КЕҢІ
КЕҢІ
263
ты заттан айыра алмаған. Сондай-
ақ, жаңағы бала екі нәрсенің ара-
сындағы қашықтықты да ажырата
білмеген.
Бір нәрсені қашықтыққа қойып,
оны енді ал дегенде ол қолын олай-
бұлай созып, дәл ұстай алмай, қар-
малап жүріп қолын нәрсеге әзер жет-
кізген. Бала нәрсені қолына алып
сипап байқағаннан кейін ғана оның
үлкендігін, формасын т.б. айыра ал-
ған. Бұл айтылғандар кеңістікті қа-
былдауда кинестезиялық түйсіктер
де қатынасатындығын көрсетеді. Ке-
ңістікті дұрыс қабылдап үйрену кіш-
кентай кезден басталады. Мәселен,
мектеп жасына дейінгі балалар түрлі
нәрселерді ұстап, байқап, сипап қа-
райды, олардың формасын, үлкен-
кішілігін көреді. Кейін есейіп, тәжі-
рибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде
заттардың кеңістікке орналасуын жақ-
сы аңғара алатын болады. Заттардың
кеңістікте орналасуын дұрыс біле
алудың адамның іс-әрекеті үшін (әсі-
ресе, шоферлерге, ұшқыштарға, сурет-
шілерге, әскери қызметкерлерге, дәл
аппарат жасайтын мамандарға т.б.)
қаншама маңызды екендігі түсінікті.
Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы
материяның өмір сүруінің объектив-
тік реалды формасы. «Дүниеде қоз-
ғалушы материядан басқа еш нәрсе
жоқ, ал қозғалушы материя кеңістік
пен уақыттың ішінде қозғалмайын-
ша басқаша қозғала алмайды». Уа-
қытты қабылдау да сыртқы дүние-
дегі заттар мен құбылыстарда бо-
латын өзгерістердің санаға әсер етіп
қалдыратын бейнесі. Уақыт – дүние-
дегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан
екінші қалыпқа көшіп, ескі заттар-
дың жоғалып, олардың орнына жаңа
заттардың пайда болып отыруының
көрсеткіші. Шындық құбылыстар-
дың тізбегі, бір ізділігі, объективтік
ұзақтылығы уақытты қабылдау ар-
қылы белгілі болып отырады. Сыртқы
дүниедегі оқиғалардың бәрі бір ба-
ғытта, яғни өткен шақтан осы шақ-
қа, одан келер шаққа қарай ағады.
Осылай бір бағытта ағу – сыртқы дү-
ниедегі оқиғалардың объективтік
белгісі.
Бұлар жеке адамның түйсігінен,
қабылдауынан тыс болып отыратын
реалды құбылыстар. Уақытты қа-
былдау бірнеше компоненттерден
тұрады. Соның бірі – уақыттың рит-
мі. Уақыттың ритмі – құбылыстардың
белгілі ырғақпен өтіп жататын бір
ізділігі. Уақыт темп арқылы өлшене-
ді. Темп – құбылыстардың бір із-
ділігінің, тездігінің не баяулығының
көрсеткіші. Уақыттың шақтарын қа-
былдауда субъективтік моменттер
де орын алады. Мәселен, өткен шақ
адамға өте қысқа мерзімді болып кө-
рінеді. Өткен шақты, әсіресе бізден
алыс дәуірді минуттап, сағаттап са-
нап отырмай, айлап, жылдап, ғасыр-
лап, дәуірлеп есептейміз. Осы соңғы-
ларға байланысты, өткен оқиғалар
адамға көмескілеу болып та көрі-
неді. Уақыттың өтуінің түрліше қа-
былдануы сол кезеңде өткен оқиға-
ларға байланысты. Осы шақтың (үс-
тіміздегі дәуір) бізден алысырақ
мерзімдері ғасыр, жыл, ай ұғымда-
рымен белгіленсе, оның бізге жақы-
нырақ кезеңдері күн, сағат, минут,
секундпен есептелінеді. Осы шақ әр
кез объективтірек болып қабылдана-
ды, өйткені, бұл кезең нақтылы ісі-
мізбен, сөзімізбен, тікелей қабылда-
уымызбен ұштасып жатады. Өткен
КЕҢІ
КЕҢІ
264
шақтың тез өткеніндей, келер шақ-
тың өте ұзақ тәрізденіп көрінуі –
субъективтік жағдайлардың нәтиже-
сі. Егер адамның уақыты мағыналы,
қызықты істермен толы болса, ол уа-
қыттың қалай өткенін байқамай да
қалады.
Адамның көңілі қаншалық шат бол-
са, уақытта соншалықты тез өткен-
дей болып қабылданады. Мәселен,
қызық ойын үстінде уақыт тез өтеді.
Ал, керісінше, адамның уақыты мән-
сіз өтсе, ол кезең бітпейтіндей бо-
лып көрінеді. Мәселен, поезды кү-
тіп отырған адамға уақыт өтпейтін-
дей көрінеді. Уақыттың қабылдануы
оның қандай мазмұнда болуымен
де шарттасып жатады. Егер ұсақ-
түйек әрекетпен өткен уақыт ұзақ
болып көрінсе, пайдалы әрекетке то-
лы уақыт тез өтеді. Көбінесе уақыт-
ты субъективтік болжау дұрыс бол-
май шығатындықтан, оны объектив-
тік өлшемдермен (минут, сағат, тәу-
лік, апта т.б.) өлшеген дұрыс болады.
КЕСЕПАТТЫЛЫҚ – адам міне-
зіндегі кесірлі, зиянкес, қаскүнем
әрекеттері арқылы ерекшеленетін си-
паттар. К. қырсық, пәле ретінде де
мінездің жағымсыз, жексұрын ерек-
шеліктерімен де көрініс береді. К-ты
Абай былай анықтайды: «Қазақтың
малын сыпырып, Көп пәлеге шаты-
лып, Кесепатқа жолықты, Өзінен шық-
қан жақсылар, Түзей алмай зорық-
ты». Мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі
К. бар адамды әлеуметтік өмірде мі-
неп, сынап өзгелерді олардан қорға-
ған. К. көрсеткен адамды жөнге салу
үшін оны дұрыс жолға салып қайта
тәрбиелеу шараларын қолданған. Адам
баласы мен қоғамға жауыздық әре-
кет жасағандарды кесепатты деп са-
наған. К. мінездегі зиянкестік, жексұ-
рындық сипат болғандықтан, ондай қы-
лықты жойып, қайта тәрбиелеу ісі-
не қоғамдық өмірде ерекше көңіл
аударылады.
КЕСТЕ (Ж.Пиаже теориясында-
ғы) – ағзаның сыртқы орта жағдай-
ларына бейімделу әдістеріндегі опе-
рациялар мен әрекеттердің қарапа-
йым және қайталану реті. Өмірдің түр-
лі жағдай-ларында адамның ойла-
нуы мен қылығын ұйымдастыруды
басқаратын ішкі интеллектуалды пси-
хологиялық құрылым. Практикалық
және эксперименталды психология-
да алынған материалдардың статис-
тикалық өңдеулерінде қолданылып
зерттеу нәтижелерін тиімді жария-
лауға дәнекер болады.
КЕШІРІМДІЛІК – адамның оқыс
істері мен әлеуметтік өмірде, қоғамға
зиянды іс-әрекет жасап, залалды іс-
терінің мән-жайын түсіндіріп, оған
гуманистік тұрғыдан қамқорлық көр-
сетіп кеңшілік көрсету. Белгілі қоғам-
дағы мемлекеттік жоғары билік орын-
дары әлеуметтік өмірдегі зиянды
әрекеттермен, қылмысты істермен
айналысқан адамдарға лайықты жа-
за қолданумен бірге, оны қайта тәр-
биелеп жөнге салуға болады деп тап-
са, оған кешірім жасалады. Ал күн-
делікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп,
іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз
қылықтарына да К. жасалып оған
дұрыс жол-жосық көрсетіледі. Айы-
бын мойнына алып, қатесін дұрыс
сезініп, оған өкініш білдіретін адам-
ға да К. жасалады. Кешірім сұрау –
әрбір адамның өзі жіберген қатесін
КЕСЕ
КЕШІ
265
мойындауы. «Қатемді кейін аңға-
рып, командирден кешірім сұрадым –
деді ол (Мұқанов)». Кешірім сұрау –
ақылдылық пен кісілік қасиет. Ал К. –
гуманистік көзқарас. Адамның өзі
жіберген қатесі мен оғаш істерін ой-
санасымен сезініп мойындауы оның
мінезіндегі ерлігі мен батылдығын
білдіретін ерік-жігер қасиетін біл-
діреді. К. қоғамдағы азаматтардың
болашағына саналы түрде сенім ар-
тып, олардың қайта тәрбиеленуіне
мүмкіндік беріп, болашағына сенім
артудың көрінісі.
КИНЕСТЕзИЯ – грек сөзі, қаз.
қозғалыс түйсігі деген мағынаны
білдіреді. К-лық түйсіктер дененің
жеке мүшелерінің бір күйдегі қал-
пын, қозғалысын білдіреді. К-лық
түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі
деп те атайды. Оның рецепторла-
ры – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйке-
лердің ұштары. Адамның қозғалыс-
қа түсетін мүшелерінің барлығы да
осы түйсікке сүйенеді.
КЛИЕНТ ПСИХОЛОГИЯСЫ –
қандай да бір мәселені шешу үшін
кәсіби психологтан кеңес алуға кел-
ген адам. К.-ті вербалды қолдау –
психологиялық кеңес жүргізіп жат-
қан уақытта, клиентті психолог-ке-
ңесшімен бірлесіп белсенді жұмыс
істеуіне ықпал ететін сөйлеу әдісі;
клиенттегі психологиялық күйзеліс-
терді, әсіресе оны ашық әңгімеге
тартқанда психолог-кеңесшінің түр-
лі сөздер мен сөйлемдерді қолда-
нуы. К. әрекетінің базистік мотива-
циясы – клиенттің алдына қойған
мақсаттарына жету үшін, психология-
лық кеңес кезінде алынған ақылды
іс жүзіне асыру үшін мотивация-
лауға және стимул беруге болатын
клиенттің қызығушылықтары мен
қажеттіліктері. К-ке көмек – клиент
өздігінше кеңес кезіндегі алған ұсы-
ныстарды орындауды бастағанда
психолог-кеңесшінің беретін көмегі.
К-ке оперативті көмек – кеңестен
жылдам нәтижелі жетістікке үміттен-
діретін психолог-кеңесшінің клиентке
көрсететін кезектегі шұғыл көмегі.
К. қылығының альтернативті әдісте-
рі – клиенттің мәселесін іс жүзінде
шешуге байланысты, оның түрлі, си-
рек, қарама-қайшы келетін қылығы.
К-тің максимализмі – клиенттің өзін
өнегелі адам етуге, барлық кемшілік-
терінен арылуға, өте аз күш пен уа-
қыт жұмсап, өзі үшін жағымды
нәтижелерге жетуге ұмтылыстары
мен тілектері. К-тің – Мен бейнесі –
клиенттің өзі туралы, өзінің психо-
логиялық ерекшеліктері туралы тү-
сінігі (елесі). К-тің мнемикалық мә-
селесінің даралық ерекшелігі – нақ-
ты клиентпен жұмыс істеуде оның
есімен (жадысымен) байланысты ар-
найы және жекелік ерекшеліктердің
күрделілігі. К. мәселесін уақытша
шешу – клиентті толғандырған мә-
селенің өзектілігін тек аз уақытқа ға-
на шешу, бірақ ол мәселені толық
шешпейді және оның келешекте қай-
таланбауына немесе туындамауы-
на кепілдік берілмейді.
К-тің мәселесін шешуге конструк-
тивті қатынас – психолог-кеңесшінің
клиентті мәселелі уайымнан құтқару
ғана емес, сондай-ақ клиенттің энер-
гиясын сақтап немесе ұлғайтып,
оларды мәселені шешуге (конструк-
тивті ағымға) бағыттауға әрекеті. К-
тің өзіне сенімсіздігі – клиенттің өз
КИНЕ
КЛИЕ
266
өмірінің мәселелерін нәтижелі ше-
шуіне, өз күшіне және мүмкіндікте-
ріне сенімділіктің жоқтығымен си-
патталады. К-тің тәубеге келуі – клиент-
тің тәубеге келу барысындағы психо-
лог-кеңесші қойған сұрақтарына жа-
уап беріп отыру арқылы өз мәселе-
сін егжей-тегжейлі әңгімелеуі. К-тің
тәубеге келгенін интерпретациялау
клиент мәселесінің психологиялық
мәнін және оның туындау себебін
анықтау үшін, сондай-ақ іс жүзінде
бұл мәселенің тиімді шешімін табу
үшін психолог-кеңесшінің клиент-
пен бірге, оның тәубеге келіп айтқан
әңгімесін саралап талдау.
Қандай да бір ғылыми теорияға бағ-
дарланып, оның толық емес және
біржақты екенін аңғармай клиентте
пайда болған мәселенің шешімін
тәубеге келуін интерпретациялау-
дағы психолог-кеңесшінің қатесі. Мұ-
ның нәтижесінде клиенттің мәселесі
және оны шешу жолдары туралы
психолог-кеңесшінің қорытындыла-
ры толық емес және біржақты бола-
ды. К-тің тұлғалығын зерттеу –
психолог-кеңесшінің клиентті тұлға
ретінде даралық ерекшеліктерін
анықтау мақсатымен психодиагнос-
тикалық зерттеулері, мұндай зерт-
теулер клиенттің кеңес алуға мәсе-
лелі өтінішін терең түсіну үшін жүр-
гізіледі.
К.-тің тұлғалығын зерттеу – клиент-
тің санасына мәселенің мәнін жет-
кізу үшін және өзінің белсенді қа-
тысуымен мәселені нәтижелі шешу
жолын табу үшін қажет. Психология-
лық кеңесте тек қызмет бабымен қол-
данылатын арнайы картотекалар бо-
лады. Бұл картотекаға клиент туралы
мәліметтер (кеңеске кім, қашан, қан-
дай мәселемен келгені туралы, кеңес-
ті кім жүргізгені, оны шешу үшін
қандай ұсыныстар берілгені, беріл-
ген ұсыныстардың клиенттің іс жү-
зіне асыру тиімділігі және тағы бас-
қа) енгізіледі.
КЛИЕНТТІҢ КЕРІ БАЙЛАНЫ-
СЫ – психологиялық кеңестен ке-
йінгі, кеңес барысында алынған
ұсыныстарды клиенттің орындау үр-
дісінде, психолог-кеңесшінің клиент-
пен қарым-қатынасы. Мұндай қа-
тынастар психолог-кеңесшіні өзінің
ұсыныстарының клиентке ықпалы
туралы мағлұматпен қамтамасыз-
дандырады. Сонымен бірге клиент
өз мәселесін шешуіне байланысты
қылықтарын түзетуге де мүмкіндік
туғызады. Клиентті бағаламау –
психолог-кеңесшінің клиенттің тұл-
ғалығына немесе қылығына «жақсы»
немесе «нашар» деген баға беруден
бас тартуы; психолог-кеңесшінің
клиентті сол күйінде тұлға ретінде
қабылдауға ыңғайы. Клиентке сенім –
психолог-кеңесшінің клиентке бар-
лық жағдайда сенуге дайындығы
мен қабілеті; психолог-кенесшінің
клиенттің өз мәселесін өз бетімен
шеше алуына сенімі. Клиентпен кез-
десу – клиент мәселесін толық ше-
шуге психолог-кеңесшіге қажетті (ап-
та, айлар немесе жылдар) белгілі бір
уақыт ішіндегі психолог-кеңесшінің
клиентпен кездесулерінің жалпы
саны. Клиентпен бейресми жағдай –
психолог-кеңесші мен клиенттің бір-
бірімен қатынасы мен бір-бірін қа-
былдаулары барлық жағынан тең
құқылы адамдар ретінде, бір-бірімен
ресми түрде емес бұрыннан жеткі-
лікті дәрежеде жеке таныс адамдар
КЛИЕ
КЛИЕ
267
сияқты өтетін жағдай. Клиентті қол-
дау – психолог-кеңесші тарапынан
клиентті эмоционалдық, сөздік қол-
даулар. Мұндай қолдаулар ниет біл-
діру, есіркеу, жан ашу, уайымына
ортақтасу, мақұлдау, ұнату, көңіл ай-
ту, тілектес болу, мадақтау т.с.с. ар-
қылы білдіріледі. Интерперсонал-
дық сапалар – клиентпен жекелік
қатынасында көрініс беретін психо-
лог-кеңесші мінезінің психология-
лық қасиеттерінің жиынтығы.
КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ –
медициналық психологияның ауру-
лардың пайда болуы мен барысының
психикалық факторларын, аурулар-
дың тұлғаға ықпалын, емдік, шипа-
лық ықпал әсердің психологиялық
аспектілерін зерттейтін саласы.
Клиникалық психологияның мақса-
тымен міндеттері психиатриялық,
неврологиялық, соматикалық клини-
каның практикалық қажетсінуле-
рімен анықталады. Осыған сәйкес,
К.п. патопсихология, нейропсихоло-
гия, соматопсихология проблемала-
рының тобына тұлғаны зерттеу, нев-
рологиялық және психикалық ауру-
ларға жатпайтын әр түрлі аурулар-
мен ауырған науқастардың диагнос-
тикасының, емдеудің, сараптаудың
психологиялық мәселелері қамты-
лады.
Соматопсихологияда психосоматика-
лық кінәраттары – шығуы мен өтуі
барысында психикалық факторлар
жетекші орын алатын ішкі аурулар-
мен (мыс. Гипертониялық аурулар,
бронх демікпесі, созылмалы коро-
нарлық жетімсіздік және т.б.) ауыра-
тын ауруларды зерттеудің ерекше
маңызы бар. Клиникалық психология-
ның пато-, нейро-, және стоматопси-
хология болып бөлінуі өте шартты
түрде және аурулардың дәстүрлі
медициналық топтастырылуын бей-
нелейді.
К.п. салалары зерттеу міндеттері,
қолданылатын әдістері арқасында,
сондай-ақ клиникалық психология-
ның бірнеше тарауының зерттеу пә-
ні болып табылатын шекаралық па-
тологияның болуымен байланысты
бір-бірімен жақындайды. Клиника-
лық патологияның теориялық және
қолданбалы мән-маңызы диагнос-
тикалық және сараптамалық жұмыс-
ты жетілдіру, емдеу шараларының
психологиялық әлеуетін күшейту, ау-
рулардың өзара қарым-қатынаста-
рын зерттеу, емдеу мекемелері қыз-
меткерлерінің жұмысын ұйымдас-
тыру және клиникалардың емдік ор-
тасын оңтайландыру, емдеудің нәти-
желігін және оң нәтижелерінің ұзақ-
тығын арттыру, науқастардың ауру
барысындағы пайда болған тұлға-
лық өзгерістерін түзеу мәселелерін
шешуде жан-жақты ашылады. Шетел-
дерде, атап айтқанда, АҚШ-та кли-
никалық психологияның көлемі «ме-
дициналық психология» ұғымының
мазмұнына сәйкес келеді.
КОГНИТИВТІК ДИССОНАНС
ТЕОРИЯСЫ – америкалық психо-
лог Л.Фестингер ұсынған (1957) жә-
не адамның мінез-құлқына когнитив-
тік элементтер (сенімдер, пікірлер,
құндылықтар, ниеттер және т.б.) жү-
йесінің ықпалын түсіндіретін батыс
әлеуметтік психологиясы тұжырым-
дамаларының бірі. Когнитивтік дис-
сонанс теориясының бастау қағида-
сы: диссонанс деген субъектіде бір
КЛИН
КОГН
268
объект туралы бір мезгілде қарама-
қайшы екі психологиялық «білімдер»
(пікірлер, ұғымдар) болатындай жағ-
даятта пайда болатын жағымсыз ын-
таландырушы күй. Диссонанс күйі
субъективтік тұрғыдан қолайсыздық
болып ұғынылады; одан диссонанс-
тық білімдер элементтерінің бірін
өзгерту, не жаңа элемент енгізу ар-
қылы арылуға тырысады. Бертін ке-
ле Л.Фестингер диссонансты таңдау-
ды жете ақтамаудың салдары деп
анықтады.
Өз қылығын ақтауды күшейтуге ты-
рысып, адам не өз мінез-құлқын өз-
гертеді, қылық соған байланысты объек-
тіге көзқарасын өзгертеді, не қылық-
тың өзі және басқалар үшін маңы-
зын кемітеді. 70-жылдары бірқатар
зерттеушілер ақпараттық терминдер-
дегі «диссонанстық эффектілерді»
қайта қарап, каузальдық жүйелердің
функция атқаруының жеке бір жағ-
дайы деп көрсетті. Бүкіл когнитивис-
тік бағдарға тән когнитивтік диссо-
нанс теориясының басты кемшілігі –
зерттеулердің субъектіге, оның сана
әлеміне шоғырлануы, субъект қам-
тылған және оның қоршаған болмыс-
пен байланысына негіз болатын зат-
тық іс-әрекетін жете бағаламаушылық.
КОГНИТИВТІК ПСИХОЛОГИЯ –
қазіргі психологиядағы таным әре-
кеттерін зерттейтін жетекші бағыт-
тарының бірі. Әуел баста когнитив-
тік психологияның басты міндеті –
сенсорлық ақпараттың стимулдың
рецепторлық бетке түскен сәтінен
жауап алынғанға дейінгі өзгерулерін
зерттеу болды. К.п. бихевиоризм мен
психоанализді интеллектуалистік
немесе менталистік позициялардан
сынайтын барлық бағыттарды қам-
тиды. К.п. – білімдер негізінде адам-
ның қылықтарын түсіндіретін жә-
не сол білімдердің үрдістері мен қа-
лыптасу динамикасын зерттейтін пси-
хологиядағы зерттеу бағыттарының
бірі. Өзі және дүние туралы білім-
дері жөнінде дамыған танымдық үр-
дістер мен санаға байланысты адам
психологиясының бір бөлімі.
КОГНИТИВТІ ПСИХОЛОГИЯ-
ЛЫҚ КЕҢЕС – бұл бағыт 60-жыл-
дары АҚШ-та пайда болды. Ол не-
гізінен бихевиоризмге, танымдық
үрдістер мен танымдық дамуды жоқ-
қа шығаруға қарсы бағытталды. Ког-
нитивтік психологияның белгілі өкіл-
деріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фес-
тингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лидн-
сей, Г.Саймон жатады. Қазіргі кезде
бұл бағыттың бірнеше нұсқалары
қалыптасты. Кеңінен тараған бағыт-
тарының бірі – есептеу нұсқасы. Он-
да ішкі когнитивтік үлгі мен тану
үрдісінің белсенділігінің рөлі ерек-
ше атап өтіледі. Бұл бағыттың шығуы
ақпараттық қатынастардың ықпа-
лымен байланысты. Когнитивтік пси-
хологияның негізгі зерттеу саласы
таным үрдістері – ес, тіл мен сөйлеу-
дің психологиялық негіздері, қабыл-
дау, есептерді шешу, ойлау, зейін,
қиял және когнитивтік даму.
КОММУНИКАТИВТІ ҚАБІ-
ЛЕТТЕР – басқалармен қатынасын-
да көрінетін адамның қабілеттілік-
тері. К.қ. адамдарды тыңдау және
түсіну, оларға ықпал ету, олармен жақ-
сы байланыстар орнықтыру және
іскерлік арақатынастары арқылы
көрінеді. Басқа адамдармен қаты-
КОГН
КОММ
269
насында көрініс беретін мінез қа-
сиеттерінің жиынтығы. Коммуни-
кативті интеллект – адамның адам-
дармен қарым-қатынасында пайда
болатын мәселелерді шешуде көрініс
беретін ақыл-ой қабілеттерінің жиын-
тығы.
КОНВЕРГЕНЦИЯ – лат. конверге-
ре деген сөзі, қаз. жақындату деген
мағынаны білдіреді. Қашықтықпен
заттардың көлемін қабылдауда көз-
дің конвергенциясы, яғни екі көздің
көрілетін затқа бір көздей болып әре-
кет етуі қажет болады. Бұл құбылыс
жақындағы нәрсені ажыратуда бай-
қалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым
жақын тұрса, конвергенцияда сонша
күшті болады да, көз ішке бұрыла
береді. К. – 1.Көру психологиясында
өте жақындағы затты көру үшін оның
білігін (осін) екі көздің ішкі бұл-
шық еттерінің жәрдемімен жақын-
дату кезіндегі екі көздің көру жолы-
ның бір нүктеде түйісуі. Орталық
жүйке жүйесіне келетін қозу аралық
нейрондарда қосылып кетуін конвер-
генциялық принцип деп атайды; 2.Ой-
лау психологиясында ойлаудың тә-
сілдерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |