Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет45/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ

303

дықпен  жаңа  қалыпқа  ілесе  алмай- 

ды.  Тұрғын  үйдің  микроклиматы 

өзгеріп,  лас,  сыз  ауаның  әсерінен 

туындайтын ауруларға таза ауада өмір 

сүрген  адамдардың  иммунитеті  бұ- 

рыннан қалыптаспағандықтан қарсы 

тұра  алмайды.  Қазан  төңкерісінен 

бұрын Ресейге, Мәскеу, Петербургке 

оқуға, қызметке барған қазақтардың 

көбі ел ішінде де, барған жерлерінде 

де материалдық жағдайы жақсы бол- 

ғандарына  қарамастан  көбіне  өкпе 

ауруына  шалдығып,  өліп  кеткені 

белгілі.

Бұл қалыпты өмір сүріп жатқан жер- 

де  басқа  елдердің  басқыншылығы- 

нан, отарлау әрекеттерінен, револю- 

циялық сипаттағы әлеуметтік төңкеріс- 

терден болған шаруашылық құрылым- 

дағы шұғыл өзгерістерді этнос бірден 

қабылдай  алмайды.  Ж.  Аймауытов 

пен  М.  Әуезов  мақалаларында  жиі 

айтылатын  бұл  жағдай  қазақ  этно- 

сына өте ауыр тиді.

Сан  ғасырлардан  бері  қалыптасқан 

көшпелі мал шаруашылығының дағ- 

дылы  барысына  шұғыл  өзгерістер 

келіп, мал жайылатын өрістердің ор- 

ны  өзгеріп,  көшіп-қонудың  қалып- 

тасқан рулық, аталық, ауылдық жүйе- 

сі  бұзылып,  зорлықпен  атқарыла 

бастаған отырықшыландыру әрекеті 

қазақ халқының бүкіл тіршілігін ас- 

таң-кестең  етті.  Үйірі,  отары  бөлек 

малды жөнсіз шоғырландыру, шаруа 

жүргізу  жүйесінің  ойсыз,  дәлелсіз 

орталықтандырылуы  қалыптасқан 

шаруашылық құрылымын бұзып, мал 

басының күрт азаюына әкелді. Малға 

жеке  игілік  ретінде  қарап  үйренген 

этнос бірден «ортақ» малға мүдделі 

қарайтын  этносқа  айнала  алмады, 

берілген уақыт шегінде айналуы мүм- 

кін емес еді.

Көшпелі қазақ халқы отырықшы эт- 

ностаға үйреншікті үй-жайды, қора-

қопсыны  да  қажетті  деңгейде  сала 

алмады. Бақташылықпен айналысқан 

этнос  егіншілікті  бірден  алып  кете 

алмады. Бұл, қазіргіше айтқанда «шо- 

ковая  терапия»  болатын.  «Қанды 

терапия»  деп  айтса  да  тіпті  дәл  ке- 

леді.  Бұл  «қанды  терапия»  ақыры 

1932 жылдың зұлматына, адамзат та- 

рихындағы  ең  қырғын  ашаршылық- 

қа  әкелді.  Әрине  Ф.  Голощекинның 

«Кіші октябрь» саясаты мақсатты түр- 

де іске асырған елді азықсыз қалды- 

ру қылмысы үлкен әңгіме. Ж. Аймауы- 

тов пен М. Әуезовтың этнопсихоло- 

гиялық тұжырымдары ХХ ғасырдың 

алғашқы  он  жылдықтары  үшін  де, 

қазіргі кезең үшін де өте бағалы ой- 

лар. Қоғамдағы революциялық сипат- 

та  болып  жатқан  өзгерістерді  этнос 

теориясы,  ұлттық  психологияны 

ерекше әсерлермен бағалаған алғаш- 

қы  қазақ  зерттеушілері  ретінде  осы 

авторларды атауға толық негіз бар.

Сонымен  қатар  қазақ  этносының 

ұлттық ерекшеліктерін тарихи даму, 

тарихи  өзгерістер  аясында  терең 

пайымдап берген. Қазіргі кездегі осы 

қазақтарға  беретін  бағаланымды  да, 

жәйттерді де ескерген өте орынды.



(мақала «Қазақ әдебиеті» газетінің 

№34,  07.08.2009  жылғы  санында 

жарияланған)

ҚАзАҚТЫҢ_ҰЛТТЫҚ_МІНЕз__БІТІСТЕРІ'>ҚАзАҚТЫҢ  ҰЛТТЫҚ  МІНЕз 

БІТІСТЕРІ –  бұл өте күрделі, әлде 

де толық зерттеліп, шешімін таппай 

келе жатқан мәселе. Осы жайтты жақ- 

сы  аңғарған  Н.Назарбаев  былай  де- 



ҚАзАҚ

ҚАзАҚ

304

ді: «Менің ойымша, қазақтардың қай- 

таланбас  этикалық,  психологиялық 

әлемі әлі жете зерттелмей, зерделен- 

бей жатқан тылсым дүние». Ғасырлар 

бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі 

өмір сүрген ортаның әлеуметтік-эко- 

номикалық  жағдайларына,  мәдение- 

ті мен тарихына, табиғатына орайлас 

жас буынға тәлім-тәрбие берудің ай- 

рықша талап-тілектерін дүниеге әкел- 

ді. Мәселен, бұлар жас адамның жұрт- 

қа  танымал  моральдық-психология- 

лық нормасын «сегіз қырлы бір сыр- 

лы» делінетін қанатты нақыл сөздер- 

мен қисындады.

Осынау  аталы  сөздердің  мән-мағы- 

насы мыналар еді: көшпелі мал ша- 

руашалығын жете игеру; еңбек сүй- 

гіштілікпен қиыншылыққа төзе білу, 

ел намысын қорғау, жаудан беті қайт- 

пау,  ата-тегін  жадында  сақтау,  сөз 

асылын қастерлеу, тапқырлық пен ал- 

ғырлық, ат құлағында ойнау, ата сал- 

тын  бұзбау  (жасы  үлкенді  сыйлау, 

құдайы қонақтың меселін қайтармау, 

көрші  хақын  жемеу,  т.б.).  Көшпелі 

өмір  тіршілігі  қара  күшке  мығым, 

қиыншылыққа  төзімді,  құбылмалы 

табиғат  жағдайына  тез  икемделгіш 

болуымен  бірге,  жан-дүниесі  жағы- 

нан  да  жетілген,  кемел  адамдарды 

қалыптастырады.  Үйде  де,  түзде  де 

бала  ес  білгелі  бастап  із  кесіп,  жол 

қарап,  жұлдыз  санап  өсті.  Олардың 

көзі  қырағы,  құлағы  сақ,  қиялдағы- 

ны  шалатын  болады.  Аң  аулап,  мал 

бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен 

жүрсе де, жас өскін ақынның сөзін, 

жыраудың  жырын,  әншінің  әні  мен 

әуенін қалт жібермей тыңдап, ел ау- 

зындағы ұтымды мақал мен мәтелді 

ертек пен жұмбақты, терме мен ше- 

жірені  жадында  сақтап,  халық  да- 

налығын  өзіне  рухани  азық  етіп 

отырады.


Әрдайым көшіп-қонуға дайын отыр- 

ған  қазақтар  үшін  аң-құс  аулау,  мал 

күзету, жау түсіру – тұрмыстың дағ- 

дылы  машығына  айналады.  Әрбір 

көшпенді  әрі  жауынгер,  әрі  малшы, 

әрі  шаңырақ  иесі  болып  саналады. 

Осы  айтқанымыздың  дәлелі  болып 

табылатын  кейіннен  мақал  болып 

кеткен  «Өнерді  үйрен  де  жирен», 

«Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің 

қолы ортақ», «Жауда жүрсе ат ойнат- 

қан  батырым,  үйде  жүрсе  құрт  қай- 

натқан  батырым»  сияқты  бес  аспап 

адамның психологиясы жайлы қанат- 

ты сөздер біздің заманымызға дейін 

жетті. Көшпелі қауым бірін-бірі жақ- 

сы  білді,  әр  адамның  қадір-қасиеті, 

оның  жасына,  жол-жоралғысына, 

әлеуметтік  ортадан  алатын  орнына 

қарай белгіленіп отырды.

Мұндай қауымдастық адамаралық қа- 

тынасты  қаршадайдан  көріп  өскен 

бала да өсе, ержете келе ортақ мүд- 

делікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік 

белгісін  түсініп,  жеке  бастың  өзіне 

бұра  тартуына  мүмкіндік  бермеді. 

Психологиялық  тұрғыдан  «бірауыз- 

дан» болып қауымдасқан жандар үне- 

мі  өздерінің  рулық  одағына  етене 

сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұс- 

танды. Осыған орай көшпелі тұрмыс 

тәліміне лайықталған бата беру, ант 

ішіп  ақталу,  айтысқа,  дау-дамайға 

төрелік  айту  сияқты  этностық  тап- 

таурындар (стереотип) кең өріс алды. 

Әрине  осы  топтық  санамен  бірге 

әркімнің  жеке  басының  әлеуметтік 

және биосфералық факторларға орай- 

лас  жеке-дара,  жас,  жыныс  ерекше- 

ліктерінің де болатындығы еске алын- 

ды.  Мәселен,  көшпелі  халық  қыз 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


305

баланы  ерекше  қадірлеп,  қастерлеп, 

әлпештеді. Оны әдемілік пен әдепті- 

ліктің, сұлулық пен іңкәрліктің симво- 

лы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жі- 

гітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін 

болды. Қоғам өмірінде қазіргі кезде 

жүріп  жатқан  терең  саяси-экономи- 

калық өзгерістер халқымыздың баға 

жетпес рухани байлықтары: тіл мен 

ділі, діні мен тарихы, өнері мен әде- 

биеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен 

шаруашылығына  (қолөнері,  киім-

кешегі, ою-өрнегі, әуез аспаптары, үй 

жиһазы т.б.) байланысты небір асыл- 

дарды,  қысқасы,  бүкіл  болмыс-біті- 

мін  (менталитетін)  жаңартып,  жаңа 

мазмұнмен байытуда.

Әрине,  еліміз  бен  жеріміздің  түпкі- 

лікті иегері – қазіргі қазақтардың жа- 

ңа психологиясында осы этносқа ға- 

на тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар 

деп айту қиын. Өйткені, қазақ этно- 

сының  қазіргі  бүкіл  тыныс-тіршілі- 

гінде, от басындағы әдет-ғұрпы мен 

салт-дәстүр, жөн-жосық, жол-жорал- 

ғысында  кеңбайтақ  өлкемізді  біраз- 

дан бері мекендеп келе жатқан басқа 

этностар  мінездерінің  элементтері 

де  көрініс  беріп  жүр.  Десе  де,  бәз 

біреулер айтып жүргендей, біз жыл- 

қы  мінезділіктен  айырылған,  «қой 

мінезді» момын, жуас, намысы жан- 

шылған  халық  емеспіз.  Жеріміздің  

ұлан-ғайыр  кеңдігімен,  мұндағы  та- 

биғат  сұлулығының  әсерінен  ғасыр- 

лар  бойы  қалыптасқан  дарқан  жо- 

марттылық,  адамға  деген  мейірім- 

ділік пен өнерпаздық, қазақ биосфе- 

расының өзіндік ерекшелігінен туын- 

даған асқан қонақжайлылық, жойқын 

соғыс  пен  қуғын-сүргінге  ұшырау 

салдарынан  тырнақтап  жинаған  ру- 

хани  мұраны  өсер  ұрпаққа  жеткізу 

ниетінен  қалыптасқан  балажанды- 

лық,  үнемі  мал  шаруашылығымен 

айналысумен қанымызға сіңген мал- 

жандылық,  еш  уақытта  басқа  жұрт- 

тың жеріне көз алартпаған бейбітшіл 

саясат,  өзі  тиген  дұшпанының  қа- 

бырғасын  қақыратқан  көзсіз  батыр- 

лық,  «мың  өліп,  мың  тірілген»  кез- 

дердегі  керемет  шыдамдылық    пен 

барға    қанағатшылдық  –  біздің  ұлт- 

тық  мінезіміздің  жоталы  бітістері, 

халқымыздың ұлттық мақтанышы.

«Бұрынғы уақытта, – деп жазды Ж.Ай- 

мауытов  пен  М.Әуезов  «Қазақтың 

өзгеше мінездері» деген мақаласын- 

да – қазақ елі ұйымшыл, ері жауын- 

гер,  биі  әділ,  намысқор,  адамы  ірі, 

бітімді, қайратты, сауықшыл ел бол- 

ған екен. Досымен достасып, жауы- 

мен  жауласуға  табанды,  қайғыра  да 

қуана да білетін халық екен» – дейді 

(Алаш, 1917, 30 наурыз, N16). Қазіргі 

ұрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді 

ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас 

өскіндер  гуманистік  рухта  тәрбие- 

ленгендері дұрыс.



ҚАзАҚСТАНДАҒЫ  ҒЫЛЫМИ 

ПСИХОЛОГИЯНЫҢ  ТАРИХЫ. 

Жан (психика) құбылыстары туралы 

әр  кезде  өмір  сүрген  қазақ  ойшыл- 

дары да сонау ерте кезден бастап-ақ 

аз  айтпаған.  Асанқайғы,  Шалкиіз, 

Мұхаммед  Хайдар  Дулати,  Өтебой- 

дақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұ- 

хар, Шал, Дулат, Махамбет, т.б. ақын-

жыраулар  мен  ғұлама-ойшылдар- 

дың шығармаларында көшпенді ата- 

бабаларымыздың  жан  дүниесі  әр 

қырынан сөз болғаны байқалады. Қа- 

зақ топырағында жан мәселелері жай- 

лы  XX  ғасырдың  басында  өндірте 

жазған  адамның  бірі  –  Жүсіпбек 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


306

Аймауытұлы (1829-1931). Жүсіпбектің 

тәлім-тәрбие  тақырыбында  жазған 

еңбектерінің  ішінде  «Психология» 

деп  аталатын  көлемді  еңбек  айрық- 

ша  атауға  тұрарлық.  Өйткені  бұл  – 

бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар 

тіліндегі  сол  кездегі  бірден-бір  төл 

туынды.

Қырқыншы  жылдарға  дейін  әзір- 



байжан, өзбек, түрікпен, қырғыз, баш- 

құрт,  татар  т.б.  тілдерде  мұндай  ең- 

бектердің болмағанын ескерсек, осы 

басылымның бағасы ерекше арта тү- 

седі.  Петербургтегі  әскери-медици- 

налық  академияның  түлегі  Халел 

Досмұхамедов  (1883-1939)  Алаш 

қозғалысының  белсенді  қайраткері 

болумен  қатар,  әртүрлі  ғылым  са- 

ласында (медицина, физиология, та- 

рих,  әдебиет,  психология,  т.б.)  өзін 

үлкен  биіктен  көрсеткен  тұлға  еді. 

Ол қазақ этнопсихологиясының ірге- 

тасын  қалаушылардың  бірі  болды. 

Оның «тіл – жұрттың жаны. Тілінен 

айырылған жұрт – жойылған жұрт...  

Өз  тілін  білмей  тұрып,  жат  тілге 

еліктей беру – зор қате» деуі қазіргі 

кездегі  мемлекеттік  тілді  өркендету, 

дамыту мәселесімен ерекше үндесе- 

тіні хақ.

Осы кезде ғұлама ақын М.Жұмабаев 

(1893-1937)  «...  қазақ  баласының 

тәрбиесі  қазақ  тұрмысына  қабысуы 

мақұл» дейтін аталы сөзін өзінің «Пе- 

дагогика»  атты  кітабындағы  пси- 

хологиялық түйіндердің негізгі арқа- 

уы етті. 1923 жылы Орынборда В.Я. 

Струминскийдің  (1880-1967)  «Пси- 

хология» атты көлемді еңбегі жарық 

көрді. Сол жылы Ташкентте П.Н.Ар- 

хангельскийдің  «Мектептегі  психо- 

логиялық  зерттеулер»  деген  еңбегі, 

Н.Құлжанованың  «Мектепке  дейін- 

гі  тәрбие»,  Ғ.Қарашевтің  «Педаго- 

гика»  атты  төл  туындылары  жарық 

көрді.  1935-1948  жылдар  арасында 

Семейде  қызмет  еткен  белгілі  орыс 

психологі  А.П.Нечаев  (1870-1948) 

«Психофизиологиялық  синдромдар 

жүйесі»  (1940),  «Психология»  атты 

оқу құралын жазды. 30-40 жылдары 

психологияға  қатысты  зерттеулерді 

қазақ  ғалымдары  да  (Ш.Әлжанов, 

С.Балаубаев,  С.Қожахметов,  Ә.Сы- 

дықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, т.б.) 

жүргізіп  келді. Соғыс  жылдары  елі- 

мізде қызмет еткен профессор Г.С.Кос- 

тюк, профессор В.Я.Резник, профес- 

сор  П.М.Рубинштейн  т.б.  респуб- 

ликадағы  психология  ғылымының 

дами түсуіне жәрдем етті. Қазақстан- 

дағы  психология  ғылымы,  әсіресе, 

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар- 

да елеулі қарқынмен дами бастады.

Мәселен,  1946  жылы  Қазақ  педаго- 

гикалық институтында (қазіргі Абай 

атындағы Қазақ Ұлттық педагогика- 

лық университеті) тұңғыш рет психо- 

логия  кафедрасы,  1947  жылы  Қазақ 

университетінде  логика  және  пси- 

хология  мұғалімдерін  даярлайтын 

арнаулы  бөлім  ашылды.  1951-1953 

жылдары осы бөлімді жүзден астам 

түлектер  бітіріп  шықты.  Бұлардың 

көпшілігі  психология  мамандығын 

иеленіп, еліміздің оқу орындарында, 

ғылыми  мекемелерде  қызмет  ете 

бастады.

Осы жылдары республика үшін пси- 

хологтар даярлауда профессор Т.Т.Тә- 

жібаев  (1910-1964)  пен  профессор 

И.Л.Стычинский  (1896-1969)  зор 

үлес қосты. Елуінші жылдары Қазақ- 

станның  өзінде  психология  ғылы- 

мынан бірнеше диссертация қорғал- 

ды  (Е.Суфиев,  АТемірбеков,  М.Мұ- 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


307

қанов  т.б.).  Соңғы  50  жыл  ішінде 

көптеген ғылыми еңбектер, оқулық- 

тар мен оқу құралдары жарық көрді. 

Солардың  қатарына  М.Мұқановтың 

«Ақыл-ой  өрісі»,  Қ.Жарықбаевтың 

«Қазақ  психологиясының  тарихы», 

Т.Жүкештің  «Ұлттық  психология- 

ның  сипаты»,  Р.Илешованың  «Ме- 

дициналық  психология»,  Ә.Алдамұ- 

ратовтың  «Қызықты  психология», 

Ғ.Досболов-тың «Алдын ала тергеу- 

дің психологиясы» т.б. толып жатқан 

еңбектерді  жатқызуға  болады.  Пси- 

хология  тақырыбына  арналған  бір- 

неше ғылыми конференциялар (1962, 

1973,  1990,  1994,  1996,  1998,  2000-

2005  жж.)  өткізілді.  1988  жылдан 

бастап елімізде психологтар даярлау 

жаңа  қарқынмен  қолға  алынды.  Қа- 

зіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінде, Абай атын- 

дағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университетінде, сондай-ақ Алматы, 

Атырау, Тараз, Қостанай, Петропавл, 

Семей,  Ақтөбе,  Шығыс  Қазақстан 

университеттерінде  психологиядан 

бакалавр  мен  магистранттар  даяр-

лануда, орта мектептерде «психолог» 

мамандығының  штаты  енгізілді, 

ҚазҰУ-де  академик  Т.Т.Тәжібаев 

атындағы этнопсихология орталығы, 

Алматы  облыстық  «Ұлттық  тәлім-

тәрбие»  қауымдастығы  (1991-2001) 

ондаған  психология  кафедралары 

жұмыс істейді.

Қазіргі  кезде  психологиялық  зерт- 

теулердің кешенді тақырыптары қол- 

ға  алынып,  оларды  ұлт  өміріне 

орайластыра  жүргізудің  маңызы  ар- 

тып  отыр.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 

ауыл-село  мектептерінің  әлеуметтік 

психологиялық  мәселелері,  мал  ша- 

руашылығына қажетті мамандардың, 

сондай-ақ,  жаңа  типтегі  лицей, 

гимназия, колледж, медресе шәкірт- 

терін  оқытып,  тәрбиелеудің  психо- 

логиялық  проблемалары,  талантты, 

дарынды  оқушылардың  өзіндік 

психологиясын, қостілдік пен көптіл- 

діктің  психологиялық  астарларын 

зерттеу, нарық экономикасына көшу- 

ге байланысты туындайтын сан алуан 

психологиялық жайттар алдағы жер- 

де  өз  шешімін  күтіп  тұрған  өмір- 

шең ғылыми мәселелер болып табы- 

лады.  Ортағасырлық  қазақ  ғалымы 

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-

1483)  жан  туралы  пайымдаулары 

ерекше  назар  аудартады.  Оның  бас- 

ты еңбегі «Шипагерлік баянда» көп- 

теген  психологиялық  ұғымдар  (түй- 

сік,  ойлау,  сөйлеу,  қиял,  дағды  т.б.) 

туралы қызықты мағлұматтар бар.

Ол  өзінен  бұрын  өмір  сүрген  ұлы 

ғұламалардың  (әл-Фараби,  Жүсіп 

Баласағұн т.б.) жан туралы түсінікте- 

ріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің 

басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. 

Сөйте  тұра  жан  құбылыстарын  бас- 

қаруда  мидың  атқаратын  рөлін  де 

жоққа шығармайды. Оның адам есіне, 

ойлауына  байланысты  айтқандары 

ғылыми тұрғыдан дәйекті де наным- 

ды.  Мәселен,  оның  пікірінше  ес  – 

көрген, естіген нәрсені жадында сақ- 

тау үшін аса қажет. Адам тез аңғар- 

ғыш, байқағыш және есте қалдырғыш 

болуы тиіс («... тез, шапшаң, жеткілік- 

ті  аңғарып,  ойға  қонымды,  көңілге 

толымды, өте нанымды, бүге-шегесі- 

не дейін ойда сақтау»).

Автор  есті  дамыту  үшін  көптеген 

тау-тас, жер-су және жан-жануарлар- 

дың  аттарын  жаттап  алудың  қажет- 

тілігіне  үлкен  мән  береді.  Адамның 

есте  сақтау  қабілетінің  ойдағыдай 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


308

дамуына негіз болатын қасиеттің бі- 

рі – зерделілік пен зейінділік. Оның 

пікірінше,  саналы  іс-әрекет  зейінсіз 

іске аспайды. Осы еңбекте зейін кө- 

бінесе  «мәнділік  аңғарым»  деген 

ұғым  мағынасында  беріліп,  оның 

адамның  мақсатты  қызығуына  бай- 

ланысты  қалыптасатыны  біраз  сөз 

болады. Ойлау процесінде адам сезім 

мүшелері  арқылы  әр  затты,  нәрсені 

жан-жағынан  қарап,  бір-бірімен  са- 

лыстырады,  одан  соң  барып  толға- 

нады,  өйткені  толғану  сараланбаса, 

ойлау  дараланбайды  дейді.  Ойлау, 

сөйлеу  қызметіне  байланысты  екен- 

дігін баса айтады. Ойдың сөз арқы- 

лы  бейнелеуінің  арқасында  адам 

өзінен бұрынғылардың ілім-білімде- 

рін  есінде  сақтап  қалады,  оларды 

ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. 

Айтар  ойымызды  шимайлап  қағаз- 

ға түсіргенде ғана оны түгелдей есте 

сақтай аламыз.

Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны 

сараптап, толғана талдау қажет. Ай- 

тар  ойыңды  алдымен  өзің  түсініп 

ал,  алдамшы  сезімге  беріліп  үстірт 

ойлау – үлкен қателік, жақсылап тү- 

сіну  үшін  көзбен  көріп,  құлақпен 

естіп,  қолмен  ұстай  білу  қажет.  Ғұ- 

лама ғалым сөз саптау, сөйлеу мәне- 

ріне  де  ерекше  мән  берген.  Оның 

пайымдауынша,  жұмсақ,  байыпты, 

сыпайылықпен сөйлеу кімге де бол- 

са  жарасымды  қасиет  («Жақсы  сөй- 

лемелік,  Жанға  шырай  бермек»). 

Сөйлеу әдебі дегеніміз ойды бүкпей 

ашық  айту,  яғни  ой  жинақтылығы, 

оның мазмұнды болуымен байланыс- 

ты.  Бала  түйсігінің  дұрыс  қалыпта- 

суы  үшін  сезім  мүшелерін  таза  ұс- 

тап,  оның  түрлі  сырқаттарын  дер 

кезінде  емдеп  отырған  абзал.  Бала- 

ның  өң  мен  түсті,  тәтті  мен  ащыны 

дұрыс ажырата алуын, алыс-жақын- 

нан  келетін  дыбыстарды  дәл  естуін 

ата-аналар  мұқият  қадағалауы  тиіс, 

мұның өзі әр затты жан-жақты түйсі- 

ніп, оның сыр-сипатын түсіне білуге 

жәрдем  етеді.  Еңбекте  жантануға 

байланысты  бұдан  басқа  деректер 

жеткілікті. Мәселен, мінезге батырлық 

пен батылдықты, қайсарлық пен ша- 

пағаты  болмайтындығын  айта  оты- 

рып,  ондайларды  барынша  шенеп-

мінейді.  Адам  өмірге  келген  соң, 

белсенді өмір сүруге, «сегіз қырлы, бір 

сырлы» болуға ұмтылуы тиіс дейтін 

тұжырым  аталмыш  еңбекте  кеңінен 

орын алған.

ҚАзАҚСТАНДАҒЫ  ТҰҢҒЫШ 

ЭТНОПСИХОЛОГИЯ  КАФЕДРА-

СЫ.  Егемен,  тәуелсіз  мемлекеттер- 

дің  сан  алуан  ұлттық  тыныс-тір- 

шіліктері  үшін  ұлт,  этнос  психоло- 

гиясын зерттеудің қаншама маңызды 

екендігі  түсінікті.  Мұның  әсіресе 

130-дан астам этностар мекендейтін 

Қазақстан жағдайында алатын орны 

ерекше.  Осынау  жайтты  жақсы  тү- 

сінген  Қазақ  университетінің  бас- 

шылығы 1998 жылы алдымен, Этно- 

психология орталығын, ал 2000 жылы 

Этнопсихология кафедрасын ашты.

Кафедра  оқу-тәрбие  процесімен  қа- 

тар осы ғылым саласындағы зерттеу- 

лерді өз елімізбен қатар Орталық Азия 

өңірінде үйлестіруге басшылық етіп 

келеді. Еліміздегі сондай-ақ Орталық 

Азия  республикаларындағы  тыныс-

тіршіліктің кез келген саласында (мек- 

теп, ғылым, өндіріс, көлік, медицина, 

заң,  сауда,  спорт,  әкімшілік,  әскери 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


309

қызмет  т.б.)  ұлттық  психологиялық 

ерекшеліктерді  ескермей,  бұларды 

ғылыми  тұрғыдан  сарапқа  салмай 

жұмыс жүргізуі қиын екендігі байқа- 

ла  бастады.  Мәселен,  осындай  ұлт- 

тық  психологиялық  проблемаларға 

этнос аралық кикілжің, шиеленістер- 

ге жол бермеу, экстремизм мен ұлт- 

шылдықтың түрлі көріністеріне тос- 

қауыл  жасау,  әр  түрлі  этностардың 

дәстүр-салты,  әдет-ғұрпы,  жол-жо- 

ралғы,  жөн-жосықтарының  жан-жү- 

йесіне  қатысты  жақтарын  зерттеу 

секілді толып жатқан мәселелер атал- 

мыш кафедраның көтеретін жүгі бол- 

ды. Бұл әсіресе, 300 жылдай ұлттық 

рухы  құрып  кетуге  аз-ақ  қалған  қа- 

зақ ұлты үшін аса маңызды үрдіс бо- 

латын.


Осы  кафедра  соңғы  10  жылда  этно- 

психология  саласында  біраз  еңбек- 

тер жариялап, ғылыми конференция- 

лар өткізуге мұрындық болды, мұның 

отырыстарында 20-дан астам канди- 

даттық, 10-ға жуық докторлық диссер- 

тациялар талқыланып, қорғауға ұсы- 

нылды. Сөйтіп Қазақстанда тұңғыш 

құрылған ұлттық психология кафед- 

расы өз республикамыздан басқа ор- 

талық Азиядағы республикалар үшін 

де маңызды рөл атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет