Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет60/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   90

ОҚУ

ОҚУ

405

Шәкірттің білім меңгеруі, мұғалімнің 

сабақ оқытуы, екеуі де – «инемен кұ- 

дық казғандай» қиын нәрсе. Мәселен, 

мұғалім  оқушыға  бұрыннан  таныс 

нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы 

жағдай онда ақыл-ой керенаулығын, 

кейде тіпті оқудан жиренушілікті ту- 

ғызуы  мүмкін.  Сондықтан  ұстаз  әр- 

кез шәкірттің рухани тілектерін, та- 

ным белсенділігін шөліркетпей, оны 

үнемі  қанағаттандырып, оның  таби- 

ғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге 

құштарлығын  түртпектеп  дамытуы 

қажет. Тіпті балабақшасындағыларда 

«бәрін  білуге»  құштарлықтан  туын-

дайтын тамаша қасиет бар. Мәселен, 

олар «Артқы ұзын аяқтар қоянға неге 

керек?», «Ақ тиін неге ағаш басында 

тіршілік етеді?», «Үй төбесінде шал- 

қалап  тұрған  шыбындар  неге  құлап 

кетпейді?» т.б. осы іспеттес көптеген 

шытырман  сұрақтар  қоюға  әуес  ке- 

леді. Кейбір ата-аналар, кейде мұға- 

лімдер  де  балалардың  осындай  ай-

наланы  білсем,  танысам  екен  деген 

табиғи  талпыныстарына  жауап  бере 

бермейді.  Көбінде  олар  «сен  мұны 

бәрібір түсіне алмайсың, кейін мек-

тепке барғанда оқисың ғой» деп «ұзын 

арқан, кең тұсауға» салып жүре бере- 

ді. Әрине, сұрақ біткеннің бәріне жа- 

уап  қайтара  берудің  де  қажеті  жоқ, 

өйткені  мұндай  сауалдардың  кейбі- 

реулері осы жастағы балалардың ин- 

теллект  мүмкіндігін  көтермейді  де. 

Бірақ мына жағдай әркез есте болуы 

тиіс.  Егер  жас  баланың  потенциал- 

дық мүмкіндіктері жете бағаланбаса, 

яғни оның рухани тілектері қанағат- 

тандырылмаса, бұл жағдай оның ай-

наланы танып-білуге құштарлығының 

біртіндеп сөнуіне, самарқаулыққа са- 

лынуына себеп болуы ықтимал. Шә- 

кірт ақыл-ойын жүйелілікпен дамы- 

ту  үшін  оқытуды  тым  жеңілдетудің 

де қажеті жоқ. Шәкірттің ақыл-ойы-

на  жеткілікті  азық  беретін  оқу  ғана 

қарқынды  дамытуға  септігін  тигізе 

алады.  Міне,  оқушының  ойлау  бел- 

сенділігінің осылайша дамуынан бі- 

лім мен дағдыға, икемге қанығудың 

негізі қаланады. Оқыту процесін пси- 

хологиялық  жағынан  қарастыратын 

П.Я.Гальперин теориясынан басқа да 

әртүрлі  тұжырымдамалар  бар.  Со- 

лардың  бірі  –  проблемалап  оқыту. 

Бұл ұстаз бен шәкіртке ортақ таным- 

дағы  белсенді  ой  тәсілдері  мен  із-

деніс  әрекеттерінің  заңдылықтарын 

(проблемалық  ситуация,  танымдық 

қызығу, қажетсіну, т.б.) ескере отырып 

жасалған,  оқытудың  бұрыннан  мә- 

лім тәсілдерін қолдану ережелерінің 

жаңа жүйесі. Бұл – шәкірттерді дамы-

та оқытуға, яғни ғылыми ұғымдары 

мен  ғылыми  дүниетанымы  әр  жақ- 

ты дамыған жеке адамды, онын ақыл-

ой белсенділігін қалыптастыруға ба- 

ғытталған оқыту әдісінің өзіндік жү- 

йесі.

Шәкірттердің ойлау қабілетін дамы- 



туға  оқытудың  проблемалы  сипатта 

болуы ерекше әсер етеді. Проблема- 

лық оқу – оқушыға беретін білімнің 

бәрін  мұғалімнің  өзі  баяндап  бер-

мей,  олардың  алдына  сұрау  салып, 

мәселе қойып, соны өздерінше шешу-

ге бағыттау.

Әрине, кез келген сұрақ проблемалы 

бола бермейді. Проблемалық сұрақ – 

білетін мен білмейтіннің арасындағы 

қайшылықты  іздеу,  оны  шешуге  қа- 

жетті  жетіспей  тұрған  тәсілді  табу. 

Бұлай оқытудың басты жолы – оқу- 

ОҚУ

ОҚУ


406

шыны дұрыс ойлай білуге баулу. Бұл 

жерде  материалға  сай  дұрыс  сұрақ 

қоя білудің де маңызы зор. Ойлауда 

қарама-қайшылықтық пайда болуы – 

проблеманың тууына жағдай жасай-

ды, затты не құбылысты дербес алып 

қарауға  мумкіндік  береді.  Ойлауда 

диалектикалық қайшылықтың болуы 

оқушының өз бетінше жұмыс істеуі- 

не түрткі болып, содан барып мәселе- 

ні шешуді керек ететін проблема туа-

ды. Сөйтіп білетін мен білмейтіннің 

арасында  қайшылықтар  туындайды 

да,  сол  мезетте  дайын  тәсіл  болма- 

ғандықтан,  өзекті  мәселе  туындай-

ды, сөйтіп оқушының ізденімпаздық 

әрекеті мен ынтасы арта түседі. Мә- 

селен, поляк педагогі В. Оконь (1914) 

«2+5 х 3=21; 2 + 5x3 = 17, секілді есеп-

тер беріп, оқушыларға проблемалық 

жағдай тудырған. Осы есепті шыға- 

ру үшін жақшалар керек екені оқушы- 

ның ойына келеді; яғни ол (2 + 5) х 3 

= 21; 2 + (5x3) = 17 деп таңбалайтын 

болады.  Шәкіртке  берілетін  барлық 

білімді,  сабақ  біткенді  осы  жолмен 

іске асыруға болмайды. Өйткені  кей-

бір тақырыптар мұндай әдісті керек 

етпейді.  Сондықтан  түгелдей  осы 

әдіске жүгінбей, оқытудың басқа да 

амал-тәсілдерін қолдану қажет.

Сонымен бірге мұғалім шәкірт ойла- 

уындағы  дара  айырмашылықтарды 

да, яғни олардың ой тәсілдерінің (тал-

дау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, 

жүйелеу, т.б.) түрліше болатындығын 

да есте ұстауы тиіс.

Білім жүйелерін меңгеру – күрделі ой 

жұмысының нәтижесі. Бұл ойлау тә- 

сілдері мен формалары (ұғым, пікір, 

ой қорытындылары) арқылы жүзеге 

асады. Адам ойының бастапқы фор- 

масы  –  ұғым.  Бұл  айналадағы  зат- 

тардың мәнді, негізгі белгілері тура-

лы қарапайым ой. Шәкірттердің оқу 

үстінде меңгеретін ұғымдарының қа- 

лыптасу  жолы  бірнеше  басқыштар- 

дан өтеді. Алғашында бала меңгере- 

тін ұғымдардың аумағы тар, мазмұ- 

ны да кеңейіп тереңдейді. Ұғымдар- 

ды  меңгеру  сөз  арқылы  іске  асады. 

Сөз – ұғымның материалдық қабығы. 

Ұғым бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де 

беріледі,  оның  нақты  не  абстракті- 

лі жалаң, не күрделі екендігі тек кон- 

тексте  ғана  айқындалады.  Шәкірт- 

тердің  танымдық  ұғымдарын  берік 

қалыптастырмайынша, оларға жүйелі 

білім беру қиынға соғады.

Осылайша  ойлау  тәсілдерін  тиімді 

пайдаланудан шәкірттер өздері ұғы- 

нуға тиісті заттар мен фактілерді са- 

ралап,  салыстырып,  жекелеген  құ- 

былыстардың  не  себептен  туындай-

тынын, яғни оның шығу төркінін, се- 

бебін іздестіретін болады, оқушы мұ- 

ғалім сұрағына тек жауап беріп қана 

қоймай, оған өздері де сұрақ қойып, 

мәселені өз бетінше шеше білуге ма- 

шықтанады.

Еліміздің  озат,  жаңашыл  ұстаздары 

өз  тәжірибелерінде  методика,  педа-

гогика,  психология  ғылымдарының 

соңғы жетістіктерін тиімді пайдалану 

арқылы  сабақ  процесінің  нәтижелі- 

лігін жетілдіре түсуде. Олар бәрінен 

бұрын  сабақтың  құрылымына  ерек- 

ше көңіл бөліп жүр.

Атап айтқанда, бұл біріншіден – ұс- 

таздың сабақты терең және жан-жақ- 

ты түсіндіруі, екіншіден – оқу мате-

риалын тірек плакаттарына орайлас-

тыра қысқаша баяндай білу. Осының 

арқасында шәкірт тірек белгілері бар 

беттердің (тірек плакаттарының ша- 

ғын көшірмесі) мәнісін ұғынады, олар-

ды альбомдарына желімдеп жапсыра-



ОҚУ

ОҚУ

407

ды.  Одан  соң  тірек  сигналдары  мен 

оқулықты қатар пайдаланып, үй тап-

сырмасын орындауға машықтанады. 

Келесі сабақтарда тірек сигналдарын 

жазба  түрде  қайтадан  жаңғыртады. 

Кейіннен сыныптағылардың ауызша, 

әсіресе тақта алдындағы жауаптарын 

тыңдайды.

ОҚЫТУДАҒЫ  БЕЛСЕНДІЛІК  – 

мұғалімнен  оқу  процесін  оқушылар 

бойында  құлшыныспен  өз  бетімен 

жұмыс  істеуді,  білімді  берік,  терең 

игеруді, қажетті білікті, дағдыны жү- 

йелі қалыптастыратындай және олар- 

дың байқампаздық, ойлау, сөйлеу, шы- 

ғармашылық  және  есте  сақтау  қабі- 

леттерін  дамытатындай  етіп  құру- 

ды талап ететін дидактикалық қағи- 

да.  Оқытудағы  дағдылар  –  бірнеше 

мәрте  қайталау  нәтижесінде  авто- 

маттандырылған  сипатқа  ие  болған 

оқу  әрекеті.  Ол  оқушылардың  білім 

мен  білікті  игеру  мөлшеріне  қарай 

олардың ауызша және жазбаша сөй- 

леу кезінде, оқу міндеттерін орындау- 

да, т.б. көрінеді.



ОҚЫТУДАҒЫ зЕРТТЕУ ӘДІСІ – 

оқушыларды  айналадағы  құбылыс- 

тарды бақылап, ондағы зандылықтар- 

ды тануға, өздігінен қорытынды жа- 

сай білуге үйретуде зерттеу элемен- 

тін  қолдану.  Оқушының  белсенділі- 

гін,  қызығушылығын  қалыптасты- 

рып, оның ойын дамытуға, өздігінен 

ізденуге бағытталады. Оқытудағы ин- 

дукция (лат. inductio – сілтеу) – оқу ба- 

рысында ой тұжырымын пайдалану- 

да ойдың өрбуінің жалқыдан жалпы- 

ға қарай ілгерілеуі. Бірақ индукция- 

лық  әдіс  жаңа  ұғымды  қалыптасты- 

руда едәуір уақытты талап етеді.

ОҚЫТУДАҒЫ ҮЛГІЛЕУ – 1) оқу- 

шылар меңгеруі қажет мазмұн ретін- 

де үлгілеу; 2) онсыз толық мәнді оқы- 

ту болмайтын оқу әрекеті, құралы ре- 

тіндегі үлгілеу. О.ү. арқылы зерттеле- 

тін  күрделіліні  қарапайымға,  көзге 

көрінбейтінді және сезілмейтінді кө- 

рінетінге, сезілетінге, бейтанысты та- 

нысқа келтіруге болады, яғни кез кел- 

ген  күрделі  объектіні  мұқият  және 

жан-жақты зерттеуге қол жетерліктей 

жасауға болады.



ОЛИГОФРЕНОПСИХОЛОГИЯ 

(грек.  oligos  – аз, болмашы,  phren – 

ақыл және психология) – миының же- 

тілмегендігі  ауыр  нысандағы  адам- 

дардың  психикалық  дамуын  және 

оны  түзету  мүмкіндіктерін  зерттей- 

тін  арнаулы  психологияның  тарауы. 

О. олардың ақыл-ой мешеулігінің се-

бептерін (жүйке жүйесінің туа біткен 

кемістігі,  аурудың  не  жарақаттану- 

дың  салдары)  анықтайды,  психоло- 

гиялық  ерекшеліктерін,  кемістіктің 

білінуінің нысандары мен дәрежесін 

зерттейді.  Оларды  қосалқы  мектеп-

терде оқытудың бағдарламалары мен 

әдістемелерін жасауға жәрдемдеседі. 

Олигофрения – ақыл-ой кемістігі. О.- 

балалар миының перинатальды және 

ерте  постнатальды  кезеңдердегі  бұ- 

зылуының  нәтижесінде  танымдық 

әрекеттердің  төмендеуінен  болатын 

психикалық  дамымаудың  ерекше 

түрі.

ОЛПОРТ  ГОРДОН  УИЛЛАРД 

(1897-1967).  Ол  жеке  тұлға  туралы 

теориясында  гуманистік  және  жеке- 

даралық тұрғыны қосарластырып тү- 

сіндіреді. Олпорт адам табиғатының – 

жеке тұлғалық дамуы адамның өзін-

ОҚЫТ

ОЛПО


408

өзі жеңе білу өз мүмкіндіктерін толық 

іске  асыра  білу  аспектілерін  зертте- 

ді. 1937 жылы тұлға анықтамасының 

50-ге жуық түрін жүйелеп, солардың 

ішінен:  осы  терминнің  этимология- 

сына,  теологиялық  мәніне,  филосо- 

фиялық  түйініне,  әлеуметтік  мәніне 

және  оның  сыртқы  көрінісі  мен  іш- 

кі  психологиялық  мәніне  байланыс- 

ты  оларды  жеті  топқа  бөліп  қарас- 

тырады.


Оның  теориясының  негізінде  екі 

идея жатыр: 1) әрбір адамның әрқи- 

лы  ситуациялардағы  мінез-құлқын 

айқындайтын өзіне ғана тән қасиет- 

терінің жиынтығы; 2) әр адамға өзін- 

дік жеке-дара қасиеттер тән тіршілік- 

те әлемде мүлдем бірдей екі адамды 

табу қиын.

Г.Олпорттың негізгі еңбектері: «Тұл- 

ға:  психологиялық  интерпретация», 

«Адам  және  оның  діні»;  Тұлға  пси- 

хологиясының  негізгі  мәселелері» 

және т.б.

ОНТОГЕНЕз (грек. опtos – тіршілік 

және  genesis – шығу тегі, пайда бо- 

лу) – жеке ағзаның туылғаннан бас-

тап тіршілігін жойғанға дейінгі даму 

үрдісі.  Бұл  терминді  1866  ж.  неміс 

биологі Э.Геккель ұсынды. Ол онто-

генезді филогенезге – кейбір жүйелік 

топтың, мысалы, биологиялық түрдің 

қалыптасу үрдісіне қарсы қойды. Ол 

жеке даму биогенетикалық заңға сәй- 

кес өтеді, яғни О. филогенездің қысқа 

мерзімде жаңғыртылуы болып табы- 

лады деп есептеді. Қазіргі заманғы био-

логияда ағзаның О. барысында өзгеруі 

ортаның ықпалынан болады, алайда 

ол тектік тұрғыда бағдарламаланған 

ақпарат  негізінде  жүзеге  асады  деп 

түсіндіріледі. Биологиялық теориялар 

мен  терминологияның  психология- 

лық-педагогикалық ғылымдардың қа- 

лып-тасуы үшін маңызы зор болды. О. 

термині психология мен педагогикаға 

енгізіліп, XIX ғ. соңынан бастап пси- 

хиканың жеке даму үрдісін білдірді.

XX ғасырда отандық ғылымда онто- 

генездің  негізгі  мазмұны  баланың 

пәндік  әрекеті  мен  қорытындылауы 

(ең алдымен, үлкендермен бірлескен 

әрекеті және қарым-қатынасы) деген 

түсінік орнықты. Онтогенезді зерттеу 

балалар  психологиясының  негізгі 

міндеті  болды.  Интериоризация  ба- 

рысында бала осы әрекет пен қарым-

қатынастың әлеуметтік, белгілік-сим- 

волдық  құрылымы  мен  құралдарын 

меңгереді, осылардың негізінде оның 

санасы мен жеке тұлғасы қалыптаса- 

ды.  Сөйтіп  адам  онтогенезінің  не-

гізгі  мәні  ағзаның  кемелденуі  емес, 

әлеуметтенудің әр алуан институтта- 

ры тарапынан әсерықпал жағдайын- 

да психиканың, сананың және тұлға- 

ның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуы 

болып табылады.



ОҢТАЙЛЫЛЫҚ – берілген жағдай- 

да қатысушылардың уақыты мен кү- 

шін мейлінше аз жұмсау арқылы ең 

жоғарғы  нәтижеге  жету.  Оқу-тәрбие 

процесінің  оңтайлылығы  проблема- 

лары отандық дидактикада үнемі на- 

зарға алынып келе жатқан проблема- 

лар болып табылады. О.- берілген жағ- 

дайда қатысушылардың уақыты мен 

күшін  мейлінше  аз  жұмсау  арқылы 

ең жоғары нәтижеге жетуді қамтама- 

сыз  ететін  тиімді  жағдайлар  жиын- 

тығы.

ОПАСЫзДЫҚ  –  адамның  азамат, 

ұйымның бір мүшесі, отағасы ретін-

дегі әлеуметтік позицияларынан (ста-

ОНТО

ОПАС


409

тусынан), парыз ұғымынан және т.б. 

туындайтын,  өзі  ұстанған  приицип- 

терін, сенімдерін, міндеттерін бұзатын 

іс-әрекетінің сипаттамасы. Опасыздық 

адал берілгендіктің қарама-қарсылы- 

ғы  болып  табылады.  Сатқындықтан 

өзгешелігі – опасыздық өзі соған қа- 

тысты жасалған адамға не іске тіке- 

лей бағытталмайды. Сондықтан опа- 

сыздық байқалатын іс жүзіндегі әре- 

кет  пен  шын  мәнінде  опасыздықты 

білдіретін  сенімдегі,  жақындықтағы 

өзгерістердің арасындағы шекті нақ- 

ты  ажырату  қиын.  Психологиялық 

көзқарас тұрғысынан егер пайда көз- 

деген ниеттен туындаған болса, опа- 

сыздық кейде оңай жасалады, өйтке- 

ні  адам  өзі  соның  алдында  опасыз- 

дық  жасаған  адамнан  ұялғаннан  гө- 

рі, О. нәтижесінде қолы жететін пай- 

даға көбірек мән береді.

Сатқындық сияқты опасыздық та бар- 

ша  замандарда  қатаң  айыпталған. 

Феодалдық қоғамдарда О. ең ауыр кү- 

нәлардың бірі деп бағаланған. Гума-

нистік  дүниетаным  адамның  ойлау, 

өмір сүру салтын өзгертуге деген құ- 

қығын  мойындайды  және  адалдық 

пен шын берілгендікті адамның бос- 

тандығын  шектейтін  құралдар  деп 

қарамайды. Өркениетті қоғамда мін- 

деттемелердің  орындалуын  тоқтату 

ажырасушы  жақтың  тарауы  мүмкін 

шығынын өтеуді көздейтін уағдалас- 

тықпен жасалуға тиіс. Ерлі-зайыпты- 

лықта, махаббат пен достықта адал- 

дықтан айнудың есесі қайтуы мүмкін 

емес, сондықтан ол әр уақытта О. деп 

саналады.



ОПЕРАЦИЯ (психологияда) (лат, оре- 

rаtіо – іс-әрекет) – 1) субъекттің объ- 

ективті дүниені танып білу үшін іс-

тейтін іс-әрекеті. Адам әрекеттерінің 

сыртқы көрінісі арқылы сол адамның 

ішкі көңіл күйі, психикалық жағдайы 

жайында баға беруге болады. XIX ға- 

сырдың  40-жылдарында  американ 

психологі  Э.Торндайк  (1874-1949) 

салған операционизм немесе бихеви-

оризм  деген  бағыттар  пайда  болды. 

Бұл ілім бойынша адамның бүкіл пси- 

хикасы мінез-құлық реакциясына ке- 

ліп тіреледі, бұл бағыттардың басты 

кемшілігі  –  адам  психикасын  жан-

жақты зерттеуге мүмкіншілік бермей-

ді.  Женева  психологтарының  басты 

өкілі  Ж.Пиаже  ой  үрдістеріндегі  О. 

белгілі бағытталған әрекетін көрсете- 

ді дейді. Негізгі ойлау операциялары 

салыстыру, анализ, синтез, абстракция 

және тұжырымдаудан тұрады. Осын-

дай операциялар арқылы адамда жа- 

ңадан пікір, дүниедегі заттар мен құ- 

былыстар жайында ұғым туады. Кез 

келген  психикалық  үрдістерді  зерт- 

теуде операцияның рөлі зор;

2) белгілі бір міндеттерді орындау ба- 

ғытындағы аяқталған әрекет;

3) мекеме, кәсіпорын, т.б. міндеті мен 

қызметіне байланысты қайталанбалы 

әрекеттер. Кейбірде операция – амал 

деген мағынаны білдіреді. О.Ж.Пиа- 

же теориясында – адамның қайтым- 

ды қасиеттері бар тәжірибелік неме- 

се ақыл-ойлық әрекеті, яғни бұл әре- 

кеттерді  тікелей  немесе  қайтымды 

түрде,  бастапқы  жағдайға  оралу  не-

месе алынған нәтижелерді қайталап 

орындауға болады. О.– әрекеттің құ- 

рылымдық бірлігі. Күрделі іс-әрекет- 

те жеке әрекеттер операция рөлін ат- 

қарады. Іс-әрекет мақсаты оның жал-

пы бағытын анықтайды. Іс-әрекеттің 

нақты  жағдайлары  жеке  әрекеттерді 



ОПЕР

ОПЕР

410

жүзеге  асырудың  тәсілдерін,  әрекет 

амалдары  мен  құралдарына  таңдау- 

ды, яғни осылайша операциялардың 

сипаты мен бірізділігін анықтайды.

ОПТИКАЛЫҚ АФАзИЯ – визуалды 

көрінетін объектілерді атай алмауы-

мен сипатталатын неврологиялық күй. 

Бұл  күйдің  ассоциативті  афазиядан 

айырмашылығы – пациент стимулдың 

мәнін біледі (яғни ол етікті қалай ки-

етінін пантомимамен көрсете алады, 

бірақ бұны айта алмайды, яғни «етік» 

немесе «етік кию» деп айта алмайды). 

«Аномия» деп те аталады. Оптикалык 

атаксия – визуалды бақылау кезінде 

объектіге  жете  алмауымен  сипатта- 

латын атаксия.

ОПТИМИзМ (лат. оptimus – ең жақ- 

сы)  –  дүниеде  ізгілік  үстем  болады, 

әділет  салтанат  құрады  және  барша 

жұрт  бақытқа  кенеледі  деген  сенім- 

ділікке негізделген дүниетану түсіні- 

гі. Пессимизмге қарама-қайшы. «О.» 

термині  алғаш  рет  біздің  әлем  «ық- 

тимал әлемдердің ең жақсысы» деп па- 

йымдаған  философиялық  (Г.Б.Лейб- 

ництің)  ілімді  сипаттау  үшін  қолда- 

нылды. Бертін келе О. даралық не бұ- 

қаралық сананың жалпы эмоциялық 

үндестігін  бейнеленетін  неғұрлым 

кең мағына алды. О. тікелей сезімдік 

дүниетану түсінігіне де, тұтастай дү- 

ниетанымға  да  тән  болуы  мүмкін. 

Қоғам  өрлеп,  мәдениет  өркендеген 

кезеңдерде адамдардың көңіл күйін- 

де үстем болып, оларды дүниеге жә- 

не өз тағдырына қарекетшіл, белсен- 

ділікпен қарауға ынталандырады. Оп- 

тимистік ауан әлеуметтік сілкіністер 

кезінде де пайда болып, оларды еңсе- 

руге жәрдемдесуі мүмкін. О. тұтас ал- 

ғанда сындарлы, адамдарды болмыс- 

қа көңілі толушылық сезіміне бөлей- 

ді.  Қанағатшылдық,  қуаныш,  бақыт 

сүйініштерімен ұштасады. Алайда ол 

болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен 

ұштаспаса, адамдарды тек жағымды 

жайттарды  ғана  қабылдауға  бейім- 

деп, тұлғаның орнықты психология- 

лық  ұстанымы  нысанына  айналуы 

мүмкін.


Мұндай жағдайда санада адамдарды 

бағдарынан  жаңылдыратындай,  уа- 

қытында дұрыс шешімге келуіне, қо- 

ғамдық  үрдістерге  араласуына  ке- 

дергі  келтіретіндей  әртүрлі  жалған 

үміттер ұялайды. Мұндай көңіл ауа-

нында қоғамдық сана-сезім басқадай 

мүдде көздеген адамдардың тарапы- 

нан бұрмалауға, өз мақсаттарын пай- 

далалуына  оңай  беріледі.  Кейін  бұ- 

қараның бұған көзі жетуі оны қатты 

түңілдіріп, О. орнына пессимизм ба-

сым болуы мүмкін. Қоғам сындарлы 

өзгерістер жағына, іс жүзіне ауысқан- 

да ғана адамдардың сана-сезімі бол-

мысты  неғұрлым  жарқын  өміршең- 

дік  ауанда  бағамдауға  ойысады.  Зұ- 

лымдық жеңіліп, ізгілік үстемдік ете- 

тін қоғам орнатуға болады дейтін тү- 

сініктер қиял және осы себепті әлеу- 

меттік  тұрғыдан  қауіпті  болып  шы- 

ғады. Бұл екі категория адамзат өмі- 

рінің  мәңгілік  серіктері  және  олар- 

дың түптамыры адамның өзінде.

Дүниеге, тарихқа және адамға қатыс- 

ты  байыпты,  реалистік  көзқарас  қа- 

на  адамдардың  сенімді  болашағын 

қамтамасыз  етеді,  осы  арқылы  олар 

өмірлік кездейсоқтықтар мен күтпе- 

ген жағдайларға психологиялық тұр- 

ғыдан дайын болады. Оптимистік дү- 

ниетаным балалар мен жастарды тәр- 

биелеуде үлкен рөл атқарады, өйткені 

ОПТИ

ОПТИ


411

ізгілікке әділдікке, жарқын болашақ- 

қа деген сенім болмайынша, тұлғаның 

құлықтық қалыптасуы мүмкін емес. 

Осының  өзінде  өмірдің  қалтарыс 

жақтарын  елемейтін,  тәрбиеде  және 

тұлғаның өзіндік тәрбиесінде рухани 

құлықтық  күйініштердің.  тарих  пен 

жеке  өмірде  бастан  өткен  оқиғалар- 

дың мән-мағынасын түсінбейтін пе- 

дагогиканың келешегі жоқ. Оптимис- 

тік қабылдау адамның өмірдің ауырт- 

палықтарына төзуге, оларды еңсеріп 

жеңіп  өтуге  дайын  болуын  қамтып, 

адамдардың арманшыл көңіл ауанын 

емес,  өмірлік  табандылығын  бейне- 

легенде ғана жағымды болмақ. О. – 

дүниеге  үміт  көзімен,  сеніммен  қа- 

раушылық,  үмітсіздіктен  аулақ  бо- 

лушылық.


ОРГАНИКАЛЫҚ  ТҮЙСІКТЕР  – 

біріншіден, организмнің органикалық 

қажеттіліктерімен  байланысты  туа- 

ды, екіншіден, ішкі мүшелердің қыз- 

метінің бұзылуы кезінде пайда бола-

ды. О.т.-ге аштықты, шөлді түйсіну, 

жүрек-қан тамырлық, тыныс алу жә- 

не  жыныстық  жүйеден  келетін  түй- 

сіктер, сонымен қатар, жалпы көңіл 

күйдің жақсы немесе жаман сезімдік 

негізін құрайтын айқын емес, ажыра-

тылмайтын түйсіктер жатады. Түрлі 

ішкі мүшелерде кездесетін рецептор- 

лар  Ч.Шерингтонның  жіктемесі  бо- 

йынша  интероцепторлар  категория- 

сына жатады. Интероцепторлар меха- 

никалық,  химиялық,  физикалық-хи- 

миялық сипаттағы тітіркендіргіштер- 

ді қабылдайды. Барлық органикалық 

түйсіктердің  бірқатар  ортақ  қасиет- 

тері болады. Мысалы, олар көп жағ- 

дайда органикалық қажеттіліктермен 

байланысты.  Бұл  қажеттіліктер  осы 

органикалық түйсіктер арқылы сана- 

да бейнеленеді. О.т.-дің барлығы бел- 

гілі бір қысылумен байланысты. Мұ- 

ның өзінде оларда қажеттіліктерді қа- 

нағаттандырумен  байланысты  бола-

тын  түйсіктер  тәрізді  динамикалық, 

елігу, ұмтылыс және кернеуді босату 

сияқты сәттері болады.

О.т.-де  сенсорлық,  перцептивті  сез-

гіштік  әрі  аффективті  сезгіштікпен 

ұласады. Сондықтан «аштықты түй- 

сінудің «аштық сезімін, «шөлді түй- 

сінудің «шөлді сезіну» деп бекерден 

айтпайды. Барлық органикалық түй- 

сіктер күшті аффективті сипат, айқын 

эмоциялық бояуға ие. Сондықтан ор- 

ганикалық түйсіктерде тек сенсорика 

ғана емес, сондай-ақ аффективтілік те 

көрініс табады. О.т. организмнің қа- 

сиетін емес, ал оның күйін бейнелей- 

ді және көп жағдайда саналанбайды. 

О.т.  жиі  диффузды  сипатта  болып, 

өзінің  шоғырланған  жерін  көрсет- 

пейді. О.т. қажеттіліктерді бейнелей 

келе,  әдетте,  қозғалыстық  импульс- 

тармен байланысты болады. Осылай, 

мысалы, аштық сезімінде, тыныс қы- 

сылғанда және т.б. спазмалық қозға- 

лыстар  және  түрлі  ырықсыз  әрекет- 

тер  пайда  болады.  Осылайша,  О.т. 

Психиканың  әртүрлі  жақтарымен: 

аффективтік  күйлермен,  елігулер-

мен  және  ұмтылыстармен  жапсар-

лас  келеді;  ең  басынан  бастап,  өмір 

қажеттіліктермен тығыз байланысты 

болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет