көргенде қашатын
болған, ал үйретудің нәтижесінде
тышқаннан мысық қашатындай етіп
дағды қалыптастырған. Жануарларда
дағдылар байқап көру және қателесу
әдісімен қалыптасады. Мәселен, ак-
вариумды әйнекпен ортасын екіге
бөліп, аквариумның бір бөліміне
шортанды орналастырып, ал екінші
бөліміне кішкентай шабақтарды
салып, байқап қарағанда, шортан
бірнеше рет шабақтарды жеуге ұмты-
ла береді, ұмтыла береді, бірақ тұм-
сығын әйнекке соғып, әбден шар-
шайды, уақыт өте шортанда белгілі
дағды қалыптасады: ол шабақтарға
ұмтылуын әбден қояды. Бұл дағды
ортадағы әйнекті алып тастағанда
да сақталады, шортан кішкентай ша-
бақтарға тимей, бірге жүре береді,
бірақ біраз уақыттан кейін дағды жо-
йылып, шортан өз әдетінше өмір сү-
ре бастайды.
Дағды-жануарлардың қылықтары-
ның өзгертілген түрі, сондықтан да
әбден орнықпайынша ол бірте-бір-
те жойылуы мүмкін. Сонымен қатар
дағдының өзгеруі ауысуынан аңға-
рылады. Маймылда бананы бар жә-
шіктің тесігін алдыңғы оң аяғымен
ашу дағдысы қалыптасқан. Оны де-
несіне тақап қойған кезде ол жәшік
тесігін алдыңғы сол аяғымен ашқан,
бұл аяғы да таңылып тасталғанда
жәшікті артқы аяғымен ашып, ба-
нанды алуға әрекеттенген. Енді ол
арқылы ештеңе болмайтынын білген
ол тіспен ашуға тырысады. Дағдының
ауысуы негізінен жоғары сатыда да-
мыған жануарларға тән. Дағдыларды
қалыптастыру мүмкіншіліктері жа-
нуарлардың жалпы даму деңгейіне
және қалыптасқан дағдының жануар-
лар мінезінің инстинктілік түрлеріне
сәйкестік дәрежесіне байланысты.
Тәжірибелі үйретушілер әр уақытта
да осыны ескеріп отырады. Оны цирк
аренасының білгірі Р.А.Дуров орын-
ды пайдаланды.
ЖАНУАР ИНТЕЛЛЕКТІ – ин-
теллектуалдық мінез-құлық – бұл
жануарлардың мінез-құлқының жо-
ғары түрі. Ол көбіне маймылдар мен
дельфиндерде аңғарылады. Жоғары
сатыда дамыған жануарларды (мәсе-
лен, маймылдарды, дельфиндерді,
иттерді) бақылай отырып, біз кей жағ-
дайда олардың «ойлағыштық», «тап-
қырлық», «байқағыштық» сияқты
қасиеттерін байқаймыз. Жануарлар-
дың мінез-құлқында алдына мақсат
қою, бір міндетті шешу сияқты іс-
әрекеттерді байқауға болады. Одан
мынандай сауал туындайды: жануар-
лар қарапайым ойлау әрекетіне қа-
білетті ме, жануарлар ойлай ала ма?
Жануарлардың кейбір ескі іс-әрекеті
ЖАНУ
ЖАНУ
207
туралы айта отырып, олардың да
іс-әрекеті адамның ойлау үрдістерін
еске түсіретіндігін немесе соған жа-
қындайтындығын аңғарамыз. Осын-
дай іс-әрекеттерді жануарлар соқыр
сезіммен орындайды (мәселен, май-
мылдардың жаңғақты шағуы).
Соңғы жылдары жануарлардың ой-
лауы туралы мәселе әртүрлі май-
мылға жүргізілген көптеген экспе-
рименталдық зерттеулер көрсекенін-
дей, шимпанзе алғашқы абстракция-
лық қабілеттерді меңгерген: маймыл-
дар қабылданатын заттардың түсін
түрінен және көлемінен немесе түрін
түсінен және көлемінен ажырата бі-
леді. Жоғары сатыдағы жануарлар-
дың (маймылдардың) интеллектуал-
дық мінез-құлқын бір жүйелі зерттеу
белгілі неміс психологы В.Келлер-
ден басталды. Мінез-құлықтың осы
түрін зерттеу үшін Келлер белгілі
мақсатқа жету мүмкін болмаған кез-
де маймылды өте қиын жағдайда
сынады, өзінің тамағын алуға маймыл
айналып баратын жол немесе арна-
йы құрал пайдаланды.
Мәселен, маймылды үлкен темір
торға орналастырады, қатарына оның
қолы жетпейтін қашықтыққа та-
мағын қояды. Тек тордың артқы қа-
бырғасында орналасқан есік арқылы
айналып өтетін жолды пайдаланған-
да ғана маймылдың оған қолы жете-
ді. Келлердің жүргізген зерттеулері
төмендегі жағдайды бақылауға мүм-
кіншілік жасады. Алдымен маймыл
тамақты алу үшін сәтсіз әрекеттер
жасап көрді: аяғын созып та, секіріп
те көрді, бірақ ештеңе шықпады,
енді ол сәтсіз әрекеттерді тоқтатып,
қозғалмай отырып, белгілі бір шешім
алғанша тынышталды.
Жануарлар міндеттерді интеллек-
туалдық тұрғыдан шешуге қалай кел-
ді, түсіндіру өте қиын, бұл үрдісті әр-
түрлі зерттеулер әралуан түсіндіреді.
Кейбіреулер маймылдың мінез-құл-
қын адам интеллектісімен жақында-
ту мүмкіншілігіне тоқталады, оны
шығармашылық көрегендіктің белгі-
сі ретінде қарастырады. Австрияның
психологі К.Вюлердің түсіндіруін-
ше, маймылдардың құралдарды пай-
далануы бұрынғы тәжірибенің ауы-
суының нәтижесі ретінде көрінеді.
Қазіргі зерттеушілердің көзқарасы
бойынша, интеллектуалдық мінез-
құлықтың негізін жеке заттардың
арасындағы күрделі қатынастардың
бейнеленуі құрайды. И.П.Павлов
маймылдардың мінез-құлқына жүр-
гізген бақылаулары бойынша олар-
дың интеллектуалдық мінез-құлқын
«қолмен ойлау» деп атады.
Сонымен, жоғары сатыдағы сүт-
қоректілерде және адам тәріздес май-
мылдарда интеллектуалдық мінез-
құлық ерекше жоғары дамыған. Мә-
селен, алма ағашының басындағы
алманы көріп, алып жемек болып
ұмтылып, секіріп көреді, бірақ қолы
жетпейді, содан кейін қасында жат-
қан жәшіктерді бірінің үстіне бірін
қойып, қолын созып көреді, бірақ
алмаға жете алмайды, жерден таяқ
алып, жәшіктің үстіне шығып, әрекет
жасап көреді, алманы алып жейді,
осында маймылдың істеген әрекетте-
рі адамның интеллектілік іс-әрекеті-
не жуықтайды, оларда көргенін есте
сақтау қасиеттерінің бар екендігін
аңғаруға болады.
Демек, жануарлардың өте күрделі
ортаға бейімделуі олардың қарапа-
йым жүйке жүйесі мен арнайы се-
Достарыңызбен бөлісу: |