ЖАУА
ЖАУА
215
ды. Кез келген міндетті орындау
еріктік қасиеттер мен күш-жігерді –
табандылықты, ынтаны, батылдық-
ты, шыдамдылықты талап етеді. Ал
міндеттер, яғни шартсыз түрде орын-
далуға тиісті әрекеттер рөлдік функ-
цияларды орындауға байланысты
ажыратылады: қызметтік, отбасылық,
азаматтық қоғамдық, және т.б. Пси-
хологияда тұлғаның жауапкершілік
қасиетін анықтайтын субъективтік
қадағалау деңгейі ұғымы бар.
ЖАУЛАСУШЫЛЫҚ – екі адамның
бірімен-бірінің, не екі жақтың дұш-
пандық, жаулық жағдайда болып
қалыптасуы. Ж. екіжақты қастандық
әрекет ретінде шабу, шауып алу,
жаулап алып бір елдің өзге елді отар-
лауы сияқты әрекеттері арқылы жү-
зеге асып жатады. Ж. тек екі мем-
лекет не екі тайпа арасында ғана
емес, сонымен қатар жеке адамдар
арасында да болып жататын әрекет.
Ж. халықтардың біріне-бірінің айдап
салу, өшіктіру, жау етіп, дұшпан етіп
көрсету нәтижесінен де байқалады.
Осы орайда «Жауластырмақ жаушы-
дан, елдестірмек елшіден» дейтін ма-
қалда терең ойдың мәнін тұжырым-
дап берген.
Ж.-тың өршіген көрінісі жаугерші-
лік-соғыс жағдайымен бірімен-бірі
қырып-жою әрекеттерімен ұштасып
жатады. Ж. жеке адамдар арасында-
ғы кереғарлық қатынастан бастап
екі мемлекет, екі халық, не қоғамдық
саяси-экономикалық қатынастағы ел-
дер мен мемлекеттер арасында бо-
лып отыратын әлеуметтік жағдай,
қоғамдық құбылыс болып саналады.
Дүниежүзі халықтарының біздің ға-
сырымыздағы жағдайларды келешек-
те де бейбіт жолмен, ақыл-санамен
шешіп отыруды игі мақсат етіп ұстанады.
ЖЕК КөРУ – тілімізде жеккөрініш-
ті, жексұрын, сүйкімсіз дейтін атау-
лармен қолданыла береді. Ж.к. сүй-
кімсіз, мінез-құлқы мен іс-әрекеті жа-
ғымсыз адамға қатысты білдіретін
көңіл күйі. Ж.к. негізінен, адамның
оғаш қылықтарын, дөрекі мінезі мен
жүріс-тұрысының да жексұрын қи-
мыл-қозғалыстарын білдіреді. Ж.к.
адамның ұнамсыз, тартымсыз, қы-
лықсыз, жағымсыз түр-сипатынан, іс-
қимылынан, сөйлеген сөзінен, өзге
адамдармен жағымсыз қарым-қаты-
насынан да көрініп тұрады да ма-
ңындағылардың ж.к. сезімін тудырады.
Ж.к. адамның өзге адамдарға деген
көніл күйінің қатынасын білдіретін
сезімі. Ж.к. сезімінің туындауы ең ал-
дымен жеке басындағы кісілік қасиет-
терінің жоқтығы; екіншіден, маңын-
дағы адамдарға жағымсыз мінез-
құлқының ұнамсыз жақтарымен көз-
ге көрінуі; үшіншіден, өз басының
әлеуметтік орны мен азаматтық бо-
рышына немқұрайды қарап, қарым-
қатынас жасаудағы жағымсыз, оғаш
әрекеттеріне байланысты болып оты-
рады. Ж.к. сәбилер мен бүлдіршін-
дердің өмірінен айқын байқалып
отырады. Ойын үстінде балалар бірі-
не-бірі дөрекілік жасап, құрбысына
әділетсіз әрекет жасаса, оны өзгелері
жек көріп, оған жиіркенішті сезіммен
қарайтын болады.
Ондай құрбыларымен бірлесіп ой-
нағысы келмей тартыншақтық көрсе-
теді. Ж.к. мінездің өзіндік ерекшелі-
гін білдіретін сезіммен тығыз бай-
ланысты психологиялық күй. Ж.к.
сезімі адамды дұшпанға, қаскөйлердің
ЖАУЛ
ЖЕКК
216
жауыздық әрекеті мен дұшпандық іс-
әрекетіне деген көзқарасында тұрақ-
ты болып келеді. Ж.к. жексұрындық
пен сүйкімсіздік адамның жан дүние-
сіне қолайсыз әсер етіп, көңіл күйін
жабырқатады, мұңаю мен қамығу
сезімін оятып ренжітеді. Психология-
да адамның өз көңіл күйін билеп, жа-
бырқау мен мұңаюдан бойын аулақ
ұстауы ерікті әрекеттеріне байланыс-
ты деп көрсетеді.
ЖЕКЕДАРАЛЫҚ – тұлға дамуы-
ның ең жоғарғы деңгейі, ал «жеке-
даралық» – бұл тереңдік өлшем
деген пікірді білдірді. Ж. – адамның
өмір жолының жоғарғы синтезі, ин-
тегралды нәтижесі. Ол, бір уақытта,
адамның ивдивид, тұлға және субъект
ретіндегі өзіншелігі мен қайталан-
бастығын білдіреді. Ж. ретіндегі адам
өмірдің әлеуметтік нормаларын өзін-
ше, авторлық «оқуында», өзінің ерек-
ше дара өмір тәсілін, өзіндік дүние-
танымын, өз келбетін құруында, өз
ар-ожданына сүйенуінде ашылып
көрінеді.
Тұлғаның өзгешелігі мен айрықша-
лығы оның жекедаралық деңгейінің
пайда болуын білдіреді. Ж. – дамыған
өзін-өзі реттеуші жүйе. Дамыған тұл-
ға кедергілерге тұрақты болып ке-
леді және тұйықтылықпен сипат-
талатын, айқын, дамыған өзіндік сана-
ға ие. Осындай жетілген «Мен» жү-
йесі қоршаған ортаға қатысты даму-
дың фильтрі болып табылады. Со-
нымен қатар, дамыған тұлға өнімді
және жасампаз болады. «Жекедара-
лықты» адамның дүниедегі мағына-
лық қатынастары мен бағдарлары-
ның жиынтығы ретінде түсінеді. Олар
адаммен қоғамда өмір сүру барысын-
да игеріледі және оның құндылықтар
иерархиясында бағдарлауын, түрткі-
лер күресі жағдаятында мінез-құ-
лықты меңгеруін қамтамасыз етеді.
ЖЕКЕ МЕНШІК ПСИХОЛО-
ГИЯСЫ – жеке меншік – қоғамға,
мемлекетке тән емес әрбір адамның
жеке басына тән меншігіне деген
көзқарасын, сана-сезімі мен жан дү-
ниесінің сын-сипатын білдіретін мі-
нез-құлықтарының жиынтық көрсет-
кіші Ж.м.п.-ның қалыптасуы адам-
ның даралық, дербестік тіршілік етуі-
не сәйкес оның дүние мүлкіне, отбасы
мүшелері мен ағайын-туыстарына,
өзге адамдарға өмірімізде мемлекет-
тік, қоғамдық-кооперативтік меншік-
пен бірге жеке меншіктік мүлікке
құқымыз болды. Алайда біздің пси-
хологиямызға билік еткен, негізінен,
мемлекеттік меншік болып келді. Қа-
зіргі гуманистік және демократиялық
ұстанымдарға негізделіп отырған қо-
ғамдық өмірде Ж.м.п. – көзқарастың
өрістеуіне жағдай тудырады. Халқы-
мыз жәйттің мән-жайын «өзімдікі
дегенде өгіз қара күшім бар» деген
мәтелмен тұжырымдаған. Ж.м.п-ын
қоғамдық-әлеуметтік талап-тілек-
теріне сәйкестендіріп отыру қоғам-
дық тәлім-тәрбие істерінің үздіксіз
жүргізіліп, адами қасиеттерді неғұр-
лым гуманистік ұстанымдарға ла-
йықтап жүзеге асыруға байланысты.
ЖЕҢІЛТЕКТІК – адам мінезіндегі
ұшқалақ, дәйексіз, жеңілдікті біл-
діретін сипаттары. Ж. мінез жеке
адамның іс-әрекетінде, «адамдармен
қарым-қатынаста әрбір істің мән-
жайына ой жіберіп, терең ойламай,
жай түрде қарайтын асығыс ой түйе-
ЖЕКЕ
ЖЕҢІ
217
тін өзіндік ерекшелігі. «Жаңағы Абай
мен жеңілтек чиновник арасында бол-
ған өткір қағысуды да түгел естіген
болатын (Әуезов)».
Ж-тің бір ерекшелігі – дәйексіз,
тұрлаусыз, айнымалы, бір жерде шы-
дап тұра алмайтын адам. «Дәйексіз
шегір көздері қазір-ақ шатынап,
сынып кеткелі тұрған шыны тәрізді
(Сәрсенбаев)». Ж. мінез ерекшелік-
тері адамдардың өзара қарым-қаты-
насында ой жүйесінің дәлелсіз, тия-
нақсыз екендігін де білдіреді. Ж.
мінезі шыдамы жетпейтін ісі мен сө-
зінде тиянағы жоқ табансыздықты да
білдіреді. Ж.-тің тағы бір ерекшелі-
гі – ұшқалақтық, жеңілтек мінезді,
ұшып-қонған ұстамсыз, дегбірсізде-
ніп, жеңілтектік қимыл-қозғалысы-
мен ұшып-қонып жүреді. «Артур құ-
саған ұшқалақтары рюмкесін әлден
көтеріп, жымыңдап тұрған-ды (Ә.Нұр-
пейісов)».
Ж. мінездің сипаты ретінде адамның
кісілік келбеті мен абырой-атағына
нұқсан келтіретін ерекшелік. Жеңілтек
қылықты адамда байыптамаушы-
лық, қысқа қайырымдылық, үстірттік
жиі байқалады. Ондай адамдарға
салиқалы, жауапты істерді атқаруға
сенім білдірмейді. «Сол айтқанына
кейін өзі «жеңілдік», ұшқарылық
болды-ау деп өкінген де болатын.
(М.Әуезов)». Жеңілтек мінез көрсе-
тетін адам көпшілік қауым арасын-
да абыройлы бола алмайды.
ЖИЕНБЕТ БОРТАҒАШҰЛЫ –
XVII ғасырдан бізге жеткен мұралар-
дың біразы Жиенбет есімімен байла-
нысып жатады. Оның шығармалары-
нан дербес билік құруды көксеген
сол заманның өктем тұлғасының үні
естіледі. Мәселен, оның інісі Жолым-
бетке айтқан толғауында өз басының
көңіл күйін, толғаныс-тебіреністе-
рін, арман-мұңын жырлайды.
Өмірінің соңғы жылдарында Жиен-
бет жырау ханның қуғынына ұшы-
рап, шет жерде жүрсе керек. Осы жайт
мына жолдардан жақсы аңғарыла-
ды: Азап шектім аралда, Қашырды
бүйтіп өлімнен, Қайырымсыз болған
хандарға, Тиер ме екен бір күні, Жол-
барыстай шеңгелім!
Жиенбет жырларынан да әртүрлі
моральдық психологиялық топшы-
лау – пайымдаулар, педагогикалық
түйіндер, яғни келер ұрпаққа тәлім
берер тамаша пікірлер де ұшыраса-
ды. Осы айтылғанға орай жырау тол-
ғауларындағы мына жолдарға бір
сәт назар аударып көрелікші: Менің
ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен
аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқы-
дағы асау тайындай, Зорлығымды
сұрасаң, Бекіре менен жайындай, Бе-
ріктігімді сұрасаң, Қарағай менен
қайыңдай...
Бұларда өз заманындағы жас жет-
кіншектерге жан-жақты жетілген, ел-
ге қорған болатын батырлардың өне-
ге, үлгісі суреттеледі. Айлар, жылдар
бойы шыдамдылыққа, жүректілік-
ке, төзімділікке, қару-жарақты мең-
геруге баулу арқылы ғана жас ұрпақ-
ты ел қорғаны етіп тәрбиелеуге бо-
лады. Жырау жастарды өзі секілді
жауынгер, ер тұлғалы болуға шақы-
рады. Мәселен, Жиенбет толғауын-
дағы: «Менің ер екенімді көргенсің»,
«Сенсіз де күнім көрермін», «Қайра-
тым қанша қайтса да, мұныңа ханым
шыдаман», «Жолбарыстай Жолым-
бет», «Бас кессе де басылмай, ақ ісім-
ді жасырмай», – деген жолдарда ер-
ЖИЕН
ЖИЕН
218
кіндікті аңсаған намысқой, бір бет-
кей батырдың, бейнесі, үлгісі ұсы-
нылады.
ЖИІРКЕНУ – адам тікелей қаты-
наста болған объектілердің (заттар,
адамдар, құбылыстар, оқиғалар т.б.)
жеке тұлғаның көзқарасына адамгер-
шілік, эстетикалық талғамына ымы-
расыз қарама-қарсылықта болуынан
туындайтын ұнамсыз эмоциялық кү-
йі. Мұның ішетін астан жиіркену
дейтін анатомиялы физиологиялық
түрі де болады.
ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ҚЫзМЕТІ-
НІҢ зАҢДАРЫ – И.П.Павлов ми
қабығында жүріп отыратын қозу жә-
не тежелу процестерінің ішкі заңды-
лықтарын ашты. Ол осы процестер-
дің алғаш пайда болған жерінен жа-
йылатынын (иррадиация), кейін бір
жерге шоғырланатынын (концен-
трация) эксперименттік зерттеулер
арқылы дәлелдеді. Иррадиация құ-
былысы шартты рефлекстердің мида
жайылып, оның әлі берік жасалмаған
кезінде көрінеді. Мысалы, бала әліп-
пеге үйрену кезеңінде «ы», «і» әріп-
терін айыра алмай қиналады, мұның
себебі алғашқы кезде қозу процесі-
нің бір орында тұрмай, жан-жаққа
жайылуында болып отыр.
Ми қабығында қозу мен тежелудің
бір жерге жинақталып, шоғырлануы
да (концентрация) үнемі болып оты-
рады. Бірақ ол баяулау пайда болып,
едәуір жүйке күшін қажет етеді. Мы-
салы, жаңағы айтылған «ы», «і» әріп-
терінің таңбасын, олардың естілу
ерекшеліктерін бала бірнеше рет
қайталағаннан кейін ғана шатастыр-
май танитын болады. Қозу мен те-
желу процестерінің жайылу және
шоғырлану заңы организм өмірінде
аса маңызды биологиялық рөл ат-
қарады. Мысалы, тежелу процесінің
бірқалыпты жайылуы, көп жағдай-
ларда ми сыңарлары қабығының
клеткаларын мөлшерден тыс қажып
кетуден сақтайды. Мәселен, ұйқы –
бұл мидың барлық алабына тежелу-
дің жайылуы.
И.П.Павлов ұйқыны қорғаныс теже-
луі деп атағанда, оны ми қабығын
қажудан сақтайтын негізгі фактор-
лардың бірі деп есептеген. Қозу мен
тежелудің ішкі заңдылықтарының
бірі – өзара индукция заңы. Бұл заң
бойынша: егер мидың бір алабында
қозу процесі туса, басқа бір алабын-
да міндетті түрде тежелу процесі
туады, керісінше, тежелу процесі бол-
ған жерде оған қарама-қарсы процесс –
қозу пайда болады. Мидың бір ала-
бында қозу тежелу процесімен қор-
шалатын болса, бұл құбылысты теріс
индукция дейді. Мысалы, адам бір
нәрсе туралы барлық ынтасын салып
ойланған кезде өзінің айналасында
не болып жатқанын байқамайды.
Бұл біздің миымызда теріс индукция,
яғни күшті қозу процесінің болып
отырғандығын көрсетеді. Екінші бір
жағдайда ми қабығының бір алабын-
да пайда болған тежелу айнала-
сындағы алаптарда қозу процесін
тудырады. Бұл құбылыс оң индук-
ция деп аталынады. Оң және теріс
индукциялар бір мезгілде пайда бол-
са, бір мезгілдік индукция, бірінен ке-
йін бірі пайда болса, бір ізділік ин-
дукциясы деп аталынады. Қозу мен
тежелу процестерінің заңды байла-
нысының арқасында біздің барлық
іс-әрекетіміз, саналы тіршілігіміз бір
ЖИІР
ЖОҒА
219
қалыпта жүзеге асып отырады да,
ми сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстарын дұрыс бейнелейтін
болады.
ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ҚЫзМЕТІНІҢ
ТИПІ – жүйке жүйесінің комплекті
түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай
қызмет жоғары жүйке қызметінің си-
паттары мен қасиеттерін білдіреді.
Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік
ортада атқаратын жұмысы мен іс-
әрекетіне байланысты жаңа сапалар-
ға ие болады. Жоғары жүйке қызме-
тінің типтері мен сипаттары адам
мінезінің физиологиялық негізі бо-
лып табылады.
ЖОҒАРЫ СЕзІМДЕР – адамның
қажеттіліктерімен және оны қа-
нағаттандыру мүмкіндіктерімен бай-
ланысты. Қажеттіліктердің сипаты-
на байланысты жай және жоғары
сезімдер деп бөлінеді. Жай сезім-
дерге белгілі бір физиологиялық қа-
жеттіліктерді қанағаттандыру немесе
қанағаттандырмаумен байланысты
сезімдерді жатқызамыз. Мысалы,
аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну
сияқты эмоциялық жағдайлармен
байланысты сезімдер жатады. Жай
сезімдердің ерекше биологиялық мә-
ні зор.
Олар бас ми алабына дене жағда-
йы туралы сигналдарды жеткізіп
отырады: денсаулығы немесе ауру-
лығы, қарапайым қажеттіліктерді
қанағаттандыру немесе қанағаттан-
дырмау туралы. Жоғары сезімдер
адамның рухани дүниесін білдіреді
және оны жеке тұлға анықтайды.
Жоғары сезімдер рухани қажеттілік-
терді қанағаттандыру немесе қанағат-
тандырмау негізінде пайда болады.
Жоғары сезімдер анық байқалатын
қоғамдық сипатта болады және адам-
ның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақ-
тары мен құбылыстарына қатына-
сын білдіреді (моралдік, интелектуал-
дік және эстетикалық). Жоғары се-
зімдердің мазмұны, олардың бағыт-
тылығы адамның көзқарасымен,
адамгершілік мінез-құлық ережеле-
рімен және эстетикалық бағалаулар-
мен анықталады. Жоғары сезімдер
адамгершілік, эстетикалық және ин-
теллектуалдық болып бөлінеді. Адам-
гершілік сезімдер – қоғамдық өмір-
дің талабына сәйкес көрінетін адам-
ның жоғарғы сезімдерінің бір түрі.
Бұлардың мазмұны да, құрылымы да
өте күрделі.
Мұндай сезімдер тобына жолдастық,
достық, махаббат, адамдық, шыншыл-
дық, ар-намыс, борыш, жауапкерші-
лік, елжандылық, ұят, ұлттық мақта-
ныш, қазақстандық патриотизм т.б.
жатады. Адамгершілік (моралдік) се-
зімдер дегеніміз дүниедегі құбылыс-
тарды қабылдауда адамдардың көңіл
күйі және бұл құбылыстарды қоғам-
ның қалыптасқан ережелерімен са-
лыстыруды айтады. Бұл сезімдердің
байқалуы көрсеткендей, адамдар адам-
гершілік талаптар мен ережелерді
меңгереді. Адамгершілік талаптар қо-
ғамның тарихи дамуының үрдісінде
оның дәстүрлеріне, салтына, дініне,
идеологиясына және т.б. байланысты
қалыптасады және өзгеріп отырады.
Мысалы, ар-намысты қорғау, көбіне-
се қайсар, өжет, табанды, көздеген
мақсатына жетпей тынбайтын адам-
дарда жиі байқалады.
Адамның өмір сүріп отырған қоға-
мы, оның нақтылы іс-әрекеті морал-
ЖОҒА
ЖОҒА
220
дік сезімдердің мазмұнына күшті әсер
етеді. Егер саналы кісі ұжымдық жә-
не қоғамдық ережелерді бұзса, бұған
қатты қиналады, ал бұларды ылғи
орындап жүрсе, жаны рахаттанып,
көңіл күйі көтеріңкі, шат-шадыман
күйде жүреді. Ата-аналар мен мұға-
лімдердің басты міндеті оқушы са-
насында осындай сезімдерді қалып-
тастыру болып табылады. Адам ба-
ласы қоғамда өзінің адамгершілік
қасиеттерімен, қайырымдылығымен,
адалдығымен, әділеттілігімен ардақ-
талады. Моралдік сезімдер адамдар-
дың іс-әрекетінен, қарым-қатына-
сынан байқалады. Жақсылық пен жа-
мандық, зұлымдық пен махаббат,
әділеттілік пен әділетсіздік, борыш
пен намыс, ар мен ождан адамның
іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осы
адамгершілік сезімдерді ұстанған
қазақ халқы жастарды отбасында кі-
шіпейілділікке, имандылыққа, ізет-
тілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді
бірінші орынға қояды. Халқымыз:
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап
қыз өсер» деп, адамгершілікке тәр-
биелеуде ата-ананың үлгі-өнегесіне
ерекше мән берген. Адам өз ортасына
қарап өседі. «Ағаштан ағаш рең ала-
ды, адамнан адам тәлім алады», «Он
рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге
көрсет» дейді халық. Мәселен, өткен
замандардың бір ақылгөйі Сенека
«Уағыз айтып жақсылыққа жетелеу
қиын, ал өнеге арқылы оңай» деген
екен. Халық психологиясы жастарды
сабырлы, адал, арлы азамат болуға
үндеп отырады. «Өлімнен ұят күшті»,
«Ақылды болсаң арыңды сақта, ар-
ұят керек әр уақытта».
Баланың бойында жақсы адамгерші-
лік сезімдердің қалыптасуы, өнер-
білімді игеруі тәрбиеге, өскен орта-
ға, үлгі-өнеге берер ұстазына байла-
нысты. Сондықтан да халқымыз: «ұс-
тазы жақсының – ұстамы жақсы»
деп бекерден-бекер айтпаса керек.
Қоғамның даму үрдісінде адам мо-
ралдік талаптармен ғана емес, соны-
мен қатар сұлулық ұғымдарын бас-
шылыққа ала отырып, қоршаған дү-
ниенің құбылыстарын қабылдау
қабілеттілігіне ие болады. Бұл жағ-
дай эстетикалық сезімдердің пайда
болуы үшін негіз болып табылады.
Эстетикалық көңіл күйлер өте көп
қырлы және күрделі. Эстетикалық
сезімдер – болмыстағы шындықтың
сұлулығын, әдемілігін, әсемдігін
қабылдаудан туатын көңіл күйі.
Эстетикалық сезім табиғат көріністе-
рінен, әуезді әуендерден, әсерлі оқи-
ғалардан, өнер туындыларынан пай-
да болады. Адамның эстетикалық се-
зімі өз ортасына, тарихи-әлеуметтік
жағдайларға байланысты өзгеріп
отырады. Эстетикалық сезімі жетіл-
ген адам табиғат сұлулығын қабыл-
дап сүйсінеді. Адамның қоғамға,
дүниеге көзқарасы эстетикалық сезі-
мімен астарласып жатады.
Эстетикалық сезімдер деп әдемі зат-
тар мен құбылыстарды қабылдаумен
байланысты, ол туралы елестетулер-
мен және ойлармен байланысты
адамның көңіл күйінің жағымды се-
зімдерін айтамыз. Н.Г.Чернышевский
эстетикалық сезімдердің адамның
көңіл күйінде алатын орнын бағалай
келіп былай деді: «Біз сұлулықты
шексіз сүйеміз, біз сүйсінеміз, оған
шаттанамыз...». Эстетикалық сезімдер
бізде алдымен қоршаған дүниенің
құбылыстарымен, табиғатпен және
оның өмірімен, адамдармен және
ЖОҒА
ЖОҒА
221
оның өмірімен, іс-әрекетімен пайда
болады.
Н.Г.Чернышевскийдің анықтамасы
бойынша, «Сұлулық дегеніміз – өмір».
Бізді қоршаған дүние және өмір онда
әр түрлі байқалады. Сондықтан да
адамның эстетикалық сезімдері ерек-
ше алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Эстетикалық сезімдер – пассивті ба-
қылап ғана қоймайды, сонымен қа-
тар олар адамның барлық іс-әреке-
тінің түрлерінде байқалады, олар
іс-әрекетті ынталандырып, белсен-
ділігін арттырады. Міне, эстетика-
лық сезімдердің тиімділігі, мәні осын-
да. Эстетикалық сезімдердің тама-
ша қайнар көздеріне – сазды, бей-
нелеу өнерін, поэзияны және т.б.
жатқызуға болады. Өнер шығарма-
ларын жасаудағы адамның шығар-
машылық қызметі негізінен эсте-
тикалық қажеттіліктер арқылы ын-
таландырылады. Өнер шығармалары
адамдардың санасына негізінен эсте-
тикалық сезімдер арқылы әсер етеді.
Өнер мен әдебиет шығармаларында
шындықты неғұрлым терең, толық
және әділетті бейнелесе, солғұрлым
адамдарда эстетикалық талғамды
көп қалыптастырады және бұл шы-
ғармалар эстетикалық көңіл күйдің
қайнар көзі және эстетикалық тәр-
биенің құралы ретінде бағаланады.
Эстетикалық сезімдерді қалыптас-
тыруда Абай мен Махамбеттің поэ-
зиясының, Құрманғазы мен Дәулет-
керейдің құдіретті күй өнерінің,
Ә.Қастеев пен О.Таңсықбаевтың бей-
нелеу өнері саласында қалдырған
тамаша туындыларынан эстетикалық
нәр аламыз, жас ұрпақтың эстетика-
лық қажеттілігін қанағаттандыруға
және олардың эстетикалық талғамын
дамытуға көмектеседі. Қазақ поэзия-
сының алыбы, гуманист-ақын Абай
адамгершілікті, сұлулықты, шынайы
махаббатты жырлады.
Ақын өзінің көңіл күйін, адамға,
өмірге деген қарым-қатынасын музы-
ка тілінде шебер бейнелейді. Ныса-
насына дөп тиетін өлең-сөздің небір
патшасын тудырған ақын-ән өнерін-
де де өнердің құдіретті күшін паш
етеді: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі
ой салар, Әнді сүйсең менше сүй».
Интеллектуалдық сезімдер – адамның
ақыл-ой іс-әрекетімен байланысты.
Интелектуалдық сезімдерге таң қалу,
әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану
сезімдерін жатқызуға болады. Интел-
лектуалдық сезімдер танымдық іс-
әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер
әртүрлі теориялық және практика-
лық мәселелерді қойғанда, міндеттер-
ді шешкенде, ғылыми жаңалық аш-
қанда, ойлап тапқанда, қандай да
болсын жаңаны меңгергенде және та-
нығанда пайда болады және көңіл
күйді білдіреді.
Теориялық және практикалық мін-
деттерді шешкенде адам ерекше жа-
ғымды сезімде болады. Бұл сезімді
бастан кешіргенде адам ерекше қуа-
ныш жағдайында, көңіл күйі, күш-
жігері көтеріңкі болады. Қанағаттану
және қанағаттанбау сезімі адамда өзі-
нің жеке интеллектуалдық үрдісінде
пайда болады. Белгілі міндетті ойда-
ғыдай шешуде қанағаттану сезімін
тудырады. Интеллектуалдық сезімдер
тек адамның таным іс-әрекетіне бай-
ланысты пайда болып қоймайды, ақыл-
ой үрдістерін дамыта отырып, соны-
мен қатар оларды ынталандырады,
ақыл-ой қызметін күшейте түседі,
Достарыңызбен бөлісу: |