Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет27/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   90

ЕРІК

ЕРІК

181

айтуға  лайықты  сөз  де  табылмай- 

тын  ертегідей  бір  шырын-шәрбат 

ләззаттың  дәмін  де  татқалы  тұр- 

мын».  Кенеттен  оның  басында  қа- 

рама-қарсы  мотив  туа  қалады:  «...



Әйтсе  де  бажайлап,  қабырғаммен 

кеңесе кетсем-ақ болды, тұла бойым 

түршігіп сала береді. Ары айт, бері 

айт,  өмір  бойы,  мәңгі-бақи  қол-

аяғыңа  күрмеу  түсіп,  қайтып  енді 

тырп ете аузыңды ашып, жазып ем, 

жаңылып ем деуге шамаң келмесе – 

шаруаңның  біржола  біткені  ғой...» 

Подколесин тұрағы жоқ, жағдайдың 

әуеніне  қарай  ағатын  адам.  Оның 

ойына ар-ұят, адамгершілік дегендер 

кіріп  те  шықпайды.  Некесі  қиыла- 

йын  деп  тұрғанда  осылайша  әуре-

сарсаңға түсуі оның қандай адам еке- 

нін жақсы байқатады. «...Шынымен-



ақ,  тайып  кетуге  болмай  ма  екен? 

Әлбетте  болмайды,  есік  алды,  кез 

келген жерде сапырылысып жүрген 

жұрт,  қайда  барасың  дейді  ғой  бі- 

реу. Жоқ, болмайды». Осы жерде ол 

ашық терезені көреді де осыдан қар- 

ғып кетсем қайтеді дейді. Жоқ бол- 

майды, жерден алыс екен быт-шы- 

тым  шығар,  екіншіден,  терезеден 

қарғу  лайық  емес,  үшіншіден,  қал- 

пақсыз  қалай  қарғымақпын,  лайық 

емес деп тұрып алады. Оның қалпа- 

ғын  досы  Кочкарев  тығып  қойған. 

Ол ақырында: терезе онша биік емес 

екен, қалпақсыз қарғуға да болар деп 

көшеге қарай қарғып кетеді.

Белгілі көзқарасы мен сенімі қалып- 

тасқан адамда мотивтер күресі онша 

байқалмайды.  Олар  көбінесе  жеке 

бастың мотивінен гөрі қоғамдық мә- 

ні бар мотивтерді (борыш сезімі, нәр- 

сенің  қоғамға  қажеттілігін  түсіну) 

басшылыққа алып отырады. Сөйтіп, 



мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер 

күресі, тоқтамға келу – бәрі жина- 

лып  еріктік  қимылдың  «даярлық 

кезеңі»  деп  аталады.  Еріктік  амал- 

дың ең негізгі кезеңі – қандай болма- 

сын тоқтамды орындау стадиясы. Өзі- 

нің қандай болмасын тоқтамын іске 

асыратын, оны орындайтын кісіні ға- 

на еркі нағыз жетілген адам деп ай- 

туға болады.

Талай  жақсы  тоқтамдардың  жүзеге 

аспай,  орындалмай  қалатындары  да 

кездесіп  отырады.  Бұлай  болудың 

себебі  орындалуы  қиын  мақсатты 

алға  қоюдан,  мақсаттың  айқын  бол- 

мауынан, әлі де болса өмірге дұрыс 

көзқарастың  қалыптаспауынан,  өз 

ісіне сенімсіздіктен, мақсат еткен нәр- 

сеңді  жан-тәніңмен  сүймеуден  т.б. 

себептерден болады.

Сондықтан  адам  өзінің  алдына  ша- 

масы келетін, күші жететін, орындай 

алатын мақсаттарды қойып, осы жол- 

да түрлі қиыншылықтарды жеңіп оты- 

руы  тиіс.  Белгілі  мінез-құлықтық 

принципі бар, өз ісінің дұрыстығына 

көзі жеткен адам ғана нақтылы тоқ- 

тамға келе алып, оны қалай да орын- 

даудың тиімді жолдарын таба алады, 

бұл  жолда  орынсыз  солқылдақтық, 

табансыздық көрсетпейді. Кейбір адам- 

дар  өзінің  алдына  көмескі,  бұлдыр 

мақсат қояды да, ой таразысына жақ- 

сылап салмайды, сөйтіп оны орындай 

алмай қалады. Ерекше ой жұмысын 

керек  етпейтін  жеңіл  мақсатты  алға 

қою  да  адамдық  еркін  енжар,  әлсіз 

етіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бел- 

гілі ерік күшін талап ететін, тиісті жұ- 

мыстар істеу нәтижесінде қол жете- 

тін мақсаттарды ғана алға қоюымыз 

қажет.  Еріктік  амалдың  негізгі  ке- 

зеңдерін  төмендегі  схема  арқылы 



ЕРІК

ЕРІК

182

көруге  болады:  Ерікті  амал-дайын- 

дық  кезеңі-мақсат  қою-тілек-қалау-

мотивтер күресі-тоқтамға келу-орын- 

дау кезеңі.

ЕС  –  сыртқы  дүние  заттары  мен 

құбылыстарының адам миында сақ- 

талып,  қайтадан  жаңғыртылып,  та- 

нылып,  ұмытылуын  бейнелейтін 

процесс.  Е.  –  күрделі  психикалық 

процестердің  бірі.  Е.  есте  қалдыру, 

қайта  жаңғырту,  тану,  ұмыту  се- 

кілді  процестерден  тұрады.  Естің 

физиологиялық  негіздерін  бір  кезде 

И.П.Павловтың  жүйке  жүйесінің 

пластикалық қасиеті туралы ілімі тү- 

сіндіретін.  Жүйке  жүйесінің  плас- 

тикалылығы  дегеніміз  –  түрлі  қозу- 

лардан  қалған  әсерлердің  қайтадан 

уақытша  байланысқа  түсе  алу  қабі- 

леті.  Уақытша  байланыстардың  ті- 

келей тітіркендіргіштер әсер етпеген 

жағдайда  да  мида  жасалынуы  ойда 

бұрынғы  байланыстардан  із  қалып 

отыратындығын  көрсетеді.  Бірақ 

бұл жалпы долбар. Өйткені адам есі- 

нің мимен қалайша байланысты екен- 

дігі  жөнінде  ғылымда  әлі  нақтылы 

деректер жоқ.

Мәселен,  ес  құбылысының  табиға- 

тын зерттеуші ғалымдардың бір тобы 

оны  мидағы  электр  құбылыстары- 

мен байланыстырса (есті зерттеудегі 

электрофизиологиялық  бағыт),  енді 

бір  зерттеушілер  есті  мидың  нейро- 

химиясына қарай түсіндіргісі келеді. 

Соңғы  бағыттың  өкілдері  мидың 

кейбір  жасушаларын  бір  сыдырғы 

зерттегенмен  естің  бүкіл  ми  масса- 

сынан  алатын  орнын  әлі  анықтай 

алмай келеді. Бір нәрсені еске сақтау – 

оны  байланыстыру  деген  сөз.  Ес 

процесінің  негізі  болып  табылатын 

байланыстарды  психологияда  ассо- 

циация деп атайды. Егер бұрын бірне- 

ше объектіні бір мезгілде немесе бі- 

рінен соң бірін елестетсек, не ойла- 

сақ  бұлардың  арасында  байланыс 

пайда болады. Кейін объекттің біре- 

уін ғана елестетсек миымызда оның 

қалған бөлігін тудыруға себеп бола- 

ды. Ассоциациялық принципті алғаш 

рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшы- 

лы Аристотель (б.д.д. 384-322) болды.

Аристотель ассоциацияларды тек ті- 

келей  елестетумен  байланыстырып, 

психикалық  әрекетін,  қалған  түрле- 

рін (ойлау, қиял, ерік т.б.) түсіндіруге 

бұл принципті қолданбады. Ғылым- 

да тұңғыш рет ассоциация ілімін шарт- 

ты рефлекс теориясымен делелдеген, 

осы негізде көптеген психикалық про- 

цестердің  табиғатын  түсінуге  бола-

тындығын  көрсеткен  ұлы  орыс  ға- 

лымы И.П.Павлов болды.

И.П.Павлов  психологияда  ассоциа- 

циялар  деп  аталатын  құбылыс  ми 

қабығында екі қозу процесінің қабат- 

тасып келуіне байланысты пайда бо- 

лып, сан рет қайталаудың нәтижесін- 

де  бекіп  отыратын  уақытша  байла- 

ныстар  екенін  түсіндірді.  Ұлы  ға- 

лым  бұл  туралы  былай  деп  жазды: 

«Уақытша  жүйкелік  байланыс  – 

жануарлар дүниесінде де, біздің өзі- 

мізде де байқалатын жан-жақты фи- 

зиологиялық құбылыс. Сонымен қа- 

тар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлер- 

ден құрылса да немесе әріп, сөз, әл- 

де  ойдан  құрылса  да  психикалық 

құбылыс болып табылады, оны пси- 

хологтар ассоциация деп атайды. Ас- 

социациялардың  Аристотель  зама- 

нынан  белгілі  үш  түрі  бар.  Олар: 



іргелестік,  ұқсастық  және  қарама-

қарсылық ассоциациялар.

ЕС

ЕС

183

Кезінде  Аристотель  ойлап  тапқан 

ассоциациялардың табиғатын былай- 

ша түсінуге болады:

1)  Іргелестік  ассоциациясы  бойын- 

ша бір зат жөніндегі елес өзімен бір- 

ге оған қатысы бар екінші затты қо- 

са туғызады.

2)  Ұқсастық  ассоциациясынан  нәр- 

сенің,  көріністің  бейнелері  өздеріне 

ұқсас образдарды еске түсіреді, яғни 

бір зат жөніндегі елес ол затқа қандай 

болса  да  ұқсастығы  бар  екінші  зат- 

ты елестетеді.

3)  Қарама-қарсылық  ассоциация- 

сында бір зат туралы елес оған қара- 

ма-қарсы  екінші  затты  не  құбылыс- 

ты еске түсіреді.

Онда қалдырылатын не жаңғырыла- 

тын нәрсенің сипатына қарай Е. төрт- 

ке бөлінеді. Олар: қозғалыс, бейнелік, 

логикалық және эмоциялық естер.



ЕС  ТЕОРИЯЛАРЫ    Генетика 

және молекулярлық физиологияның, 

сонымен  қатар  кибернетиканың  да- 

муына  байланысты  соңғы  бірнеше 

онжылдықта  естің  биологиялық  не- 

гіздері  мен  физиологиялық  амалда- 

рын  зерттеу  өзіне  ерекше  назар  ау- 

дарды.  Бұл  зерттеулердің  бір  бөлігі 

нейрондық деңгейде, демек, жекеле- 

ген  жүйке  жасушаларының  жұмы- 

сын  зерттеу  деңгейінде  және  олар- 

дың кешендері еске сақтау үрдісінде 

жүргізілді.  Бірақ  ақпараттың  есте 

қалдыру  және  қайта  жаңғыру  үр- 

дістерінде  мидың  әртүрлі  жасуша- 

ларының  рөлі  туралы,  сонымен  қа- 

тар молекулярлық деңгейде іске асып 

жатқан өзгерістердің ес үшін маңы- 

зы туралы сұрақтарға толықтай бір- 

жақты, сендіретіндей жауаптар әзір- 

ше алынған емес. Сондықтан да жо- 

ғарыдағы  айтылған  ойларды  тек 

қызықты  жорамал  ретінде  қарасты- 

руға болады. Осыған байланысты ес 

жұмысының  заңдарын  түсіну  үшін 

ерекше пайдалы және оны басқарудың 

тәсілдерін  талдау  естің  психология- 

лық теориялары болып табылады.

Ес  туралы  соңғы  кезде  әртүрлі  тео- 

риялар қалыптасты: олардың ішінде 

естің  зерттеу  амалдары  мен  заңды- 

лықтарын зерттейтін психологиялық, 

физиологиялық, биохимиялық, кибер- 

нетикалық теорияларды ерекше атау- 

ға болады. Психологиялық деңгейде 

ес  механизмдерін  зерттеу  хроноло- 

гиялық тұрғыдан басқа теориялардан 

ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен та- 

раған.  Алғашқы  ес  теорияларының 

бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жой- 

маған,  XVII  ғасырда  пайда  болған. 

Ассоциативті психологиялық теория 

болды. Бұл теория негізінен Англия- 

да  кеңінен  тарады.  Оның  негізіне 

ассоциация  туралы  ұғым  жатады. 

Ассоциация  –  жекелеген  психика- 

лық  үрдістердің  арасындағы  байла- 

ныс, сонымен қатар қоршаған дүние- 

дегі құбылыстар мен заттардың ара- 

сындағы  байланысы  айтылады.  Бұл 

теория  бойынша  ес  қысқа  мерзімді 

және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе 

ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың 

өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық 

ассоциациясы, көршілестік ассоциа- 

циясы,  қарама-қарсылық  (контраст) 

ассоциациясы, адамның қысқа мерзім- 

ді және ұзақ мерзімді есіне жататын 

уақыт  пен  кеңістікке  жақындық  ас- 

социациясы.

Осы  теорияның  арқасында  естің 

қызмет  істеуі  мен  амалының  көп- 

теген  заңдылықтары  ашылып  және 

зерттелді  (мысалы,  Г.Эббингауз  за- 



ЕСТЕ

ЕСТЕ

184

ңы). Уақыт өте бұл теория көптеген 

шешілмейтін  проблемаларға  кездес- 

ті,  ол  проблеманың  негізі  –  адам 

есінің  таңдамалылығын  түсіндіру, 

естің  ассоциациялық  табиғатының 

негізінде түсіндіру мүмкін болмады. 

Дейтұрғанмен,  естің  ассоциативті 

теориясының  оны  тану  үшін  пайда- 

сы көп болды. XIX ғасырдың аяқ ке- 

зінде  естің  ассоциативтік  теориясы- 

ның орнына кезекке гештальттеория 

келді. Теорияның негізгі ұғымы мен 

басты  қағидасы  алғашқы  элемент- 

тердің  ассоциациясы  емес,  ал  оның 

тұтас  ұғымы  –  гештальт  болып  та- 

былады.  Гештальтизм  теориясы  ес- 

тің  ассоциативтік  теориясын  қатты 

сынға  алды  (гештальт  –  неміс  сөзі, 

қазақшалағанда  бейне,  тұтас  құры- 

лым  деген  мағынада  қолданылады). 

Гештальтизм  теориясының  негізгі 

ұғымы  –  генетальт  ұғымы  –  тұтас 

ұйымды,  құрылымды  білдіреді. 

Сонымен,  ассоциативтік  теорияның 

заттар мен құбылыстарға қарапайым 

элементарлық көзқарасына гешталь- 

тизм  ең  алдымен  элементтер  синте- 

зі,  тұтастық  қағиданы  қарсы  ұсын- 

ды.  Гештальтизм  теориясының  жақ- 

таушылары  адамның  практикалық 

іс-әрекетіне естің тәуелділігі туралы 

сұраққа жауап бермеді және өз шеші- 

мін  таппады.  Сондықтан  да  естің 

генезисі  туралы  мәселе  күн  тәртібі- 

нен  алынып  тасталды.  Осы  сұраққа 

психологиялық  зерттеулердің  басқа 

да  екі  бағытының  өкілдері  жауап 

бермеді  –  бихевиоризм  және  пси- 

хоталдау.  Бихевиоризмді  жақтау- 

шылардың  көзқарастары  ес  пробле- 

масына  ассоциативтік  теория  өкіл- 

дерінің  көзқарастарына  жақын  бол- 

ды. Олардың арасындағы бірден-бір 

мәнді  жалғыз  айырмашылық  –  би- 

хевиористер материалды еске сақтау- 

да  бекітудің  рөлін  бағалады,  үйрету 

үрдістеріндегі естің қалай жұмыс іс- 

тейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді.

З.Фрейд және оның жақтаушылары- 

ның еңбегі адам есін зерттеуде еске 

сақтау  мен  ұмытудың  мнемикалық 

үрдістерінде жағымды және жағым- 

сыз  эмоциялардың  рөлін  анықтауға 

ерекше мән берді. Психоталдау тео- 

риясының арқасында адамның түрт- 

кілер  саласымен  байланысты  ұмы- 

тудың  көптеген  қызықты  психоло- 

гиялық  амалдарын  анықтады  және 

суреттеді.  Кибернетиканың  ғылым 

ретінде дамуының басталуымен есеп- 

теу  техникасы  мен  математикалық 

программалаудың  білімнің  бұл  са- 

лаларында пайда болуы психология- 

дан  тәуелсіз  ес  үрдістерін  моделдеу 

басталған болатын, дәлірек айтқанда, 

еске  сақтаудың  амалдары,  еске  сақ- 

таудың тәсілдері және ақпаратты қай- 

та жаңғырту электронды-техникалык 

құрылымның және электронды есеп- 

теу  машиналары  үшін  бағдарлама- 

лардың  көмегімен  іске  асырылды. 

Соңғы  онжылдықта  осындай  зерт- 

теулердің нәтижесінде бай материал 

жинақталды,  адам  өзінің  қызмет  іс- 

теу заңдарын түсіну үшін оның пай- 

дасы орасан зор болды. Өз кезегімен 

бұл ғылымдар өкілдерінің естің өзін- 

дік психологиялық зерттеулеріне де- 

ген қызығушылығы арта түсті, себебі 

олар  үшін  алгоритмдер  мен  маши- 

налардың  есін  жетілдіру  үшін  мүм- 

кіншіліктер ашып отыр. Осындай өз- 

ара қызығушылық психологияда соң- 

ғы  жылдары  акпараттық-киберне- 

тикалық  деп  аталатын  естің  жаңа 

теориясының  қалыптасуына  алып 

ЕСТЕ

ЕСТЕ


185

келді. Қазір ол алғашқы адам есін тү- 

сіну жолында көп үміт күттіретін қа- 

дамдар жасай бастады.

Адам  миы  –  бұл  күрделі  электрон- 

дық-есептеу машинасы. Кеңестік пси- 

хологияда  негізінен  есті  зерттеуде 

іс-әрекеттің  жалпы  психологиялық 

теориясымен  байланысты  бағыттар 

дамыды. Бұл теорияның негізінде ес 

психологиялық  іс-әрекеттің  ерекше 

түрі, адамның теориялық және прак- 

тикалық  әрекетінің  жүйесі  ретінде 

әртүрлі  ақпаратты  еске  қалдыруға, 

еске сақтауға және қайта жаңғырту- 

ға  бағытталған.  Іс-әрекет  ретінде 

адамның  есін  зерттеудің  басталуы 

француз  ғалымдарының  жұмыста- 

рымен,  оның  ішінде  П.Жаненің 

еңбектерінде негізі салынды. Ол ал- 

ғашқылардың бірі болып, еске сақтау- 

ға,  қайта  өңдеуге  және  материалды 

сақтауға бағдарланған есті іс-әрекет 

жүйесі  ретінде  тұжырымдады.  Пси- 

хологиядағы  француздың  ғылыми 

мектебі барлық ес үрдістерінің әлеу- 

меттік байланыстылығын, оның адам- 

дардың практикалық іс-әрекетіне тә- 

уелділігін  дәлелдеді.  Кезінде  біздің 

елімізде  бұл  концепция  А.С.Выгот- 

скийдің және оның ең жақын шәкірт- 

тері А.Н.Леонтьевтің, А.Р.Лурияның 

негізін салған адамның жоғары пси- 

хикалық  қызметінің  пайда  болуы 

мәдени-тарихи  теорияның  одан  әрі 

дамуында көрініс тапты. А.Р.Луриянің 

ғылыми  жетекшілігімен  жүргізіл- 

ген  нейропсихологиялық  зерттеулер 

естің  физиологиялық  амалдарын 

сипаттауға  мүмкіншілік  берді.  Есті 

зерттеуге  өзінің  белгілі  үлесін  қос- 

қан  П.И.Зинченко  мен  А.А.Смир- 

новты  ерекше  атауға  болады.  Олар 

ырықты  және  ырықсыз  есте  қалды- 

рудың практикалық іс-әрекетті ұйым- 

дастыруға  және  басқа  жағдайларға 

тәуелді  екендігін  жан-жақты  зерт- 

теді.


Естің іс-әрекеттік теориясына сәйкес 

әртүрлі  елестетулердің  арасында 

байланыстар – ассоциациялар ұйым-

дастыру, сонымен қатар материалды 

есте қалдыру, есте сақтау және қайта 

жаңғырту  былай  түсіндіріледі:  адам 

есте сақтайтын материалмен жұмыс 

барысында  не  істейді,  сонымен  қа- 

тар  мнемикалық  үрдістер  іс-әрекет- 

тің тұтас құрылымында қандай орын 

алатындығына байланысты. Есте қал- 

дыру амалының ерекшеліктерін ашып 

көрсететін  әртүрлі  қызықты  дерек- 

терді А.А.Смирнов өзінің зерттеуле- 

рінде атап көрсеткен болатынды.

ЕСАЛАҢДЫҚ – адамның психика- 

лық іс-әрекетінің төмендеп, санасы- 

ның кемуі. Көбінесе әртүрлі аурулар- 

дың  салдарынан  болады.  Есалаң- 

дықта адам іс-әрекеттерді санасыз, со- 

қыр  сеніммен  орындайды.  Е.  қоян- 

шықтық  және  есіріктік  болып  бөлі- 

неді. Қояншықтық Е. – қояншық ау- 

руынан,  мидың  зақымдануы  салда- 

рынан  болады.  Есіріктік  Е.  кезінде 

адам  есеңгіремейді,  дағдыға  айнал- 

ған әрекеттерді қайталай береді.



ЕСКЕ ТҮСІРУ – көз алдына келті- 

ру, елестету. Еске түсіру ұзақ мерзім- 

ді жадынан қажет ақпарат іздеумен, 

қалпына  келтірумен  және  алумен 

байланысты  ақыл-ой  әрекеті.  Е.т. 

еске  алудың  ырықты  нысаны  ретін- 

де  көрінеді.  Ж.Аймауытов:  «...еске 

түсіру өнері дегеніміз – ойлау өнері... 

Байланыстардың  мәнісі  –  ойлау  де- 

ген сөз», – дейді.



ЕСАЛ

ЕСКЕ

186

ЕСТЕ  ҚАЛДЫРУ  –  ол  арнайы  ес- 

те  қалдыру  және  еріксіз  есте  қал- 

дыру болып екіге бөлінеді.

Еріксіз есте қалдыруда адам алдына 

арнаулы мақсат қоймайды, есте қал- 

дырудың  арнаулы  тәсілдерін  пайда- 

ланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі 

көріністері (оқиғалар мен адамдардың 

қимыл-әрекеті,  сөзі  т.б.)  сол  әрекет- 

тің  ағымына  қарай  есте  қалып  оты- 

рады. Ал (арнайы ырықты) есте қал- 

дыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, 

оны  тудыратын  тиісті  мотивтер  бо- 

лады. Қандай объектіні болмасын әде- 

йілеп есте қалдыру үшін мына төмен- 

дегі  шарттарды  орындап  отыру  қа- 

жет болады:

1) Есте қалдыруда әр кез мақсат, қо- 

йып отыру зор маңыз алады. Оқу ма- 

териалын  жақсы  меңгеру  үшін  оған 

қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін 

алға  айқын,  анық  мақсат  –  қойылу 

керек. Мәселен, оқушыларға бір әң- 

гіме айтып, оны үш-төрт күннен ке- 

йін қайта сұраса, балалардың біразы 

әңгіменің  негізгі  бөлімдерін  қайта 

жаңғырта  алмай  қиналады.  Ал  енді 

осы  оқушыларға  екінші  бір  әңгіме 

айтып, үш-төрт күннен кейін қайтып 

айтып  бересіңдер  десе,  балалардың 

біразы сол әңгімені ұмытпай жадын- 

да ұстай алады. Бұл екі тәжірибенің 

арасындағы  айырма:  соңғыда  мате- 

риалды есте берік сақтау мақсат етіп 

қойылған, ал бірінші жағдайда мұн- 

дай анық мақсат қойылмаған еді.

2)  Есте  қалдырудың  қоғамдық,  тә- 

жірибелік мәні адамның қажетіне де 

байланысты  болады.  Мәселен,  оқу- 

шылар  қандай  бір  шығарманы  оқы- 

масын бір қажетіме керек болар деп 

оқитын болса, оны есте қалдыру қиын- 

ға соқпайды.

3) Оқылатын шығарманы жоспарлай 

алу  –  есте  қалдыруға  көп  жеңілдік 

келтіреді.  Жоспар  мүмкін  болғанша 

анық, айқын, дәл болсын. Қалай болса 

солай құрыла салған жоспар есте бе- 

рік сақтауға негіз бола алмайды. Оқи- 

тын  шығарманың  ішінен  еске  тірек 

боларлық жерлерін іздестіріп, оны бір- 

неше  мағыналы  бөлшектерге  бөлу, 

бөлшектің  әрқайсысының  мағына- 

сына  лайықты  ат  ойлап  табу  –  еске 

қалдыруды  нәтижелі етеді.

4)  Мағыналы  есте  қалдыру  дегені- 

міз  –  нәрсенің  мәніне  түсіну.  Сон- 

дықтан мағыналы түсіну ойлау про- 

цесімен  тығыз  байланысты.  Мате- 

риалды жақсы ұғынып, терең түсіну, 

мағыналы  байланыстар  жасау,  ма- 

ңызды белгілерін анықтай алу – оны 

анализдей,  синтездей,  салыстыра, 

жүйелей білуді керек етеді.

5)  Оқып  отырған  шығарманың  бай- 

ланыс, жүйелерін елестетуге, еске ті- 

рек боларлық ой желісін табуда схе- 

ма,  чертеж,  таблицалармен  қатар, 

арнаулы  шартты  белгілер  қолданы- 

лып  отырса,  есте  қалдырудың  сапа- 

сы арта түседі.

6) Есте қалдырылуға тиіс шығарма- 

ны  адам  мүмкіндігінше  өз  сөзімен 

құрастырған  сөйлемдермен  айтып 

бергені  абзал.  Егер  бала  мұғалімнің 

айтқанын  не  өзінің  кітаптан  оқыға- 

нын  сөзбе-сөз  айтып  беретін  болса, 

мұндай  жағдайда  оның  есі  жақсар- 

майды.


7)  Оқылатын  шығарманы  жақсылап 

есте  қалдыру  адамның  өзін-өзі  тәр- 

биелей алуына да байланысты. Мәсе- 

лен, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан 

болса, есте қалдыру дәрежесі де жо- 

ғары  болады.  Күндік  режимге  мән 



ЕСТЕ

ЕСТЕ

187

бермейтін, өзін көлденеңнен кез кел- 

ген нәрселер билеп кететін адамдар- 

дың  есте  қалдыру  дәрежесі  айтар- 

лықтай болмайды. Ондайлардың Абай 

айтқандай,  «ой  кеселдеріне»  қарсы 

тұруға  шамасы  жетпейді.  Абайдың 

түсінігінше,  ой  кеселді  нәрселерден 

қашық  болу  –  (яғни  уайымсыз  сал- 

ғырттық, ойыншы, күлкішілдік не бір 

қайғыға салыну) естіген нәрсені ұмыт- 

паудың басты шарттарының бірі.

8)  Есте  қалдырудың  сапасы  дұрыс 

қайталай алуға да байланысты. Әдетте 

оқу материалын бір қайтара оқып жат- 

тап алуға болмайды. Аз уақыт ішінде 

жиі-жиі қайталап жаттаудың да қаже- 

ті жоқ. Мәселен, өлеңді бірден жат- 

тап алса, ол тез ұмытылады, сондық- 

тан оны бірнеше уақытқа бөліп жат- 

тау қажет, бірақ арадағы үзілістер тым 

ұзақ  болмасын.  Тек  көлемі  шағын 

шығарманы  тұтас  күйінде  жаттауға 

болады. Егер шығарма көлемді болса, 

оны  бөлшектеу  қажет.  Бірақ  қалай 

болса солай бөлшектемей, логикалық 

ой  сақталатындай  етіп  бөлген  пай- 

далы.  Мұндайда  қайталаудың  саны 

азырақ болады да және ол есте ұзақ 

сақталады.

Сондай-ақ  жатталған  нәрсені  ұмы- 

тып  кеткен  соң  қайталау  пайдасыз, 



оны  ұмытпай  тұрып  қайталау  ке- 

рек, өйткені «...қайталауды ескіріп, 

құлап бара жатқан үйді жөндеу үшін 

емес,  үйді  берік  нығайта  отырып, 

үстіне  екінші  қабатын  салу  үшін 

жасайды.  Әрбір  ілгерілеп  басқан 

адым бұрынғы өткендерді қайталап 

отыруға негізделу керек». Қайталау- 

ды түрлендіріп отырудың, оны уақыт 

жөніне  дұрыс  құрудың  маңызы  жө- 

нінде  К.Д.Ушинский  былай  дейді: 



«Бұдан бұрын жаттап алынғандарды 

сол күйінде аудармай, айтып берудің 

ешбір қажеттілігі жоқ,... ал  кездей- 

соқ  кездескенді,  жаттап  алғанды 

жаңа  түрмен  айту,  яғни  жаттап 

алғанды  басқа  сөздермен  қайталап 

айтып беру әлдеқайда пайдалы».

Жаттаудың  мнемоникалық  әдісінің 

бірі  механикалық  (мағынасына  тү- 

сінбей)  –  есте  қалдыру.  Егер  мағы- 

налы есте қалдырудың мәнісі құбы- 

лыстардың, ішкі мәніне, олардың бір-

бірімен байланысына түсіну болатын 

болса,  механикалық  есте  қалдыруда 

заттар жай, сыртқы байланысқа түседі. 

Мұның  басты  шарты  –  қайталау. 

Естің  бұл  түрінің  кей  жағдайларда 

іске керек болып қалатын кездері бо- 

лады. Шетел сөздерінің жазылуы мен 

айтылуын, қиын сөздер мен атаулар- 

ды, хронологиялық даталарды, көше, 

жер, су аттарын, телефон нөмірлерін 

есте қалдыру қажет болған кезде ме- 

ханикалық  еске  қалдырып  жаттаған 

дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет