КІСӘПІРЛІК – мінездегі жағым-
сыз, жексұрын қылық. К. бірнеше
мағынада қолданылады: 1. К. қалтаға
түсіп, ұрлық жасаушы адам. 2. Қиын-
қыстау жағдайда шыдамдылық пен
төзімділік көрсетіп, ауыр халден құ-
тыла білу. 3. Адамдармен қарым-қа-
тынас жасауда өзінің ойындағы мақ-
сатына жету үшін қандай да кедер-
гі-тосқауыл кездесетін болса да он-
дай жағдайдан босанудың амал-ай-
ласын тауып, онан құтылып кете ала-
тын қабілеттілігі. К.-тің тағы бір
ерекшелігі – мақсатты ісін жүзеге
асыру үшін түрлі айлакерлік жасап,
қару-құрал қолданып, адамдардың
өмірін жоюға дейін барады. Мінезде-
гі К. істеген ісі мен қимыл-әрекетін-
дегі қылмысын, ұрлық-қорлығын
мойындамай қасарысып қарсылық
көрсетуден танбайтын жексұрын
қылық.
КІШІЛІК – мінездегі кішіпейілді-
лік, қайырымдылық сипаттарымен
ерекшеленетін ұнамды қасиет. К.
адамның ибалығын, әдептілігін де
білдіретін жағымды сипат. «Жаман-
ның көңілі көкте, жерде басы, алыс
қой аңғарарға екі арасы. Жақсының
өзі кішік, ойы биік, бірдей ме екеуі-
нің мәртебесі (Жамбыл)». «Досмағұл
кішіпейіл, мейірімді, сабырлы кісі
еді (Көбеев)». «Кішіпейілділік бәрі-
мізге ұнайды (Иманжанов)».
Ауыспалы түрде К. біреудің айтқа-
нын тыңдап, оның ақыл-кеңесін өмір
КІНӘ
КІШІ
283
тәжірибесінде, іс-әрекетінде қол-
дана білуі. К. адам қасиетіндегі мі-
нездің ұнамды сипат-ерекшеліктерін
білдіретін белгісі ретінде кімнің бол-
са да сыйлап, құрмет тұтуына лайық-
ты адам деп саналады.
К. адамның тұлғалық қасиеті мен
кісілік бейнесін орынсыз кішірейту
немесе адамның өз басын шамадан
тыс кемітіп кішіреюі ұнамсыз қа-
сиет деп саналады. К. кішірею мағы-
насында жасару, жақсаруды да білді-
реді. «Бұл түрінде ол он бес жас
кішірейіп қалған сияқты (Ә.Әбішев)».
Қазақ халқында: «Ағайынның кіші-
сі болсаң, күшігі бол» дейтін мәтел
бар. Мәтел топ ішіндегі, отбасы мен
мен жора-жолдас арасындағы жасы
үлкендерді сыйлап құрмет көрсетуге
тәрбиелеп, кішілерге қамқорлық жа-
сап, өнеге, тәрбие көрсетудің, кішіпе-
йілділік пен қамқорлық мінезге бау-
лудың үлгісі болып табылады.
ҚАБЫЛДАУ – ақиқат дүниедегі зат-
тар мен құбылыстардың сезім мү-
шелеріне тікелей әсер етіп, тұтас-
тай заттық түрде бейнеленуі. Қабыл-
данатын заттардың қасиеттері мен
бейнелері кеңістікте шоғырланады.
Қ-дағы бұл үрдіс объективация
деп аталады. Қ. нәтижесінде пайда
болатын бейне бірден бірнеше ана-
лизаторлардың өзара әрекеттесіп,
үйлесімді жұмыс атқаруының нә-
тижесі. Осы анализаторлардың қай-
сысы белсенді жұмыс атқарып, ақ-
параттық мәліметті көп берсе, соған
байланысты Қ. түрлері де ажыра-
тылады (көру, есту, тері, қозғалыс
т.б.). Қ-дың түйсіктерден едәуір
дамығандығын көрсететін тағы бір
ерекшелігі, қабылдаудың негізінде
адам санасының затқа, құбылыс-
қа, үрдіске жатқызатын өзара байла-
нысты түйсіктердің жиынтығы ретін-
де бейне қалыптасады.
Түйсіну мен қабылдаудың ұқсас-
тығы – екеуінің де пайда болуы үшін
дүниедегі заттар мен құбылыстардың
адамның сыртқы сезім мүшелеріне
тікелей әсер етіп отыруы. Қ-ға түй-
сіктермен қатар, ой элементтері де,
елестер мен ұғымдар да енеді. Қабыл-
ҚАБЫ
ҚАБЫ
284
дау кезінде заттар мен құбылыстар-
дың қалай болғанын, олардың қа-
сиеттерінің қандай екендігін түсініп,
ұғымымызды кеңейтіп отырамыз.
Анық және жақсы қабылданған зат-
тар ғана түсінікті болады. Адам дү-
ниедегі заттарды қабылдай отырып,
оларды сипаттайды, бірімен-бірін
салыстырады, арасындағы ұқсасты-
ғы мен айырмашылығын, жалпы
қасиеттерін ажыратып отырады.
Қ. басқа да психикалық функциялар
сияқты, дүниедегі объективті заттар-
дың адамның санасында субъектив-
тік бейнеленуі. Адам қабылдауының
мазмұны түгелімен сыртқы дүние-
дегі заттар мен құбылыстардың мә-
нін бейнелейді. Қ. үрдісінде адам-
ның өткендегі тәжірибесі ерекше
орын алады. Бұл ерекшелікті аппер-
цепция деп атайды (Апперцепцияны
қараңыз). Жалпы, адамның қабыл-
дауы эволюциялық жолмен дамып,
қоғамдық тәжірибе әсерінен жетіліп,
күрделеніп, кеңейіп, мазмұны жа-
ғынан кеңейіп жатады. Қ-дың құры-
лымдылығы – қабылдаудың тұтас-
тылығымен тығыз байланысты ерек-
шелігі.
Біз белгілі бір объекттің жеке эле-
менттерін емес, тұтас құрылым ре-
тінде қабылдаймыз. Мыс., музыка-
ны қабылдағанда, біз оны жеке
ноталар бойынша емес, тұтас әуен
ретінде қабылдап, қайта жаңғырта
аламыз. Қ-дың тұрақтылығы неме-
се константтылығы деп сыртқы жағ-
дайдың өзгеруіне қарамастан, зат-
тардың мөлшері, формасы, түсі және
т.б. қасиеттерінің салыстырмалы
бір қалыпты болып қабылдануын
айтады. Мыс., ақ қағаз қараңғы бөл-
меде қара болып көрінсе де, біз оны
ақ түсті ретінде қабылдаймыз. Қ.-
дың тұтастылығы – бұл объекттің
кейбір қабылданатын элементтерінің
жиынтығын сенсорлық түрде және
ойша тұтас бейне күйіне толықтыру.
Қабылдауда заттар мен құбылыстар-
дың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, фор-
масы, т.б. қасиеттері тұтас күйінде
бейнеленеді. Мыс., алманы қабыл-
дауды алайық. Мұнда біздің анали-
заторларымызға оның қызыл түсі,
хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қа-
сиеттері бір мезгілде әсер етеді де,
миымызда тұтас зат бейнесі пайда
болады. Қ. кейбір жеке қасиеттер-
ден, жеке бөліктерден тұрғанымен,
біз оларды бүтіндей, тұтастай бей-
нелейміз.
Қ-дың нәтижесінде қалыптасатын
тұтас бейне түйсіну түрінде алына-
тын заттың жеке қасиеттері мен са-
палары жөніндегі білімдерді жалпы-
лау негізінде құрылады. Қ. үрдісінде
адамның өткендегі тәжірибесі ерек-
ше маңызды. Егер бала өмір бойы
поезды көрмей өссе, оны бірден жақ-
сы тани алмайды. Адамның сыртқы
дүниенің заттары мен құбылыстарын
қабылдауы селқос үңілу емес, белсен-
ді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана
дүниені тереңірек тануға мүмкіндік
тудырады.
Қ. – ми қабығының күрделі анализ-
дік және синтездік қызметінің нәти-
жесі. Қабылдаудың физиологиялық
негізінде бірнеше тітіркендіргіштер-
дің жиынтығы мен олардың қарым-
қатынасында пайда болатын уақыт-
ша байланыстар жатады. Мұны И.П.
Павлов қатынас рефлексі деп ата-
ған. Мәселен, көру анализаторла-
рында осындай қатынас рефлексінің
жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің
ҚАБЫ
ҚАБЫ
285
бір-бірімен байланысы) заттың түрі,
түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның
тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
Қ. – түйсіктегідей бір анализатор-
дың ғана қызметі емес, бірнеше ана-
лизаторлардың бірлесіп қызмет іс-
теуінің нәтижесі. Мәселен, киноны
көру екі анализатордың (көру, есту)
өзара байланысып жұмыс істеуінен
болады. Қ-дың мағыналығы, бұл не-
гізгі айырмашылығын жақсы көр-
сетеді. Объектілердің мазмұнын тү-
сінбейінше, белгілі тұжырымдар мен
сөз арқылы аталмайынша, ол толық
қабылданбайды. Қ-да объекттің аты
сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да
оңай және тез қабылданады. Мәсе-
лен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген
сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ,
азын-аулақ хабарымыз бар тілді ша-
ла-шарпы қабылдаймыз. Адам ана
тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсі-
нетіндіктен ғана оларды толық қа-
былдайды.
Заттар мен құбылыстардың мағына-
сын түсінудің қарапайым түрі – та-
ну. Нәрсені танымайынша, оны аң-
ғарып, қабылдау қиын. Тану жалпы-
лай және даралап тану болып екіге
бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз
талғаусыз қалай болса, солай тану.
Жалпылай тануда адам нәрселердің
өздеріне тән қасиеттерін біле бер-
мейді. Объектілерді даралап тану ар-
қылы ғана оларды анық, толық қа-
былдауға мүмкіндік туады. Мәселен,
көпшілік арасынан таныс адамды
бірден танудан, көп киімнің ішінен
өз пальтоңды бірден тану оңай.
Қ-дың таңдамалылығы, толып жат-
қан объектілердің ішінен біреуін
іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын)
қабылдаудың таңдамалылығы делі-
неді. Мәселен, кітап оқығанда онда-
ғы бірер сөз қате жазылған болса да
байқамай оқып кете береміз. Егер
кітапта «университет» деген сөз «ун-
верситет» деп қате жазылса да біз
мұны «университет» деп дұрыс оқи-
мыз. Кітап оқығанда оның мазмұ-
нына ерекше көңіл бөлінетіндіктен,
мұндай қателер көзге түспей қала-
ды. Ал жеке сөздерге, жеке әріптер-
ге шұқшия көз салған жағдайда
(мәселен, корректорлар) мәтіннің
мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып
қоятын кездері болады. Қ-да зейін
аударып, талғаудың зор маңызы бар.
Мұндай жағдайда объекттің назар
аударылған белгілерін, қасиеттерін,
керек жақтарын ғана қабылдаймыз.
Біздің назар аударатынымыздың
ішіндегі ең бастылары, қазірде іс-
теп жатқан әрекетімізге қажет қызық-
тыратын, қажетімізге жарайтын нәр-
селер болып табылады. Қ-дың таң-
дамалылығы әр түрлі объективтік
(объектілердің ерекшеліктеріне –
күші, қозғалысы, қарым-қатынасы
т.б.) және субъективтік (адамның
қабылданатын затқа қызығуы, оны
қажетсінуі, сол кездегі психикалық
көңіл күйі т.б.) себептерге де байла-
нысты болып келеді. Мұғалім бірне-
ше оқушыдан үй тапсырмасын сұ-
раған кезде оған бір баланың жауа-
бы ерекше ұнайды.
Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұ-
ғалімнің оъектісі сол бала болады да,
қалғандарының жауабы жөнді елен-
бейді. Қ-да ерекше айқын көрініп
тұрған нәрсе (жоғарыдағы мысалда
баланың сабақты жақсы айтуы) фигу-
ра делінеді де, қалғандары (осы сұ-
раққа жөндеп жауап бере алмаған
оқушылар) соның фоны болады. Сөй-
ҚАБЫ
ҚАБЫ
286
тіп, аса зейін қойған зат әр кезде фи-
гура болады да, оның айналасында-
ғы қоршау фон болып есептелінеді.
Қ А Б Ы Л Д АУД А Ғ Ы Т И П Т І К
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР. Адамдар-
дың барлығы біркелкі қабылдай бер-
мейді. Мұнда типтік өзгешеліктер
де болады. Кейбір адамдар қабылдау
кезінде зат пен оның жеке тұрқына,
сырт көрінісіне көңіл аударуға бейім
болады да, олар көргенін баяндауды
ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол
заттың мән- мағынасына көз жібере-
ді, қабылдағанын жан-жақты түсін-
діріп беруді қажетсінеді. Осы ай-
тылғанға орай бірінші топтағы адам-
дарды қабылдаудың баяндаушы ти-
піне, ал екіншілерін түсіндіруші тип-
ке жатқызуға болады. Қ. саласында
адамдар объективтік және субъектив-
тік типтер болып та бөлінеді. бі-
рінші типтің өкілдері заттар мен құ-
былыстарды дәл, айқын, ешбір қос-
пасыз, сол қалпында қабылдайды,
өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал
субъективтік типтегі адамдардың қа-
былдауында долбарлау, қиялдап жа-
ңа бейнелер қосу жағы басым келе-
ді. Мұндайда қабылданатын заттан
гөрі адамның сезім күйлері (үміт, үрей,
елжіреу, алдану т.б.) ерекше әсер ете-
тін болады. Субъективтік типті кейде
қабылдаудың эмоциялық типі деп те
атайды. Қ. – синтездік (сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарын үнемі
тұтастай қабылдап, бірақ оның ұсақ-
түйегіне жөнді мән бермейтіндер),
анализдік (мұндайлар керісінше
заттардың ұсақ-түйектеріне ерекше
көңіл бөліп, оны тұтастай қабылдау-
ға шорқақ келетін типтер де кездеседі.
Халық осылардың біріншісін «Көр-
мес түйені де көрмес» десе, екіншісін
«Түймедейді түйедей» ететіндер дей-
ді. Қ.-дың өмірге өте икемді типі –
анализдік-синтездік тип. Қ. сала-
сындағы типтік ерекшеліктер бұл ай-
тылғандармен ғана шектелмейді.
Сондай-ақ бұлардың қай-қайсысы
да тұрақты, өзгермейтіні қасиет емес.
Тұрмыс, дағды-әдет, іс-әрекеттің мақ-
саты мен мазмұны, адамның жас
және дара ерекшеліктері т.б. белгілі
жағдайларда қабылдау саласындағы
типтік ерекшеліктерді өзгеріске түсі-
ріп отырады. Уақытты дұрыс қабыл-
дау да балаларға қиын. Бөбектер күн
мен түнді, жылдың төрт маусымын
бір сыдырғы ажыратқанымен, бүгін
мен ертеңді, кешегі мен бірсүгінді
бір-бірімен шатастырып отырады.
Олардың ұзақ мерзімді, келер шақ
пен өткен шақты қабылдауы да өте
мардымсыз. Мектеп жасына дейінгі
балалардың қабылдауы олар, іс қи-
мыл әрекетіне байланысты және
эмоциялық бояуларға бейім болып
келеді.
Мәселен, олардың қозғалмалы, бояу-
лы заттарға тез зер салғыш келетіні,
қанық бояулы нәрселерге ерекше
құмартатыны да осыдан. Төменгі сы-
ныптарда оқитын балалардың қа-
былдауында мына төмендегідей ерек-
шеліктер болады. Олар әлде де бол-
са құбылыстарды тұтас зат күйінде
жөндеп қабылдай алмайды. Бала
заттың көлденеңнен кезіккен жеке
қасиеттері мен белгілерін ғана көре-
ді, заттарды талдай қабылдау жағы
да жеткіліксіз дәрежеде болады.
Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын,
олардың көзге бірден көрінетін
сыртқы белгілерін қабылдауға ұм-
тылады. Мұндай қабылдауда белсен-
ҚАБЫ
ҚАБЫ
287
ділік жағы аз болады. Егер объектіні
қабылдау қиынға соқса, бала оған
қынжылмайды, екіншісіне ауыса-
ды, қабылдаған затының жеке бө-
ліктерін тізбектей алғанмен, бірақ
онда жүйе болмайды. Мәселен, оқу-
шы көбелектің құрылысын айтқан
кезде: «Көбелектің қанаты ақ. Қана-
тында дөңгелек қара нүкте бар. Кө-
белектің мұрты, көзі, құйрықшасы
болады» деп жай тізбектейді де, оның
негізгі ерекшеліктерін (түрі, түсі т.б.)
айтуды естен шығарады. Кейде бала
нәрсенің жеке жақтарын қабылдай-
ды да, оның тұтас зат екенін ескер-
мей қалады.
ҚАБІЛЕТ (қабілеттілік, алғырлық,
алғырттылық, мүмкіндік). Қ. деп әр
адамның белгілі бір іс-әрекет түріне
икемділігін айтады немесе қабілет
дегеніміз – мақсатқа бағдарланған,
тәлім-тәрбие жұмысына байланыс-
ты адамның бір іс-әрекетке ұйым-
дасқан түрде бейімделуі және оны
нәтижелі етіп атқаруы. Қ. адамның
білімді, ептілікті, дарынды біршама
жеңіл меңгеруіне және қандай да бір
іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуы-
на көмектеседі. Қабілеттілік әрбір
адамда түрліше сипатта болады. Адам-
ның белгілі бір іс-әрекет түріне қа-
білетті болуы екі түрлі көрсеткіш ар-
қылы анықталады: 1) іс-әрекетті тез
өзгерту; 2) іс-әрекетті орындау нәти-
жесінің сапасы. Егер адам өзге адам-
дармен салыстарғанда, біріншіден,
бастаған істі қалайда болмасын тез
және табысты меңгеріп, сол әрекетке
лайық дағдыны оңай игеретін болса,
екіншіден, белгілі бір деңгейде же-
тістіктерге жетсе, оны қабілетті адам
дейді.
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау
тәсілі сол адамдардың психикалық
таным үрдістерінің даму ерекше-
ліктеріне, жүйке жүйесі талдағыш-
тарының жұмысына, сезім мүшеле-
рінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсер-
леніп, қабылдау жылдамдығына
және адамның даралық қасиетіне
байланысты. Қ. адамдағы жеке-да-
ра өзіндік ерекшелік, яғни бір адам-
ның екінші адамнан айырмашылы-
ғын көрсететін психологиялық сипат,
адамның белгілі бір іс-әрекет түріне
бейімділігі. Қ. – адамның даралық
психологиялық ерекшелігі. Қ. екі
түрі бар:1) адамның екі-үш түрлі іс-
әрекетті атқаруға бейімділігі, өмір
сүруі мен тіршілік етуге деген икемі
және әрекетшіл көрінісі – жалпы
қабілет деп аталады; 2) белгілі бір
істі үздік орындаудан, оған деген
ықылас-ынтадан, дағды мен икемді-
ліктен және даралық ерекшеліктері-
нен көрініс беретін – арнаулы қабі-
лет те болады.
Адамның істеген ісі мен әрекетін
бақылап көрмей тұрып, оны сол іске
қабілетті не қабілетсіз деп кесіп ай-
туға болмайды. Мыс., сурет өнерінің
әліппесімен әлі танысып үлгірмеген
баланы өнердің бұл түріне қабілет-
ті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек
ұйымдастырылған іс-әрекет негізін-
де ғана оның қаншалықты бейімді
екендігін білуге болады. Адамның
қабілеті тұқым қуалау факторына
және өмір тәжірибесі мен тәлім-тәрбие
істерінің нәтижесінің үнемі дамып
жетілуіне байланысты. Қ-ті сақтау-
дағы сәтсіздіктер – өз тарапынан жұ-
мысқа деген қабілеттілігін сақтай-
мын деген әрекеттеріне қарамастан,
адамның жұмысқа деген қабілеттігін
ҚАБІ
ҚАБІ
288
жоғалтуы, жұмысының нәтижелігі-
нің және сапалылығының төмендеуі.
ҚАБІЛЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТЕO-
РИЯЛАР – психология ғылымында
қабілеттілік жайлы әртүрлі теория-
лар қалыптасты. Кеңінен тараған
теориялардың бірі – қабілеттіліктер-
дің тұқым арқылы берілетіндігі, адам-
ның туа біткен психикалық ерекше-
лігі туралы теория. Идеалистік фи-
лософияның атасы Платон қабілет-
тіліктер туа біткен қасиеттер деп тұ-
жырымдады. Ал XVII ғасырда
Декарттың еңбектерінде туа біткен
идеялар туралы ілім ретінде қарас-
тырылады. Ғылыми психология қа-
білеттіліктердің туа біткендігін жоқ-
қа шығарады. 1875 жылы ағылшын
антропологі әрі психологі Ф.Гальтон
«Таланттың тұқым қуалауы, оның
заңдары және салдары» атты кіта-
бын жариялады.
Ол еңбегінде тарихқа белгілі адам-
дардың туыстық байланыстарын
зерттей келіп, дарындылық тұқым
арқылы берілетіндігін дәлелдемек
болды. Бірақ Гальтонның тұжырым-
дарында ғылыми негіз болмады. Галь-
тонның материалдары бойынша бір-
ден-бір жасауға болатын қорытын-
ды белгілі, бай және білімді адамдар-
дың отбастары интеллектуалдық ең-
бекпен айналысу үшін қажетті са-
паларды дамытуға қолайлы ортаны
қалыптастыратындығы туралы айт-
қан ойларын атауға болады. Галь-
тонның зерттеуі бойынша атақты
композитор Бахтардың отбасында,
мысалы, музыкалык, талант алғаш
рет 1550 жылы аңғарылды және
бес ұрпақтан кейін ұлы композитор
И.С.Бахта талант ерекше аңғарыл-
ды. Бахтардың отбасынан 60-қа тар-
та музыкант шықты, оның ішінде 20-
сы ұлы музыкант болды.
Осыдан жалпы қорытындылар жа-
сайтын болсақ, көп жағдайда ұлы
адамдардың тұқымдарын зерттеу
биологиялық тұқым қуалауды емес,
әлеуметтік жағдайлардың қабілет-
тіліктерді дамытуға қолайлы әсер
ететіндігін аңғаруға болады. Соны-
мен қатар Бахтардың отбасының үл-
гісі музыкалык нышандардың тұқым
арқылы берілетіндігі туралы негіздің
орын алатындығын ескерген жөн.
Оларда бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
есту анализаторларының құрылы-
мы мен іске асуының белгілі ерек-
шеліктері тұқым арқылы берілуі мүм-
кін. Френология ғылымының пайда
болуы Франц Иосиф Галль (1758-
1828) есімімен тығыз байланысты.
Адамның немесе жануарлардың пси-
хологиялық ерекшеліктері бас сүйек-
тің сыртқы бітімімен байланысты-
лығы туралы ілім. Оның ілімінің
негізіне бүкіл адамзаттың қабілетті-
ліктері «ақыл» мен «жүректің» бар-
лық сапалары бас мидың жарты-
шарларында өзінің арнаулы орталық-
тары орналасқан. Бұл сапалардың
даму дәрежесі мидың сәйкесті бөлік-
терінің көлеміне тікелей байланыс-
ты деп түсіндіреді. Бас мида орна-
ласқан орталықтардың әрқайсысын-
да адамның белгілі бір қабілеті шо-
ғырланған. Осы қабілеттілік күшті
дамыған жағдайда мидың тиісті ор-
талығы да өте дамыған болады. Осы-
ның өзі бас сүйектің бітімінде көрі-
неді-міс. Бұған негізделген арнау-
лы өлшемдер арқылы френология-
лық карта жасалады. Онда музы-
каға, поэзияға, сурет салуға «қабі-
ҚАБІ
ҚАБІ
289
леттіліктердің дөңестерін», «атақ-
құмарлық, сараңдық, ерлік және т.б.
қасиеттердің» дөңестерін бейнелеу-
ге болады деп тұжырымдайды. XIX
ғасырда френология психо-диагнос-
тика әдісі ретінде барынша кеңінен
қолданылды.
Алайда, бас сүйекке жасалған көп-
теген зерттеулер оның ми қабаты-
ның нысандарын әсте де қайтала-
майтындығын, сондықтан бас сүйек-
тің орталықтары мен дөңестеріне
қарап адамның ақыл-ой қабілетті-
лігін, мінез ерекшеліктерін анықтау-
ға әрекеттенудің негізсіз және ғы-
лымға мүлде қарсы болатындығын
көрсетті. Қабілеттілік тұқым қуалау
арқылы беріледі деген теорияға қа-
рама-қарсы қабілеттілік өмірге кел-
геннен кейін қоршаған орта мен
тәрбиеге байланыстылығы туралы
теорияны атауға болады. Бұл тео-
рияны алғаш рет XVIII ғ. ғылымда
Гельвеций тұжырымдаған болатын.
Ол қабілеттілікті қалыптастыруда
тәрбиенің рөлін ерекше бағалады.
Жаңа кезеңде америка ғалымы У.Эш-
би қабілеттіліктер және тіпті дарын-
дылық өмірде қалыптасқан қасиеттер-
ге байланысты екендігін ерекше ата-
ды. Ол мың рет сәтсіздікке ұшырап,
мың бірінші рет жаңалық ашқан
адам қабілетті де осыны шешпей тас-
тап кеткен адам – қабілетсіз дейді.
Психологтардың зерттеулері мен бай-
қаулары қабілеттің биологиялық ал-
ғышарттары болатындығын жоққа
шығармайды. Психолог-ғалымдар
мидың, жүйке саласының құрылы-
мында туғаннан, тұқым арқылы бе-
рілетін кейбір ерекшеліктер (нышан-
дар) қабілеттіліктердің дамуына қо-
лайлы жағдайлар жасайтындығын
және ерекше рөл атқаратындығын
дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |