Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет37/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90

ИМПРИНТИНГ  (ағылш.  imprint  – 

есте сақтау) – жоғары cатыдағы омырт- 

қалылардағы  үйренудің  айрықша 

түрі.  И.  туыла  салып  дамудың  ерте 

сатысында өтеді, өте шектелген бел- 

гілі бір уақытта ғана болуы мүмкін.  

И. процесі өте жылдам (көбіне объек- 

тімен  бірінші  кездескенде-ақ)  жаса- 

лады.  И.  нәтижесі,  әдетте,  қайтым- 

сыз процесс. И. жануарларға ұрпақ- 

тарын  қорғауын  қамтамасыз  етеді 

(балапандардың  ата-анасының  со- 

ңынан  еруі,  ата-аналарын  тануы, 

тұрған  жерін  тануы  және  т.б.).  Со- 

нымен,  И.  тәжірибе  алудың  түрі. 

Туыла берілетін және үйренетін реак- 

циялар  арасында  орын  алады.  И. 

жағдайында  қандайда  бір  сыртқы 

стимулдың ықпалымен туыла беріл- 

ген  қылық  формасы  әрекетте  жал- 

ғасады.  Сонда  туыла  берілген  мүм- 

кіндіктерді стимулдар туғызады деп 

тұжырым жасауға болады. И. – туыл- 

ған сәттен бастап қандайда бір сти- 

мулдың ықпалымен тікелей іске асы- 

рылатын немесе генетикалық бағдар- 

ламада жетіліп кодталған дайын кү- 

йінде  берілген  қылықтың  қандайда 

бір  формасының  арнайы  үйретулер- 

сіз-ақ, қызметін атқаруы.



ИМПУЛЬСИВТІЛІК  – адам мінез-

құлқының  ерекшелігі  (орнықты  ны- 

санда  мінез  қыры);  сыртқы  ықпал- 

дың  әсерінен  әрекет  ету.  Адамның 

ұғынбай әрекет етуі. Ол тез, жылдам 

қимылдайды.  Бірақ  оған  тез  өкіне 

қоймайды.  Импульсивті  адамды  ба- 

тыл  адамнан  ажырата  білу  керек. 

Батыл адам тез, жылдам әрекет етеді, 

бірақ  әрекетін  ойланып  істейді.  И. 

жоғарғы  эмоциялық  қозу  әсерінен 

болады. И. күйіп-пісуден, қатты шар- 

шаудан,  жан  күйзелісіне  және  кей- 

бір  жүйке  ауруларына  байланысты 

байқалады.  Импульс  –  1)  қандай  да 

бір нәрсеге итеріс, қандай да бір әре- 

кетті  жасауға  итермелеуші  ынта, 

қандай  да  бір  әрекетті  тудыратын 

себеп; 2) жүйке импульсі. Ойланбай 

жылдам  жасалатын  әрекеттер  мен 

қылықтардан  көрініс  беретін,  икем- 

діліктерге байланысты адамның кей- 

бір  қасиеттерінің  сипаты.  Адамның 

болып жатқан жағдайларға жеткілік- 

ті  ойланбастан,  өте  жылдам,  шексіз 

эмоционалды  реакцияға  бейімділі- 

гі.  И.  адам  мінезінің  қасиеті  ретін- 

де жиі көрініс береді.



ИНДИВИД  (лат.  individuum  – 

бөлінбейтін) – жекелей табиғи тірші- 



ИМПЛ

ИНДИ

250

лік иесі. И. дербес өмір сүретін ағза 

(бөлек,  жеке  тірі  ағза).  Тұлғаның 

биологиялық  сипатын  түсіндіретін 

ұғым.  Биологиялық,  физикалық, 

әлеуметтік,  психологиялық  т.б.  қа- 

сиеттер  жиынтығы  бар  дараланған 

адам.


И.  –  1)  жеке  табиғи  мақұлық  ре- 

тіндегі  адам,  Ноmо  sapiens  өкілі, 

филогенетикалық  және  онтогене- 

тикалық дамудың өнімі;

2)  адамзат  қауымының  жеке  өкілі; 

ол тек биологиялық қана емес, соны- 

мен  қатар,  құралдар  мен  белгілерді 

белсенді пайдаланып, соның негізін- 

де  өз  мінез-құлқы  мен  психикалық 

функцияларын  меңгеретін  әлеумет- 

тік  пенде.  Кеңестік  психологияда 

адам психологиясын талдауда «инди- 

вид», «тұлға», «іс-әрекет субъектісі», 

«жеке-даралық»  ұғымдарын  бөліп 

қарастыру қалыптасқан (Б.Г.Ананьев, 

А.Н.Леонтьев,  А.Г.Асмолов).  Тұлға 

ұйымдасуында  және  оның  мінез-

құлқын реттеуде индивидтік қасиет- 

тердің  маңыздылығы  зор.  И.  едә- 

уір жалпылама сипаттамалары: пси- 

хофизиологиялық  ұйымдасудың  тұ- 

тастылығы; қоршаған дүниемен өза- 

ра әрекеттестіктегі тұрақтылық; бел- 

сенділік.

Тұтастылық белгісі И. өмірлік қаты- 

настарды  жүзеге  асыратын  алуан 

түрлі функциялар мен механизмдер- 

дің  арасындағы  жүйелі  байланыс- 

тарды көрсетеді. Тұрақтылық И. ақи- 

қат  дүниеге  деген  негізгі  қатынас- 

тарының  сақталуын  білдіреді.  Мұ- 

ның  өзінде  И.  икемділігі  де  жақсы 

байқалады. И. белсенділігі оның өзін 

өзгертуге  қабілеттілігін  қамтамасыз 

ете  отырып,  жағдаятқа  тәуелділік 

пен  оның  тікелей  әсерлерін  еңсеру- 

ді диалектикалық тұрғыда ұштасты- 

рады және қоршаған дүниеден келе- 

тін әсерлерге жауап беруінен көрініс 

табады.


ИНДУКЦИЯ  –  жекеден  жалпыға 

қарай  жасалатын  ой  қорытындысы. 

Гүлдер  сусыз  өмір  сүре  алмайды, 

ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды 

десек,  осы  айтылғандардан  жалпы- 

лап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете ал- 

майды  деген  қорытындыны  жасай- 

мыз.  Білімнің  жеке-жеке  пайым- 

даулардан жалпы қағидаларға қарай 

ауысуы. И. дедукциямен тығыз бай- 

ланысты.  Психологияда  индукция- 

лық пайымдаулардың дамуы мен бұ- 

зылуы зерттеледі. 

1). Жекеден жалпыға қарай дамитын 

логикалық ой тұжырымы.

2). Нейрофизиологияда тітіркену нә- 

тижесінде пайда болған алғашқы қо- 

зу  ошағының  маңындағы  аймақтар- 

ға тарауы.

ИНЖЕНЕРЛІК  ПСИХОЛОГИЯ 

(франц. ingenieur – жоғарғы техника- 

лық  білімі  бар,  техника  саласының 

маманы) – негізгі мәселелері опера- 

торлық, кәсіптік тұрғыда таңдап алу, 

оларды  үйрету  және  жаттығу,  тиісті 

ақпараттық  модельдер  мен  басқару 

орындарын  жобалау,  оператордың 

хал-күйін  (шаршау,  болдыру  т.б.) 

анықтау.


Техникалық  эстетиканың,  эргоно- 

мика-ның,  ЭЕМ-нің  алгоритмдеріне 

қойылатын талаптарды тұжырымдап, 

түрлі  агрегатты  басқарудағы  адам- 

ның жеке-дара психологиялық, ерек- 

шеліктерін,  мұндағы  оның  ерік-

сезім  сферасын,  интеллект  деңгейін 

зерттеу  жатады.  Мұнда  инженерлік 



ИНДУ

ИНЖЕ

251

психологиялық  міндеттерін  шешу- 

де  консультацияның  және  сан-сала- 

лы оқу-тәрбие жұмыстарымен айна- 

лысатын  мекемелер  үшін  қолдан- 

балы мәні зор.



ИНИЦИАЦИЯ  –  сол  немесе  басқа 

ұлыстарда  (этностарда)  бар  әрекет- 

тер (рәсімді, салты және т.б.) топта- 

масы,  осы  арқылы  және  адамның 

әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауы- 

сып  бекітіледі  (жоғарғы  касталар- 

ға кіру, рыцарь дәрежесіне арнау).

ИННОВАЦИЯ  ЖӘНЕ  ҚАзАҚ- 

СТАН.  «Инновация»  кең  мағынада 

«жаңалық» деген сөз. Ол адам іс-әре- 

кетінің  кез  келген  саласынан  (өнді- 

ріс, ауыл шаруашылығы, экономика, 

сауда, ғылым, техника, т.б.) орын алып 

отырады.  Онсыз  қоғамда  ілгерілеу, 

прогресс, қарқынды даму, бәсеке бол- 

майды. Енді ғылым саласындағы ин- 

новацияға келетін болсақ мұнда ин- 

новацияның  келуіне  кездейсоқтық 

пен  сыртқы  әсердің  ықпалы  күшті 

болады.  Бұның  үш  кезеңнен  тұруы 

мүмкін.

Біріншісі  –  инновацияны  таңдау, 



талдау (анализ) кезеңі.

Екіншісі  –  сұрыптау  кезеңі.  Мұнда 

әр  этностың  рухани  тыныс-тіршілі- 

гі ерекше маңызды рөл атқарады.

Үшіншісі  –  интеграция  кезеңі,  яғни 

инновацияның  әр  қырлы  идентифи- 

кациясының бірігуі. Мұнда сырттан 

келген  мәдени  құбылыстың  жаңа 

немесе өзгеше екені байқалмай, сол 

елдің (этностың) дәстүрлі мәдениеті- 

мен үндеседі. Осы қағидалар негізін- 

де қазіргі Қазақстандағы психология 

ғылымында  қандай  деңгейде  тұрға- 

нына қысқаша тоқталып өтейік.

Инновацияға қатысты мәселенің ен- 

ді  бірі  оқулықтар  мен  оқу  бағдар- 

ламаларын  жасауға  келіп  тіреледі. 

Бұл  жерде  психология  мамандығы- 

на  байланысты  оқылатын  дәрістер- 

дің,  бағдарламалардың  аталмыш 

талапқа  сай  жасалмауы,  кейбірінің 

ғылыми тұрғыдан да сауатсыз құрас- 

тырылатыны  талғамы  бар  оқырман- 

Қазақ 

тілінде

Жекелеген түркі тілдерінде

әзірбайжан

башқұрт

қырғыз

түркмен

өзбек

Іс-әрекет

Фәалйймәт

Эшмәкәрләк

Аракет

Иш

Фаолият



Сана

Шуур


Аң

Аң-сяйми


Аң

Ончинг


Түйсік

Дуйғұлар


hизеузәр

Тую


Ощущение

Седчилар


Адаптация

Адаптасия

Адаптация

Адаптация

Адаптация

Адаптация

Қабылдау

Гаврайыш


Зиһенчә алу

Қабыл алу

Өзиңе қабул

Идрок


Иллюзия

Иллузия


Иллюзия

Иллюзия


Иллюзия

Иллюзия


Зейін

Диччат


Иғтибар

Көңүл буруу

Үнс

Уйққат


Ес

һахизә


Хәтер

Эс

Ят



Хотиро

Ойлау


Тәфәккур

Фекер йөрөтөу

Ойлөо

Пикирленмек



Таффакур

Қиял


Тәкәййүл

Хыял итеу

Ой-пикир

Хыял


Хаел

Арман


Хәял

Хыял


Қыял

Арзув


Өрзу

Сөйлеу


Нитч

Телмәр


Речь (сөз)

Сөдлейнш


Нүтқ

Сезім


Һиссләр

Тойғолар


Сезим

Дунгы


Хиссиет

Көңіл


Әһваллар

Кәйсор


Көңүл

Кейплер


Кайфият

Ерік


Ирадә

Иктыяр


Эрк

Эрк


Ирода

Әдет


Адатләр

Конумуш


Адаттар

Адатлар


Өдат

Мінез


Хориктерер

Характер


Мүңөз

Чылык


Характер

Тұлға


Шәхсййәт

Личность


Киши

Шахсиет


Шахснинг

Қызығу


Марчлар

Интерестәр

Тарламдар

Хәвәслер


Қизиқшилар

Нышан


Тәбииимкан

Яралгылар

Задатка

Задаток


Зехи

Психология атауларындағы түркілік ұқсастықтар

ИНИЦ

ИННО

252

ға  бесенеден  белгілі  болып  отыр. 

Елімізде осы ғылым саласында 1993- 

2010 жылдар арасында 3 жерде дис- 

сертациялық кеңес (ҚазҰПУ, Тұран, 

ҚазҰУ) жұмыс істейді.

Бұларда  70-тен  астам  кандидаттық, 

30-ға жуық докторлық диссертация- 

лар  қорғалды.  Бір  әттеген-айы  осы- 

нау ғылыми ізденістердің біразы (мо- 

нография,  оқулық,  оқу  құралдары 

т.б.)  ТМД  елдерінде,  әсіресе,  Ре- 

сейде жарияланған зерттеулердің қа- 

зақша  аудармасы,  не  болмаса  олар- 

дың  жергілікті  жағдайға  байланыс- 

ты  ішінара  өзгертілген  (модифика- 

цияланған) түрі болып келеді.

Мәселен,  суицидке  байланысты,  мі- 

нез-құлықтың  ауытқушылығы  мен 

өзін-өзі  бағалай  білуге  байланысты 

қорғалған  диссертациялардың  ТМД 

елдерінде  қорғалған  жұмыстардың 

қазақша  варианты  деуге  дәлеліміз 

жеткілікті.

Бұлардан ұлттық психологиялық ерек- 

шеліктер  байқалмайды.  Бізде  педа- 

гогикалық психология мәселелерін эт- 

нопсихологиялық аспектілермен бай- 

ланыстырып  зерттеу  жүргізуге  ұм- 

тылыс  бар.  Бірақ  бұларда  әлемдік 

этнопсихологияның  мәселелері  кө- 

бірек  сөз  болады  да,  қазақ  ұлтына 

тән  ғылыми  түйіндер  жол-жөнекей, 

үстірт қарастырылады.

Ұлттық психология мәселелерінің түр- 

лі аспектілерін зерттеуде педагогика 

ғылымы  саласындағы  әріптестері- 

мізді  үлгі  тұтқанымыз  абзал.  Өйт- 

кені олар өз зерттеулерінде бұл мәсе- 

леге  ерекше  мән  беріп  келеді.  Ал 

психологияда  мұндай  жағдай,  жоға- 

рыда айтқанымыздай жоқтың қасы.

Осы  айтқандарды  ескере  келе  ал- 

дағы  жерде  ерекше  ескеретін  басты 

инновациялық  бір  мәселе  –  ол  ұлт- 

тық психологияның тестілерді жасау 

мәселесі. Қазіргі кезде тестілік зерт- 

теудің ауқымы бізде тесттер оқу ағар- 

ту саласында жыл сайын ҰБТ деген 

атпен қолданысқа түсіп жүр.

Ал  мұның  ұлттық  психологиялық 

мазмұнын анықтау күні бүгінге дейін 

психолог  ғалымдардың  назарынан 

тыс қалып келеді. Осы мәселені со- 

нау  1932  жылдың  өзінде  қазақ  пси- 

хологиясының  ақсақалы  Сәлкен  Ба- 

лаубаев (1902-1972) Мәскеудің «Пси- 

хология»  журналында  арнайы  мәсе- 

ле етіп көтерген еді.

Мұның дүниеге келуі – психология- 

да  үлкен  жаңалық  (инновация)  бол- 

мақ.  Содан  бері  80  жылдай  уақыт 

өтіпті.

Ал  бұл  салада  ешқандай  қозғалыс 



байқалмайды.  Айта  берсек  шешуін 

күтіп отырған осы секілді ұлттық пси- 

хологиялық  мәселелер  шаш  етектен 

деуге болады.

Мұндай  жағдайда  Қазақстан  психо- 

логиясындағы инновациялық серпін 

туралы айту қиын.

ИНСАЙТ  –  (ағылш.  insight  –  түсі- 

ну) – 1) неғұрлым жалпы мағынасы 

– бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік; 

2) стандартты жағдайда – кез келген 

өзіндік сана-сезім немесе өзіндік ұғы- 

ну; 3) психотерапияда – біреудің бұ- 

рын  аңғарылмаған  психикалық  кү- 

йін түсіну немесе білу; 4) еске түсір- 

мей-ақ,  бұрынғы  тәжірибеге  сүйен- 

бей, бір нәрсені жаңадан дұрыс аңғару; 

5)  гештальтпсихологияда  –  пробле- 

малар  сол  арқылы  шешілетін  про- 

цесс. Бұл орайда И. шешімге сәйкес 

адамға байланысты түсіндіруге мүм- 

кіндік беретін модельді немесе оқиға 

ИНСА

ИНСА


253

мәнін кенеттен қайта ұйымдастыруды 

немесе құрылымдауды сипаттайды.

ИНСТИНКТ  –  гректің  сөзі,  қазақ- 

шалағанда  «соқыр  сезім»  деген  ма- 

ғынаны  білдіреді.  Бұл  жануарлар- 

дың  күрделі  туа  біткен  іс-әрекеті, 

оның  көмегімен  өз  қажеттілектерін 

қанағат-тандырады. Мәселен, өрмек- 

шілер  ерекше  шеберлікпен  өзінің 

өрмегін тоқиды, бірақ та олар алдын 

ала  бұл  өнерге  үйренген  емес.  Бал 

арасы  орасан  зор  математикалық 

дәлдікпен  омартасының  құрылысын 

салады. Кейбір жануарлардың түрле- 

рі, әсіресе, жәндіктер өз ұрпақтарын 

көрмейді, бірақ алдын ала жұмыртқа 

саларда өз тұқымы үшін ыңғайлы үй 

және тамақ дайындайды, ол дүниеге 

келген тұқымы жеткілікті дамуы жә- 

не өз бетімен жетілуі үшін істеледі. 

Мәселен, жазғытұрым жол бойында 

немесе жанында қара қоңыздың жұ- 

бы тамағын шар түрінде домалатып 

бара жатқанын аңғарамыз. Бұл шар – 

болашақ  дүниеге  келетін  тұқымы  

үшін істеліп жатқан қарекеттер. Шар- 

ды белгілі көлемде домалатады. Ана- 

лық қара қоңыз шардың ішіне жұмырт- 

қа  салады,  содан  кейін  оның  аузын 

жауып, бітегеннен кейін, осы шарды 

қауіпсіз жерге домалатып апарып қоя- 

ды.  Біршама  уақыт  өткеннен  соң, 

шардың  ішіндегі  жұмыртқадан  кіш- 

кентай  құрттар  шығады.  Құрт  шар- 

дың өзімен қоректенеді де өсіп оты- 

рады. Шардың ішін кеміріп, кішкен- 

тай  қоңыз  кеңшілікке  шығады.  Ин- 

стинктер қалыптаспайды, әрі күнде- 

лікті  өмір  барысында  оларды  жат- 

тығулар  арқылы  қалыптастыруға 

болмайды,  ол  туа  біткен  қасиет,  тұ- 

қым  арқылы  ата-аналарынан  бері- 

леді. И.П.Павловтың ілімі бойынша, 

инстинктер – бұл сол шартсыз реф- 

лекстер,  оларға  қарағанда  табиғаты 

күрделірек. «Қазіргі кезде, – деп жаз- 

ды  И.П.Павлов,  –  толықтай  анық- 

талды деуге болады, демек, инстинк- 

тер  дегеніміз  –  сол  рефлекстер,  тек 

бірнеше  жиі  күрделі  құрамнан  ғана 

тұрады».

Инстинктер  –  бұл  әртүрлі  шартсыз 

рефлекстерден тұратын тізбекті реф- 

лекстер,  әрбір  рефлекстің  қозғау-

шы  бөлігі  кейінгі  рефлекстер  үшін 

тітіркендіргіш болып табылады. Жа- 

нуарлар  инстинктерінде  бізді  таң 

қалдыратыны  олардың  органикалық 

мақсаттылығы болып есептеледі. Бі- 

рақ  жануарлар  инстинктерінің  мақ- 

саттылығы  ерекше  шектеулі.  Жа- 

нуарлар  инстинктері  таптаурынды 

түрде іске асады. Мәселен, өрмекші 

тоқыған  торына  түскен  шыбынды 

бас  салып,  оны  жеп  қояды.  Бірақ 

өрмекші  мен  шыбынды  торда  емес, 

стаканға бірге салып қойса, онда өр- 

мекші  шыбыннан  қаша  бастайды. 

Инстинктердің  шығуын  алғаш  рет 

түсіндірген  Ч.Дарвин  болды.  Оның 

ілімі  бойынша,  инстинктер  жануар- 

лардың  ұзақ  эволюциялық  даму  үр- 

дісінде,  сыртқы  ортаға  бейімделуде 

өмір  жағдайларына  байланысты 

қалыптасады.  Инстинктер  жануар- 

ларды  қоршаған  ортаға  бейімделуді 

және  өмірлік  қажеттіліктерін  қана- 

ғаттандыруды қамтамасыз етеді. Ақ- 

тиін инстинктіге бағына отырып, өзі- 

не  ұя  жасайды  және  тамақ  жинай- 

ды. Құс та әртүрлі күрделі әрекеттер- 

ді жасай отырып, ұя салады, сондай 

дәлдікпен,  бірақ  алдын  ала  оған 

үйретілмеген болса да бал арасы омар- 

та  жасайды,  көптеген  бақылаулар 

ИНСТ

ИНСТ


254

мен зерттеулер көрсеткендей, өзгеріл- 

ген өмір жағдайында жануарлардың 

инстинктивтік іс-әрекеті өте қажетті- 

ден  мағынасыз  әрекетке  айналады. 

Егер де жұмыртқа басып жатқан га- 

гарлардың жоқ кезінде ұяда жұмырт- 

қаларын  басқа  жаққа  ауыстырып, 

орнына дөңгелек тастарды қойса, ол  

тастың үстіне отыра береді, өз жұмырт- 

қаларының жоқтығына мән бермейді.

Мәселен,  жұмысшы  құмырсқамен 

мынадай бақылау жүргізіп қарайық, 

олар  тамақтарды  бүкіл  жаз  бойы  өз 

індеріне  жинақтайды.  Алып  келген 

тамағын  інге  кіргізбестен  бұрын 

сыртқа қойып, іннің ішіне кіріп шы- 

ғады,  содан  кейін  кіргізеді.  Ішке  кі- 

ріп  кеткенде  әлгі  тамағының  орнын 

басқа жерге ауыстырып қойсақ, оны 

сол  жерге  қайта  алып  келіп,  қойып, 

тағы да інге кіріп шығады, оны тағы 

басқа жерге ауыстырсақ, сол әрекетті 

қайталай  береді.  Бұл  құмырсқаның 

іс-әрекеті, соқыр сезім арқылы орын- 

далғандығын  аңғару  қиын  емес. 

Мәселен,  жаңа  туған  малдың  (қой- 

дың) төлі немесе иттің күшіктері ту- 

ған  бойда  анасының  бауырына  ұм- 

тылады, енесінің емшегін іздей бас- 

тайды, тауып алып, емеді.

Малдың  жас  төлінің  іс-әрекеті  бел- 

гілі  бір  сигналға  байланысты.  Осы- 

ның  бәрі  шартсыз  рефлекстің  нәти- 

жесінде іске асып отыр. Тұқым қал- 

дыру инстинктері өте күрделі, соны- 

мен  қатар  жыныстық,  тамақ,  қорға- 

ныс  инстинктерін  көптеген  омырт- 

қалыларда  кездестіруге  болады.  Ұя 

салу және өзінің тұқымын күту құс- 

тарда  және  бауырымен  жорғалау- 

шыларда  белгілі  бір  мақсатта  іске 

асады.  Бірақ  бұл  мақсаттылық  таза 

сыртқы  факторларға  байланысты. 

Жануарлардың  қылықтары  ортаның 

өзгеруіне байланысты аз-кем өзгеріс- 

терге ұшырайды. Жағдайлардың өз- 

геруіне  байланысты  кейбір  құстар 

мен  бауырымен  жорғалаушыларда 

инстинктілік іс-әрекеттің салдарынан 

дұрыс дамып келе жатқан іс-әрекеті 

бұзылады. Мәселен, құстар өз бала- 

пандарын  тастап  кетуі  мүмкін,  сүт- 

қоректілер өз тұқымын шайнап тас- 

тайды.  Жануарлардың  қорғаныс 

қылықтары инстинктілік сипатта бол- 

са, өзіндік ерекшелігі бар. Оған көп- 

теген  мысал  келтіруге  болады.  Мә- 

селен,  Америкада  түсі  қара  кішкен- 

тай аң өмір сүреді, оның бір ерекше- 

лігі  барлық  аңдардың  шабуылынан 

қорғануын сақтандырған, аңдар оны 

алыстан  арқасындағы  ақ  сызықтан 

біледі. Бұл – скунс деген аң. Табиғат 

оны ерекше қорғану қасиетімен ерек- 

шелеген. Ол өз жауларынан қорғану 

үшін улы, исі ащы сұйық затта шы- 

ғарып отырады. Қауіп төнген жағдай- 

да  өз  жауына  арқасын  беріп,  қана- 

тын  жайып,  сұйық  улы  затты  ауаға 

жібереді.  Бірнеше  сағат  бойы  ең  ірі 

жыртқыштар  «есінен  айырылып  қа- 

лады».

Америкада барлық аңдар скунсқа ти- 



мейді.  Бұл  жануарларда  туа  біткен 

инстинктілік  іс-әрекеттер  болып  та- 

былады. Осыған байланысты жануар- 

лардың  туа  біткен  қылықтарының 

түрлерін зерттеген этологтардың ең- 

бектері ерекше қызығушылық туғы- 

зады.  Осы  бағыттағы  ғалымдардың 

зерттеулері көрсеткендей, инстинкті- 

лік іс-әрекет белгілі сигналдардың нә- 

тижесінде болатындығын атап өткен 

жөн.

ИНТЕГРАЦИЯ  –  1.шетел  психо- 

логтары  мен  отандас  психологтар- 

дың  ұштасатын  теорияларының  ке- 

ИНТЕ

ИНТЕ


255

шені; 2.таным әрекеттерінің бір-бірі- 

мен құрамдас бірліктер ретінде кешен- 

ді  орындалуы;  3.жеке  психикалық, 

үрдіс қасиеттерінің немесе операция-

ларының бөлек зерттелу нәтижесінде 

сол  үрдіс  немесе  қасиет  туралы  тұ- 

тастық қорытынды; 4.интеграция (мем- 

лекетаралық экономикалық одақтар- 

дың  құрылуы);  5.мат.  интеграл  шы- 

ғару, интеграл табу.

ИНТЕЛЛЕКТ  (парасат,  зият),  (лат. 

intellectus  – ақыл, парасат, ес) – ин- 

дивидтің  ақыл-ой  қабілеттерінің 

біршама орнықты құрылымы. Алға- 

шында бұл термин адам психикасы- 

ның  орынды  ойлау  функцияларын 

белгілесе, қазіргі кезде оған барлық 

танымдық процестер кіреді. И. адам- 

ның болмысты тануының негізгі ны- 

саны. И. ақпаратты мақсатты бағыт- 

ты  қайта  өндеуге,  реттеуге,  оқуға 

қабілеттіліктің  күрделі  жүйелерінің 

танымдық  іс-әрекеті.  И.  функцияла- 

ры: а) оқуға деген қабілеттілік; б) қор- 

шаған  болмыстың  заңдылықтарын 

белсенді  меңгеруге  қабілеттілік. 

Бірқатар  психологиялық  тұжырым- 

дамаларда  И.  ақын-ой  операция- 

ларының  жүйесімен  теңдестіріледі. 

Теориялық  және  практикалық  И. 

жеке  адамның  эмоциялық-ерік 

ерекшеліктерімен  байланысты.  И. 

түрлері: абстрактылы зияты, ересек- 

тер  зияты,  нақты  И.,  кристалданған 

И.,  күнделікті  И.,  жануарлардың 

зияты,  жасанды  И-тің  көрсеткіші 

анықталған  коэффициент  деңгейіне 

байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет