Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет40/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90

КОНТЕНТ-ТАЛДАУ  –  мәтіннің 

және  т.б.  ақпарат  иелерінің  арнайы 

сипаттамаларын  анықтау  және  ба- 

ғалау  әдісі.  К.-т.  барысында  зерттеу 

мақсатына сәйкес мәтіндердегі ақпа- 

раттың  белгілі  бір  мағыналық  бір- 

ліктері  мен  түрлері  шығарылады. 

Мысалы:  бұқаралық  ақпараттағы 

хабарландыру  кейіпкерлерінің  пси- 

хологиялық сипаттамалары, өзара әре- 

кеттесу түрлері, хабарландыру жанр- 

лары  және  т.б.  Содан  кейін  түрлі 

мәтіндер  жинағындағы  немесе  бас- 

қа  да  ақпарат  құралдарындағы  осы 

бірліктердің кездесу жиілігі мен кө- 

лемінің жүйелі өлшемі жүзеге асады. 

Контраст  бойынша  ассоциация  – 

Аристотельмен  енгізілген  ассоциа- 

цияның түрі. Ол – санада пайда бол- 

ған  құбылыстың  өткен  шақта  бекі- 

тілген байланыстардың негізінде оған 

қарама-қарсы,  контрастілі  бейнені 

жаңғыртуы.

КОНФАБУЛАЦИЯЛАР  (лат.  con-

fabulo  –  мылжыңдау)  –  естің  бұзы- 

луы кезінде  байқалатын  жалған  ес- 

теліктер.  Конфабуляциялардың  маз- 

мұны  болуы  мүмкін  не  шынында 

болған оқиғалар болуы мүмкін, олар 

бейнелі  естеліктер  түрінде  неғұр- 

лым  бергі  уақытқа  көшіріледі  не- 

месе  аурудың  есіндегі  ақтаңдақтар- 

ды  толықтырғандай  болып,  қазір- 

гіге астастырылады. Әдетте, конфа- 

буляцияларда аурудың кәсібіне бай- 

ланысты  оқиғалар  көрінеді.  Кейде 

конфабуляцияларда  патологиялық 

елестетудің  өнімдері  (қиялдық  К.) 

көрінуі  мүмкін.  Конфабуляциялар, 

әдетте,  ойлаудың  бұзылуларымен, 

амнезиялармен  қабаттасады  және 

мидың  кейбір  бөліктері  зақымдан- 

ғанда, психоздар кезінде байқалады.

КОРНИЛОВ КОНСТАНТИН НИ- 

КОЛАЕВИЧ (1879-1957) – психоло- 

гия  ғ.д.проф.  Психологияда  реакто- 

логия  бағытының  негізін  қалаушы. 

Негізгі еңбектері: «Современная пси- 

хология и марксизм» (Л., 1925), «Учеб-

ник  психологии»  (5-изд.М-Л.,1931), 

«Психология  для  педучилищ»  (М., 

1946) т.б.



КОНВ

КОРН

270

КОРРЕКЦИЯ  –  ауытқушылықтар- 

ды жойып, қалыпты жағдайға келті- 

ру.  Әсер  ету  әдісі  мен  мағынасына 

байланысты  әлеуметтік,  педагоги- 

калық,  медициналық  және  психо- 

логиялық коррекциялар болып бөлі- 

неді.  Психологиялық  қызмет  атқару 

барысында  психодиагностикалық, 

психо-консультациялық  т.б.  әрекет- 

тердің  ықпалы  болмаған  жағдайда 

атқарылатын  іс-әрекет  бағыттылық- 

тарының  негізгісі.  К.  –  арнайы  да- 

йындығы  бар  психологтың  атқара- 

тын қызметі.



КОСТЮК  ГРИГОРИЙ  СИЛО-

ВИЧ  (1899-1990)  –  психология  ғ.д. 

проф., КСРО Психология Ғылым Ака- 

демиясының  академигі,  1946  жыл- 

дан  Украина  психологі,  Ғылыми 

зерттеу  институтының  директоры. 

Жалпы  және  педагогикалық  психо- 

логия  мәселелерін  зерттеумен  айна- 

лысқан.  Негізгі  еңбектері:  «Психо-

логия»  (оқулық,  Киев,  1939;  1968); 

«50-летие  Советской  психологии» 

(Киев,  1967);  «Вопросы  психологии 

мышления» (Психолог.наука в СССР, 

том 1, 1959) т.б.

Көз АККОМОДАЦИЯСЫ (көздің 

жаттығуы) – көз бұршағы дөңестігі- 

нің  өзгеруі  арқылы  көздің  әр  түрлі 

қашықтықтағы  заттарды  анық  көру 

қабілеті.  Мыс:  жақындағы  затты 

көргенде  көз  бұршағының  дөңестігі  

артады.  Аккомодация  кезінде  бұр- 

шақтың алдыңғы дөңестігі 10-нан 6 

мм-ге,  ал  артқы  дөңестігі  6-дан  5,5 

мм-ге дейін өзгере алатыны есептел- 

ген.  Көздің  қозғалысы  –  көру  ана- 

лизаторының, ондағы ұзақта, жақын- 

да  қозғалып  немесе  жылжып  бара 

жатқан  нәрселерді  көріп  анықтауда 

маңызы  зор.  Көз  алты  бағытта  (2  – 

қиғаш,  4  –  тура)  бұлшық  еттердің 

жәрдемімен  тура  сыртқа  (42ä),  ішке 

(45  ä),  жоғары  (54  ä),  төмен  (57  ä) 

қозғалады.  Көздің  өткірлігі  –  көру 

бұрышы бір минутқа тең болған жағ- 

дайда,  көздің  екі  нүктені  жеке-же- 

ке көру қабілеті. Көздің ең өткір жері 

сары дақ аймағы. Көз өткірлігін арна- 

йы сандар немесе сөздер жазылған кес-

тені пайдалану арқылы анықтайды.

КөзҚАРАС – көз тастау, көз тігу. К. – 

адамның,  әлеуметтік  топтың  неме-

се  тұтас  қоғамның  айналада  болып 

жатқан  үрдістерге  және  құбылыс- 

тарға  қатысын  айқындайтын  дүние- 

танымдық категория. К. дүниетаным- 

ды құрайтын элементтердің бірі бо- 

лып  табылады  және  оның  қалыпта- 

суы білім мен тәрбие негізінде, өмір 

бойы үздіксіз үрдіс негізінде жүреді. 

Көзқарастың  калыптасуы  үшін  фи- 

лософиялық, ғылыми, діни білімдер- 

дің  және  қоғамдағы  үстем  идеоло- 

гияның әсері мол.



КөЛГІРЛІК  –  мінездегі  былайғы 

адамдарға ұнамайтын мінез сипаты. 

К. бір нәрсені біліп тұрып білмеген-

дік,  мүләйімсушілік.  К.  білген  нәр- 

сені  әдейі  білмегенсіп сиқырлануды 

да  білдіретін  мінез  қатпарларының 

жасырын  сыры  деуге  де  болады. 

«Көлгірленбе  енді  деді  –  Досбол 

(Ақынжанов)».  К.  мінез  ерекшелігі 

ретінде сықақ, кекесін, сайқал, мүлә- 

йімсу  сияқты  көріністерді  де  атай 

береді.  Бұл  ерекшеліктер  К.-тің  сан 

қилы түрлері арқылы адам мінезінде 

жиі  кездесетінін  білдірумен  бірге 

адамның даралық психологиясының 

КОРР

КөЛГ


271

аса күрделі болатындығын дәлелдей 

түседі. «Жапар жәй ғана езу тартты. 

Күлімсіреген  жүзінде  күлкіден  көл- 

гірлік басым еді, қалжыңмен бүркеп, 

білдірмей  жіберді  (Мұстафин)».  К-

тің  тағы  бір  ерекшелігі  кішіпейілсу. 

Бұл ерекшеліктен адамның білдірмек 

болған  ой-пікірі  мен  шынайы  іс-

әрекетін былайғы жұрттан жасырып, 

көңілінде  құпия  ұстауды  білдіреді. 

К.  адамның  жан  дүниесінің  қилы-

қилы сырлары мен құпиялары ашық-

жарқын  түрде  сыртқа  шықпай  іште 

сақталатынын көрсетеді. Бұл орайда 

К.-тің  сиқырлы  сырларының  мән-

жайын терең түсіну оңайға түспейді. 

Сөйлеушінің  сыры  іште  құпия  бо-

лып  қала  береді.  К-тегі  сықақ  пен 

кекесін  сөздердің  сыры  да  сондай. 

Ондай  жайттардың  мән-жайын  ай- 

қын түсіну үшін адамның терең ойы 

мен сезімталдығын қажет етеді.

КөНБІСТІК  –  адамның  іс-әреке- 

тінде, тіршілігінде кездесетін әртүр- 

лі  қиыншылықтарға  төзімділігі  мен 

шыдамдылығын білдіретін мінез бі- 

тісі. К. адам мінезінің жотасы болып 

табылатын  ерік-жігер  қасиетінің 

қайсарлығын  да  білдіретін  ерекше- 

лігі болып саналады. К. мінездің сан 

алуан  ерекшеліктерінің  сипат-қа- 

сиеттерінен де айқын байқалады. Он- 

дай  қасиеттер  тілімізде  тіл  алғыш, 

орындағыш,  көнгіш,  көнбіс,  қиын- 

дыққа  шыдау,  жуасу,  мойынсұну, 

сенгіш  сияқты  деп  атала  береді.  К. 

ерекшелік тек мінез сипаттары ғана 

емес,  адам  тәнінің  де  шыдамдылы- 

ғын  білдіретін  қасиеттерін  де  бей-

нелейді.  «Біздің  қол  ыстық-суықты 

көп көріп, көнбіс болған ғой (Жарма- 

ғамбетов)». К. ерекшелік Абай туын- 

дыларында:  «Кейде  паң,  кейде  көн- 

гіш  орныменен,  Кейде  елеусіз,  кей-

де  ынтық  формаменен»  деген  өлең 

шумағында анықталады.

Қиыншылық  К.  шыдау,  үйрену  жа- 

йында  С.Мұқанов  шығармасында 

мынадай  үзінді  бар:  «Соңғы  бірер 

жылда ұмытып бара жатқан орыс қа- 

ласының тұрмысына мен қайта көн- 

діге  бастадым».  «Алғашқы  күндер- 

де  талай  нәрсеге  көндіге  білу  керек 

(Әуезов)».  К.  ауыспалы  мағынада 

жуасу,  мойынсұну  сияқты  мінездегі 

өзгеріс  ерекшеліктерін  білдіреді. 

«Ақтай мойнын ішіне алып, мөңкіді 

...  кейіннен  көндігіп,  шаба  жөнелді 

(Әуезов)».  К.  мінез  көрінісі  ретінде 

келісімге келтіру, мойынсұндыру, сен- 

діру  сияқты  сипаттарды  да  білдіре- 

ді.  «Ол  қасындағы  жігіттерді  ерік- 

сіз көндіріп бұлтартпай қойды (Мү- 

сірепов)».

К. мінез ерекшелігі ретінде сыпайы-

лық  пен  кішіпейілділік  сияқты  қа- 

сиеттерді білдіруі ұнамды сипат деп 

саналғанымен,  оның  ұнамсыз  жағы 

да бар. Ол ынжықтық пен К. құлдық, 

үнемі  біреуге  бағыныштылықты  да 

білдіруі  мүмкін.  Мұндай  жағдайда 

адам мінезіндегі ар-намысты оятып, 

бойындағы  ерік-жігерді  ояту  керек 

болады.


КөҢІЛ  КҮЙ  –  индивидтің  пси- 

хикалық өмірінде құптарлық немесе 

құптамайтын эмоциялық фонда жай 

немесе әлсіз сапада көрінетін бірша- 

ма ұзақ, орнықты психикалық үрдіс.

1) Көңіл күйдің ахуалдық эмоциядан 

немесе  аффектіден  айырмашылы- 

ғы  –  ол  белгілі  бір  оқиғалардың  ті- 



КөНБ

КөҢІ

272

келей салдары емес, адам үшін оның 

жалпы өмірлік жоспарлары, мүдделе- 

рі мен күтулерінен туындап жататын, 

олардың маңызына қатысты алғанда- 

ғы эмоциялық реакциясы болып та- 

былады.  Қалыптасқан  көңіл  күй,  өз 

кезегінде,  болып  жатқан  оқиғаларға 

қатысты тікелей эмоциялық реакция- 

ға  әсер  етіп,  осыған  орай  адамның 

ойларының қабылдауының және мі- 

нез-құлқының  бағытын  өзгерте  ала- 

ды.  Белгілі  бір  көңіл  күйді  тудыра- 

тын  себептердің  ұғынылу  дәреже- 

сіне байланысты ол бөлінбеген жал- 

пы  эмоциялық  ая  ретінде  (көтерің- 

кі  немесе  пәс)  немесе  анық  сәйкес- 

тендірілген  күй  (зерігу,  мұң,  сағы- 

ныш,  қорқыныш  немесе  керісінше 

қызығу,  қуаныш,  асу,  лепіру  және 

т.б.) ретінде өтеді. Өзінің көңіл күйін 

бақылай алу, оны саналы түрде жөн- 

ге  келтіре  білу  әдістерін  табу  және 

меңгеру тәрбиенің және өзін-өзі тәр- 

биелеудің маңызды міндеттері болып 

табылады. Көңіл күйінің себепсіз ауыт- 

қып  тұруы,  индивидтің  үрейшілдік, 

орнықсыздық, эмоциялық секілді қа- 

сиеттерімен  астасып,  патологиялық 

негіздері болуы мүмкін;

2) адамның мінез-құлқында байқала- 

тын жалпы эмоциялық жағдай. Көңі- 

ліне қарап адамдарды: шат, жайдары, 

жылы жүзді, түсі суық, ызалы және 

т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі 

көңіл  күй  адамға  қуат  беріп,  бойын 

сергітеді, ал уайым-қайғы жабырқа- 

тып  жібереді.  Кейде  адамның  көңіл 

күйі жалпы өмірге деген қатынасын 

сипаттайды.  Көңіл  күй  сыртқы  ор- 

тадан  туындайды.  Мыс.,  адамның 

қызметі жақсы, ұжымы ынтымақты, 

отбасы жарасымды болса, көңіл күйі 

де  көтеріңкі  болады.  Адамның  ден- 

саулық  жағдайы,  жүйке  жүйесіндегі 

ерекшеліктер  де  көңілге  әсер  етеді. 

Тіршілік  үшін  маңызды  да,  мәнді 

нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. 

Егер  көптен  айналысып  жүрген  іс 

оңға  басса,  не  орындалса,  онда  кісі 

шат-шадыман  күйге  түседі.  Керісін- 

ше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген 

мақсатына жете алмаса, қиналып ма- 

засызданады.



КөПЕЕВ  МӘШҺҮР-ЖҮСІП 

(1857-1931).  XX ғасырдың алғашқы 

ширегінде  педагогика,  психология 

саласында  өздерінің  соны  да  сын- 

дарлы  пікірлерімен  көрінген  қазақ 

ғұламаларының  ішінде  М.Ж.Көпеев 

ерекше орын алады.

Дін  оқуынан  мейлінше  сусындап, 

кейіннен  белгілі  фольклоршы-пуб- 

лицист атанған шежіреші ақын М.Ж. 

Көпеев Қазан төңкерісіне дейінгі ке- 

зеңде-ақ әр түрлі тақырыпта бiрнеше 

кітап жазып шығарған. Оның әлі де 

баспа  бетін  көрмеген  қолжазбалары 

қаншама!  Бұларда  тәлім-тәрбие,  пе- 

дагогика, психология мәселелері, атап 

айтқанда,  сезім  мүшелері,  ми  мен 

жүрек, қиял, ойлау, бала мен үлкен- 

дердің  қарым-қатынасы,  әйелдерге 

білім  беру  т.б.  қатысты  ой-пікірлер 

көптеп кездеседі.

Мәселен,  «Аспан,  жер  және  адам 

жаратылысы  туралы»  еңбегінде  ол 

былай дейді: «Дене бір қараңғы үй. 

Жан  сол  үйдегі  жарық  қылып  тұр- 

ған  бір  сәуле.  Әркімнің  жаны  бір 

қалыпта, бір түрде болмайды. Сондай 

болғаны үшін айтылады: «Арық пен 

семіздің басы бір ме, жақсы мен жа- 

манның жаны бір ме?»- дейді... Алайда 

КөПЕ

КөПЕ


273

жан  бар,  дене  бар.  Екеуі  бірінен-

бірі жасырын емес, бірақ жан деген 

мәселені ешкім көрген емес.

Адамның денесі өзіне де, басқаға да 

көріністе тұр. Жан өзі көрінбейді, бі- 

рақ белгісі көрінеді, жанның барлы- 

ғы соңынан танылады. Барлық белгі- 

сі – адамда бір нәрсені ойына салып 

ойлау бар, сезу бар. Ойланып сезген 

нәрсесін  орындап,  орнына  келтіру 

бар. Жылынады, тынығады, бір нәр- 

сені  жақсы  көреді,  бір  нәрсені  жек 

көреді. Міне, осындайлар – жанның 

барлық  белгісі...  Денедегі  жанға  се- 

рік болуға жарайтұғын нәрсе – қан».

М.-Ж.Көпеев  айналадағы  дүниені 

танып  білу  үшін  көз  бен  құлақтың 

зор маңыз алатынына тоқталады. Көз 

мимен  жалғасып  жатады.  Ол  миға 

сыртқы  дүниедегі  әртүрлі  нәрселер- 

ден  ақпарат  әкелуші  дәнекер  рөлін 

атқарады. Танымның келесі бір түрі 

адамның  бір  көрген  нәрсесін  қайта 

жаңғырту  қабілеті.  Көпеевтің  тілі- 

мен айтсақ, бұл сырттан келген нәр- 

сенің  бәрін  жазып  отыратын  хатшы 

іспеттес аппарат. Танымның үшінші 

түрі  –  аппараттың  дұрыс-бұрысты- 

ғын тексеріп, бақылаушы мидың әре- 

кеті.  Мұның  төртінші  түрі  –  кісінің 

көрген-білгеніне қоса көрмегенін де 

тануға  жәрдем  беретін  ішкі  таным- 

ның, яғни қиялдың мазмұнымен үй- 

лесіп келеді.

Қиял  неғұрлым  ұшқыр  да,  аумақты 

болса  –  таным  соғұрлым  тереңдей 

түспек.  Қиялда  елестетудің  де  мәні 

зор. ...Адам танымы бес бастаудан 

нәр алатын асау өзен іспеттес. Оның 

бірі – көру, екіншісі – есту, үшіншісі – 

түйсіну,  төртіншісі  –  иіс  сезу,  бе- 

сіншісі  –  дәм...  Сезім  органдарына 

тек тап-таза бейнелер ғана келіп түс- 

пейді, сонымен бірге бұған ескі-құс- 

қысы  аралас,  тіпті  лас  нәрселер  де 

келеді. Ойлау оларды сұрыптай оты- 

ра  жарамдыларын  ғана  қабылдап, 

жарамсызын  шығарып  тастайды... 

Тіл  –  ой  маржаны,  ойсыз  тіл  жоқ... 

Арман  –  сөздің  қаймағы,  нәр  тұзы. 

Қиял – өмірдің гүлі, әдеміліктің мә- 

йегі. Қиялсыз адам – дәрменсіз. Қиял 

мен  арман  үміт  пен  тілек  ақылды 

дамытып,  дүниетанымды  кеңейтіп, 

ойды тебірентіп толқытады.

Осындай  қиял  ғана  мінез-құлықты 

түзетіп, кісіні адамгершілікке, иман- 

дылыққа  тәрбиелейді...  Егер  біреу 

бақытсыздыққа  душар  болса,  екін- 

шісі оған көңіл айтып, қайғысын бө- 

ліседі.  Ал    қуаныш  пен  шаттыққа 

кенелген  кісі  дәл  қайғыға  ортақтас- 

қандай  болмайды.  Өзгенің  қайғы-

қасіретіне  шын  мәнісінде  ортақтаса 

білу үшін тәрбие барысында біртін- 

деп  қалыптасқан  адамгершілік  қа- 

жет... Ғұлама ақын ерік-жігер туралы 

айта  келіп,  еркі  күшті  адам  алдына 

қойған мақсаты жолында ештеңеден 

қайтпай, талабынан бас тартпай, үміт 

үзбей,  ұсақ-түйекпен  айналыспай, 

жоқшылыққа мойымай әрекет етеді. 

Жігерлі жан тыныш өмір сүре алмай- 

ды,  оның  тыныс-тіршілігі  ылғи  да 

талас-тартыс пен күреске толы, өйт- 

кені кісінің бар арманы мақсатқа же- 

ту  жолына  бағытталады.  Көп  жағ- 

дайда оның мақсат мүддесі, талап-ті- 

легі  өзгелердің  қалауымен  үш  есе 

бермейді,  оның  алдына  кесе-көлде- 

нең  тұрып,  қалаған  жолына  кедергі 

келтіреді. 

Мәшһүр-Жүсіптің пікірінше, бейғам- 

дық  та  әр  түрлі.  Бейғамдықтың  бір 

түрі  –  айналада  болып  жатқан  нәр- 

селерге  мүлде  көңіл  аудармай,  одан 

КөПЕ

КөПЕ


274

тиісті  сабақ  алмай,  қалай  болса  со- 

лай  бейғам  отыру.  Бейғамдықтың 

келесі  түрі  –  кісінің  бір  іске  ұқып- 

ты-құнтты  болып,  өзгелеріне  мақұ- 

рым  қарауы.  Бейғамдықтың  бірінші 

түрінен  үміт  жоқ,  ал  екіншісін  аз 

да  болса  ақыл-ойды  дамыту,  ес  пен 

адамгершілікті  тәрбиелеу  арқылы 

түзеуге  болады.  Ақын  сондай-ақ 

қызбалық  секілді  сезімнің  табиға- 

тын, оның бірнеше түрлері болатын- 

дығын,  ішкі  сезімі  күшті  адам  тез 

әсерленгіш,  ұрда-жық  келетiндiгiн, 

мұндай  кісінің  кейде  бақытсыздық- 

қа да душар болатындығын ескертеді.



КөПШІЛДІК  –  мінездегі  адам- 

гершілік қасиетті құрмет тұтып, қо- 

ғамшыл,  қауымшыл  істерді  жүзеге 

асыруды  ойластыратын  сипат.  К.  – 

көп халық, жұртшылық, бұқарашыл- 

дықты  қолдай  отырып  әр  алуан  іс-

әрекетті орындауға ұмтылу. «Болмашы 

кекшіл,  болсайшы  көпшіл,  Жан  ая- 

май кәсіп қыл» деп ақыл айтады дана 

Абай.  Күнделікті  тіршілікте  халық- 

пен қауымдасып атқаратын істің нә- 

тижелі  әрі  тез  орнымен  орындалып 

отыруды  ұйымдастырушымен  іске 

басшылық  жасайтын  кісінің  ұйым- 

дастырушылық  қабілетімен  байла- 

нысты  болып  отыратындығын  тәжі- 

рибе шындығы дәлелдейді. Отбасымен 

ағайын-туыс,  жекжатымен  ой  бөлі- 

сіп  ақылдасып  атқаратын  игі  істер- 

дің бәрі К. мінез қасиеті.

Әлеуметтік өмірдің өзі К. халықтың, 

бұқараның  мақсат-мүддесін  ойлап, 

игілікті  істерді  жүзеге  асырып  оты- 

ратын  жеке  тұлғалар  мен  ұжым-

дардың  істерінің  нәтижелері  де  сол 

адамдардың  жағымды  мінез-құлқын 

білдіретін  қасиеттер.  К.  мінездегі 

көрініс  беретін  сипаттың  бірі  адам- 

ның  өз  елі  мен  халқының  тұрмыс 

жағдайын, дәстүрлі салт-санасын өр- 

кендетуге  күшін  жұмсап,  әлеуметке 

қызмет көрсетуі. Сөйтіп, халқы мен 

ұлтының, елдігі мен бірлігінің атақ-

даңқын көтеруге күш жұмсауы.

К.  –  адамның  іс-әрекетінде  қоғам-

шылдық  танытып,  жоспарланған 

істі  жүзеге  асыруда  ел-жұртты,  ха- 

лықты ұйымдастыра білу қабілеті. К. – 

адамды  халық  пен  әлеумет  үнемі 

құрмет тұтып, оның ісі мен әрекетін 

қолдайтын болған. Бала жас кезінен 

көпшіл болса, ол өскен соң елге тұтқа 

болатын азамат болып өседі деп үміт 

артқан. Отбасы мен үй ішінде К. болу 

бақытты  тіршілік  етуінің  ұйытқысы 

деп саналады. Көпшіл адамды елі де, 

халқы да ардақтайды. Бұл жағдайды 

халқымыз  «Көппен  көтерген  жүк 

жеңіл» деген мәтелмен түйіндеп тү- 

сіндірген.



КөРНЕКІ-ӘРЕКЕТТІК ОЙЛАУ  – 

тәжірибелік  мәселелерді  заттар  кө- 

мегімен, көпшілік бақылауында ше- 

шу  үрдісі  мен  әдістерінің  жиынты- 

ғы  ретінде  ойлаудың  түрі.  К.-ә.о.  – 

мәселені  шешу  жағдаятын  шынайы 

түрлендіретін,  бақыланатын  қозға- 

лыстық  әрекет  арқылы  іске  асатын 

ойлау түрі. Көрнекі – бейнелік ойлау – 

шынайы практикалық әрекеттер жа- 

самай-ақ, бейнелік мәселелерді көп- 

шілік бақылауында шешу үрдісі мен 

әдістерінің  жиынтығы  ретінде  ой- 

лаудың  түрі.  К.-ә.о.  –  жағдаят  тек 

бейне  жоспарында  ғана  түрленетін 

ойлау түрі.



КөРУ  ТҮЙСІКТЕРІ  –  көру  түй- 

сіктеріне  түсті  және  жарықты  біл- 



КөПШ

КөРУ

275

діретін  түйсіктер  жатады.  Біздің 

түйсінетін  түстеріміз  хроматикалық 

және ахроматикалық деп екіге бөлі- 

неді. Хроматикалық түстерге кемпір- 

қосақтың  түстері  жатады:  қызыл, 

сары,  жасыл,  көк,  қара  көк,  күлгін. 

Бұл  түстердің  арасында  хроматика- 

лық  түстердің  көптеген  белгілері 

кездеседі.  Ахроматикалық  түстерге 

ақ,  қара  және  олардың  арасында 

орналасқан  барлық  қоңыр  түстер 

жатады.  Көру  түйсігінің  органы  көз 

болып табылады.

Ол  негізінен  көз  алмасынан  және 

одан  шығатын  көру  жүйкесінен  тұ- 

рады. Көз алмасы үш түрлі қабаттан 

тұрады:  сыртқы,  тамырлы,  торлы. 

Сыртқы қабаты – белокты, алдыңғы 

бөлігі ашық шығыңқы аясына өтеді. 

Сыртқы  қабаттан  кейін  тамырлықа- 

бат  орналасқан,  оның  алдыңғы  бө- 

лігі  түсті  қабат  деп  аталады.  Түсті 

қабаттың  түсіне  қарай  біз  көзімізді 

көк, қара, қоңыр және т.б. деп атай- 

мыз. Түсті қабаттың ортасында  қа- 

рашық  орналасады,  ол  арқылы  көз- 

дің ішіне жарық өтеді. Қарашық кеңе- 

йіп  және  тарылып  отырады,  ол  жа- 

рықтың күшіне байланысты. Үшінші 

қабаты    торлы  қабат  көз  алмасы- 

ның  бүкіл  бөлігінің  жоғары  жағын 

алып жатыр. Қарашық пен түсті қа- 

баттан кейін екі жақты іспектеу кел- 

ген анық дене  хрусталик орналас- 

қан,  онда  жарық  сәулелері  жинақ- 

талады, сынады және оның нәтиже- 

сінде торда бейнелеу пайда болады. 

Қастың бұлшық еттерінің арқасында 

хрусталик бірде ерекше тегіс болады 

да, бірде іспектеу келеді. Көретін зат 

қашықтаған сайын хрусталик түгел- 

ге дерлік тегіс болады, ал зат жақын- 

даған сайын хрусталик шар тәріздес 

түрде болады. Көз алмасының барлық 

іші  хрусталик  пен  торлы  қабаттың 

арасы  ерекше  ашық  сұйық  затпен 

толтырылған, оны әйнек тәріздес де- 

не деп атайды. Түс және жарық түй- 

сіктерін алу үшін тордың атқаратын 

мәні орасан зор. Торда көру жүйкесі- 

нің тармақтары орналасқан.

Бұл  тармақтар  ерекше  жүйке  жасу- 

шаларының  таяқшалар  және  шақ- 

шалармен  аяқталады.  Адам  көзінің 

торында 130 миллионға тарта таяқша 

мен  7  миллион  шамасында  шақша 

кездеседі.  Шақшалар  әлсіз  сезімтал 

келеді, шақшалардың көмегімен тек 

ғана  күндізгі  ашық  жарықта  көре 

алады. Бірақ олар сәуле торында бі- 

рыңғай орналаспаған. Шақшалар сәу- 

ле  торының  ортасында  орналасады 

да  шеттеген  сайын  оның  саны  азая 

түседі.

Ал  таяқшалар  сәуле  торының  шет- 



терінде болады да ортасына жақын- 

даған  сайын  тіптен  азаяды.  Шақ- 

шалардың  көмегімен  хроматикалық 

түстерді түйсіну іске асады. Сондық- 

тан да шақшаларды күндізгі түстер- 

ді көру құралы деп атайды. Таяқша- 

лар,  керісінше,  жарыққа  ерекше  се- 

зімтал келеді, олардың көмегімен біз 

түнде,  қараңғыда  және  жалпы  әлсіз 

жарықта  көре  аламыз.  Таяқшалар  – 

қараңғыда көру құралы болып есеп-

теледі.  Таяқшалар  ахроматикалық 

түстерді ажыратуға бейімделген бол- 

са, шақшалар неше түрлі хроматика- 

лық түстерді ажыратуға бейімделген-

дігін аңғару қиын емес. Қараңғы түс- 

кенде  біз  түстерді  ажырата  алмай- 

мыз. Бұл заңдылық бойынша түстерді 

ажырата алмайтын адамдардың көз- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет