зЕЙІ
зЕЙІ
236
дамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы
жолы болып табылады.
5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескер-
тіп отыру керек. Бір сөзбен айтқан-
да, ырықты зейін деп іс-әрекетті жос-
парлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен еш-
қашан қалмай ілесіп отырады. Ырық-
ты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін
ырықтыға қарай жиі алмасады. Шын-
дығында, адамның үнемі ырықты
зейін жағдайында болуы мүмкін де
емес. Оқушы алғашқыда жай қы-
зыққан нәрсесіне тікелей зейінін
аударады, ал содан кейін сабақтың
мақсатына қарай тікелей қызық емес
басқа материалдарға да зейін қояды.
Алғашқы уақытта қызықсыз болып
көрінген сабақ кейін балаға түсінік-
ті бола бастайды. Бұл кезде оның
ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырық-
ты зейінінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын
түрі де бар. Үйреншікті зейін -адамға
табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш
жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мә-
селен, бала оқуға төселсе, бұл оның
тұрақты әдетіне айналса, оның зейі-
ні де үйреншікті бола бастайды. Қан-
дай нәрсеге болса да үйреніп, жатты-
ғып алған соң, адамның іс-әрекеті
дағдысына айналады. Үйреншікті
зейіннің де табиғаты осыған ұқсас.
Өйткені үйреншікті зейін ырықты
зейіннен дамып қалыптасады. Зейін-
нің қай түрі болмасын іс-әрекеттен
нәтиже шығаруға бағытталады. Егер
адам жұмысқа өздігінен беріліп істе-
се ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ
ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей
беру де оңай емес. Мұндай жағдайда
ырықты зейінге орын беріледі. Ыл-
ғи ырықты зейінмен жұмыс істеу
де адамды қажытып шаршатады.
Сондықтан адам жұмысты зейіннің
осы екі түрін қатынастыра отырып,
үйреншікті зейінмен істеуді әдетке
айналдыруы қажет.
зЕЙІННІҢ НЕГІзГІ ҚАСИЕТ-
ТЕРІ. Зейін жөнінде әңгіме болғанда
оның мына төмендегі қасиеттерін ес-
ке алады: 1. Зейіннің тұрақтылығы
және жинақтылығы. Адамның зейіні
бір объектіге немесе бір жұмысқа
ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейін-
нің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өн-
діріс озатының, не хирург дәрігердің
жұмыс үстіндегі зейінін осыған жат-
қызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақ-
тай алу арқасында адам істеп отыр-
ған ісін тереңінен түсініп, оның әр
түрлі байланыстарын анықтайды.
Зейінді тұрақтата алушылық саналы
әрекетке өзіңді жеге алудың басты
бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу проце-
сінде маңызы зор. Сабақ үстінде ба-
ланың назарын көп нәрсеге аудармай,
басты бір нәрсеге не белгілі бір әре-
кетке ғана аударып, оған тұрақтатып
әдеттендіру керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердің көмегін-
сіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақ-
тай алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зе-
йінін 10-20 минуттай бір объектіге
тұрақтата алады. Осындай 10-20 ми-
нуттық зейін қоюшылықтан кейінгі
бірнеше секундта көңілдің бір нәр-
сеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары
ұйымдастырылуына ешбір нұқсан
келтірмейді. Қайта бұл секілді тыны-
зЕЙІ
зЕЙІ
237
ғу, жұмысты бірнеше сағат бойы
жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік
береді. Адам соншалық ерік-жігермен
зейін салып жұмыс істеген жағдай-
да да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа
бір затқа ауып отырады. Осылайша
зейіннің бірде әлсіздене, бірде күше-
йіп тұруын зейіннің толқуы дейді.
Толқу – зейіннің табиғи қасиеттері-
нің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кі-
тап оқыған адам да анда-санда бөтен
ойға түседі, басын көтеріп жан-жа-
ғына қарайды. Зейіннің мұндай тол-
қуы, әрине, адамның көңіл аударған
нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін
тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір
адамдардың зейіні толқымалы келе-
ді. Бұған сыртқы тітіркендіргіштер,
эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адам-
ның өз еркін билей алмауы себеп
болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке
жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіре-
се, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып
кетпеуін қадағалау керек.
Бұл көп күш жұмсауды қажет ете-
ді. Зейінді алаңдататын әр түрлі ті-
тіркендіргіштерге қарсы күресу қа-
жетті шаралардың бастысы. Мәселен,
ысқырған дауыс, қоңыраудың сыл-
дыры, сырнай-керней т.б. адамның
тынышын кетіреді. Зейінін жақсы
ұйымдастыра алатын адамдар осын-
дай жағдайда да жұмысты тез және
сапалы орындайтыны байқалады.
Адамды алаңдататын нәрселер көп
болғанмен, олардың барлығы да ке-
сел тигізе бермейді. Мәселен, маши-
наның гүрілі, музыканың әуені зейін-
ді аударатын тітіркендіргіш болған-
мен, оларға шыдап отыра беруге
болады. Ал қасындағы адамның ай-
қай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек
алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әри-
не, бұларды жоюдың мүмкіндігі
болмаса, оған көңіл аудармай, са-
бырлылықпен жұмыс істей беруге
болады. Әрине, бұған ерік-жігер
қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде
жұмыс істей алушылық – адамның
жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен,
орыстың атақты жазушысы А.П.Че-
хов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-
күлкі, той-думан үстінде жазса, ал
Мусоргский мен Бородин өздерінің
опералық шығармаларын қонақта
отырып-ақ жаза беретін болған. Қан-
дай жағдайда да адам зейінге кедергі
келтіретін нәрселерді жеңе алатын
болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде оты-
рып жұмыс істеуді ұнататын адам-
дар да өзін ыңғайсыз жағдайларға
төселттіріп, кез келген жағдайда жұ-
мыс істей алатындай қабілетке ие
болуы тиіс.
2. Зейіннің аударылуы. Зейіннің ау-
дарылуы деп бір объектіден екінші
объектіге назарымызды көшіруді ай-
тады. Физиологиялық тұрғыдан ми-
дағы оптималдық қозудың ауысуы.
Зейінді тез аудара білу қабілеті көбі-
несе жүйке процестерінің өзгерме-
лілігіне байланысты. Кейбір адамдар
бір жұмыстың түрінен екінші бір
жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып
жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді.
Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрі-
нісі. Екінші біреудің зейіні, керісін-
ше, басқа объектіге қиындықпен ауы-
сады. Зейінді тез аудара білу көл-
денеңнен кез келген әсерлерге кідіру-
сіз жауап беруде аса қажет. Мәселен,
машинистерде зейінді тез аудара бі-
лу қасиеті жөнді жетілмеген болса,
зЕЙІ
зЕЙІ
238
олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктер-
ге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағ-
дайында балалардың зейінін бір пән-
нен екінші пәнге, программаның бір
бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың
бір түрінен (үй тапсырмаларын сұ-
рау) екінші түріне (жаңа сабақты тың-
дау кезі) үнемі аударып отыруға тура
келеді. Зейінді аудара алу оқушының
ерік сапалары біраз дамыған кезде,
әсіресе оқу материалдарын түсінген
және оларды ұмытпайтындай етіп
меңгерген жағдайда ғана мүмкін
болады. Мұғалімнің материалды
жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсінді-
руі, өткен материалды дұрыс қоры-
туы, оқылатын жаңа тараудың мақ-
сатын айқындауы, жаңа материалды
тыңдауға және түсінуге оқушылар-
дың дайындығын тексеру т.б. зейін-
нің дұрыс аударылуына себепші
болады.
3. Зейіннің бөлінушілігі. Адам сана-
сының бір мезгілде бірнеше әрекет-
ті атқара білу мүмкіншілігін зейін-
нің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін
екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге
бөлуге болатындығын арнаулы зерт-
теулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқу-
шылар өздері есеп шығарады, соны-
мен қатар осы кезде басқа оқушы-
ның тақтаға шығарған есебін бақы-
лайды, оның сөзін тыңдайды т.б.
Студенттер бір мезгіл ішінде лекция
тыңдайды, түсінгенін жазып отыра-
ды, кітап оқып отырып конспект
жазады. Еңбек процесінде зейін бө-
лінуінің маңызы бәрінен де зор. Қа-
зіргі кездегі өндірістің онан сайын
автоматталынуы адам зейінінің бө-
лінушілігін ерекше дамытуды қажет
етеді. Ал машина жүргізушілерге
(машинист, шофер т.б.) бірнеше нәр-
сеге зейін бөлушілік қаншама маңыз-
ды екендігі түсінікті. Олар бір кезең-
де руль механизмін басқарады, жол-
ға назар аударады, тормоз береді жә-
не т.б... Бұл операциялардың әрқай-
сысы зейінді өте шеберлікпен бөле
білуді қажет етеді. Мұғалімдік қыз-
метте де зейінді бірнеше объектіге
бөле білудің маңызы зор. Мұғалім
бір мезгілде сабақтың мазмұнын,
формасын сабақ оқыту жоспарына
сәйкес тексеріп отырады, барлық
сынып ұжымы мен жеке оқушылар-
дың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай
қатысып отырғанын байқайды. Тә-
жірибесі аз, жас мұғалім кейде бар-
лық сыныпты, не жеке оқушыларды,
не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай
алмай қалады да зейінін бытыратып
алады. Осының салдарынан сынып-
та сабақ нашар ұйымдастырылуы
мүмкін. Зейінді екі объектіге бірдей
бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер
болу және мұндай объекті бір-біріне
байланысты болуы шарт. Зейінді
бөлудің физиологиялық негіздері
жөнінде И.П.Павлов былай дейді:
«...біз бір іспен, бір оймен айналыса
жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы
басқа бір істі істей жүреміз, яғни
сыртқы тежелу механизмі бойынша,
ми сыңарларының тежелудегі бө-
лімдерімен қызмет істейміз, өйткені
біздің басты ісімізбен байланысты
ми сыңарларының пункті бұл кезде
қатты қозуда болады».
4. Зейіннің көлемі. Зейіннің көлемі
деп бір уақыттың ішінде оның қам-
титын объектілерінің санын айтады.
Зейін көлемін анықтауға байланыс-
зЕЙІ
зЕЙІ
239
ты жасалған тәжірибелер адам бір
мезгілде (секундтың 1/10 бөлігінде)
орта есеппен әр түрлі 3-5 әріпті қам-
ти алатынын, 12-14 әріптен тұратын
мағынасы бар сөзді де осы мерзімде
қамтитынын көрсетіп отыр. Мектеп
оқушыларының әсіресе, бастауыш
сынып оқушыларының зейін көлемі
ересек адамдардың зейін көлемде-
ріне қарағанда шағын болатынды-
ғы сабақ үстінде мұғалімнің есінде
болуға тиіс, сондықтан да оқушылар-
ға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа
жөнінде де белгілі зейін көлемінен
артық мөлшерде материал беруге
болмайды. Оқушылардың зейін кө-
лемі бір-бірімен байланыспаған
элементтерді қабылдаса, нашар өсе-
тіндігін, ал логикалық байланысы
бар элементтерді қабылдаса, олар-
дың зейін көлемін өсіретіндігін мұ-
ғалім еске алуы қажет.
Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім
балаларды комплекс заттарды бай-
қай алуға, оларды дұрыс бір объект
ретінде қабылдауға машықтандыр-
ғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы
сөздер тым ұзақ болмай, ондағы
сөздердің ең бастыларын бірден оқып
түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен
безендіру қажет. Соңғы айтылған
тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіру-
ге жағдай жасайды. Физиологиялық
тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғай-
ту мидағы оптималдық қозуы бар
алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше
қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі
болып табылады. Бірден біраз нәр-
сені қамти алатын зейінді көлемі кең
зейін дейді де, объектілерді жөндеп
қамти алмайтын зейінді көлемі тар
зейін дейді. Зейіннің тар көлемдісі
де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме
істен дұрыс нәтиже шығара алуын-
да. Адамның мамандығы, айналыс-
қан ісі оның зейініне әсер етпей қой-
майды. Мәселен, өне бойы сағат ме-
ханизмімен шұқшия жұмыс істеп
отыратын мастердің зейін көлемі ай-
тарлықтай болмайды. Микроскоп-
пен жұмыс істейтін ғалымның зейіні
де осы іспеттес.
5. Зейіндегі шашыраңқылық. Зейін-
нің шашыраңқылығы белгілі бір
объектіге саналы түрде зейінді ұйым-
дастыра алмаушылықты айтады. Әр
нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ
адамдардың зейіні көбінесе осындай
болады. Зейіннің шашыраңқылы-
ғы сондай-ақ адам қатты шаршап,
болдырған кезде де жиі кездеседі.
Мұндай жағдайда оның миында
біркелкі тұрақты қозу алабы жаса-
лындайды, қозу мен тежелу процес-
тері бір-бірімен алмасуы тәртіппен
жүріп отырмайды. Зейіннің осы қа-
сиеті адам психологиясынан тұрақ-
ты орын алса, оған берекелі әрекет
ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда
зейіннің шашыраңқылығы жиі ұшы-
райды. Өйткені олар әлі күрделі іс-
әркетпен айналыспағандықтан, зе-
йіннің жоғары түрлері өз дәрежесін-
де болмайды.
Зейіннің шашыраңқылығына ұқсас
көріністер адамның бір жұмысқа қат-
ты беріліп істеген кездерінде де бай-
қалады. Адам қатты үңіліп жұмыс
істеген кезде басқа еш нәрсені сез-
бейді, елемейді. Осындай жағдай-
да ол айналысындағы өзгерістерді
байқамайды. Мұндай адамдардың
зейінін уақытында бөле алмаушы-
зЕЙІ
зЕЙІ
240
лықтың кемшілігі – зейіннің көлемі
өте тар және икемсіз келетіндігінен.
зЕЛАНД НИКОЛАЙ ЛЬВОВИЧ
(1833-1902) – Петербургтың Әске-
ри-медицина академиясын бітір-
геннен кейін, 1859 жылдан бастап
Қазақстанның түрлі аймағында қыз-
метте болады. 1882-1888 жылдары
Орынбордағы әскери госпиталда ор-
динатор, Түркістан өлкесінде сол
кездері шығып тұрған «Степной
Край» (Дала өлкесі) газетінде әртүр-
лі мақалалары (санитария, гигиена
т.б.) тақырыптарда мақалалары жа-
рияланып тұрған. Жетісуда облыс-
тық дәрігер, ал 1888-1896 жылда-
ры – Түркістан өлкелік әскери-ме-
дицина инспекторының көмекшісі.
Н.Л.Зеланд – медицина, антрополо-
гия саласындағы еңбектердің авто-
ры. «Қырғыздар» (Қазақтар) атты
очеркінде (Омбы, 1885) адамның
табиғи қасиеттерінің антропология-
лық, темпераменттік ерекшелікте-
рінің ақыл-ой дамуына тигізетін
ықпалын көрсетеді, қазақ халқының
мінез-құлқын зерттеп, көшпенділер-
ді сангвиник темпераментіне жатқы-
зады. Аталмыш еңбек қазақ халқы-
ның психологиялық ерекшеліктері
туралы орыс тіліндегі тұңғыш зерт-
теу болып табылады. Төменде Н.Л.Зе-
ландтың қазақ мінезі туралы жазған
еңбегінен шағын үзінді келтіріп отыр-
мыз. ...Ресей мен Батыс Европада
күллі қырғыз халқын осылайша атай-
тыны белгілі, солай бола тұрса да
бұл орайда қырғыз – қайсақ пен жа-
байы тау қырғызының айырмасы
бар. Сонымен бірге қырғыз атауы
тура мағынасында тек соңғыларына
қатысты; барлық басқа қырғыздар
өздерін қазақпыз деп атайды...
Жаңа туған сәбиді шомылдырып,
жаялыққа орап құндақтайды, бесікке
бөлейді. Бесіктің тұрқы сопақша,
төрт аяқты келеді. Бүйір шабақтары
арасындағы кеңістік тақтайшалар-
мен қиюластырылып жіпке керіледі,
оған киіз төселеді, түбекке арнап
ойық жасалады. Нәрестені бесікке
жатқызған соң, құймышағын түбекке
келтіре, бесік баумен байлап, үстін
көрпешемен жабады. Көшіп-қону
кезінде оңтайлы болу үшін бесіктің
арқалығы мен табанына құрсау са-
лынады да, сәбидің кеудесі мен аяғы
қатты байланып, ол қимылдамай
жатады, тіпті емізу үшін де бесіктен
алынбайды... Жаңа туған балаға бе-
сінші күні азан шақырылып, ат қойы-
лады, бұл жол-жора кезінде босанған
әйел жұбайының қошеметіне бөле-
неді, дастарқан жайылып, табақ тар-
тылады, бұл кәдуілгі христиандық
шоқындыру ырымы іспеттес дәстүр.
Сәби үш жасқа дейін, кейде тіпті
тіпті бұдан да ұзақ кезеңде емшек
баласы аталады. Оны 5 жасқа толған-
да сүндетке отырғызады. ... Қазақ
балажан келеді. Баланы олар жы-
лышырай танытып, еркелетіп өсіре-
ді. Бала жазда көбінесе жалаңаш
жүреді, жастайынан ат жалын тар-
тып мініп, оның құлағымен ойнап
өседі. ...Қазақ – қызу қанды жан. Оның
рухына жайсаңдық, ізгілік тән, ол
ылғи да жайдары жүреді, жалпы сер-
гек әрі еліктегіш келеді, алайда «жүй-
кесі» көнбісті, ашушаңдыққа бара
бермейді. Оның қызу қанды болуы-
ның себебі бәлкім, көшпелілердің
өмір салтынан да болса керек. Қозға-
зЕЛА
зЕЛА
241
лысы шапшаң, үнемі ат үстінде жү-
руі қан айналымы мен зат алмасуына
қолайлы болуы тиіс; бұған қоса дала
тұрғындары дене қызуының жиі ал-
масуы, олар жұтатын таза ауа да;
шөлейтте жол шеккенде сусынды көп
ішпеуі, діни жоралғыларға байланыс-
ты тағамдар таңдауы, асқазан және
ішек жолы қызметін жақсартуға
жәрдемдеседі, бұлардың оның рух
күшін сақтауға маңызды ықпалы бар;
ақыр соңында, арақпен, апиынмен
және темекімен жүйкесін жұқартуға
әдеттенбеудің де біраз пайдасы бар.
Зеланд әлемдік психологиядағы тем-
пераменттер теориясына елеулі үлес
қосқан ғалым. Зеланд Гипократ, Га-
лен, Кант, Лесгафт, Кречмер, Гейне
т.б. ғалымдар сияқты келелі түйін-
ді ойлары бар ғалым екендігі дау
тудырмайды. Мәселен, орыс анторпо-
логы Зеланд темпераменттің ана-
томиялық, физиологиялық негізі
туралы айта келіп оны ми қабықша-
сындағы малекулярлық қозғалыс-
тың жылдамдығы мен біркелкілі-
гіне байланысты түсіндіреді. Мұны
ғылыми жағынан дәлелді деп есеп-
теуге болады.
зЕРДЕ – тіліміздегі ақыл, сана деген
түсініктерді білдіретін ұғым. З-нің
сапалық ерекшеліктері зерделі, ақын-
ды, саналы деп аталады. Ақыл –
адамның белгілі мәселені шешудегі
қабілеттілігі мен саналы түрдегі
әрекеті. Психологияда З. ұғымы адам-
ның ойлау әрекетімен тығыз бай-
ланысты түрде дамып отыратын үз-
діксіз процесс. Зерделі адамды халық
ақыл-ойы мен пайымы мол, сана-
сезімі жетілген адам деп бағалайды.
З. – ақыл, ал ақыл адамның ойлау
қабілеті. Адам ақылы арқылы кез
келген мәселенің түйінін шеше ала-
ды. Осы орайда халықтың сана-
сезімінде «Ақыл – тозбайтын тон, бі-
лім – таусылмайтын кен» дейтін ма-
қал қалыптасқан. З.-нің мәнді белгі-
лері адамның ұғымталдығы, зейінді-
лігі мен қабілеттігі. Қабілет – адам-
ның белгілі істі орындауға бейім-
ділігі мен ыңғайлығын білдіретін
даралық қасиет, психологиялық ерек-
шелік.
Ақыл апасы – зейінділік. З. – сана-
ның белгілі объектіге бағытталып,
сананың сол нәрсеге шоғырлануы.
З-нің тұрақты белгілеріне ұғымпаз
болу мен зеректік. Зеректік ұққыш-
тық пен алғырлықты да білдіреді.
Сөйтіп адам өзінің пысықтығы мен
ширақтығын, еті тірілігін көрсете
алады. Ширақтық пен еті тірілігі пы-
сықтықты білдірсе, ал зеректік пен
алғырлық ұғымталдық қасиеттерді
айқындай түседі. Ауызекі сөйлеу
мен жазба сөздерде де зерде мен атау
терминдерде бір мағынада синоним
ретінде қолданыла береді. Психология
ғылымы зерде атауын дербес термин
ретінде адамның ойлау процесі мен
ақыл-ойының мағынасын бейнелей-
тін термин ретінде қарастырып, оны
саналы әрекеттің жемісі деп санай-
ды. Адамның ақыл-ой әрекетінің бар-
лық түрлері мен олардың сипат-қа-
сиеттері объективті дүниенің біздің
миымыздағы бейнесі деп анықтайды.
Бұл жалпы таным теориясының (гно-
сеологияның) қасиеті.
зЕРЕКТІК – адамның саналы әре-
кеті мен ақыл-ойының ұнамды әрі
зЕРД
зЕРЕ
242
аса қажетті қасиеті. Ұғымталдық,
зейінділік пен пайымдылық зерек-
тіктің мәнді, тұрақты белгі-сипатта-
ры. «Дулат Абайдың ұғымтал зерек-
тігіне шын сүйінді (Әуезов)». Адам-
ның саналы әрекетіндегі З. қасиеті
психикалық процестердегі түйсіну
мен қабылдау, сезім, ойлау әрекетте-
рі болып саналатын талдау мен бі-
ріктіру, нақтылау мен абстракциялау,
салыстыру мен пайымдау сияқты
амал-тәсілдермен өзара тығыз бай-
ланысты түрде дамып отыратын жан
жүйесінің процестері. З. – адамның
өзінің маңындағы нәрселер мен құ-
былыстарды танып білуіндегі се-
зімталдығын, ақыл-ойының ұшқыр-
лығын, ойлау әрекеттерінің оралым-
дығын білдіретін даралық қасиеті.
З. жоғары жүйке қызметінің типте-
рі мен олардың әсерлену ерекшелік
терін көрсететін темперамент тип-
теріне, мінез-құлқы мен қабілеттілік
ерекшеліктеріне тәуелді болып оты-
ратындығы психологияда ғылыми
тұрғыдан шындығы айқындалған
жайттар. З. қазақ халқының ғасыр-
лар бойы даму тарихында сан алуан
құбылыстар мен жеке адамдардың
өмірінен айқын көрініс беріп отыр-
ған. Халқымызға атақ-даңқы мен
ақыл-ойы танымал болып, Жиренше
шешен мен Қарашаш, Тазша бала
мен Алдаркөсе, Қожанасырдың ақыл-
ойы мен зеректігі әрбір істің түйінін
шешуде айқын көрініс беріп отыра-
тын халық бұқарасына өнеге берер-
лік істер. З.-тің көрінісі Ы.Алтын-
сариннің «Асан мен Үсен» атты әңгі-
месінен де айқын байқалады. Халқы-
мыз ақыл-ой мен саналықтың қасиеті
З-ті жоғары бағалап, ондай кейіпкер-
лерді үлгі-өнеге тұтқан. З. – (зейінді-
лік, түсініктілік, ұққыштық, ұғым-
дылық, ұғымталдық) әсер етуші нәр-
селер мен құбылыстарды сезім мү-
шелері мен ақыл-ой арқылы тез қа-
былдап, олардың мән-мағынасын же-
те түсіну қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |