Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет44/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ

296

қалса,  ол  студент  пе,  оқытушы  ма, 

мейлі Х.Досмұхамедов оларға дереу 

ем  жасап,  құлан  таза  айықтырып 

жіберетін. Ол кісіні атағанда «доктор» 

деген  анықтауышты  аты-жөніне  қо- 

сып  айту  дағдысы  зиялылар  ара- 

сында  қалыптасқандықтан,  біздер, 

шәкірттері де бұл дәстүрді әрдайым 

бұзбауға тырысатын едік». 

Қазақстанның  өзінде  жоғары  оқу 

орындарының  болмауы,  арнаулы  бі- 

лім беретін мектептердің аздығы пе- 

дагогикалық  кадрлар  даярлау  ісіне 

айтарлықтай  қиындықтар  туғызды. 

Республика жағдайында сол жылда- 

ры педагогикалық жоғары оқу орын- 

дарын  ұйымдастыруда  мәдени  және 

материалдық  жағдай  да  жоқтың  қа- 

сы еді.


Міне,  осындай  кезде  Қазақ  респуб- 

ликасында  жоғары  оқу  орнын  ашу 

ауадай  қажет  болды.  Бұл  мәселе, 

республика  құрылған  күнінен  бас- 

тап,  түрлі  ұйымдар  мен  мекемелер- 

де талқыланып тұратын. Әсіресе, пе- 

дагогикалық  білім  беру  саласында 

жоғары оқу орнын ұйымдастыру қа- 

жеттілігі  ерекше  сезілген  еді.  Рес- 

публика үкіметі жоғары педагогика- 

лық  оқу  орнын  ашу  туралы  мәселе 

алғаш  қойылғаннан  бастап,  Халел 

Досмұхамедов мұның басы-қасында 

болып,  оны  ұйымдастыруда  орасан 

еңбек сіңірді.

Ол  педологияны  халқымыздың  ру- 

хани мұрасымен де (фольклор, салт-

дәстүр, т.б.) сәтті ұштастырып, қазақ 

топырағында  бұрын-соңды  өріс  ал- 

маған білім саласымен қазақ студент- 

терін  молынан  сусындатады.  Ол 

мұнда  педология  кабинетін  тұңғыш 

ұйымдастырады. Мәселен, 1929 жыл- 

ғы  14  қаңтарда  университеттегі  пе- 

дология  кабинеті  үшін  көптеген  құ- 

рал-жабдықтарды  жинастырғаны 

туралы  мәлімет  архив  деректерінде 

сақталған. Мұнда антропометриялық 

зерттеу құралдары, спирометр, эсте- 

зиометр, хронометр, ересектерге жә- 

не  балаларды  зерттеуге  арналған 

динамометр,  сол  сияқты  адамның 

педагогикалық, физиологиялық, пси- 

хикалық  дамуын  зерттеудің  мате- 

риалдары, тестілер, микроскоп, секун- 

домер,  әр  түрлі  плакаттар  мен  диа- 

позитивтер  мен  слайдтар.  Кафедра- 

да  педология  пәнінің  оқу  бағдар- 

ламасы мен әдістемелік материалдар 

мұғалімдер  үшін  «Педология»  пәні 

90  сағат  көлемінде  оқытылып,  бі- 

рінші курста – «Жас ерекшелік педо- 

логиясы» оқылыпты. Бұларды Х.Дос- 

мұхамедовтен басқа оның ассистент- 

тері  Кеплер  және  Капин  жүргізген. 

Бағдарламаның  «Педологияға  кіріс- 

пе»  бөлімінде  баланың  анатомия- 

лық,  физиологиялық  ерекшеліктері- 

мен,  адам  гигиенасымен  таныстыру 

мақсаты көзделген.

Мұның мазмұнында берілетін негіз- 

гі  түсінік  –  ағза  мен  ортаның  өзара 

қатынасы, жоғары жүйке қызметінің 

заңдылықтары,  шартты  рефлекстер 

және т.б. мәселелерді қамтиды. Бағ- 

дарламада  эксперименттік  психоло- 

гияның  тәжірибе  сабақтары  да  қа- 

растырылған.  Мұнда  жеке  адамның 

тұлғасы,  оның  мінез-құлық  ерек- 

шеліктері,  тұлға  мен  ортаның  өзара 

қатынастары,  оның  жеке  дара  пси- 

хологиялық  ерекшеліктері  баяндал- 

ған  (1-кестені  қараңыз).  Ал  екінші 

курста  оқытылатын  «Педология  не- 

гіздері»  пәні  қазіргі  психология  жә- 

не  рефлексология  ғылымдарының 

келелі мәселелерін оқу үрдісінде жү- 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


297

йелі беріп отырған. Мәселен, бірінші 

тақырыбы  «Психологияның  оқыту 

пәні – адам қылығы» деп беріліп, одан 

кейінгі  тақырыптар:  психологияның 

әдістері, жеке тұлға, жоғарғы жүйке 

жүйесі,  адам  мінез-құлқы,  эмоция, 

зейін, қабылдаушы мүше және оның 

реакциялары, қабылдау, ес, ойлау жә- 

не  сөйлеу,  мінез-құлықтың  типтері, 

темперамент деп тізбектеліп кете бе- 

реді. Мұнда біздің назарымызды ау- 

дарған мәселе, жоғарыда аталған та- 

қырыптар  бойынша  дәріс  оқыты- 

луымен шектелмей әрбір теориялық 

тақырып  міндетті  түрде  педология- 

лық  кабинеттің  (ал  педологиялық 

кабинет сол кездегі барлық жоғарғы 

және  орта  оқу  орындарының  бәрін- 

де  ашылған)  лабораториясында  ар- 

наулы  құрал-жабдықтармен  тәжіри- 

бе жүзінде жүргізілген. Сонымен қа- 

тар  жоғарыда  аталған  психология- 

ның  әдістері  салыстырмалы  гене- 

тикалық  эксперименттік  бақылау, 

тест әдістері мен анкеталау әдістері, 

т.б.  әдістері  бала  тәрбиелеуші  ме- 

кемелерінде, мектептерде практикум 

түрінде жалғасып, педологиялық мі- 

нездеме берілген. Үшінші курсқа оқы- 

тылатын  педологияның  бағдарлама- 

сында  (Жас  ерекшелігі  педология- 

сы) мектеп және бала, биологиялық 

және  әлеуметтік  тұрғыдан  балалар- 

ды  зерттеу  әдістері,  баланың  физи- 

калық  дамуын  зерттеу  әдістері,  ан- 

тропометрия  және  оның  стандарт- 

тары мен құндылығы.

Антропометрия практикумы, табиғи 

зксперимент,  байқау,  бақылау,  ан- 

кета, лабораториялық зерттеулер жүр- 

гізілген.  Сонымен  қатар  баланың 

жас  ерекшеліктерін  және  жас  кезе- 

ңіне  сәйкес  физиологиялық,  анато- 

миялық,  психологиялық  даму  жағ- 

дайларын  мектепке  дейінгі  кезең, 

бірінші мектеп жасы, өтпелі жас ерек- 

шеліктері жүйелі оқытылған. Х.Дос- 

мұхамедов  өз  лекцияларында  бала- 

ның  анатомиялық,  физиологиялық, 

гигиеналық  және  психологиялық 

деректеріне сүйене отырып, жан-жақ- 

ты  зерттеу  мәселелеріне  аса  үлкен 

көңіл бөлді. Онда ғалым өскелең ұр- 

пақтың  адамгершілік  қабілеті,  тұл- 

ғалық  дамуын  қалыптастыруда,  бе- 

йімділігі  мен  қабілеттілігінің  рөлін 

нақты  мысалдар  арқылы  көрсете 

білді.  Жоғарыда  ұсынылған  кестеде 

Педология мен психологияның ғылы- 

ми  ұғымдары  мен  категориялары- 

ның үндестігі көрсетілген



ҚАзАҚТАНУ  –  ҰЛТ  ПСИХОЛО- 

ГИЯСЫНЫҢ  өзЕГІ.  Ғасырлар 

толқынында мың өліп, мың тірілген 

(Жоңғар шапқыншылығы, патшаның 

отарлау  саясаты,  кеңестік  кезеңдегі 

қуғын-сүргін, сұрапыл соғыс, социа- 

лизм тұсындағы озбырлық, т.б.) хал- 

қымыз егемендігі мен тәуелсіздігіне 

ие болған соң ғана өзін-өзі тани бас- 

тады.  Осындай  жағдайда  қазақтану 

атты жаңа ғылыми бағыт дүниеге кел- 

ді. Қазіргі кезде қазақ халқының тари- 

хы  мен  мәдениеті  өзіндік  қайталан- 

бас ерекшелігімен әлемдік деңгейде 

танылуда. Ата-бабаларымыз өз тари- 

хы мен мәдениетін жасады. Бұл бұ- 

рынғы қазақы ерен тұлғалардың қа- 

лыптасу, даму және жетілу жолдары. 

Қазіргі жас ұрпаққа қазақ халқы ту- 

ралы не айтар едік?

Сіз  бен  біз  қай  бағытта  түлеудеміз? 

Бүгінде  әркім  өзінің  қазақтығын  әр 

деңгейде қабылдайды, біреулер жас- 

қанып,  енді  біреулер  мақтанып  де- 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


298

гендей.  Осы  сұраққа  жауапты  бей- 

жай,  сондай-ақ  сергек  сезіммен  ай- 

татындар  да  баршылық.  Енді  бізге 

нық бағыт ұстайтын, өмірде біржақ- 

ты  болатын  кез  келді.  Еліміздің  та- 

биғи  байлығы,  өлшеусіз  молдығы 

арқылы  тану  бұдан  бұлай  жеткілік- 

сіз. Таяу аралықта Қазақстанның ба- 

қуатты  елге,  күшті  державаға  айна- 

луына сеніміміз мол. Оған ұлт бірлі- 

гі,  ел  тұтастығы,  қажырлы  еңбегі 

нәтижелі іс-әрекеттері керек.

Жас өскін, енді сен өзіңнің туған же- 

ріңде, сол азаматтық кемелетке ену- 

десің.  Сен  жаңа  ортада  нарықтық 

қоғамда  жаңа  талап  пен  сұранысқа 

лайықты  қауымдаса  біліп,  өсіп-өр- 

кендеуің қажет. Десек те, азаматтық 

сатыға,  тұлға  болуға  әркім  өзінше 

көтеріледі. Адами қасиеттерін өзінше 

дәйектеп,  көрсетеді.  Ұрпақтың  ұла- 

ғаттылығы мен үлгілері олардың са- 

бақтастығында.  Қазақ  жері  мен  елі- 

нің иесі болу үшін қазақ болу қажет 

десек, қателесе қоймаспыз. Кім осы- 

лайша  ойлайды,  осы  дәстүр-салтты 

қабылдайды, гәп осында. Бұл жерде 

алдымен өз елі мен жерін сүйетіндер 

соған  қызмет  ететіндер,  Отанның 

ұлы  мұрат-мақсаттарын  жоғары  тұ- 

татындар бірінші сапта тұратындары 

хақ.  Ердің  естілігі,  елеулі  ортаның 

берекесі,  елдің  бірлігі  секілді  құн- 

дылықтар  мен  іс-әрекеттер  арқылы 

осы  айтылғандар  біртіндеп  қалып- 

тасады да кейіннен өз бағасын алады.

«Отан – елдің анасы, ел – ердің ана- 

сы»  деген  қағидаға  сүйенеді.  Сол 

ережені орындайтын да, жүзеге асы- 

ратын да – сіз бен біз. Осынау үрдіс- 

тің ережесін батыр ағаларың Бауыр- 

жан  Момышұлы:  «Ежелден  ер  тіле- 

гі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел 

тірегі»,  –  деп  түйіндеген.  Қазақ  бо- 

лу – өзгеден жіктеліп, бөліну немесе 

оған қарсы болу емес. Керісінше, өз- 

гемен,  өнері,  өнегесі  басқа  жанмен 

танысып, тіл табысуына жарасу. Бұл 

адамзаттың да, төл халқымыздың да 

үйреткені мен үйретері. Үйренеріміз – 

Қазақстанның мемлекеттігін, ұлттың 

дербестігін және тұтастығын, халқы- 

мыздың  имандылығы,  әділдігі  мен 

инабаттылығын  нығайтуға  келіп  ті- 

реледі. Адамның жеке басының жеті- 

луі,  оның  күш-қуатының  әлеумет- 

тенуіне  жету  үшін  жеке  болмыстың 

бейнесі мен белсенділігін қалыптас- 

тыру  керек.  Үзеңгінің  осындай  екі 

жағына  табан  тіреген  адам  азамат- 

тығын  арттырады,  өмірге  сеніммен 

қарайды,  жақсылық  пен  жақындық- 

қа  жарайды.  Қазақ  өзін  де,  өзгені 

де  ойлау  адамдықтың  белгісі  дейді. 

Адамдықтың  сырын  ұғар,  қырын 

қабылдар озық ой, тіпті ұлттық дәс- 

түрді  сараптайтын,  ұлттық  тәрбиені 

баптайтын білім керек.

Білім  саласында  озық  ойға  тоймай- 

тын, одан ұлттық салт-дәстүріміз өр- 

кендей  берсін.  Бұл  орайда  біреулер 

дүние жалған, құбылмалы деп, оның 

тұтастығын ескеруді мақсат тұтады, 

енді  бірі  –  жеке  қыры  мен  сырын 

қарастыруды жөн санайды. Тұтастық-

тұрақтылық, жеке қырға шығу – жақ- 

сы  қасиет.  Жас  ұрпақтың  ел-жұрты, 

ұлт намысы туралы түсінігі әрқалай 

болса  да,  осы  жолдағы  ізденіс  пен 

бағытының  тұрақты  болуы  шарт. 

Әлеуметтік және жеке бастық тұрақ- 

тылықты бүгінде ұлттық болмыстан, 

ұлттық  тәрбиеден,  ұлттық  тілден 

іздестірудеміз.  Ол  дегеніміз  шәкірт 

атаулының  көкірек  көзін  ашатын 

адамдық  және  ұлттық  тәрбиені  же- 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


299

тілдіріп,  бұларды  қатар  алып  жүру. 

Ұлтымыз үлкенді құрметтеуді, жұрт- 

пен тіл табыса білуді, адамдықты әл- 

пештеуді жоғары тұтқан. Қазақ текті- 

лері  адамгершілік  пен  құндылық- 

тарды  құптап,  қолдауға  ерекше  мән 

берген.  Қысқасы,  еліміздегі  қазақы 

ортаның өмірлік өлшемі бірдей болып, 

оның құндылықтары біртекті көріне 

бермейді. Қазақ туралы, оның шығу 

тегі  мен  әлеуметтік  қызметі  туралы 

көзқарастар сан қилы.

Оның  үш  себебін  атадық:  Бірінші- 

ден  –  қазақы  әдет-ғұрпы  мен  салт-

дәстүрінің жаңару қарқыны әрқалай 

болса; Екіншіден – сіз бен біз қазақ 

болмысы  мен  санасын  әр  сарынды 

қабылдаймыз;  Үшіншіден  –  қазақ 

халқы қалыптасуының кезеңдері мен 

бағыттарын  сан-салаға  бөліп  қарас- 

тырамыз.  Осы  үш  жағдай  бізді  үш 

саққа тартып, үш деңгейде шектейді. 

Осыдан  «мен  қазақпын»  деп  ашық 

айтсақ,  ол  құқықтық  жағы  болады 

да, ал оның әлеуметтік жағының ай- 

қындылығы  бір-бірімен  үйлесе  бер- 

мейді.


Мәселенің  мәнді  жағы  мынада.  Ол 

өзіміз қаншалықты қазақ болуға ты- 

рысамыз, қазақпын деп сезінеміз, со- 

ған мүдделі екенімізді қайтіп көрсе- 

тіп жүрміз. Әркім өзін қазақпын деп 

анықтамаса, көрсетпесе, онда қазақтың 

көш бастау рөлі мен ұлт алдындағы 

жауапкершілігі бәсеңдейтіні белгілі. 

Сонымен елін сүйетін жас өскін өзін 

халқымыздың ұлт болып ұйыуы үшін 

ұлтжандылығын  қастерлеуі,  өзінің 

ұлттық  мінез-құлықтарын  жетілдіре 

беруі  тиіс.  Шәкірттің  мінез-құлқы 

отбасынан  нәр  алады  да,  мектепте 

жалғасын тауып, жандана түседі. Бұл 

жерде тілге тиек етіп отырғанымыз: 

адам болу, қазақ болу, ұлттық мәде- 

ниетіміздің  тұлғасы  болу  мәселеле- 

рі. Басты ойымыз – қазақтыққа өзіміз- 

ді қалай дайындап жүрміз деген мә- 

селеге келіп тоқайласады.

Ұлттық құндылықтарды дер кезінде 

және  дұрыс  қабылдау  үшін  дәстүр 

салтқа негізделген жүйелі білімді иге- 

ру, олар заманға орай үндес болу қа- 

жет.  Осы  тұрғыдан  алғанда  қазақ 

мәдениеті мен дүниетанымын, қазақ 

тарихы мен әдебиетін оқыту деңгейі 

қандай  деген  мәселе  туындайды. 

Мектепте  қазақ  тарихы,  қазақ  әде- 

биеті, қазақ тілі сияқты пәндерді оқы- 

тып жүрміз. Осы пәндер қаншалық- 

ты  жанымыз  бен  ойымызда  қазақы 

танымды,  қазақы  болмысты  қалып- 

тастыруға тікелей ықпал етеді? Осы 

пәндерді  ұғыну  арқылы  жас  ұрпақ- 

та,  ұлтымыздың  өзіндік  дамуының 

алғашқы сатысы, яғни осы мақсатқа 

орай  түсінушілік  пен  сезімталдық, 

мінезділік  пен  үйлестік,  әдептілік 

сияқты  қасиеттер  қалыптасып,  ай- 

қындала түседі.

Шәкірттің ұлттық келбеті, белсенді- 

лігі  арта  түседі.  Осы  өлшемдердің 

маңызын ізденген оқушылар ертерек 

есейіп,  ер  азамат  болуға  тырысады. 

Қазіргі  кезде  нұрлы  көште  бірлесе 

қолға алатын бір-бірімізге қол ұшын 

беретін  мүмкіндіктер  артуда,  бұған 

қажетті  жағдай  жасалынуда.  Сол 

жаңа  мүмкіндік  пен  жағдайларды 

қаншалықты  дұрыс,  ұлттық  мүдде 

үшін пайдаланудамыз? Ендігі өлшем 

де,  сұраныс  та  осы  тұрғыдан  өріс 

алмақ.  Оқушыларға  қазақ  мәдение- 

тінің  құндылығын  жеткізудің  қан- 

дай тәсіл-тәжірибелері жинақталын- 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


300

ған, олар қалайша сарапталуы керек? 

Жеке  басындағы  құндылықтар  қай 

бағыт  пен  мағынада  өзгеруі  тиіс? 

Бұл  бағыттағы  іс-шараларды  ұйым- 

дастыру жұмыстары үнемі бақылау- 

да  болуы  қажет.  «Қазақылық»  күр- 

делі,  тұтас,  көпвекторлы  феномен. 

Бұл  жерде  жас  өскін  тәрбиесі  үшін 

ұстаз  қауымынан  өнегелі  тәрбие, 

зор білімділік пен ұлттық идеяға не- 

гізделген  (ақыл-парасат  қажет  екен- 

дігі  дау  тудырмайды).  Қазақтану 

бағытының білім беру мен орта мек- 

теп  аясында  ерекше  көңіл  бөлетін 

ғылыми ізденістері:

1)  Әр  сынып  оқушысының  отба- 

сындағы ұлттық тәлім-тәрбиенің жай-

жапсары;

2) Орыс мектептерінде оқитын қазақ 

балаларының  ұлттық  салт-дәстүр 

жайлы түсініктері;

3) Аралас мектептерде оқитын қазақ 

балаларының  қарым-қатынасында- 

ғы ұлттық мәселелері;

4) Қазір де «мәңгүрт», «шала», «дүбәрә 

қазақ»  атанып  жүрген  қазақтардың 

психологиясының дамуына оң, теріс 

үдерістері;

5) Мектеп басшыларының (директор, 

оның  орынбасарлары)  шәкірттерді, 

ұлттық  қасиеттерді  тәрбиелеудегі 

жарасымды істері, т.б.

ҚАзАҚТЫҢ  өзГЕШЕ  МІНЕз- 

ДЕРІ. «Қазақтың өзгеше мінездері» 

атты еңбекте Ж. Аймауытов және М. 

Әуезов қазақ халқына нақты мінезде- 

ме  берген.  Бірнеше  жерде  қайтала- 

нып  айтылатын  ұлттық  психология- 

ның  табиғи,  әлеуметтік  факторлар- 

дың әсерінен қалыптасатыны туралы 

тұжырымдары қазіргі этнопсихолог- 

тар  тұжырымдарына  негізінде  сәй- 

кес  келеді.  Кейбір  этнографтар  ұлт- 

тық психологияны этностың этника- 

лық  белгісіне  жатқызудың  қажеті 

жоқ дегенмен, қазіргі этнография ғы- 

лымында  этнопсихологияға  ұлттық 

белгі ретінде маңызды орын беріле- 

ді.  Этнопсихология,  ұлттық  мінез 

және  этнос  тақырыптарындағы  пі- 

кірталастар  негізгі  этнографиялық 

және этнопсихологиялық еңбектерде 

жиі  кездесетіндіктен  этнограф  ға- 

лымдардың ұлттық психология ұғы- 

мына  нелерді  кіргізетініне  қысқаша 

тоқталайық.  Әр  түрлі  ғылымдарда 

төмендегі  белгілер  ұлттық  психоло- 

гияның  элементтері  ретінде  жиірек 

көрсетіледі:  ұлттық  сезім,  әдет-ғұ- 

рып, дағды, көңіл күй, темперамент, 

ұлттық  игілік,  ұлттық  символика, 

талғам, ерік, т.б. аталады.

Жалпы  ойшыл  адамға,  отаншыл 

ағартушыға  тән  нәрсе  –  халқының 

жақсы  қасиеттерін  өткен  заманнан, 

ертеректегі уақыттан іздеу. Осындай 

ерекшеліктер  Ж.  Аймауытов  пен 

М. Әуезовтің жас кезіндегі этнопси- 

хологиялық сипаты бар көптеген ма- 

қалаларынан кездестіреміз. «Қазақтың 

өзгеше  мінездерінде:  «Бұрынғы  уа- 

қытта қазақ елі ұйымшыл, ері жауын- 

гер,  биі  әділ,  намысқой,  адамы  әрі 

бітімді, қайратты, сауықшыл болған 

екен.  Досымен  достасып,  жауымен 

жауласуға табанды, қайғыра, қуана да 

білетін халық екен», – деп, әрі қарай 

бұл  ірі  қасиеттердің  қалыптасу  се- 

бебіне  де  тоқталып  өткен.  Қазақ 

халқының  өткен  дәуірдегі  (Ресейге 

бодан болғанға дейінгі) ұлттық бей- 

несіне  басқа  мақалаларында  да  жо- 

ғары  бағалап,  сүйкімді,  ірі  мінезде- 



ҚАзАҚ

ҚАзАҚ

301

рін атап көрсеткен жазушы өз кезін- 

дегі  туған  халқына  келгенде  мүлде 

басқаша бағытқа түседі.

Халыққа  кері  әсер  етуші  сырт  күш 

ретінде отарлаушы ел Ресейдің әкім- 

шілік  билеу  жүйесін  айыптайды. 

Автор  «Қазақтың  ұлттық  қалпы 

өзгерді. Тірлігі, мақсаты басқа, ниеті 

шалғай, суық бауыр жаттың қолына 

тиді. «Қазаншының еркі бар, қайдан 

құлақ шығарса» деген халге ұшыра- 

ды.  Кемеңгер  билердің  заманы  құ- 

рып,  адамды  мал  мен  пұлға  сатып 

алатын  заманға  килікті»,  –  деп,  Ре- 

сей  отарлап  алғаннан  кейін  бағы- 

нышты, «тыныш» күйдегі қазақ хал- 

қының бірнеше ғасырлық еркін, жа- 

уынгерлік сипаттағы өмірден қалып- 

тасқан ірі мінездерден айырыла бас- 

тауының  себептерін  талдаған.  Әсі- 

ресе,  отарлаушы  ел  орнатқан  әкім 

(болыс,  аға  сұлтан)  сайлау  жүйесі- 

нің, «партияның» халықты аздырып 

бара жатқанына өкінеді. Өткен кезең- 

дегі қазақтың ірі мінездерінің орны- 

на енді «ұрлық, зорлық, қорлық, өті- 

рік,  өсек,  алдау,  қулық,  сұмдық,  ай- 

дату,  байлату,  кісі  өлу  –  рақымсыз- 

дық,  жалған  мақтан,  ынсапсыздық, 

тұрақсыздық,  жалқаулық»  сияқты 

қасиеттердің  үдеп,  өсіп  бара  жатқа- 

нын,  бұрынғы  батырлардың  ауыл-

үйдің  арасындағы  ұрлыққа  былға- 

нып  жүргенін,  бұрынғы  бидің  ұсақ- 

танып сатыла бастағанын халықтың 

әлеуметтік  өзгерістерге  берген  «жа- 

уабы» ретінде көрсетеді.

«Қазақ ішіндегі партия неден?» атты 

мақаласында  бұл  ойларын  әрі  қа- 

рай нақтылай, дамыта түседі. «Қазақ 

халқы  қысымсыз,  еркін  өскен  таби- 

ғатына лайық өскен жауынгер мінез- 

ді келіп, билеу тәртібінде қысым қа- 

руы көп орыс қолына тиді... Халық- 

тың  бетіндегі  бұрынғы  келе  жатқан 

жауынгерлік мінез қаққы көріп, өмір 

жолынан  шығып  қалды»,  –  деп,  ха- 

лықты  аздырушы  күштің  атын  тіке- 

лей атап, «ездікке мінген кең, салақ, 

сөзуар» мінездің шығу төркінін анық- 

тай  түскен.  Мұнымен  қатар,  қазақ, 

халқының өміріне ене бастаған тұр- 

мыстағы  жаңалықтар,  отырықшы 

тұрмыстың  белгілеріне  сын  көзбен 

қарап,  қысы-жазы  ауасы  таза  киіз 

үйде ыстық-суыққа шынығып өскен 

қазақтардың  қыста  жер  үйлерге  кі- 

ріп,  ылас,  сыз  ауадан  аурулы  бола 

бастағанын,  саушылығы  аз  денеде 

кеселді  мінездің  тез  орнығатынын 

байыптайды.  Авторлар  мұндай  ой- 

ларын  халқының  болашағын  ойла- 

ғанның  ұлтшылдық,  ағартушылық 

мақсаттары тұрғысынан айтып отыр. 

Жазушының  жоғарыда  аталған 

мақалаларының астарында, кей жер- 

лерінде  ғасырлар  бойғы  еркін  көш- 

пелі өмір, кең дала, тұрмыс сипаты, 

ішкен  асы  қалыптастырған  қазақ 

халқының жақсы қасиеттері – кең қол- 

тық қонақжайлығы, жұмсақтығы, кең 

пейілі,  ұшқыр  ойлы  дарындылығы 

да көрсетіліп отырады.

Адамтану саласындағы ғылымдарда 

(анатомия,  физиология,  медицина, 

этнопсихология,  т.б.)  ішкен  асы  бе- 

локқа  (ет,  сүт  тағамдары)  бай,  бос 

уақыты  мол  адамдар  тобының  ой 

ұшқырлығы (реактивтік) ерекше бо- 

латынын  дене  күші,  ептілігі,  жыл- 

дамдығы  жоғары  деңгейде  екенін 

дәлелдеген.  Керісінше,  еңбегі  ауыр, 

уақыты аз, ішкен асы негізінде өсім- 

діктен  тұратын  халықтардың  шы- 

дамды,  табанды  келетінін  айтады. 

Осының  бір  қарапайым  мысалы  – 

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


302

қазақ  ұлтынан  боксшылар,  шығыс 

жекпе-жектерімен  айналысушылар- 

дың  әлемдік  деңгейдегі  биіктерге 

көтеріліп, шыдамдылықты талап ете- 

тін  алысқа  жүгіру,  коньки,  шаңғы, 

т.б. спорт түрлерінде үлкен жетістік- 

терге жете алмауы.

Ақкөңіл,  қонақжай,  кеңпейіл  мінез- 

бен  қатар,  берекесіз,  салғырттық, 

бос сөздік те қатар жүреді. Ел басы- 

на күн туғанда «ой кеттік, әкесінің... 

мәнті  жейік»  деп  те  жүре  береміз. 

Интернационализм  жақсы  қасиет 

болғанмен,  қазақтың  интернациона- 

лизмі шектен шығып, кейде жүрекке 

тиетін  жағынуға  да  айналып  ке- 

теді.  Осылардың  төркінін  Әуезов 

мақалаларын  барлап  қарағанда  ай- 

қын көреміз. Ж.Аймауытов пен М.Әуе- 

зов мақалаларында көтерілген этно- 

психологиялық  мәселелердің  тағы 

бір саласы – қазақ ауылының әлеумет- 

тік құрылымы.Қазақ ауылындағы не- 

гізгі мал иесінің функциясы мен ма- 

лы аз немесе малы жоқтардың функ- 

циясы  анықталып,  тіпті  қазақ  ауы- 

лын  біріктіріп  ұстап  тұрған  генеа- 

логиялық,  әлеуметтік-шаруашылық 

себептердің сырын ашады. Осы бағыт- 

та қазақтағы жуан ауыл, нашар ауыл 

ұғымдарын  анықтап,  бұл  ауылдар- 

дың қарым-қатынастарындағы әлеу- 

меттік, құқықтық жағдайлар мен қақ- 

тығыстардың себептері мен нәтиже- 

лерін нақты мысалдармен талдайды.

Бұл  тұрғыда  «келімсек»  ұғымының 

мәнін  ашқан  және  жерсіз  қазақтар- 

дың  әлеуметтік  жай-күйі  жайында 

құнды  деректер  келтірген.  Осы  ав- 

торларды жас кезіндегі мақалалары- 

ның  ішінде  ең  күпті  көңілмен  жа- 

зылғаны 1918 жылы «Абай» журна- 

лының  12-санында  шыққан  «Өліп 

таусылу  қаупі»  атты  мақала.  Ресей- 

дің империялық, отаршылдық саяса- 

тының кесірі барынша ашылған бұл 

мақалада  отаршылдық  саясаттың 

әсерінен  империя  көлемінде  кейбір 

ұлттардың  ұлт  ретінде  мүлдем  жо- 

йылып  кеткенін,  кейбір  ұлттардың 

жойылу  алдында  тұрғанын  көрсет- 

кен.  Мақалада  кез  келген  этнос  өзі- 

нің  этникалық  ерекшеліктерінен, 

жетекші шаруашылығының дағдылы 

үй-жайының  ас-суынан  салыстыр- 

малы  түрде  жылдам  ажыраса,  жа- 

ңа  жағдайға  бейімделу  ыңғайы  өз- 

герістер қарқынына ілесе алмаса, фи- 

зиологиялық,  тұрмыстық,  рухани 

індетке ұшырап, құруға айналатыны 

теориялық  тұрғыдан  тұжырым- 

далған.

Мысал ретінде Ресей империясының 



құрамындағы  біраз  Сібір  халықта- 

рының ұлт ретінде жоғалып кеткені, 

самоед,  остяк,  чукча,  камчадап  ха- 

лықтарының жоғалу алдында тұрға- 

ны  алынған.  Авторлар  «міне,  осы 

аянышты  халдің  барлық  белгілері 

қазіргі қазақ ішінде білініп келеді», – 

деп,  әрі  қарай,  қазақ  арасында  қы- 

сыммен  телінген,  еріксіз  қабылдан- 

ған  тұрмыстағы  өзгерістер  себепті 

ел  арасында  жұқпалы  індеттің  етек 

алып бара жатқанын еске салады.

Белгілі  бір  географиялық  аймақты 

мекендеп,  гендік  құрылымы  үйрен- 

шікті  климатқа,  ауа-райына  қалып- 

танған,  ғасырлар  бойы  мекен  еткен 

баспанасы, микроклиматы, ғасырлар 

бойы ет пен сүт тағамдарынан жаса- 

латын ас-суы, іс-әрекеті тарихи тұр- 

ғыдан алғанда жылдам өзгергенде эт- 

нос  организмі  бұған  сай  жылдам- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет