Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев


МИД  ДЖОРДЖ  ГЕРБАРТ  (1863-



Pdf көрінісі
бет55/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90

МИД  ДЖОРДЖ  ГЕРБАРТ  (1863-

1931) – америкалық философ, әлеу- 

меттік  психология  саласының  өкілі, 

өзара дара әрекеттестік теориясының 

(интеракция) негізін салушы. Ол өза- 

ра әрекеттестік үдерістерінің жиын- 

тығы  қоғамды  құрайды,  ал  қоғам 

жеке  тұлғаның  әрекеттерін  жанама 

МИ СЫ

МИД


371

түрде  қабылдайды.  Бұл  жеке  тұл- 

ғаның әлеуметтік рөлін түсініп, оны 

қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Әлеу- 

меттік психологияға Мидтің енгізген 

негізгі  ұғымдары  (әлеуметтік  рөл, 

әлеуметтік мәртебе және т.б.). Бұлар 

қазіргі  әлеуметтік  психологияның 

іргелі ұғымдары болып есептеледі. Ол 

адамның  әлеуметтенуінің  ең  жоға- 

ры  түрі  –  әлеуметтік  рефлексияны 

зерттейді.  Бұл  айтылғандар  Мидтің 

«Сана, тұлға және қоғам» (1934) ең- 

бегінде баяндалған.



МИДЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ «ТАҢ- 

БА»  ЖҮЙЕСІ.  Белгілі  тітіркендір- 

гіштерді бір қалыпты ұзақ уақыт қай- 

талай берсе, ми қабығында қозу мен 

тежелудің,  тұрақты,  бір  ізге  салын- 

ған  жүйелері  пайда  болады.  Соның 

нәтижесінде 1 рефлекстердің бекіген 

жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп 

күш  жұмсауды  қажет  етпейді  де. 

Мәселен, егер итте күрделі тітіркен- 

діргіштердің  жиынтығына  бірнеше 

рефлекстер туғызылса, (қоңырау, жа- 

рық,  метроном  т.б.)  және  олар  бел- 

гілі  тәртіп  бойынша  жеткілікті  түр- 

де  қайталанса,  кейін  оған  тітіркен- 

діргіштердің  біреуімен  ғана  әсер 

етсе болды, ит бұрынғы жауап реак- 

циясының  бүкіл  жүйесін  өзгерт- 

пей, түгелімен қайта жаңғыртып шы- 

ғады. Осы секілді үнемі қайталанып 

отыратын  тітіркендіргіштерге  орга- 

низмнің төселуін, соның нәтижесін- 

де  ми  қабығында  қозу  мен  тежелу 

жүйесі жасалады. Мұны И.П.Павлов 

динамикалық  стереотип  деп  атаған. 

Бұл  ми  қабығының  «біріккен  әре- 

кеті»,  «ішкі  процестердің,  жаттық- 

қан  және  теңескен  жүйесі».  Қозу 

мен  тежелудің  осындай  бірқалыпты 

стереотиптері сыртқы ортадан келе- 

тін  тітіркендіргіштердің  бірсыдыр- 

ғы  тұрақталған  жағдайында  ғана 

жасалынады.  Динамикалық  стерео- 

типтер  сыртқы  ортаның  өзгеруіне 

қарай  жаңадан  құралып,  ал  ортаға 

сәйкес келмеген жағдайларда қайта- 

дан  жаңғырығып  тұрады.  Адамның 

сан  алуан  дағдылары  мен  әдеттері, 

жүріс-тұрыстың,  мінез  бітістерінің 

бірқалыпты көріністері осындай ди- 

намикалық стереотиптерден тұрады.

И.П.Павловтың  ілімі  бізге  тек  пси- 

хикалық  құбылыстардың  физиоло- 

гиялық  негізін  ашпай,  сонымен  қа- 

тар,  оларды  тәрбиелеудің  жолдарын 

да көрсетеді. Адамның барлық өмірі, 

оқыту-тәрбиелеу процесі, түрлі әдет-

ғұрпы мен мінез-құлқының сан алуан 

көріністері бірінші және екінші сиг- 

нал  жүйелерінің  бірлескен  жұмы- 

сына негізделген шартты рефлекстер 

болып табылады. Жүйке жүйесі икем- 

ге  көнгіш,  онда  адамның  кейбір  ке- 

містіктеріне қарсы күресетін компен- 

саторлық  механизмдер  де  жеткілік- 

ті, мінез-құлық жүйке жүйесінің тек 

тума қасиеттерімен ғана емес, орга- 

низмнің  жеке  өмір  сүру  барысында 

оған  үнемі  әсер  етіп  отыратын  тәр- 

бие мен оқыту процесіне байланыс- 

ты осынау тұжырымдар И.П.Павлов 

ілімінің ең негізгі арқауы болып та- 

былады.  И.П.Павловтың  ілімі  адам 

санасы  мен  жануарлар  психикасы- 

ның  арасындағы  айырмашылық- 

тарды жан-жақты зерттеуге мүмкін- 

дік  туғызды.  Оның  жоғары  жүйке 

қызметі жөніндегі ілімінің баға жет- 

пес маңызы да осында.



МИГРАЦИЯ (лат.  migratio – қоныс 

аудару)  –  Халықтың  бір  елдің  өз 

МИДЫ

МИГР

372

ішінде көшуі, орын ауыстыруы (ішкі 

миграция)  немесе  бір  елден  екінші 

елге көшуі, қоныс ауыстыруы (сырт- 

қы  миграция).  Миграция  мәселесі 

әлеуметтік:  психология  саласында 

зерттеуге  алатын  негізгі  проблема- 

лардың бірі.



МИДЫҢ ЕКІ СИГНАЛДЫҚ ЖҮ- 

ЙЕСІ. Осы мәселе жөнінде И.П.Пав- 

лов былай деп жазды: «...жануарлар 

үшін болмыс тек бірыңғай тітіркен- 

діргіштер  арқылы  ғана  және  олар- 

дың организмін көретін, еститін жә- 

не  басқа  рецепторларының  арнаулы 

клеткаларына тікелей баратын үлкен 

жарты  шарлардағы  іздері  арқылы 

ғана  хабарланады.  Бұл  біздің  ай- 

наламыздағы  сыртқы  ортадан  жал- 

пы  табиғаттық  және  әлеуметтік  ор- 

тамыздан  (сөзді)  естігенді  және  тү- 

сінігіміз  сияқтылардың  дәл  өзі.  Бұл 

шындықтың  бірінші  сигнал  жүйесі, 

мұның  өзі  адамға,  жануарларға  да 

ортақ болады...».

Адамның жануарлардан басты айыр- 

машылығы, онда еңбек пен қоғам өмі- 

рі  процесінде  дыбысты  тіл  (звуко- 

вой язык) дамып жетілген. И.П.Пав- 

лов сөз тек адамға ғана тән жаңа сиг- 

налдар  жүйесі  болып  табылатынын, 

оның  шартты  рефлекстерді  қалып- 

тастыруға  негіз  болатындығын  көр- 

сетіп берді. И.П.Павлов: «...сөз бол- 

са, болмыстың екінші арнаулы ерек- 

ше  біздің  сигнал  жүйемізді  құрды, 

ол  бірінші  сигналдың  сигналы  бо- 

лады» ...ол ешбір теңдесі жоқ кең кө- 

лемде,  жануарлардың  шартты  тітір- 

кендіргіштеріне сан жағынан да, са- 

па  жағынан  да  ешбір  салыстыруға 

болмайтын  өте  күрделі  тітіркендір- 

гіш» деген еді.

Екінші сигнал жүйесі жануарлар дү- 

ниесінде  болмайды.  Жануарларда 

бірен-саран дыбыс реакциялары бар, 

бірақ бұл дыбыстарда ешқандай ма- 

ғына  жоқ,  ол  жай  биологиялық  қа- 

жеттің  хабары  ретінде  шығып  оты- 

рады.  Сөйтіп,  жануарлар  тіршілігі 

үшін  бірінші  сигнал  жүйесі  бірден-

бір  жүйе  болып  табылады.  Екінші 

сигнал  жүйесі  адамдарға  ғана  тән. 

Бірақ  адамдар  мен  жануарлардың 

сигнал  жүйелерінің  арасында  сапа- 

лық  айырмашылық  бар.  Егер  адам- 

дардың  бірінші  сигнал  жүйесінің 

жүйкелік байланыстары қоғамдық қа- 

тынастарды  бейнелейтін  болса,  жа- 

нуарлар  дүниесінде  бұл  биология- 

лық сипатта болады.

Сөз  нақтылы  тітіркендіргіш  ретін- 

де айтылу, естілу, жазылу немесе оқу 

формасында келуі мүмкін. Мәселен, 

біз «жылқы» деген сөзді еститін бол- 

сақ,  миымызда  жылқының  әр  түрі- 

нің бейнесі пайда болады. Мұнда біз 

үйдегі торы байталды ғана емес, бас- 

қа да жылқыларды елестетеміз. Сөй- 

тіп, «жылқы» деген сөз жеке бір жа- 

нуарды  білдірмей,  толып  жатқан 

біртектес жылқы малының бейнесін 

туғызады.  Өйткені  бұрын  біздің 

«жылқы» туралы хабарымыз болған- 

дықтан, осы сөзді естігенде ол миы- 

мызда қайта жаңғырады. Сондықтан 

И.П.Павлов адамның басқа біреуден 

еститін не өзі айтатын сөздерін «сиг- 

налдардың  сигналы»  деп  атаған. 

Бізге  сөздің  тек  дыбысы  ғана  әсер 

етпейді,  адамға  ең  алдымен  оның 

мағынасы,  мазмұны  әсер  етеді.  Мә- 

селен,  маймылдар  жиырмадан  аса 

түрлі  дыбыстар  шығара  алады.  Бі- 

рақ  бұл  дыбыстар  сигналдық  қыз- 

мет  атқара  алмайды.  Өйткені,  мұн- 

МИДЫ

МИДЫ


373

дағы  дыбыстардың  ешқандай  мағы- 

насы  болмағандықтан  нақтылы  ті- 

тіркендіргіштер ретінде тиісті жауап 

реакциясын туғызбайды.

Адамдарда  екі  сигнал  жүйесінің 

қатарынан  болуы  адамға  бейнелеу 

тәсілінің ең жоғары түрі тән екенді- 

гін көрсетеді. Адамның сөзі барлық 

нақтылы  тітіркендіргіштердің  ор- 

нына жүреді де, ол ми қабығында сан 

алуан қозулар мен тежелулер туғыза- 

ды.  Сөз  тек  жеке,  жалғыз,  нақтылы 

зат туралы ғана хабар беріп қоймай, 

толып жатқан біртектес заттарды да 

білдіреді.  Сөз  арқылы  ой  қорытын- 

дыларын  жасауға,  абстракті  түрде 

ойлауға, түрлі ұғымдарды қалыптас- 

тыруға мүмкіндік туады. Екінші сиг- 

нал  жүйесі  (сөз)  адамды  тәрбиелеу- 

ге  де,  ұрпақтан  ұрпаққа  тәжірибе 

жинауда да зор маңыз алады.

И.П.Павлов  адамдардың  сигнал  жү- 

йелері бір-бірімен үнемі тығыз бай- 

ланысты, екініші сигнал жүйесі адам- 

ның  тарихи  даму  процесінде  туған 

және  бұл  бірінші  сигнал  қызметін  

реттеп, бақылап отырады деп тұжы- 

рымдады.

Адамның  сигнал  жүйелері  даму- 

дың,  оқу-тәрбиенің  барысында  қа- 

лыптасады.  Сөздік  сигналдар  адам- 

ның  айналасындағы  қоршаған  дү- 

ниемен белсенді қарым-қатынас жа- 

сауының  арқасында  біртіндеп  қор- 

ланып отырады.



МИДЫҢ  ТАЛДАУ  ЖӘНЕ  ЖИ- 

НАҚТАУ  ҚЫзМЕТІ.  И.П.Павлов 

ми  қабығының  негізгі  жұмысы  ана- 

лиздік, (талдау) және синтездік (жи- 

нақтау)  қызметтен  тұратындығын 

және  бұл  миды  зерттеудің  басты 

приндиптерінің бірі екендігін көрсе- 

тіп берді. Мидың анализдік қызметі  

түрлі  тітіркендіргіштердің  жеке  бө- 

ліктерін айыруда, осы жеке тітіркен- 

діргіштерге  шартты  рефлекстер  жа- 

сауда  көрініп  отырады.  Ал  мидың 

синтездік  қызметі  жеке  тітіркендір- 

гіштерді  біріктіруден,  яғни  ми  қа- 

бығында  уақытша  байланыстардың 

жасалуынан  көрінеді.  Мысалы,  ит- 

тің  аяғын  электр  тогымен  тітіркен- 

діргенде  (шартсыз  тітіркендіргіш), 

мұны даусы әлсіз қоңыраумен нығай- 

татын  болсақ  (шартты  тітіркендір- 

гіш),  ит  одан  аяғын  көтеріп  корға- 

натын болады. Электр тогымен тітір- 

кендіруді  даусы  күшті  қоңыраумен 

нығайтсақ  та  осындай  реакцияны 

байқаймыз. Бұл жерде ми қабығында 

екі ұқсас тітіркендіргішке (әлсіз жә- 

не  күшті  коңырау)  бір  жауап  бері- 

ліп  отыр.  Бұдан  біз  мидың  синтез- 

дік қызметін көреміз.

Мидың анализдік, синтездік қызметі 

организмнің  өмір  сүруінің  басты 

шарты  болып  табылады.  Мысалы, 

жануарлар  үшін  әрбір  сыбдыр,  әр- 

бір  көлеңке,  болмашы  иіс,  ауадағы 

болмашы қозғалыстар т.б. тамақтың 

не  қауіптің  алыс-жақын  екендігін 

білдіретін  сигналдар  болып  табы- 

лады».  Жануарлар  сыртқы  дүние- 

нің тітіркендіргіштерін өте нәзік айы- 

ра  және  біріктіре  алуы  нәтижесінде 

ғана өзіне төнген қауіпті не тіршілігі- 

не қажетті нәрсені дер кезінде сезіп, 

өмір сүретін ортасына дұрыс бейім- 

деле алады.

Анализ бен синтез мидың бірімен-бі- 

рі  тығыз  байланысты,  біртұтас  қыз- 

меті  болып  саналады.  Мидың  бұл 

қызметі жүйке жүйесінің структура- 

лық  дәрежесіне  қарай  әр  түрлі  си- 

патта көрініп отырады. Мысалы, ми 

МИДЫ

МИДЫ


374

қабығының кұрылысы ерекше дамып, 

жетілгендіктен  адам  миының  ана- 

лиздік,  синтездік  қызметі  өте  күшті 

дамып жетілген. Тіпті кішкентай ба- 

ланың  миының  осындай  қызметіне 

де жануарлар дүниесіндегі дамудың 

ең  жоғарғы  сатысында  тұрған  май- 

мыл  миының  анализдік,  синтездік 

қызметі ешбір тең келе алмайды.



МИ  ҚЫРТЫСЫНЫҢ  ҚОзҒА- 

ЛЫС  АЙМАҚТАРЫ  –  үлкен  ми 

сыңарларының  алдыңғы  ирегі,  Ро- 

ланд  сайының  алдында  орналасқан. 

Бұл  жерде  негізінен  Бец  деп  атала- 

тын алып пирамида тәрізді жасуша- 

лар болады. Олардың ұзын өскінде- 

рі  пирамидалық  өткізуші  жол  құра- 

мына  еніп,  аралық  және  жұлынның 

қозғаушы нейрондарымен жалғасып 

жатады.  Қозғалыс  аймағының  ең 

жоғарғы  жерінде  –  аяқ,  содан  соң 

қол,  бас,  бет,  мойын,  ал  ең  төменгі 

бөліктерінде – тіл, жұтқыншақ және 

т.б. ағзалардың қозғаушы жүйкелері- 

нің орталығы орналасқан.

МИМИКА  (ым,  беттің  бұлшық  ет- 

терінің түрлі эмоциялық көріністер- 

ге  адамның  бет  құбылыстарына 

экспрессивті-мәнерлі  қимыл-қозға- 

лыстарының  жиынтығы,.  Түрлі  ми- 

микалық  құбылыстар  адамның  пси- 

хологиялық  күйін  аңғаруға  мүмкін- 

дік  береді.  Төл  тілімізде  мұны  ым,  

ым-ишаралар  деп  атайды.  Халқы- 

мыздың  «Ымға  түсінбеген,  дымға 

түсінбейді»  дейтін  қанатты  сөзі  де 

жайтқа байланысты айтылса керек.



МИ СЫҢАРЛАРЫ. М.с. екі бөлік- 

тен (оң жақ, сол жақ) тұрады. Оның 

салмағы  бүкіл  ми  бағаны  салмағы- 

ның 80 пайызына тең. Мұның іші ақ 

заттан,  сыртқы  қабығы  сұр  заттан 

тұрады,  сұр  зат  ми  қабығы  деп  ата- 

лады. Ол қалыңдығы 2-3 миллиметр- 

лік бірнеше қабаттан құралады. Бұлар- 

дың  клеткалары  өздерінің  типі  мен 

атқаратын  қызметіне  қарай  бір-бірі- 

нен өзгеше болып келеді. Осы клет- 

калардан  тұратын  жүйке  талшық- 

тары миды сезім мүшелерімен, дене- 

нің  әр  түрлі  бөліктерімен  байла- 

ныстырады.  Мұндағы  клеткалардың 

саны  15  миллиардқа  жуық.  Ми  қа- 

бығы  екі  үлкен  сайдан  (Салви,  Ро- 

ланд),  көптеген  иректерден  тұрады. 

Онда  көптеген  жүйке  орталықтары 

(көру,  есту,  дәм,  қозғалыс,  т.б.)  бар. 

Олардың  жалпы  саны  200-ге  жуық.  

Ми  сырт  жағынан  төрт  бөлікке  бө- 

лінеді.  Олар:  маңдай,  төбе,  қос  са- 

май, желке. Ми қабығы бірыңғай тұ- 

тас  мүше,  ол  қабылдағыш  аспап  іс- 

петтес  көптеген  талдағыштар  ядро- 

сының жиынтығы.

МНЕМОНИКА  –  грек  сөзі,  қаз. 

жаттау  өнері  деген  мағынаны  біл- 

діреді. Жаттаудың мнемоникалық әді- 

сінің бірі – механикалық (мәселенің 

мағынасына түсінбей) есте қалдыру. 

Егер  мағыналы  есте  қалдырудың 

мәнісі  құбылыстардың  ішкі  мәніне, 

олардың  бір-бірімен  байланысына 

түсіну  болатын  болса,  механикалық 

есте  қалдыруда  заттар  нәрселердің 

тек  сыртқы  байланысқа  түседі.  Мұ- 

ның  басты  шарты  –  қайталау.  Естің 

бұл түрінің кей жағдайларда іске қа- 

жет  болып  қалатын  кездері  болады. 

Шет ел сөздерінің жазылуы мен ай- 

тылуын, қиын сөздер мен атауларды, 

хронологиялық даталары, көше, жер, 

су аттарын, телефон нөмірлерін есте 



МИ ҚЫ

МНЕМ

375

қалдыру  қажет  болған  кезде  меха- 

никалық мнемоникалық әдіспен еске 

қалдырып жаттаған дұрыс.



М О М Ы Ш Ұ Л Ы   БАУ Ы РЖ А Н 

(1910-1982).  Қазіргі  Жамыл  облы- 

сының  Жуалы  ауданындағы  «Көл- 

бастау»  деген  мекенде  туған.  Жеті 

жылдық білім алған соң біраз уақыт 

мектеп мұғалімі болған. 1936 жылы 

қайтадан әскер қатарына алынып, ро- 

та  командирі  болады.  1941  жылы 

Соғыс басталысымен ол генерал-ма- 

йор  И.В.Панфиловтың  басшылы- 

ғымен  Алматы  маңындағы  жаңадан 

жасақталған  316-атқыштар  (8  гвар- 

дия) дивизиясының құрамында атта- 

нып, батальон, полк командирі қыз- 

меттерін атқарған. Соғыс кезінде же- 

ке басының қаһармандығымен ерек- 

ше  көзге  түсті,  батырлық  атақ-даң- 

қы алысқа тарады.

Соғыстан  кейін  Кеңес  Армиясы  бас 

штабының  Жоғары  Әскери  Акаде- 

миясын  бітіріп,  әскери-педагогика- 

лық  қызметпен  айналысып,  әскери 

академиясында сабақ берді. 1956 жы- 

лы  полковник  атағымен  отставкаға 

шығып,  бірыңғай  шығармашылық- 

пен айналысты.

Психология  ғылымының  шет  ел- 

дерде  кең  өріс  алған  салаларының 

бірі – әскери психология. Қазақстанда 

осы саланың іргесін қалаушы Б.Мо- 

мышұлы  болды.  Бұл  жөнінде  оның 

«Соғыс жылдарында» еңбегі мен со- 

ғыс  тақырыбына  жазған  еңбектері 

дәлел.  Шын  мәнінде  ол  ірі  әскери 

теоретик, қазақтан шыққан алғашқы 

әскери ғалым.

Қазақ  халқының  жауынгерлік  пси- 

хологиясы, жаужүрек батырлығы мен 

ерлігі, қаһармандығы, қолбасшылық 

қабілет-қарымы,  әскерлерді  ерлік 

жасауға жұмылдыра білу қасиеті, ше- 

шендігі  мен  әмір  ете  білушілік  си- 

паты бұрын-соңды дәл Момышұлын- 

дай ешбір тұлғадан көрініс таба ал- 

ған жоқ.


Ол  өзін  сұрапыл  шайқастарда  шы- 

ғармашылық  тұрғыдан  терең  ойлай 

білетін,  солдат  жанын  терең  түсіне- 

тін психолог командир ретінде таны- 

та  алды.  Момышұлы  өзінің  еңбек- 

терінде,  ең  алдымен,  ұрыс  кезіндегі 

солдат  психологиясына  жан-жақты 

талдау  жасай  келіп,  ұрыс  дегеніміз 

дұшпанға  ұйымдасқан  түрде  техни- 

камен,  қару-жарақ  күшімен,  психи- 

камен,  ақылмен  әсер  ету  деп  түйді. 

Ол  солдатқа  ықпал  ету  құралдары 

түрлерінің  ішінен  ақыл-айламен 

әсер  етуге  ерекше  мән  берді.  Оның 

пікірінше,  ұрыс  тек  соғыс  құрал- 

дарының  шайқасы  емес,  ол  сондай-

ақ бір-бірімен жауласқан екі жақтың 

ақыл-парасатының,  жауынгер  рухы- 

ның, оның ерік-жігер, қажыр-қайрат, 

сезім  дүниесінің  шайқасы.  Кімде 

рухани күш басым болса, көбіне тіз- 

гіні  де  соның  қолына  көшеді.  Дұш- 

панға атыс құралдарымен ықпал ету- 

ден ақылмен ықпал ету кем түспей- 

ді.  Адам  бойындағы  бүкіл  жақсы-

жаман қасиеттер, алған тәлім-тәрбие, 

үлгі-өнеге, Отанға, елге сүйіспенші- 

лік, батылдық пен ерлік, қоянжүрек- 

тіліктің  нағыз  сынға  түсер  жері  де 

осы ұрыс, қоян-қолтық шайқас. «Тек 

ұрыста ғана, – деп жазды ол, – адам- 

ның  барлық  қасиеті  сынға  түседі... 

ұрыс психологиясы сан қырлы... Ұрыс 

жалған  батырлықтың  бет  пердесін 

сыпырып  тастайды»  Ұрыс  үстінде 

алдымен  сынға  түсетін  жаяу  әскер. 

Сондықтан  басқа  әскер  түрлерімен 

МОМЫ

МОМЫ


376

(авиация, танк, теңіз, мотоатқыштар 

т.б.) салыстырғанда жаяу әскер ұрыс- 

та  бетпе-бет,  қоян-қолтық,  соғысқа 

алғаш кіреді, ол жауды атып, тықсы- 

рып,  найзасымен  жаншып,  жауды 

жаһаннамға  жіберетін,  дұшпан  ше- 

бін  асып  алып,  ұстап  тұруға  бір- 

ден-бір  қабілетті  күш.  Бұл  жөнінде 

«...Ұрыстың моральдық-психология- 

лық  ауыртпалығын,  сұрапылдығы 

ешкім  де  дәл  жаяу  әскердей  қат- 

ты сезініп басынан өткере алмас», – 

деп жазды.

Ұрыс  ауқымы  өте  кең  ұғым.  Оған 

кісінің  ұлттық  мінез-құлық  ерекше- 

ліктері,  ұлттық  мақтаныш,  адам- 

гершілік  сезімдері,  ерік-жігер,  қа- 

жыр-қайрат,  батырлық  секілді  жан 

дүниесінің  компонеттері  енеді.  Осы 

айтылғандардың  бәрі  бірден-бір 

әскер түрінде дәл жаяу әскер бойын- 

дағыдай айқын көрініс тапқан емес... 

Момышұлының  жаяу  әскеркер  жа- 

уынгерлерінің  психологиялық  ерек- 

шеліктерін  ұлттық  мінез-құлықпен, 

әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерімен 

ұштастыра  талдап,  ашуының  та- 

нымдық  мәні  терең,  һәм  өміршең. 

Жаяу  әскердің  психологиялық  бет-

бейнесі  мен  рухы  қандай  болмақ? 

дейтін  сауалға  ол  былай  жауап  бер- 

ді: солдаттың жаны нәзік, рухы гра- 

ниттей берік те мығым. Дұшанға ең 

қауіпті  қару  бұл  –  солдаттың  рухы. 

«Жаяу  әскердің  бейнесін  лайықты 

сомдап ашығырақ алған адамды на- 

ғыз  бақытты,  бағы  бар  жазушы  дер 

едім» – деп бүкіл жан дүниесімен құ- 

лай  атқарыла  сөйлеуінде  үлкен  та- 

ғылым  болады.  Қазақ  халқының 

жауынгерлік  тарихында  қолбасшы- 

лығымыздың  әскер  басқару  әдістері 

мен ұрыс жүргізу тактикасының мол 

болғандығын  шапырашты  Қазыбек 

би  Тауасарұлының  «Түп-тұқияннан 

өзіме шейін» деген кітабынан да ай- 

қын байқаймыз. Осы еңбегінде Тау- 

асарұлы  жоңғар  қалмақтарына  қар- 

сы  ұрыс  салудың  оннан  аса  әдісте- 

рін баяндайды. Олар: «үлкәр жәрік», 

«түтіс дода», «құйрық жеу», «айқор- 

ланды», «ошақ соғысы», «қаша ұрыс 

салу», «жүре соғыс», «жекпе-жек со- 

ғыс»,  «қоян-қолтық  соғыс»,  «қоян 

қашты жасау», «шұбыртпалы соғыс», 

«ұры соғыс», «екі аша соғыс», «аламан 

соғысы», «үш тоғыс соғысы», «хилар 

соғысы» және т.б. халқымыздың мұн- 

дай  жауынгерлік  дәстүрлері  із-түс- 

сіз  кетпегені  белгілі.  Бұл  кешегі  

Ұлы Отан соғысында Б. Момышұлы 

секілді  біртуар  дара  тұлғалардың 

бойынан,  ұрыс  жағдайына  сәйкес, 

жаңаша  жағдайда  қолданған  так- 

тикалық  әдістерінен  де  көрініс  тап- 

қандай.  Қазақ  қолбасшысының  со- 

ғыс  тәсілдеріне,  соғыс  психология- 

сына жасаған пайымдауларына ерек- 

ше зейін салып, Куба Әскери акаде- 

миясында  оқытылуы,  тіпті  Фидель 

Кастроның  бұған  айрықша  мән  бе- 

ріп,  оқып-зерттеуі  көп  нәрсені  аң- 

ғартса керек.

Б.Момышұлы  өз  еңбектерінде  қа- 

тардағы  жауынгер  мен  оның  ұста- 

зы  болып  есептелетін  командирдің 

психологиялық  бейнесін  шыншыл- 

дықпен сомдап көрсетіп берді. Өйтке- 

ні, әскер өмірінде осы екі тұлғаның 

бір-бірімен қарым-қатынасының іш- 

кі  мәнінде  өте  нәзік  психологиялық 

астар  жатқаны  белгілі.  Өзінің  «Жа- 

уынгерлік  тәрбие  туралы»  жазбала- 

рында  ол  ерлік,  ұят,  масқара  болу- 

шылық сияқты жауынгер бойындағы 

сезімдерге,  батылдық,  айлакерлік, 

МОМЫ

МОМЫ


377

ептілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу- 

ге айрықша назар аудара келіп, мына 

төмендегі  ұғымдарға  талдау  жасай- 

ды:  1)  ерік  дегеніміз  не?  2)  парасат 

дегеніміз  не?  3)  сезім  дегеніміз  не?  

4) шеберлік дегеніміз не? 5) ұят де- 

геніміз не? 6) абырой дегеніміз не? т.б.

Қорғаныс  жағдайында  талай-талай 

ұрыс  жүргізуді  батальон  командирі 

ретінде өз басынан өткізген Момыш- 

ұлы жауынгер сезімін екі топқа жік- 

теп  қарастыруы  оның  өте  сезімтал 

байқағыштығын,  ірі  тұжырымдар 

жасай алатындығын жақсы аңғарта- 

ды.  Солдат  сезімін  Момышұлы  бы- 

лайша топтастырады: 1. Жоғарғы се- 

зімдер (высшие чувства): парыз (долг), 

ержүректілік (мужество), адамгерші- 

лік  (благородство),  ерлік  (отвага), 

батырлық (храбрость), қаһармандық 

(героизм).  2.  төменгі  сезімдер  (низ- 

шие  чувства):  опасыздық  (измена), 

ұждансыздық (низость), үрей (боязнь), 

қорқыныш (страх), шошу (ужас) жә- 

не т.б. Ол жоғарғы сезімдерге жауын- 

гер бойындағы ең жақсы сезімдерді 

жатқызса,  төменгі  сезімдерге  адам 

бойындағы  ең  бір  жаман,  ұнамсыз 

сезім  –  эмоцияларды  жинақтайды. 

Солдаттың  жан  дүниесіндегі  ішкі 

күрес те осы сезімдердің арпалысы- 

нан  туады.  Ұлы  Абай  үш-ақ  нәрсе 

адамның  қасиеті  дегенде  ол  нұрлы 

ақыл,  қайрат,  жылы  жүрек  деп  осы 

үшеуін айтыс-таласқа түсіретіні бар.

Ақын осы үшеуінің билік қайсысына 

тиісті  болу  керек  дегенде  ақыл  да, 

күш-қуат  та  екі  жақты,  олардың 

пайдалы да, зиянды да жақтары көп 

деп,  билік  жылы  жүрекке  тиесілі 

дейді.  Ол  жүрекке  айрықша  орын 

беріп,  гуманизмнің,  инабаттылық 

пен  имандылықтың  бәрі  жүректен 

таралатынына  ден  қойған  болатын. 

Бір  кезде  ұлы  ойшыл  түйіндеген 

ақыл, жүрек, қайрат – осы үш ұғым 

Момышұлының  психологиялық  ой- 

ларында  жаңа  қырынан,  яғни  ұрыс 

жағдайындағы  жауынгер  психоло- 

гиясымен  сабақтастырыла  қарасты- 

рылады.  Сөйтіп  Момышұлы  Ақыл, 

Сезім, Ерік сияқты солдат бойында- 

ғы  қасиетке  арнайы  тоқталып,  бұл 

жөнінде  өзінің  мәні  терең  ой  қоры- 

тындысын ұсынады.

Командир,  офицер  солдаттың  жай 

тәрбиешісі ғана емес, ол ең алдымен 

ұрысты ұйымдастырушы басты тұл- 

ға,  әскердің  миы.  Ол  қарамағында- 

ғыларды  ортақ  мақсатқа  жұмылды- 

рып,  олардың  бойында  ұжымдық 

сезім,  жауынгерлік  игі  дәстүрлерді 

дарыта  білуі  қажет.  «Солдаттың  се- 

зіміне,  –  деп  жазды  Момышұлы, 

бөлімшенің  әлсіздігі  –  оның  әлсіз- 

дігі,  бөлімшенің  масқара  болуы  – 

оның  масқара  болуы,  бөлімшенің 

даңқы  –  оның  даңқы,  бөлімшенің 

намысы – оның намысы; бөлімшенің 

сәтсіздігі – оның сәтсіздігі; табысы – 

оның  табысы  екендігін  жеткізу  қа- 

жет». Ол жауынгер мен командирдің 

арақатынасын,  жауынгерлік  семья- 

ның  байланысын,  міндеті  мен  па- 

рызын  үлкен  психологиялық  тұрғы- 

дан талдайды. Момышұлы командир- 

ді  өнер  адамдары  сияқты  творчес- 

твоның  адамы  деп  біледі.  Ол  әбден 

байыпталған ойын тайсалмай жүзеге 

асыратын адам. Дұрыс шешім жасау 

үшін  командир  де  қаншама  іштен 

ойланып-толғанады,  уайым-қайғы 

жейді,  қиналады,  сөйтіп,  түпкі  ше- 

шім  жасайды.  Командирдің  бұйры- 

ғы  мен  шешімінің  жауынгерлерге 

ететін психологиялық ықпалы да зор. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет