Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет43/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   90

ҚАДАҒАЛАУ  ЛОКУСЫ  –  тұлға- 

ның өз өміріндегі мәнді оқиғалардың 

себебін  өз  қылықтары  мен  мінез-

құлық  ерекшеліктеріне  балау  дәре- 

жесі. Кеңестік психологтар тұлғаның 

әр-түрлі  тіршілік  саласындағы  ин- 

терналдылық қасиетін анықтау мақ- 

сатымен,  бастапқы  Дж.Роттердің 

қадағалау  локусы  әдістемесін  қайта 

құрастырған.  Авторлардың  пікірін- 

ше, субъективтік қадағалау деңгейі – 

тұлғааралық  қатынастарды  қалып- 

тастыруға  бағытталған,  отбасы,  өн- 

дірістік  және  т.б.  салалардағы  шие- 

леністі жағдаяттарды шешу тәсілде- 

рін  реттейтін,  тұлғаның  жалпылан- 

ған  сипаттамасы.  Бұл  әдістеме  тұл- 

ғаның  өзін-өзі  танытуынан  болып 

жатқан оқиғаларға оның белсенді де 

саналы  қатынасы  арқылы  анықтау- 

ға  мүмкіндік  береді.  Мұнда  оқиға- 

лардың негізгі себептері тұлғаның өз 

іс-әрекетінің,  мінез-құлқы  мен  қы- 

лықтарының  нәтижелеріне  балана- 

ды.  Осылайша,  тұлғаның  интернал- 

дылық  деп  аталатын  тенденциясы 

оның  өзін-өзі  танытуына  қолайлы 

жағдайлар тудырып, оның жетілген. 

жауапкершілікті  және  дербес  ұс- 

танымын көрсетеді.



Қ А Д Ы Р Ғ А Л И   Қ О С Ы Н Ұ Л Ы 

ЖАЛАЙЫР (1555-1607). Ол «Жами-

ат-Тауарих»  («Шежірелер  жинағы») 

дейтін  еңбектің  авторы.  Ол  қазақ 

тілінде 1997 жылы «Қазақстан» бас- 

пасында жарияланды (көлемі 127 бет). 

Еңбекте  ортағасырлық  этностардың 

(қазақ,  орыс,  түркі)  сана  сезімі,  дү- 

ниеге  көзқарасы,  болмыс  бітімі,  тү- 



ҚАДА

ҚАДЫ

290

сінік талғамы, ой өрісі, әдет -ғұрпы 

мен  психологиясы  мақал-мәтел,  на- 

қыл сөз түрінде көрініс береді.

Олардың кейбірі: Үй іші иесіне тар- 

тады... Патшаның патшасы халықтың 

арқасында...  Әр  істе  сақтық  керек... 

Жақсы  ат  ашта  да  шабар,  тоқта  да 

шабады. Атағы шыққан өлмейді, ес- 

те қалмаған өледі... Өз жүрегін тазар- 

та  білген  бүкіл  елді  ұры-қарыдан 

қорғай біледі... Істі дер кезінде орын- 

да,  кешіккен  іс  оңбайды...  Тозаққа 

жетектеп  кіргізетін  –  тек  қана  на- 

дандық... т.б.

Осынау  түйіндердің  психологиялық 

астарларын  ашу,  оны  тәлім-тәрбие 

жұмысында  тиісінше  пайдалану- 

дың қажеттігі дау тудырмайды.

ҚАЖЕТТІЛІК (қажеттік, қажет, ке- 

ректік,  мұқтаждық,  әсіресе,  табиғи 

қажеттер)  –  өмір  сүрудің,  тіршілік 

етудің арқауы. Өз тіршілігіне керекті 

нәрсеге ағзаның түрліше қажеттілігі 

болады.  Мұқтаждық  –  адамға,  бар- 

ық  тірі  ағзаға  тән.  Адамның  іс-әре- 

кеті  де  қажетін  қанағаттандыруға 

бағытталады.  Ағзаның  мұқтажды- 

ғы өзіне әсер еткен нәрсеге артықша 

елеңдеу,  тітіркену  күйінде  көрінеді. 

Елеңдеп тітіркенген ағза сол бағытта 

іс-әрекет  жасап,  қажеттілігін  қана- 

ғаттандыруы  мүмкін.  Ағзаның  мұқ- 

таждығын  қанағаттандыратын  қы- 

лығы  –  іштен  туылған  –  шартсыз 

болады.  Ағза  дамып  күрделенген 

сайын, қажеті көбейе түседі.

Адамның  қажеттенуі  көп  қырлы, 

жоғары сапалы, бай болады, ол – тір- 

шілік  жағдайының  заңдарына  ба- 

ғынады.  Адамның  бір  қажеттілігін 

қанағаттандырып, оның орнына бас- 

қа  қажеттіліктің  пайда  болуы  оның 

өмір  сүруіне,  әрекет  етуіне  өте  ке- 

ректі  шарт  болып  табылады.  Егер 

адам  өзінің  мұқтаждықтарын  қана- 

ғаттандырумен  ғана  тынатын  болса, 

онда  өмір  сүрудің,  тіршілік  етудің 

айрықша орын алуы мүмкін болмас еді.

Сыртқы  ортамен  байланыс  жасауда 

адамның өмір сүруі үшін ең алдымен 

ерекше  маңыз  алған  материалдық 

тілектер  (тамақ,  баспана,  киім,  іс-

әрекет  құралдары  т.б.)  болады.  Не- 

гізгі  материалдық  қажеттері  біртін- 

деп  дами  келе,  қажеттердің  жаңа 

тобын  –  рухани  қажеттерді  (білім, 

шығармашылық  өнер  т.с.с.)  туғы- 

зады.  Рухани  қажеттердің  дамуы  – 

материалдық қажеттіліктерінің қана- 

ғаттандырылуына  да  байланысты 

болады. Негізінен адамның қажетті- 

ліктері саналы әрекетінің нәтижесін- 

де  біртіндеп  қанағаттандырылып, 

өтеліп отырады. Қ-тің өтелу, өтелме- 

уі  адам  психологиясына,  оның  кү- 

йініш-сүйінішіне әсер етеді. Қ-терді 

өтеу арқылы адам тиісті құралдарды 

іздестіріп, солардың көмегімен түрлі 

теориялық,  практикалық  сипаттағы 

мәселелерді  шешуге  мүмкіндік 

алады. Өйткені қажеттіліктер – адам- 

ның  шығармашылық  қызметін  ту- 

дыратын  негізгі  себептердің  бірі 

болып  табылады,  яғни,  ол  заттарды 

өз  қажетіне  байланысты  өзгертуге, 

қайтадан жасауға әрекет етеді.

Сондықтан, адамдардың қажеттері – 

іс-әрекетінің  негізгі  мотивтері,  яғ- 

ни  оның  психологиясының  қайнар 

көзі,  бастамасы  болып  табылады. 

Қ.  –  әсіресе  табиғи  қажеттері  өмір 

сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, 

табиғи  қажеттілік  өтелмесе,  өмір 

сүру  үшін  тиісті  жағдайлар  болма- 

са,  адам  да,  жануарлар  да  тіршілік 

ҚАЖЕ

ҚАЖЕ


291

ете  алмайды.  Қ.-тердің  (материал- 

дық,  рухани,  әлеуметтік,  шығарма- 

шылық т.б.) қанағаттанбауынан адам 

көп қиыншылық көреді, өйткені бұл 

оның  сана-сезімінің  өсуіне  кедергі 

келтіреді.

ҚАЖУ  –  1)  организмнің  дене  және 

ақыл-ой жүктемелері ұзақ уақыт әсер 

еткенде  қалыптасатын  және  жұмыс 

қабілетінің төмендеуімен сипаттала- 

тын  күйі.  Организмнің  қарекеті 

қамтамасыз ететін психофизиология- 

лық  жүйелері  жұмысының  үйлесім- 

сізденуінен  білінеді.  Бұл  қан  ай- 

налысының, тыныстаудың, терморе- 

гуляцияның  және  т.б.  теңдес  емес 

өзгерулерінен, ал ой еңбегінен қажы- 

ғанда  зейіннің  босаңсуынан,  ойлау 

процестерінің  баяулауынан,  жадтың 

(қайта  жаңғыртудың)  қателесулері- 

нен  көрінеді.  Субъективтік  тұрғыда 

Қ.  жұмыстың  қиындығы  және  жал- 

ғастырылуы мүмкін еместігіне күйі- 

ну ретіндегі шаршау секілді сезіледі.

Алайда  шаршау  қажуға  тән  орга- 

низмдегі  өзгерістерге  әр  кезде  сай 

бола  бермейді,  ол  түрткі-себептің 

жеткіліксіздігінен,  жұмысқа  деген 

ынтаның  жойылуынан  және  т.б. 

туындауы  мүмкін.  Және,  керісінше, 

объективтік тұрғыдан қажыған адам 

жұмысқа  берілуі  себепті  шаршаға- 

нын  сезбеуі  мүмкін.  Ересек  адам 

Қ.  пайда  болған  кезде  организмнің 

компенсаторлық  мүмкіндіктерін 

пайдалану  есебінен  біраз  уақыт  бо- 

йына  жұмысты  жалғастыра  беруі 

ықтимал.  Бірақ  бұл  орайда  атқары- 

латын жұмыстың, әдетте, сандық жә- 

не сапалық көрсеткіштері бұған қар- 

сы арнайы шүйілмесе төмендейді.

Басқа  жағдайлар  бірдей  болғанда 

Қ.  жұмыстың  ұзақтығына  және 

қарқындылығына  тәуелді.  Мектепке 

дейінгі  балаларда  қажудың  алғаш- 

қы  нысандары  ғана  білінеді:  оның 

алғашқы белгілері пайда болғанда ба- 

ла  атқарып  жатқан  қарекетін  тоқ- 

татады.

Қажуға  себепші  жағдайлар:  жұмыс- 



тың  бірсарынды,  іш  пыстырарлық- 

тай, қызғылықсыз болуы; жұмыстың 

қолайсыз жағдайда атқарылуы (шуыл, 

жарықтың жетіспеуі); қозғалыс бел- 

сенділігінің болмауы, бұлшық еттер- 

дің статистикалық ширығуы (тапжыл- 

май отырып жұмыс істеу). Қажудың 

білінуі  бала  организмінің  күйіне  де 

байланысты.  Ол  ауырып  тұрғаннан 

кейін,  созылыңқы  интоксикация  ке- 

зінде және т.б. тез басталады.

Мектеп  оқушысының  қажи  бастаға-

нының нышандары: қозғалақтап ты- 

нышсыздану, зейіннің босаңсуы, шам- 

шылдық, жұмыстың дәлдігі мен жыл- 

дамдығының  кемуі,  реакция  шап- 

шаңдығының  азаюы,  материалдың 

нашар игерілуі, бас ауруы. Қажудың 

тез басталуының алдын алу амалда- 

ры  жұмыстың  көлемін  бала  орга- 

низмінің физиологиялық мүмкіндік- 

теріне, психикалық процестердің да- 

му деңгейіне сәйкестендіру, сондай-

ақ  жұмысты  орындау  үшін  қолай- 

лы жағдай жасау болып табылады.

Оқушылардың  ақыл-ой  күшін  әр 

түрлі дәрежеде жұмылдыруды талап 

ететіндей сабақтарды кездестіріп оты- 

ру маңызды:

-  жұмысқа  қабілеттіліктің  уақытша 

төмендеуі;

-  Қ.  мінез-құлықта  (жұмыстың  өн- 

беуі),  физиологиялық  жағдайда  (ес- 

тің, зияттың, зейіннің сезгіштіктің бұ- 

зылуы);

ҚАЖУ

ҚАЖУ


292

- эмоциялық – мотивациялық деңгей- 

дің бұзылуында кездеседі.

Қ.  түрлері:  физикалық  Қ.,  ақыл-ой- 

дың қажуы, өткір Қ. және тұрақты Қ. 

болып бөлінеді.



ҚАзАҚСТАН  ПСИХОЛОГТАР 

ҚОҒАМЫ. 1958 ж. Қазақ ССР Оқу 

Министрлігі  жанынан  ұйымдасты- 

рылған ғылыми қоғамдық ұйым. Оның 

негізгі мақсаты – психологияның әр 



Хроно-

логия

Кезең мазмұны

(зерттеу пәні)

Маңызды

нәтижелер

VI-XIV 


ғғ.

Көне  түркілердің 

адамның  ішкі  әлемі 

ж а й л ы   т ү с і н і г і 

және  оның  рухани 

мәдениеттің  түрлі 

материалдарында 

көрініс табуы

Көне түркі жазба ескерткіштерінде көрініс тапқан көшпенділердің 

психикалық өмірі жайлы алғашқы эмпирикалық білімдер. Жан мен 

тән мәселесі. әл-Фарабидің ішкі және сыртқы жан қуаттары жайлы 

ілімі.  Шығыс  халықтарының  (араб,  түркітілдес)  психологиялық 

терминологияны жасаудағы алғашқы әрекеттері.

XV ғ. 


ХІХ ғ. 

ортасы


Қазақ психологиялық 

ойының пайда болуы

Алғашқы ерте феодалды типтегі қазақ мемлекеттік бірлестігінің пайда 

болуымен (XV ғ.); өзбек, қырғыз, түркмен, қарақалпақ халықтарынан 

бөлек  өзіндік  қазақ  әдебиеті  мен  мәдениеті  қалыптаса  бастады. 

Бұл  жайт  көшпенділердің  төлтума  ой-пікірлерінің  қалыптасуы 

мен  дамуына  өзіндік  ізін  қалдырды.  Қазақ  жыраулары  мен  дала 

ғалымдарының (М.Х.Дулати, Ө.Тілеуқабылұлы, Қ.Жалаири) ақыл, 

ерік-жігер, сезім, мінез т.б. жөнінде айтқан ақыл-кеңестері, қазақ 

фольклорындағы адамның жан дүниесі жайлы түсініктердің реалистік 

сипаты.

ХІХ ғ. 


екінші 

жартысы


Қазақ  психология-

сының жалпы ғылыми 

алғы-шарттарының 

қалыптасуы.

Қазақ  тілінде  психологиялық  ұғымдар  жүйесін  құру,  тұлғаның 

этнопсихологиялық  ерекшеліктері  туралы  ілімдердің  пайда  бола 

бастауы  психологияның  жеке  салаларына  алғаш  көрініс  берді 

(педагогикалық, этникалық, қоғамдық, музыкалық және т.б.).

ХХ ғ. 

20-30 


жж.

Қазақстанда Кеңес 

психологиясының 

қалыптасуы

Жаңа  мектептер  жүйесінің  өріс  алуы,  мәдениет  мекемелерінің 

ғылыми орталықтарының ашылуы, ересектердің сауатсыздығын жою. 

Білім берудің жаңа жүйесі т.б. қазақстандық кеңес педагогикалық 

психологиясының негізінің қалануына септігін тигізді. Қазақ және орыс 

ғалымдарының Струминский, Нечаев т.б. психология саласындағы 

еңбектері  ғылымның  жекелеген  салалары  іргесінің  қалануына 

септігін тигізді. Елдегі ғылымның қалыптасуында Сталиннің жеке 

басына табынудың зардаптары (Қазақ қайраткерлерінің репрессияға 

ұшырауы)  бола  тұрса  да,  осынау  еңбектердің  қазақстандық 

психологияның  ұлттық  негіздерінің,  оның  терминологиялық 

аппаратының жасалуына септігін тигізді.

ХХ ғ. 


1945-

1990 ж.


Қазақстан Ұлы 

Отан соғысынан 

кейінгі Кеңестік 

психологияның өріс 

алуы.

Психология  кафедралары  мен  күндізгі-сырттай  аспирантураның 



ашылуы, Қазақстанда психологиялық диссертациялардың қорғалуы 

(1953-1987), Ұлттық оқу-құралдары мен өзге де ғылыми еңбектердің 

жарық  көруі,  ҚазҰУ-да  психологтардың  даярлануы,  (1947-1953) 

КСРО  психологтар  Қоғамы  Қазақстандық  бөлімінің  ашылуы, 

(1958-1990)  ғылыми-теориялық  конференциялардың,  семинарлар 

мен симпозиумдардың өткізілуі, ХХ ғ. 70 ж. – 2010 психологиядан 

терминологиялық сөздіктердің жарық көруі, жекелеген ғалымдардың 

докторлық диссертациялар қорғай бастауы, психологияның жекеле-

ген салаларының бой көтеруі (әлеуметтік, спорт, медициналық және 

т.б.).


ҚАзАҚСТАНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ДАМУ 

КЕзЕҢДЕРІ

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ

293

саласындағы  мамандардың  ғылы- 

ми зерттеу жұмыстарына бағыт-бағ- 

дар  беріп,  оларды  үйлестіру,  ғылы- 

ми  жиындар  тақырыптарын  белгі- 

леп,  оларға  басшылық  жасау,  елде 

жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыста- 

рының басын біріктіріп, оларды үй- 

лестіру.  Сол  кездері  осындай  Одақ- 

тық ұйым КСРО Педагогикалық ғы- 

лымдар  Академиясының,  кейіннен 

КСР Ғылым  Академиясының жаны- 

нан  құрылған  еді.  Ол  Бүкілодақтық 

психологтар  қоғамы  деп  аталатын 

еді.  Осы  қоғамның  бастамасымен 

7-ғылыми  съезд  ұйымдастырылып, 

1966  жылы  Мәскеуде  Дүниежүзі 

психологтарының ХVIII конгресі өт- 

кізілді.  Бұларға  Қазақстан  психо- 

логтары да үнемі қатысып отырды. 

Қазақстанда  республикалық  психо-

логтар  қоғамының  басшылығымен 

бірнеше ғылыми форумдар өткізілді. 

(Алматы,  Шымкент,  Целиноград, 

Көкшетау  т.б.).  Бұлардың  ішіндегі 

елеулісі – 1973 ж. Алматыда өткізіл- 

ген «Ойлау және қарым-қатынас» ат- 

ты  Бүкілодақтық  симпозиум  болды. 

Оның  10-нан  астам  секцияларында 

одақтас  республикалардың  әр  түк- 

пірінен келген психологтардың 150- 

ге жуық баяндамалары тыңдалды.

Осы  жиынға  ғалымдар  «Одақ  кө- 

лемінде  өтетін  психологтар  съезіне 

тең  келетін  жиын»  деп  баға  берді. 

Қазақстан психологтары қоғамының 

Орталық кеңесі, президиумы екі қа- 

лада  (Шымкент,  Целиноград)  об- 

лыстық  бөлімшелері  жұмыс  істеді. 

Ғылыми жиындардың материалдары 

«Психология» атты 11 арнаулы томда 

және  басқа  да  ғылыми  жинақтарда 

жарияланды.  1991  жылы  Қоғам  өз 

жұмысын тоқтатты.

Кеңес  одағы  ыдырағаннан  кейін 

егемендігі  мен  тәуелсіздігін  жария- 

лаған  бұрынғы  республикалар  өз 

елдерінде  дербес  ұлттық  психолог- 

тар  қоғамын  құра  бастады.  Қазіргі 

кездегі  олардың  ең  ірілері  –  Ресей, 

Украина,  Грузия  психологтар  қоға- 

мы. Қазақстанда мұндай қоғам әзір- 

ше  болмай  келеді.  Мұны  ұйымдас- 

тыруға  бізде  толық  мүмкіншіліктер 

жеткілікті.

Алматы,  Астана  облыс  орталықта- 

рындағы психолог ғалымдардың қа- 

тары  қауырт  өсуде,  Абай  атындағы 

Қазақ ұлттық педагогикалық универ-

ситетінде  психология  ғылыми-зерт- 

теу институты, әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінде акаде- 

мик Т.Т.Тәжібаев ат. этнопсихология 

орталығы (1991) жұмыс істейді.

Психология саласында 30-дан астам 

ғылым  докторлары  мен  профессор- 

лары бар.

1990-


1991 

жж. 


бастап 

қазіргі 


уақытқа 

дейін.


Посткеңестік 

Қазақстандағы 

психологиялық 

ғылым.


Бұл кезеңде Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде өзінің дербес 

даму жолына түсті. Мұндағы басты ерекшелік ел экономикасының 

нарықтық қатынастарға өтуі болды. КСРО тарағаннан кейін марксизм 

идеясы өмір сахнасынан кете бастады. Бұл фактор республикадағы 

психология ғылымының жаңа бағытта дамуына басты түрткі болды. 

Этно-психологиялық  зерттеулер  өрістей  бастады,  университеттік 

білімі  бар  психологтарды  дайындауды  қайтадан  қолға  алды 

(бакалавриат,  магистратура),  бірқатар  ЖОО-ларда  психология 

кафедралары, диссертациялық кеңестер жұмыс істей бастады, пси-

хологияның  жекелеген  салаларының  өзекті  мәселелері  бойынша 

аймақтық, мемлекетаралық, халықаралық ғылыми конференциялар 

жиі өткізіле бастады.



ҚАзАҚ

ҚАзАҚ

294

ҚАзАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИзМ – 

тамыры  тереңде  келе  жатқан  адам- 

ның  жан-дүниесінің  әр  түрлі  жақ- 

тарына, жықпыл-жықпылдарына (ой, 

ақыл-парасат,  сезім-эмоция,  мінез-

темперамент т.б.) түгелдей әсер ете- 

тін аса уытты психологиялық құбылыс. 

Патриоттық  сезімнің  мән-мәнісін 

академик-психолог  Т.Т.Тәжібаев  ке- 

зінде  былай  деп  тұжырымдаған  еді: 

«...Өз  Отанын,  өз  халқын,  өз  тілін, 

халықтың  тамаша  ұлттық  дәстүрле- 

рін жалынды жүрекпен сүйген... өзі- 

нің Отанға деген сүйіспеншілігін сөз 

жүзінде  емес,  іс  жүзінде  көрсеткен 

адам ғана нағыз патриот саналады». 

Қазіргі кезде патриотизм тәрбиесі аса 

өзекті мәселе болып отыр. Бұл әсіре- 

се қазақ халқына аса қажетті қасиет. 

Патриот  болу  –  ұлт  үшін  ел  болу, 

болмау мәселесіне барабар нәрсе.

Патриотизмнің  қатыспайтын  сала- 

сы жоқ. Нақтылап айтсақ өз елімізді, 

жерімізді қорғау үшін де патриотизм 

қажет.  Ұлан  ғайыр  кең  даламызды 

ақбілектің күшімен, найзаның Ұшы- 

мен, жалаң кеудесімен қорғаған ата-

бабалар ерлігін еске алып, жас ұрпақ- 

ты тәрбиелеп, бұған тәубе ету керек. 

Ана тілді көздің қарашығындай сақ- 

тау  бұл  да  патриоттық  сезім.  Мем- 

лекеттік  тілді  білмеуді  –  азаматтық 

сана-сезімінің төмендігіне балап, на- 

мыс көру де патриоттық іс.

Еліміздің  қорғаныс  күшін  арттыру 

азаматтық  жауапкершілікті  қалып- 

тастыру,  осы  айтылғандардың  бар- 

лығы патриоттық, Қазақстандық пат- 

риотизм  деген  сөз.  Қ.п.  еліміздегі 

130-дан  астам  этностардың  демо- 

кратиялық  дүниетанымға,  өнегелі- 

лікке,  адамгершілік  пен  иманды- 

лыққа,  бүкіләлемдік  адамзат  пайда- 

ланатын  принциптерге,  бөтенді  жа- 

тырқамайтын  қазақы  ұлттық  мента- 

литет пен дәстүрге негізделген. Қазақ 

жерін барлық сан алуан этностардың 

шынайы  Отанына  айналдыру,  тілін, 

дінін,  ділін  дамытып,  әлемдік  өрке- 

ниет  жолына  салатын  күшті  құрал 

идеология мен саясат.

ҚАзАҚСТАНДАҒЫ_ПЕДОЛО-__ГИЯ'>ҚАзАҚСТАНДАҒЫ  ПЕДОЛО- 

ГИЯ.  Кеңес  үкіметі  жылдарында 

Қазақ  республикасы  КСРО-ның  бір 

бөлшегі болғандықтан, мұндағы бар- 

лық  рухани  өмір,  ғылым  мен  білім, 

әдебиет  пен  мәдениет  марксизмге 

негізделген  бір  орталықтан  бастау 

алып отырды. Олай болса, сол кезде- 

гі басқа одақтас республикалар сияқ- 

ты, ұлттық идеология деген ұғым сөз 

болудан қалып, рухани тірліктің бәрі 

кеңестік  идеологиямен  суарылатын 

еді. 1928 жылдың қарашасында Ал- 

матыда  алғашқы  жоғарғы  оқу  орны 

ашылғаны белгілі. Ол кейіннен Абай 

атындағы  Қазақ  педагогикалық  ин- 

ституты деп тарихқа енді (қазірде ол 

Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  уни- 

верситеті деп аталады). Осы оқу ор- 

ны  ашылған  кезде  мұнда  бар-жо- 

ғы  үш  кафедра  бар  еді.  Олар:  қазақ 

тілі  мен  әдебиеті,  қоғамтану  және 

педология.  Педология  кафедрасы- 

ның  басшылығына  сол  кездегі  Қа- 

зақстандағы  ағарту  саласына  таны- 

мал болып қалған, Санкт-Петербург- 

тегі  әскери  медициналық  академия- 

ны 1909 жылы алтын медальмен бі- 

тірген Х.Досмұхамедов тағайындал- 

ған болатын. Ол проректор қызметін 

қоса атқарып жүрді.

Х.Досмұхамедов  педологияның  ке- 

шендік ғылым екендігін ескере оты- 

рып, студенттерге лекция оқуда оны 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


295

физиология, психология, т.б. ғылым- 

дарымен  байланыстыра  баяндаға- 

нын  байқаймыз.  Халық  ағарту  ко- 

миссариаты арқылы осы институтқа 

Ташкентте  жүрген  біраз  қазақ  зия- 

лылары  шақырылды  деп  жоғарыда 

айтып өттік. Солардың ішінде Х.Дос- 

мұхамедовтың  орны  ерекше  еді.  Ол 

кісінің  алдын  көріп,  шәкірті  бол- 

ған, кейіннен Қазақстан Ұлттық Ака- 

демиясының  академигі,  белгілі  түр- 

колог  Ісмет  Кеңесбаев  төмендегі 

жәйтті еске түсіреді.

«Институт  орналасқан  ғимараттың 

екі жақ қабырғасына керілген қызыл 

матаға  ақ  бояумен  кішігірім  бала- 

ның  үлкендігіндей  «Қазақ,  қырғыз 

тәлім-тәрбие үністеті» (институт сө- 

зінің сол кездегі жазылуы) деген арап 

қарпімен  нақышталған  сұлу  жазу 

алыстан  көзге  шалынатыны  әлі  жа- 

дымда.  Институтта  бізге  қазақ  тілі- 

нен  Елдос  Омарұлы,  әдебиеттен 

Смағұл Сәдуақасұлы, педология, фи- 

зиология,  анатомия  пәндерінен  Ха- 

лел  Досмұхамедов  дәріс  берді.  Сол 

жоғарыда  аты  аталған  жоғарғы  оқу 

орындарында  оқу  жоспарында  пе- 

дология деген пән болатын.

Бұл баланың дүниеге келген күнінен 

бастап  есейіп,  ержеткенге  дейінгі 

дамуын  зерттейтін  кешенді  ғылым 

еді». Жоғарыда келтірілген естелікте 

академик І.Кеңесбаев өз ойын былай- 

ша  жалғастырады:  «Педология  ілі- 

мін Ресейде Блонский Павел Петро- 

вич, Выготский Лев Семенович дей- 

тін ғалымдар, ал Қазақстан мен Ор- 

та  Азияда  Халел  Досмұхамедов  не- 

гізін  салып,  іргесін  қалады.  Ғалым 

өте  кішіпейіл,  үлкенге  де  кішіге  де 

ізетті,  көп  сыр  шашып  үндемейтін, 

тұйық  адам  болатын.  Институтта 

жазатайым ауырған сырқағандар бола 

ПЕДОЛОГИЯ

ПСИХОЛОГИЯ

Әдіснамалық  негізі  –  В.М.Бехтеревтің  реф- 

лексологиясы.  Педология  психология,  пе- 

дагогика,  физиология,  балалар  психиатриясы, 

невропатология, антропометрия, социология, т.б. 

гуманитарлық  ғылымдардың  жәрдемімен  бала 

психикасын комплексті зерттейді (ХІХ ғ. жартысы 

– ХХ ғ. басы)

Әдіснамалық негізі – рефлексология. Психология 

–  психикалық  құбылыстардың  қалыптасуын, 

дамуын, заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Педология  негіздері  курсының  бағдарлама- 

сында

Психология курсының бағдарламасында



Зерттеу әдістері – байқау, әңгімелесу, тәжірибе, 

тест, анкета, іс-тәжірибе нәтижесін талдау

Зерттеу әдістері – байқау, әңгімелесу, тәжірибе, 

тест, анкета, іс-тәжірибе нәтижесін талдау

Тақырыптары:

1. Адамның мінез-құлқы – психологияның пәні;

2. Жүйке жүйесі;

3. Эмоция;

4. Зейін;

5. Қабылдаушы мүшелердің заңдылықтары;

6. Қабылдау;

7. Ес пен елес;

8. Ойлау мен сөйлеу;

9. Темперамент және мінез;

10. Қабілет.

Тақырыптары:

1. Психология – жан туралы ғылым;

2. Ми және психика;

3. Эмоция;

4. Зейін;

5. Түйсіктер;

6. Қабылдау;

7. Ес пен елес;

8. Ойлау мен сөйлеу;

9. Темперамент;

10. Мінез;

11. Қабілет.

Деректері: - ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, қор 81, жазба 1, 14 98 іс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет