Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет28/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90

ЕСТЕ  САҚТАУ  –  жадқа  тұту.  Ес 

үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жат- 

қан  ақпаратты  жадыға  енгізуді  бел- 

гілейді.  Есте  сақтау  динамикасын 

психодиагностикалау  әдістемесі  – 

адамның  есте  сақтауының  динами- 

калық сипаттарын анықтауға көмек- 

тесетін  психодиагностикалық  әдіс- 

темелер, көбіне бұл әдістемелер адам 

қаншалықты  тез  есте  сақтайтынын 

және ақпаратты өңдеуін анықтайды.

ЕСТУ  ТҮЙСІКТЕРІ  –  бұл  ды- 

быстарды түйсіну. Дыбыстар екі түр- 

ге бөлінеді: музыкалық дыбыстар (ән- 

нің  әуендері,  музыкалық  аспаптар- 



ЕСТЕ

ЕСТУ

188

дың дыбыстары) және шулы дыбыс- 

тар (сылдырлау, ысқырық, тарсылдау, 

гүрсілдеу, ұрғылау және т.б.). Дыбыс- 

тар  қарапайым  және  күрделі  болып 

бөлінеді.  Қарапайым  дыбыстар  тон 

деп аталады (немесе макродыбыстар). 

Музыкалық дыбыстар күрделі болып 

келеді, олар бірнеше тоннан тұрады. 

Осы  тондардың  бірі  негізгі  болып 

табылады  және  дыбыстың  биіктігі 

мен  күшін  анықтайды,  басқалары  – 

қосымшалары болып саналады, олар 

обертон  деп  аталады.  Обертондар 

белгілі бір биіктіктегі әртүрлі аспап- 

тардан  шыққан  дыбыстардың  ерек- 

шеліктерін  анықтайды.  Мәселен, 

роялден, сыбызғыдан, гитарадан. Бұл 

дыбыстардың  ерекшелігі  тембр  деп 

аталады.  Сөйлеу  дыбыстары  музы- 

калық дыбыстардан (негізінен дауыс- 

тылар) және шулы дыбыстардан (не- 

гізінен  дауыссыздар)  басым  келеді. 

Есту түйсіктерінің органы құлақ бо- 

лып табылады.

Ол  негізінен  үш  бөлімнен  тұрады: 

сыртқы, орта және ішкі құлақ. Сырт- 

қы  құлақ  құлақ  қалқанынан  және 

дыбыс жолдарынан тұрады. Сыртқы 

құлақ пен ортаңғы құлақтың арасын- 

да өте жұқа, бірақ күшті дыбыстарды 

қабылдағанда жыртылмайтын, берік 

дабыл  жарғағы  бар.  Ол  түрлі  ауа 

толқындары  келіп  тигенде  өзінше 

тербеліп  отырады.  Орта  құлақ  ауыз 

және мұрын қуысымен ерекше арна 

арқылы  байланысқан.  Ішкі  құлақ 

бір-бірімен  байланысты  3  бөлімнен 

тұрады: ішкі құлақтың жоғары бөлігі 

үш жарты дөңгелек арнаны құрайды, 

орта бөлігі – камерадан, төменгі бөлі- 

гі  –  улиткадан  тұрады.  Барлық  ішкі 

құлақтың үш бөліктері ерекше сұйық 

зат  эндолимфамен  толықтырылған. 

Ішкі  құлақтың  негізгі  бөлігі  улитка 

болып табылады. Улитканың іш жа- 

ғында  Кортиев  органы  орналасқан. 

Естудің  мидағы  орталығы  бас  ми 

қабығының  маңдай  бөлігінде  орна- 

ласқан.


Есту түйсіктерінің физикалық себеп- 

тері денелердің дыбыстарының тер- 

белістерімен пайда болатын әуе тол- 

қындарының  қозғалысы  болып  та- 

былады.  Музыкалық  дыбыстар  тол- 

қындардың  кезеңмен,  ритмикалық 

қозғалыстарының нәтижесінде пайда 

болады, ал шулы дыбыстар толқын- 

дардың біркелкі емес қозғалысының 

негізінде іске асады.

Дыбыстың  биіктігі  негізгі  тонның 

биіктігімен анықталады. Тонның биік- 

тігі уақыт өлшемінде дыбыстық тол- 

қындардың  жиілігіне  тәуелді.  Тер- 

белістің жиілігі неғұрлым көп болса, 

соғұрлым  түйсінетін  дыбыс  жоғары 

болады.  Адам  құлағының  тонды 

түйсіну  қабілеті  бір  секундына  16- 

20-дан 20000-22000-ға дейінгі тербе- 

лістің  аралығын  қамтиды.  Құлақ 

секундына 1000 тербелістегі ерекше 

бір дыбыстарға сезімтал келеді.

Мәселен, есту түйсігінен айырылған 

адамдарда діріл сезгіштігі күшті да- 

мыған болады, олардың ішінде кей- 

біреулері  музыканы  тыңдай  алады.  

Бұл  жағдайда  олар  қолдарын  музы- 

калық  аспаптың  үстіне  қояды  неме- 

се  арқасымен  оркестрге  бұрылады. 

Осындай  принципте  саусақтарының 

көмегімен дыбысты қабылдау жүйе- 

сі құрылған болатын. Дыбыстың әсе- 

рімен  пайда  болған  тербелістерін 

айыру  саңырауға  саусақтарының 

терісімен  «тыңдауға»  мүмкіншілік 

береді.  Белгілі  дефектолог-ғалым 

Ольга Скороходованың көзі көрмей- 

ЕСТУ

ЕСТУ


189

ді,  құлағы  естімейді.  Міне,  осыған 

қарамастан,  ғылыми-зерттеу  жұмы- 

сымен  айналысып,  Москваның 

дефектология ғылыми-зерттеу инсти- 

тутында  аға  ғылыми  қызметкер,  пе- 

дагогика ғылымдарының кандидаты, 

бірнеше  ғылыми  еңбектің  авторы. 

О.И.Скороходова  «Мен  қалай  қор- 

шаған  дүниені  қабылдаймын  және 

елестетемін»  деп  аталатын  тамаша 

еңбегінде  өзінің  өмірі,  көру  және 

есіту  сезімінен  айырылған  адамның 

өмірі туралы өз тәжірибесін тебірене 

баяндаған болатын. Сипай сезу арқы- 

лы қоршаған дүниені қабылдай оты- 

рып, ол жоғары мәдениетті адам дең- 

гейіне жетті.

Демек,  бірнеше  сезім  органдары  іс- 

тен  шыққаңда,  адамның  миы,  оның 

жүйке  жүйесі  жаңа  жағдайға  бейім- 

деледі және қалған сезім органдары 

күшті  дами  түседі.  «Соқырдың  кө- 

руі», «Саңыраудың естуі» сөз тіркес- 

тері бір қарағанда мағынасыз сияқты 

көрінгенмен,  бірақ  бұл  олай  емес. 

Өмірде  көп  кездеседі,  адам  көзінен 

немесе құлағынан айырылады, ал кей 

жағдайда екеуінен бірдей кеміс бола- 

ды. Осындай жағдайда оны қоршаған 

ортада  бағдарлаудан,  өмір  сүру  жә- 

не  еңбек  ету  мүмкіншіліктерінен 

айырылды деуге бола ма? Олай емес. 

Басқа сау сезім органдарының сезгіш- 

тігін  дамыту  белгілі  деңгейде  көз 

бен  құлақтың  жұмысының  орнын 

толтырады.  Бұл  туралы  көптеген 

мысалдар келтіруге болады. Мәселен, 

көзінен  айырылған  адам  мүсіндеу 

өнерімен айналысып, тамаша жетіс- 

тіктерге  жеткен,  оларда  сипап  сезу 

органдары  ерекше  жетілгендіктерін 

аңғартты.

Музыкалық  шығармаларды  сыбыз- 

ғыда орындау жоғары есту дыбысы- 

ның  дамуын  қажет  етеді,  ал  сыбыз- 

ғышыларда ол пианистерге қараған- 

да  ерекше  дамыған.  Мәселен,  тәжі- 

рибелі ұшқыштар есту түйсігі арқы- 

лы ұшақтың двигателінің айналу са- 

нын өте жеңіл анықтай алады. Олар 

минутына  1300-ден  1340  айналым- 

ды еркін ажырата біледі.

Көрсетілген мысалдардан біздің түй- 

сіктеріміз  өмір  жағдайының  әсері- 

мен  дамитындығын  аңғару  қиын 

емес. Есту түйсіктері аймағында адап- 

тация жоғары болмайды және айрық- 

ша жеке-дара ауытқулармен сипатта- 

лады. Біздің құлақпен барлық дыбыс- 

тар  қабылдана  бермейді.  Ультрады- 

быстар да (өте үлкен тербелісті ды- 

быстар),  сондай-ақ  инфрадыбыстар 

да (өте баяу тербелісті дыбыстар) біз- 

дің естуімізден тыс қалады.

ЕСТУ

ЕСТУ


190

ЖАҒЫМПАзДЫҚ  –  адам  мінезін- 

дегі  жағымсыз  сипат;  оның  өзінен 

қызметі  жоғары  адамдарға  жақсы 

көріну  үшін  шектен  тыс  қошемет 

көрсетуі. Өз қабілетіне өзі сенбейтін, 

оңай  жолмен  пайда  табуды  немесе 

билікке қол жеткізуді мақсат тұтқан 

адамдар жағымпаз келеді. Жағымпаз 

адамдар  әлеуметтік  ортаға,  қоғамға 

көп зиян тигізеді. Ж. орын алған ор- 

тада адамдар қарым-қатынасында жал- 

ған өлшемдер белең алады.



ЖАҚСЫЛЫҚ  –  адамгершілік  пен 

имандылықты  сипаттайтын  жалпы 

ұғым. Адамға жағымды нәрселердің 

бәрі Ж. ұғымы арқылы жүзеге асады. 

Осы  жалпы  қасиеті  арқылы  жас  та, 

кәрі  де  өзінің  мақсат-мүддесіне,  ар- 

ман-тілегіне,  болашақтан  үміттенуі- 

не сенімін білдіреді. Ж. арқылы же- 

ке адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғам- 

дық қатынастарына, адамаралық бай- 

ланыстарына  тиісті  баға  беріледі. 

Ж.  әртүрлі  деңгейде  тұлғалық  қа- 

сиеттердің ізгілігін айқындайды. Бұл 

ұғым  әлеуметтік  психология  мен 

әдептану  ғылымдарында  жиі  қолда- 

нылады  және  адамның  жас ерекше- 

лік,  ұлттық,  жыныстық  (гендерлік) 

өзгешеліктерімен байланысып жата- 

ды. Ж. ұғымы педагогикалық психо- 

логияда да, этнопсихологияда да жиі 

қолданылады. Бұл ұғым бұрын-соң- 

ды шыққан орыс және төл тілімізде- 

гі  психологиялық  сөздіктерде  орын 

алмауы бұл мәселенің әлі де тыңғы- 

лықты зерттелмегенінің айғағы.

ЖАЛАИРИ  ҚАДЫРҒАЛИ  ҚО- 

СЫНҰЛЫ (1530-1605) – шежіреші-

ғалым. Қ.Жалаири: «Мен дүние жү- 

зіндегі түрлі мемлекеттерді аралаған, 

әділ үкім, нақыл сөзге қанық көпте- 

ген кітаптар оқыған адаммын» – дей- 

ді. Бізге ол жазған шежіренің (1602) 

екі көшірмесі мен шағын үзіндісі ға- 

на  жеткен.  Мұның  бірінші  бөлімін 

жазған  кезде  ол  Рашид-әд-диннің 

әйгілі  «Жамиғ-ат-тауарих»  кітабын 

негізге  алған.  Кейін  бұл  Қ.Жалаири 

өзі жазған еңбек «Шежірелер жинағы»  

деп  аталып  кеткен.  Мұнда  түркі-

монғол  тайпаларының  Шыңғыс  пен 

оның  ұрпақтарының  тарихы  баян- 

далған.  Екінші  бөлімде  Орыс,  Тоқ- 

тамыс, Темірқұтылық, Хажыгерей, Ха- 

жы-Мұхаммед, Әбілхайыр, Жәдігер, 

Ораз-Мұхаммед,  Едігелердің  өмірі 

баяндалған. Бұларда қазақ хандығы- 

ның құрылу алдындағы тарихи-әлеу- 

меттік  жағдайлар  мен  көшпелілер- 

дің  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпы,  пси- 

хологиясы, мақал-мәтел, нақыл сөз тү- 

рінде көрініс тапқан.

ЖАЛАҚОРЛЫҚ  –  жала  жапқыш- 

тық,  бәлеқорлық  адамның  мінез-

құлқындағы  жағымсыз  қылық.  Бі- 

реуге кінә артып, оны балағаттау. Ада- 



ЖАҒЫ

ЖАЛА

191

ми  қасиетті  қорлап,  бәле  артатын, 

арсыздық пен надандық әрекет.  Жа- 

лақорлық  адамның  өз  басын  ақтау 

үшін де өзге адамға күнә, айып тағып 

«судан таза, сүттен ақ» болып шығу- 

ға  әрекеттенген  жағымсыз  қылық 

пен  арам  ниетті  адамдар  тіршілікте 

кездесіп  отырады.  Жалақорлықты 

шынайы  ісімен  бекерлейтін  адам  өз 

ісінің ақтығына сеніп іс қылады, реті 

келгенде  жала  жабушының  ісі  мен 

мінезіне  талдау  жасай  отырып  оны 

бекерлейді, дәйекті сөзімен жалақорды 

кінәлайды.  Жалақорлықпен  іргелес 

түсінік-ұғым өтірік айтып, өзгеге жа- 

ла  жабу.  Жалақорлықтан  арылудың 

төте  жолы  істің  ақ-қарасын  ақылға 

салып дұрыс шешу.

ЖАЛҒАНДЫҚ  ДЕТЕКТОРЫ  – 

адамның  аффектілік  жәйін  сипат- 

тайтын физиологиялық көрсеткіште- 

рін  объективті  зерттеуге  арналған 

аппараттар  жинағы.  Ж.д.  АҚШ-та 

жасалған,  көбіне  юристік  практика- 

да  құқық  бұзушыларды  тергеу  ке- 

зінде  қолданылады.  Ж.д-нда  сына- 

латын адамға терігальваникалық реак- 

цияны  (ми  биотоктарын  жазу),  пле- 

тизмограмманы  (ағзаның  тамырлық 

реакциясы),  тремор  (бұлшық  еттер 

дірілі)  және  т.б.  тіркейтін  аспаптар- 

дың датчиктері бір таспаға шығары- 

лып, тәжірибелі тергеуші ол көрсет- 

кіштер бойынша сыналушының эмо- 

циялық  жай-күйі  туралы  оның  мі- 

нез-құлқының  сыртқы  нысандарын 

ғана  бақылаған  кездегіден  гөрі  не- 

ғұрлым дәл пікір түйе алады. Мұнда 

әдейі  жаттықпаған  адамның  вегета- 

тивтік  реакцияларды  іс  жүзінде  өз 

ырқымен  басқара  алмайтыны  негіз- 

ге алынады.

Ж.д-нда  сынау  оның  нақ  көзделіп 

отырған эмоциогендік жағдаятқа қа- 

тысты  реакциясын  тіркейтініне  ке- 

пілдік  бермейді.  Бұлар  қорқыныш, 

үрей, депрессия күйіне душар ететін 

тергеудің өзіне деген реакциялар бо- 

луы  мүмкін.  «Шын  мәніндегі»  эмо- 

цияларды  аппаратуралық  әдістеме- 

лерден  «индукцияланған»  эмоция- 

лардан саралау мүмкін емес. Осының 

өзі көптеген соттық қателерге себеп- 

ші  болып,  жалғандық  детекторында 

сынауға  қарсылық  туғызды.  Психо- 

логияда Ж.д. шыққанға дейін-ақ қыл- 

мыстың «аффектілік іздерін» зерттеу 

әдісі талданып белгіленген болатын.



ЖАЛҒЫзДЫҚ – басқа адамдардан 

оқшауланған,  өзгерген  (үйреншікті 

емес)  жағдайға  ұшыраған  адамның 

эмоциялық күйіне ықпал ететін пси- 

хогендік  факторлардың  бірі.  Адам- 

ның Ж. жағдайда болу уақыты ұзар- 

ған  сайын  тілдесуді,  қарым-қаты- 

насты қажетсіну күшейе түседі. Бұл 

қажетсінуді қанағаттандыру мүмкін- 

дігінің болмауына жауап ретінде адам- 

дар  заттарды  (қуыршақтарды  және 

т.б.), әртүрлі жануарларды (өрмекші- 

ден  бастап  аттарға  дейін)  тұлғалан- 

дырып тіл бітіргендей әрекет жасай- 

ды, қиял күшімен серіктестер тудыра- 

ды  (бірқатар  жағдайларда  түсінде 

көрген  жарқын  эйдетикалық  бейне- 

лер түрінде), олармен дауыстап сөй- 

лесе бастайды. Бұл экстериоризация- 

лық реакциялар қорғаныштық (есесін 

өтеушілік)  реакциялар  деп  бағам- 

далып,  психологиялық  норма  шең- 

берінде  қарастырылады.  Орнықсыз 

психологиялық қарекет кезеңінде сы- 

налушыны арнаулы аппарат арқылы 

бақылауда немесе тұтқындағыларды 



ЖАЛҒ

ЖАЛҒ

192

есіктегі «әйнек-көз» арқылы қадаға- 

лау  кезінде  бірқатар  адамдарда  ай- 

рықша психологиялық жай-күй пай- 

да болады; мұндайда олар тырдай жа- 

лаңаш  отырғандай  немесе  ойлары- 

ның  бәрі  айқын  білініп  отырғандай 

өзін  ыңғайсыз,  ауыр  болады  және 

көрген түстерін шындық болмыспен 

шатастырушылық  жағдайлары  бай- 

қалады.  Ж-тың  қатаң  жағдайында 

болу  мерзімі  ұзарған  сайын  терең 

психологиялық  өзгерістер  кезеңінде 

аса  бағалы  идеялар,  қарым-қатынас 

идеялары,  тұлғаның  қосарласушы- 

лық  бөлінуі  және  реакциялық  гал- 

люцинациялар пайда болады. Ж. жал- 

қылықты да білдіреді.

Жеке-дара болу да Ж. Салт адам да 

Ж. Отбасында, жанұяда жалғыз өзі- 

нің тіршілік етуі. Психология ғылы- 

мында адамның жеке басын зерттеу 

даралық  немесе  дифференциалды 

психология деп аталады. Жеке басты 

зерттеуде  адамның  жан  дүниесінің 

сыр-сипатын,  психологиялық  ерек- 

шеліктерін  зерттеу  күрделі  мәселе 

болып  саналады  да,  оның  кісілік 

қасиеттерінің дамуын, жеке процес- 

тері  мен  ерекшеліктерін  ашып  көр- 

сетуге ерекше мән беріледі. Жеке бас- 

қа тән сипаттар темперамент пен мі- 

нез,  оның  дара  басына  тән  қабілет- 

тілігін айқындап көрсету, бұл ғылым- 

да  айрықша  орын  алатын  маңызды 

проблема болып саналады. Ж. ешкі- 

мі жоқтық, саяқтық. Ж. бірен-саран, 

аздаған,  некен-саяқ  дейтін  ұғымды 

да білдіреді. Халықтық ұғым-түсінік 

бойынша  Ж.  қиындыққа  төзіп,  тір- 

шілік  етуіне  жанашырлық  білдіруі 

адами-гуманистік  сезімді  білдіреді. 

Оған мүмкіндігінше көмек көрсетіп, 

есіркейтін болған.



ЖАЛҚАУЛЫҚ  –  адам  бойындағы 

жағымсыз  сипат.  Жұмысқа  мойны 

жар  бермейтін  еріншек,  бойкүйез, 

кежірлікті білдіретін мінездегі ұнам- 

сыз  сипат.  Ж.  кежегесі  кейін  тарт- 

қан  кежірлік,  жайбасарлық.  Ж.  ша- 

бан қозғалысымен, бойкүйездік ерін- 

шектігімен,  кертартпа  кежірлісімен 

айқындалатын адам мінезіндегі ерек- 

шелік. Ж. жұмыс істегісі келмей ері- 

ну,  салғыртсыну  сияқты  адам  міне- 

зіндегі  көріністерден  де  анық  аң- 

ғарылады.  Жалқаулыққа  салыну  ке- 

жегесі  кейін  тартып  іс-әрекет  етуге 

ерінуді білдіреді. Ж. сияқты мінездегі 

жағымсыз  сипаттан  арылу  үшін 

адам күнделікті тіршілікте өз алдына 

мақсат-міндет  қойып,  оны  қалайда 

әрекет жасап жүзеге асыруым керек 

деген талап қойып отыруы қажет.



ЖАЛПЫЛАУ – клиенттің монолог- 

ты түрде тәубеге келіп ашқан сырын, 

психолог  кеңесшінің  жалпылама 

түрде қысқаша қайталауы. Ж. – тал- 

дап  қорыту,  жұмыс  тәжірибесін 

талдап  қорыту,  жалпы  қорытынды. 

Ж.  –  заттар  мен  құбылыстардың 

жалпы  қасиеттерін  ой  (операциясы) 

арқылы  біріктіру  тәсілінің  бірі.  Бұл 

тәсіл  абстракция,  дерексіздендіру 

әрекеттерімен тығыз байланысты. Ж. 

тәсілі  әртүрлі  деңгейде  жүргізіліп, 

нәрселер  мен  құбылыстардың  бір-

бірімен тығыз байланысты екендігін 

білдіреді.  Олардың  өзара  қарым-

қатынасын, себепті байланысын, даму 

заңдылықтарын,  жалпы  және  мәнді 

белгілерін бейнелейтін ой әрекеті. Ж. 

ұғым құрудың да негізгі тәсілінің бі- 

рі. Ұғым құруда Ж. арқылы нәрселер- 

дің тобына тән қасиет белгілері ата- 

лып,  олар  сөйлеу  әрекеттерімен  ай- 



ЖАЛҚ

ЖАЛП

193

қындала  түседі.  Ж.  әрекетінің  өзін- 

дік  сипаты  бар.  Бастауыш  сынып 

жасындағы балалар нәрселердің мән- 

ді  белгілерін  өз  сөздерімен  ажыра- 

тып  көрсетуде  қиналады.  Мұндай 

себеп  кеміс  балалардың  нәрселер 

мен  құбылыстардың  мәнді  белгіле- 

рін  олардың  сыртқы  көрініс  белгі- 

лерінен нақты ажырата алмай, олар- 

ды  өз  сөздерімен  айтып  бере  алма- 

уы.  Тілі  жоқ  керең  балалардың  да 

Ж. әрекеті мардымсыз болатындығы 

мәлім.  Алайда  олардың  Ж.  тәсілін 

меңгеруді  сөз  арқылы  дамытып,  ті- 

келей  сезімдік  танымын  өрістетіп 

отыруға болатындығы күнделікті оқу- 

тәрбие  тәжірибелерін  зерттеулер- 

ден белгілі.

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ – мұнда 

психология  ғылымының  іргелі  тео- 

риялық  категориялары  баяндалады. 

Сонау Стагерит Аристотель мен әл-

Фараби,  Абай  Құнанбаев,  Жүсіпбек 

Аймауытов еңбектерінде жалпы пси- 

хологияның мәселелері үш топқа бө- 

лінген.


Олар:  танымдық  процестер  (зейін, 

түйсік, қабылдау, елес, ес, ойлау, сөй- 

леу, қиял;

екінші топ – сезім-эмоция мәселеле- 

рін қамтыса,

үшінші топ – ерік-жігер, қажыр-қай- 

рат мәселелерін баяндайды.

Ал  ғылыми  психологияда,  әсіресе, 

кеңес  психологиясында  бұл  мәселе 

кеңес  психологтарының  айтуынша 

жалпы психология мәселелеріне бай- 

ланысты 30-40 жж. Г.С.Костюк, С.Л.Ру- 

бинштейн, А.Н.Леонтьев, А.А.Смир- 

нов,  Б.Г.Ананьев,  Б.М.Теплов  ең- 

бектерінде  жалпы  психология  мәсе- 

лелерін сонау бір кездегі Аристотель, 

әл-Фараби,  Абай  линиясымен  тү- 

сіндіруді  қолдады.  Аталған  ғалым- 

дардың  айтуынша  жалпы  психоло- 

гия психикалық құбылыстардың, дә- 

лірек  айтсақ,  таным  процестеріне, 

сезім-эмоция, ерік-жігер процестерін 

бір  төбе,  одан  соң  психикалық  қа- 

сиеттер (қызығу, темперамент, мінез, 

қабілет) және психикалық қалып не- 

месе  көңіл  күй  ретінде  үшке  бөліп, 

оның  теориялық  аспектілерін,  әдіс- 

темелік  негіздерін  баяндайды.  Бұл 

принцип  жалпы  психологияда  күні 

бүгінге  дейін  сақталып  келеді.  Шы- 

ғып жатқан сан алуан оқулықтар мен 

оқу құралдарында, олардың авторла- 

ры да осы принцип бойынша жалпы 

психология  мәселелерін  түйіндейді. 

Психологияның  сан  алуан  салалары 

(жалпы  саны  50-ге  жуық)  өзінің 

әдіснамалық бастауларын жалпы пси- 

хологияға негіздеп, баяндайды. Пси- 

хология  салаларының  ішінде  бұл 

принцип  жас,  даму,  жас  ерекшелік, 

педагогикалық, медициналық т.б. са- 

лалары  осы  принциптің  төңірегінде 

дүниеге келген. 

Адамның танымдық процесі – сезім- 

дік  және  ақыл-ой  сатылары  арқылы 

жүзеге  асады  деп  үйретеді.  Дүние 

туралы  алғашқы  мәліметті  адам  се- 

зім  мүшелері  арқылы  алады.  Сезім 

мүшелерінің  бастысы  –  көз.  Халық 

көру  мүшесі  –  көзді  қос  шамшырақ 

деп ерекше қастерлеген. Расында да, 

көрмеген  нәрсенің  түр-түсі,  форма- 

сы  туралы  адам  санасында  дұрыс 

ұғым тумайтыны хақ. Халықтың «Көр- 

мегенге көсеу таң», «Көрмей білмей- 

сің» дейтін мақалдары осындай жайт- 

та туған. «Көп жасаған білмейді, көп- 

ті көрген біледі», «Көп жасағаннан сұ- 

рама, көпті көргеннен сұра» іспеттес 

ЖАЛП

ЖАЛП


194

мақалдар  да  осы  пікірімізді  онан 

сайын толықтыра түседі.

Мақал-мәтелдерде  адам  түйсіктері 

ақыл,  ой,  сезім  процестерімен  бай- 

ланыста болса ғана өз мәніне ие бо- 

латындығы,  («Көңілдегі  сырды  көз 

біледі», «Көз көрмей, көңіл сенбес», 

«Жүректің сырын, көздің нұры паш 

етер»), сондай-ақ, адамның сезім мү- 

шелерінің тану қабілетінің шегі жоқ 

екендігі жөнінде де тиісті мағлұмат- 

тар берілген («Көз көруге тоймайды, 

құлақ  естуге  тоймайды»).  Мақал-

мәтелдерден танымның сезімдік жә- 

не  ақыл-ой  басқыштарының  бір-бі- 

рімен  байланысы  туралы  айтылған 

қызықты  жайттарды  да  көптеп  кез- 

дестіруге  болады.  Сыртқы  дүниенің 

толып жатқан құбылыстарының бар- 

лығын  тікелей  сезу  қиын.  Дүниеде 

біз тікелей біле алмайтын заттар мен 

құбылыстар  да  мол.  Адам  есітіп-

көргенін, сезіп-сипағанын ақылға са- 

лып  өңдеп,  бір-бірімен  салыстыра, 

талдай жинақтап, жалпылай алу қа- 

білетіне ие болады.

Жанама,  жалпылай,  сатылап  тану 

арқылы біз құбылыстардың ішкі мә- 

ніне, олардың бірінің себеп, екіншісі- 

нің салдары екендігіне, бірінің екін- 

шісінен туып отыратындығына көзі- 

міз жетеді. Мәселен, «Бой жетпеген 

жерге ой жетеді», «Көз көрмеген жер- 

ге сөз жетеді», «Көз жеткізер, көз жет- 

кізбегенді  сөз  жеткізер»,  деген  ма- 

қалдарда біз жоғарыда айтқан таным 

процесінің  негізгі  екі  сатысының 

өзара байланысы мейлінше анық та, 

айқын айтылған. Атап айтқанда, «Көз 

жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жет- 

кізер»  деген  мақалдың  мәні  адамда 

болатын сигнал жүйелерінің болмы- 

сын  (адам  миындағы  бірінші,  екін- 

ші сигнал жүйелері Қ.Ж) және олар- 

дың арасындағы байланысты жақсы 

аңғартады.  Халық  көру  мен  ой,  сөз 

арқылы танып білудің арасында елеу- 

лі  айырмашылық  бар  екенін  жақсы 

аңғара алған.

Бұл жерде «Көз жеткізер» деген сөз 

тек көз туралы айтылып қоймай, жал- 

пы  мағынада,  яғни  сезім  мүшелері 

арқылы танып білу жөнінде де айты- 

лып отыр. Көз, қүлақ, тері т.б. сезім 

мүшелерінің жұмысы – бірінші сиг- 

нал  жүйесінің  қызметі  болып  табы- 

лады. Ал, «сөз жеткізер» тіркесін қа- 

зіргі ғылыми тілмен айтатын болсақ, 

бұл  –  екінші  сигнал  жүйесі  арқылы 

танып білу деген сөз. Сөз бен ой түй- 

сіктері  арқылы  тікелей  бейнеленген 

нәрселердің ішкі мәнісін, негізгі сы- 

рын  тереңірек  ажыратуға  мүмкіндік 

беретін  өте  күрделі  психикалық  құ- 

былыстар.

Ерте кездің өзінде-ақ адамдар сырт- 

қы  ортаны  тануда  практиканың,  тә- 

жірибенің,  маңызы  зор  екенін  көре 

білген.  Таным  процесінің  басынан 

аяғына дейін, яғни тікелей пайымдау- 

дан  абстракты  ойлауға  дейін  іс-әре- 

кет,  тәжірибе  қосарласа  жүріп  оты- 

рады.  Практика  –  дүниетанудың 

негізгі  бағытын  көрсетіп  отыратын 

басты  өлшем  екендігін  мақал-мә- 

телдер  былайша  тұжырымдайды: 

«Шынайы  еңбек,  алғыр  ой  –  анық 

досың,  біліп  қой»,  «Көп  көрген  – 

нұсқа,  көп  істеген  –  ұста»,  «Саусақ 

бірікпей  ине илікпейді», «Сөзің қыс- 

қа болсын, қолың ұста болсын» т. б. 

Бұларда іс-әрекеттің арқасында ғана 

адам  өзінің  мақсатына  жететіні,  тек 

осылай  еткенде  ғана  оның  дүниені 

толық тани алатыны, айтылған. Адам 

психологиясының  жетіліп,  қалып- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет