ЖОҒА
ЖОҒА
222
ойлаудың жылдамдығына, нәтижелі-
лігіне, білімнің мазмұнына және
дәлдігіне әсер етеді. Мысалы, таң қа-
лу және әуестену сезімі адамды әр-
түрлі мәселелерді шешуге, одан да
терең білімді меңгеруге итермелейді.
Таң қалу сезімі дәлелдеуді іздестіруге,
өзіміздің ойымызды негіздеуге, пай-
да болған сұрақтарға дұрыс жауап-
тарын табуға итермелейді. Интеллек-
туалдық сезімдерге сонымен қатар
логикалық ойлаудың қанағаттанған-
дығын жатқызамыз, адамның ойы
анықтылығымен, бірізділігімен, не-
гізделуімен ерекшеленеді. Керісінше,
ойлаудың логикасы бұзылған жағ-
дайда, атап айтқанда, адам ойында
анықтылық, бірізділік, негізделу бол-
мағанда, қарама-қайшылықтар кез-
дескенде адамда жағымсыз сезімдер
пайда болады. Мысалы, өте жақсы
оқылған лектордың, баяндамашының
дәрісі, мәнерлі де тартымды сөйле-
ген сөзі жағымды сезімді туғызады.
Тілдің грамматикалық ережелерін
сақтамай, стилі жағынан өте ауыр,
мазмұны жағынан тартымсыз лек-
тордың сөзі бізде жағымсыз сезімді
шақырады.
ЖҰЛЫН – орталық жүйке жүйесі-
нің төменгі бөліміне орналасқан
(жуандығы бір сантиметірдей) омырт-
қа қуысының ішінде орналасқан,
оның ұзындығы ересек адамдарда
орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді.
Жұлынның ішкі жағында сұр зат
орналасқан. Мұның көлденең кесін-
дісінің пішіні көбелектің бейнесіне
ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын
бұтақтарынан тұратын ақ затпен қор-
шалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп
жүйке талшықтары тарайды, олар-
дың бір тобы ортаға тебетін, екінші
бір тобы – шетке тебетін жүйке
деп аталады. Жұлын біздің саналы
әрекетіміздің орталығы емес, ол қа-
рапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-
қолды бүгу, керіп-созу т.б.) жұмысын
басқаратын орталық болып табыла-
ды. Мәселен, жаңа туылған нәресте
емуге әрекеттенеді де, аузына сүт
барғанда, оның сілекейі бөлінеді. Мұ-
ның бәрі жұлынның шартсыз реф-
лекстері, олар ағзада туылысынан
беріледі.
ЖҰҒУ (әлеуметтік психологияда) –
эмоциялық күйдің бір индивидтен
екіншісіне берілу процесі; мағына-
лық әсердің өзінен не оған қосымша
берілуден басқа, байланыстың пси-
хофизиологиялық деңгейде берілуі.
Әр түрлі ырықтылық дәрежесінде
болуы мүмкін. Кері байланыс болған-
дай жағдайда жұғу циркулярлық
реакция түріне түсіп, өзара индук-
ция күшімен ұлғая алады. Мұндай
реакция әсерлі бұқаралық акциялар,
шешендердің сөйлеуін, өнер туынды-
ларын жұртшылықтың қабылдауы
және т.б. кезінде болады және қайсы-
бір оңтайлы қарқындылықтан асып
кеткенге дейін қосымша топтастыру-
шы фактор болып қызмет етеді. Алай-
да бақылаудан шығып кеткен екі
жақты жұғу ресми және бейресми
нормативтік-рөлдік құрылымдардың
ыдырауына және ұйымдасқан түрде
өзара әрекеттесуші топтың қайсыбір
түрдегі тобырға айналуына апарып
соғады.
ЖҰМАБАЕВ МАҒЖАН (1893-
1938) – қазақтың ғылыми психоло-
гиясы мен педагогикасының баста-
ЖҰЛЫ
ЖҰМА
223
уында тұрған. Оның «Жан жүйесі
және өнер таңдау» атты еңбегі, сол
кездегі қазақ жастарының мамандық-
ты таңдау бағытында жүргізген ал-
ғашқы тәжірибелік жұмыстарының
нәтижесі. Мағжан поэзиясы адамның
жан дүниесінің қыры мен сырына
терең бойлайтыны, оның адам жанын
дөп басып жататыны көпшілікке мә-
лім. Ал осынау жыр дүлдүлінің тә-
лім-тәрбие ғылымының теориялық
жағына үңілуі таң қаларлық жәйт.
Өйткені бұл салада ғылыми еңбек
жазған ғұлама, зиялылар некен-саяқ.
Осы тұрғыдан алғанда Мағжанның
1922 жылы «Педагогика» атты (Таш-
кент, Орынбор) кітап жазуы өмірде
өте сирек кездесетін, тек аса талант-
ты, данышпан адамдарға ғана тән
қасиет.
М.Жұмабаевтың оқу-тәрбие ісіне ті-
келей қатысты педагогикалық психо-
логияға ден қоюы да ерекше құп-
тарлық. Оның жан қуаттары жайлы
пікірлерінде дала өмірі мен өзінен
бұрынғы және замандас қазақ зия-
лыларының туындыларын ұлттық
психологиялық нақыштағы шебер-
лікпен пайдалана білу тәсілі қазір-
гілерге өнеге. Жан көріністерін ол
білу яки ақыл, сезім яғни көңіл, һәм
қайрат көріністері дейтін үш тармақ-
қа бөле келіп, олардың өзара табиғи
үйлесімін Абай тұжырымдарымен
байланыстырып, ежелгі Шығыс ғұ-
ламаларының гуманизмімен үндес-
тіре отырып тереңнен сөз қозғайды.
Шытырман мәселенің арқауын осы-
лайша түйіндеп, Шығыс кәусарынан
мейірі қана сусындау, есейе келе Еу-
ропа мәдениетіне құлаш ұрған Мағ-
жанға етене жақын да, түсінікті нәрсе.
Ол сыртқы сезімдерді көру, есту,
иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты
айырыммен анықтап алып, оларды
дұрыс жетілдіру тәрбиесіне арнайы
назар аударады. М.Жұмабаевтың
пікірінше, бұл сезімдердің сау һәм
берік болуына, олардың өткір, терең,
дұрыс қалыптасуына ыждаһат қылу
керек. Бұлардың біреулері жақсы,
біреулері нашар тәрбие қылынса,
жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ
емес. Әр сезімді (көру, есту, т.б.) пси-
хологиялық тұрғыдан қарастыра ке-
ліп, ақыл олардың әрқайсына өзін-
ше анықтама беріп, бұларды тәр-
биелеуде ұлттық дәстүрлерге сүйену
қажеттілігін айтады. Мәселен, жа-
рық дүниеге келген күннен бастап
нәрестенің есту сезімін дамыту үшін
түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне
көңіл бөліп, әсіресе бесік жыры үні-
нің тәрбиелік мәні зор екенін атап
өтеді. «Адамның әдемілікті сүю се-
зімін тереңдететін де осы есту сезі-
мі», – дей келе, өзінің осы пікірін
гректің Орфей жайлы қазақтың Қор-
қыт туралы кітапта «зейін» туралы
да біраз деректер бар. «Абай» дегені-
міз , – деп жазды ол, – сыртқы дүние-
дегі бір затқа яки, ішіміздегі бір жан
көрінісімізге – ойға, ішкі сезімге, қай-
ратқа жанның тұнуы, нүктеленуі».
Оның бала зейінін тәрбиелеу жөнінде-
гі айтқандары қысқа да болса нұсқа.
Автор шәкірттерде зейін даму үшін
әсердің күшті, жеке, жаңа болуын,
жаңа алынған білім мен ескі білімнің
байланысуын және оның болашақ
әсерге даярлану есебінде болуын
талап ете отырып, оқу жүйесінің са-
бақтастығына мұқият зер салады. Ол
кейбір оқушылардың зейінсіз болуы-
ның себептерін де аша кетеді. Бұған
дененің һәм жанның шаршауын,
ЖҰМА
ЖҰМА
224
зейіннің толқындап тұруын, бейғам-
дықты, т.б. жатқызады.
Автор бейғамдықтың екі түрін көр-
сетеді. Оның бірі еш нәрсеге абай
тоқтата алмайтын өте қолайсыз түрі.
Оған терең, ұзақ тәрбие қажет. Екін-
ші түрі – бір нәрсеге абайлы болып,
басқа нәрселерге абайлы болмайтын
адамдардың бейғамдығы. Ақын мұн-
дай қасиетінің зиянсыздығын, мұ-
ның көбінесе ғалымдарда жиірек кез-
десетіндігін ескертеді. Адам зейінін
ол ерікті, еріксіз, табансыз, ішкі,
сыртқы деп жіктейді. Баланы тәр-
биелеу оның жас ерекшелігіне тәуел-
ді болатындығын айтады.
Автор «Ақыл көріністері» тақыры-
бын әсерлену, оның пайда болу
шарттары, күші һәм тоны деп жеке-
жеке талдай келіп, кейбір психоло-
гиялық терминдердің мәнін ашып
көрсетеді. Заттарды ұғу үшін жұм-
салатын жан көрінісі ойлау деп ата-
лады. Мәселен, «әсерленуді туғыз-
ған себепті, яки затты табуды пер-
цепция, әсерленуді бұрынғы болған
тәжірибемен толықтыруды аппер-
цепция, ал апперцепция перцепция-
ны жеңіп кететін болса, ол уақытта
иллюзия, яғни сезімде алдану пайда
болады», – деп осындай психология-
лық ұғымдардың әр қайсысына анық-
тама беріп, оларды жеке-жеке тал-
дап, ересек пен бала әсерленуінің
айырмасын да арнайы сөз етеді.
Адам өміріндегі естің алатын орнын
көрсете келіп, автор оларды есту, кө-
ру, қозғалу, т.б. деп жеке-жеке қарас-
тырады. Естің адам жасына байланыс-
ты өзгеріске түсетіндігін айта келіп,
баланың есін дамыту жолдарына
тоқталады.
Автор қиялды еріксіз және ерікті деп
екіге бөледі. Қиял (фантазия) тура-
лы ол былай дейді: «Жанымда бар су-
реттеулерден қайрат жұмсап, өзі-
міз тілеп жасау – ерікті қиял, бере-
келі қиял, яғни фантазия деп ата-
лады». Өзінің осы ойын әрмен қарай
жалғастырып, фантазияның жасалу
жолдарына тоқталады. Олар: 1) зат-
тардың өздерін, яғни олардың бір
мүшелерін зорайту, яки күшейту;
2) әр заттың түрлі мүшелерін бір-
бірінен алып қосу; 3) реті келгенде
өздері де жиыла алатын көріністерді
бір суретке... не адам мінездерін бір
адамға жию мен жасалатынын көрсе-
те келіп: «Фантазиясыз адам өмірі өң-
сіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мыл-
қау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл
беретін, жоқты бар қылатын, барды,
гүлді көрікті қылатын, бізді асыға
аяқ бастырып, тәңірімен тілдестірген
сол – фантазия», – дейді. Бала фан-
тазиясының табиғатына ерекше көңіл
қойып, оны өркендетудегі ертегі, ба-
ла ойындары мен ойыншықтардың
рөліне тоқталады.
М.Жұмабаев сұлулық (эстетика) се-
зімдері жайлы ғылыми ұғымдарды
да әр қырынан ашып, өнер адамына
тән өрнекті сезімдерді тәптіштеп
түсіндіреді. Үлбіреген гүл, күңірен-
ген орман, сылдыраған су, бұлдыра-
ған бұлақ, шетсіз-шексіз қаракөк те-
ңіз, түрлі шөптермен толқындаған да-
ла, бұлт пен бел асқан биік тау, күн-
нің ойыншыл алтын сәулелері, ерке
сұлу ай, жұлдызды түн... тылсымды
жанды билеп алып, сұлу картина сы-
қылды әсерлері адам жанында бір
сұлулық толқынын оятып, туғызбай
қоймайды. ...Жаратылыстың құша-
ЖҰМА
ЖҰМА
225
ғында, меруерт себілген қос шатыр-
дың астында, хош иісті жасыл кілем
үстінде күнмен бірге күліп, түнмен
бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп,
алдындағы малымен бірге өріп, сары
сайран далада тұрып өсетін қазақ
баласының қиялы жүйрік, өткір, терең
болуға тиісті. Сұлулық сезімдері –
адамның дұрыс, сұлу ләззат іздеуіне,
сұлу нәрсені сүйсіне, көріксіз нәрсе-
ден жиіркене, жақсылыққа ұмты-
лып, жауыздықтан тыйылуына көмек
көрсетеді.
Кітапта ойлау, ұғым, ой қорытын-
дылары, ішкі сөйлеу, т.б мәселелері,
ерік-жігер, қажыр-қайрат, импульс,
рефлекс, инстинкт, әдет, категорияла-
ры да талдауға алынған. Мәселен,
ерік-жігер тәрбиесі туралы айта ке-
ліп, ол: «Тілектің алдын, артын тексе-
ріп үйренген адам болашақта ебедей-
сіз еркеліктен, қияңқылықтан, есей-
генде есерліктен аман болмақшы.
Автор ойлау, ұғым, хүкім, һәм ой тү-
зеулер жасауға болады», – дейді де
олардың өзін іштей әлденеше тар-
мақтарға таратып, қарастырады. Ой
шығаруға да осы ретпен келіп, «де-
дукция», индукция», «аналогия»
ұғымдарының мәндеріне зейін қоя-
ды. Ақыл тілдің адам өміріндегі ма-
ңызы жайлы айта келіп, оның ұлттық
дәлелмен мәнін мәйекті жеткізеді:
«Ұлттың тілі кеми бастауы, – деп
жазды ол, – ұлттың құри бастағанын
көрсетеді. Бұл ұлттың тілінде сол
ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі
айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ
тілінде қазақтың сары сайран дала-
сы, біресе құйындай екпінді қайра-
ты, біресе желсіз түндей тымық, сар
далада үдере көшкен тұрмысы, асық-
пайтын, саспайтын мінездері көрі-
ніп тұр».
Бала темпераментін сангвиник, холе-
рик, флегматик, меланхолик деп бө-
ліп, бұлардың әрқайсысына тән қа-
сиеттерді ұтымды тілмен баяндай-
ды, баланың жалпы жаратылысы,
табиғаты туралы түсініктері де қазақ
ұғымына жатық, түсінікті берілгенді-
гі байқалады. «Темпераментті тізгін-
дей білу үшін, – дейді ақын, – адам-
ның жақсы тәрбиеленуі керек».
Мағжанның аталмыш кітабы «Пе-
дагогика» деп аталғанмен, түгелдей
дерлік психология мәселелерін сөз
етеді. Мәселен, шағын еңбектің 17
тарауының он үші тікелей психология
мәселелеріне арналған. Мұнда педа-
гогика қисындарына екі-ақ тақырып
(«Педагогика бөлімдері», «Жалпы
педагогика») арналыпты, оларды ав-
тор бар болғаны 13 бет көлемінде
баяндапты. Сөйтіп, барлығы 106 бет-
тен тұратын кітаптың қалған тарау-
лары адамның жан дүниесінің әр түр-
лі жақтарын сипаттайды.
Мұны «Педагогиканың» 1922 жы-
лы Ташкентте шыққан екінші басы-
лымының төмендегі мазмұнынан
жақсы аңғаруға болады. 1. Сөз алды.
2. Жетекші сөз. Тәрбие деген не?
3. Педагогика бөлімдері. Жалпы пе-
дагогика. Дене тәрбиесі. 4.Жан тәр-
биесі. Психология. 5. Жан көріністе-
рін топ-топқа бөлу. Ақыл көрініс-
тері, яки жанның білуі, әсерленуі.
6.Әсерленуді бөлу. 7.Абай. 8.Суреттеу.
9.Ес (зейін). 10.Қиял. 11.Ойлану.
12.Хүкім. 13.Тіл. 14.Ішкі сезім кө-
ріністері, яки көңіл. 15.Қайрат. 16.Ба-
ланың жалпы жаратылысы.
Әрине, М.Жұмабаев сөз етіп отырған
психология ғылымының мәселелері
ЖҰМА
ЖҰМА
226
сонау жиырмасыншы жылдар дең-
гейіне, әсіресе оның терминдерінің
өзі Еуропа, орыс тілдерінде де белгілі
бір жүйеге түсіп, топтаса қоймаған
кезінде төл тілімізде ғылыми жағы-
нан сөз болған. Бірақ кемшіліктері
де жоқ емес. Онысы кешірімді де.
Сондықтан да бұл еңбекке қазіргі
күн тұрғысынан қарап, баға беру әділ
болмас еді. Ал, мұның қазақтың ұлт-
тық ғылыми терминдері ілкі бастауын-
да төрден орын алатыны даусыз.
Енді мұнда сөз болған кейбір пси-
хологиялық ғылыми түйіндер мен
атаулардың олпы-солпы жақтары ту-
ралы қысқаша тоқталып өтейік. Кі-
тапта кейбір түйінді тұжырымдар
дәл беріле қоймапты. Мәселен, «пер-
цепция» – әсерлеуді туғызатын се-
бепті, яки затты табу «дұрысы» – бұл
затты тұтастай, толық, зат күйінде
қабылдау, перцепцияның өзі латын
сөзі, қазақшасы – «қабылдау» деген
ұғымды білдіреді. «Иллюзия», – деп
жазыпты автор, – болып тұрған әсер-
ленуді бұрынғы әсерлену жеңіп кет-
кенде болатын сезім алдауы». Дұры-
сы иллюзия – әр түрлі себептерге
(сыртқы, ішкі) байланысты айнала-
дағы обьектілерді (заттарды) қате, те-
ріс, бұрмалап қабылдау, яғни қа-
былдаудың затқа сәйкес келмеуі. Ав-
тор – иллюзия ұғымын «елес» деп
алыпты, оның қазақша баламасы «ал-
дану немесе көз байлау» дегенге ке-
леді. Мұндай дәлелі кем ғылыми тұ-
жырымдар кітаптың әр жерінен кезде-
сіп қалады. Енді термин олқылықта-
рына келейік. Автор «абстракция»
деген ұғымды «жалаңаштау» деп
алыпты, бұдан гөрі «оқшаулау», «де-
рексіздендіру» деген дұрыс еді. Күні
бүгінге дейін осы термин ана тіліміз-
де абстракция күйінде алынып жүр.
М.Жұмабаев абстракция заттың сы-
нын заттан бөліп алып, сол сынды же-
ке бір зат қылып ойлау, депті. Дұры-
сы: заттар мен құбылыстарды жал-
пылау арқылы оның бір елеулі қасие-
тін қалған қасиеттерінен ойша бөліп
алу. Мәселен, «бор», «қант», «айран»,
«сүт», т.б. ақ заттардың ортақ белгі-
сі «ақшыл» – осы соңғы ұғым аб-
стракция деп аталады. Автордың
«түйсікті» – «әсерлену», «елестетуді» –
«суреттеу», «есті», – «зейін», «пікір-
ді» – «хүкім», т.б. дейтін баламалары
да қазіргі психологияның қазақ ті-
ліндегі ғылыми атауларымен үйлесің-
кіремейді.
М.Жұмабаев орыс педагогикасының
білгірі К.Д.Ушинскийше педагоги-
каны жан сырының заңдылықтарын
зерттейтін психологиямен астарлас-
тыра байланыстырған тұңғыш қа-
зақ ойшылы. Ол педагогиканы пси-
хологиясыз, яғни шәкірттердің жан
жүйесі (зейін, ес, қиял, ойлау, сөйлеу,
т.б.) ерекшеліктерін ескермейінше,
оқу-тәрбие процесінің теориялық
қисындарын баяндайтын педаго-
гиканың дәрменсіз болатындығын
ерекше ескертеді. Педагогика адам-
ды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны
жан-жақты терең зерттелу қажетті-
гіне нұсқаған К.Д.Ушинский пікір-
лерімен Мағжан түйіндері керемет
үйлесіп жатыр.
М.Жұмабаевтың осы кітаптағы пси-
хологиялық ой-түйіндерінің негізгі
арқауы «...адам баласын тәрбиелеу
дегенде, әрине, адам баласының,
әсіресе жанын тәрбиелеу керек деп
ұғу керек... Дүниеде теңіз терең емес,
адамның жаны терең... Адам тіл ар-
қасында ғана жан сырын сыртқа шы-
ЖҰМА
ЖҰМА
227
ғарып басқалардың жан сырын ұға
алады. Адам өз жанының көріністе-
рін өзі бақыламаса, жан көріністері-
мен таныс болмайды... Ұлттың тілі
кеми бастауы, оның құри бастаға-
нын көрсетеді... ұлттың тілінде сол
ұлттың жері, тарихы, тұрмысы міне-
зі айнадай анық көрініп тұрады.
Ойдың тілі – сөз. Бір сөз арқылы ға-
на неше түрлі ойымызды сыртқа біл-
діре аламыз. Баланың маңайындағы
сөйленетін сөздер де әдеттегі, сұлу
болуға тиісті. Былық сөзді естіп өс-
кен бала өмір бойы былық «была-
пыт» тілді болады... Ата-ана қатал
болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ
болса, бала да жұмсақ... сондықтан
баланың маңындағы адам дұрыс мі-
незді болу керек... Мінез тәрбиесі...
жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан
иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету
деген сөз... Адамның өзін-өзі тек-
серуі оның жан-тұрмысының өр-
кендеуіне, түзу жолға түсуіне, бірін-
ші шарт... Қазақтың қаны бір, жаны
бір жолбасшысы – мұғалім... Тәр-
биешісінің табансыздығын сезсе,
бала оны сыйлаудан, тілін алудан қа-
лады...», т.б.
Ұлы ақынның методикалық еңбек-
тері де психологиялық жағынан ерек-
ше көңіл аударарлық. Мәселен, оның
қазақ мектептерінде оқу құралдарын
қандай етіп жазу керектігі жайлы
«Жазылашақ оқу құралдары һәм
мектебіміз», (Бостандық туы, 1921, N5),
сондай-ақ «Бастауыш мектепте ана
тілін оқыту жолы» (1925), «Сауатты
бол» (1926), «Әліппе» (ересектерге
арналған 1929), т.б. газет-журналдар-
да жарияланған көптеген ғылыми-
публицистикалық мақалалары өз алды-
на әңгіме етуді қажет ететін тақырып.
ЖҮЙЕЛЕУ – ретімен тұтастықты
құрайтын элементтердің жиынтығы,
ойлау операцияларының бірі. Ж-дің
белгілері: екеуден шексіздікке дейін-
гі құрылымы; элементтердің қатына-
сы; жүйелілікті түзуші факторлар-
дың тұтастық байланысы. Психоло-
гиялық жүйенің компоненттері мақ-
саттар, үрдістер, жағдаяттардан тұра-
ды. Ж. – жалпылау арқылы шындық-
тағы заттар мен құбылыстарды бел-
гілі бір принципке орналастырудан
тұратын ойлау операциясы. Ж-дің
жоғары түрі топтастыру (классифи-
кациялау). Жүйелі талдау – құбы-
лыстар мен объектілерді, әр түрлі
құрылымдарды бөліп көрсету арқы-
лы, оның тұтастығын көрсету тәсі-
лін іздестіру.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ – организмнің
сыртқы ортамен байланысын жүзеге
асырып отырады, айналадан келетін
тітіркендіргіштерге жауап қайыра-
ды. Бұлармен қатар жүйке жүйесі
түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың,
клеткалардың қызметін, зат алмасу
мен қан айналысын басқарып, сырт-
қы ортаның үнемі өзгеріп отыратын
жағдайларына оларды бейімдеп,
үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі
нейрон деп аталатын жеке клеткалар-
дан құралған. Бұл нейрондардың
әрқайсысының екі түрлі тармағы бо-
лады. Олардың бірі – ұзын тармақты
нейрит (немесе аксон), ал екіншісі –
көптеген қысқа тармақты дендрит деп
аталынады. Нейрондардың тарамдала
келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін
жүйке орталықтары дейді. Бұлар
орталық перифериялық (шеткі) және
вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің
өнебойына орналасқан. Орталық
ЖҮЙЕ
ЖҮЙК
228
жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал
перифериялық жүйке жүйесіне ми
мен жұлын жүйкелерінен тарайтын әр
түрлі шеткі жүйкелер жатады.
Жануарлар мен адамдардың психи-
калық әрекетінің материалдық негізі
болып табылатын мидың және оның
бөліктерінің құрылысы эксперимент-
ті зерттеулер арқылы ғылымда жан-
жақты, толық дәлелденген. Орталық
жүйке жүйесінің бөліктерінің орна-
ласуы көп қатарлы үйдің құрылысы-
на ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі
орналаса біткен. Осы бөліктердің жо-
ғарғысы төменгісінен құрылысы жө-
нінде, атқаратын қызметі жөнінде де
күрделірек болып келеді.
Орталық жүйке жүйесінің төменгі
бөлімі – жұлын (жуандығы 1 санти-
метрдей) омыртқа қуысының ішіне
орналасқан, оның ұзындығы ересек
адамдарда орта есеппен 45 см-ге
дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағын-
да сұр зат орналасқан. Мұның көл-
денең кесіндісінің пішіні көбелектің
бейнесіне ұқсайды. Сұр зат ней-
рондардың ұзын бұтақтарынан тұ-
ратын ақ затпен қоршалған. Жұ-
лыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке
талшықтары тарайды, олардың бір
тобы – ортаға тебетін, екінші
бір тобы – шетке тебетін жүйке
деп аталады. Жұлын біздің саналы
әрекетіміздің орталығы емес, ол
қарапайым қозғалыстарымыздың
(аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т.б.)
жұмысын басқаратын орталық
болып табылады.
Мәселен, жаңа туған нәресте емуге
әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол
сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлын-
ның шартсыз рефлекстері, олар орга-
низмге туысынан тән болады. Орта-
лық жүйке жүйесінің екінші бөлігі –
ми. Оның орташа салмағы ересек
адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы
сопақша, ортаңғы және аралық ми –
бәрі қосылып ми бағанасын құрай-
ды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқа-
лы жануарлардың өмірінде ерекше
рөл атқарады.
Сопақша ми – жұлынның тікелей
жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің,
қан айналысы мен ас қорытудың
жүйке орталықтары бар. Біздің дем
алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты
түрлі реакцияларымыз сопақша ми-
дың қызметі. Сопақша мидың сырт
жағында, формасы ағаштың жапы-
рағына ұқсас мишық орналасқан.
Мишық организмнің қозғалысын,
оның бірқалыпты жүріс-тұрысын
басқарып отырады, ол шартсыз реф-
лекстік сипаттағы қозғалыстардың
үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұ-
лардан жоғарырақ орналасқан орта
мида құлақ пен көзден баратын ті-
тіркендіргіштерді, скелет еттерінің
қалпын реттейтін жүйке орталықта-
ры бар. Аралық ми көру төмпешік-
терінен және төмпешік асты аймағы-
нан тұрады. Мидың осы бөлігін тор
тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл
бөлім дененің барлық рецепторла-
рын ми қабығымен байланыстырады,
ал мұндағы көру төмпешігі – аффе-
ренттік талшықтардың жиынтығы
болып табылады. Мидағы осы орта-
лық, оның төменгі бөліктеріне (жұ-
лын т.б.) басшылық ету процестері-
нің жұмысын реттестіріп отырады.
Ми қызметінің белсенділігін арттыру
не төмендету, оған баратын импульс-
терді іріктеп, електен өткізу де осы
бөлімнің қызметі. Оны миды энер-
гиямен қамтамасыз ететін аккумуля-
Достарыңызбен бөлісу: |